Шала туылған балаларды арнайы тамақтандыру бала организімінің мынадай ерекшеліктеріне байланысты: — Жұтыну немесе сору рефлекстерінің төмендеуі немесе болмауы; — Асқазанның тарболуы немесе эвакуациясының баяулауы; — Ішектер перистальтикасыың төмен болуы
назоагастральды зонд ауыз немесе мұрын тесіктері арқылы мұрын қырынан төстің төменгі өсіндісіне дейінгі ұзындықта енгізіледі,зонфд жоғарғы ерін тұсында лейкопластырьмен бекітіледі.Зонд әрбір екі үш күн сайын ауыстырылып тұрады.Сору рефлексі пайда бола бастағанда баланы біртіндеп бөтелке арқылы тамақтандыруға көшіреді.
3-4-ші дәрежелі шала туылған балалардың ему, жұту рефлекстері өте әлсіз немесе мүлдем болмауы мүмкін , сондықтан оларды алғашқыда зонд арқылы тамақтандырады. Зонд баланың жалпы жағдайына қарай , дәрігердің шешімімен 2-3 күнге қалдырылады немесе әр тамақтандырылған сайын ауыстырылып отырады. Бір қолданылатын полиэтиленнен жасалған асқазан зонды балаға мұрын қуысы немесе ауыс қуысы арқылы енгізіледі. Баланың рефлекстері пайда болғаннан кейін ғана шөлмек , емізік арқылы , оған жақсы үйренгеннен кейін барып анасына емізуге апарылады.

1-2 дәрежелі шала туылған, ему,жұту рефлекстері бар балалар да , анасына емізуге бірденен берілмейді, өйткені ему оған күш түсіріп , баланың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.
Бұл балаларды да алғашқыда емізік арқылы сауылған стерильді анасының сүтімен тамақтандырып , жақсы еміп үйренгеннен кейін барып, анасына емізуге береміз.
Тамақтантыру жиілігі тамақтандыру әдісіне тәуелді. Егер шөлмек , емізік арқылы немес анасын еметін болса, емізу жиілігі тәулігіне 7-10 рет , ал зонд арқылы тамақтандыратын болсақ , одан сирегірек болады.өйткені, асқазан зондын жиі-жиі салудың балаға кері әсерлері , кемшіліктері де бар.