-Баланы емізуді жалғастыра беріңіз. -Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде: Ұсақтап туралған немесе тартылған (майсыз) ет, бауыр, балық, піскен жұмыртқа, бұршақ; -Түрлі жеміз жидектер, көкөніс, жаңғақ; -Сүт және сүт тағамдары (ірімшік, айран, сүзбе, сыр);
-Балаға берілген әрбір қосымша тағамның көлемі 300 мл-ден (1,5 стакан) кем болмауы керек.
-Балаға күніне 5 рет тамақ беріңзі. 3 рет өздеріңіз ішетін тамақты, 2 рет қосымша берілетін тамақтар (жемістер, нанға май жағып, еттен жасалған бөліш, қаймақ қосқан ірімшік);
-Баланы жақсылап, көңіл бөліп, тамақтандыруға тырысыңыз.
Ойнату: баланың ойнауға алуына, жинауына, ойыншықтарды қатарластырып қоюға ыңғайлы әртүрлі көлемдегі заттар беріңіз.
Сөйлесу: балаға жеңіл сұрақтар қойыңыз, сізбен сөйлескісі келген балаға бар ықыласыңызбен көңіл бөліп, сұрақтарына жауап беріңіз. Заттардың, адамдардың аттарын айтып үйретіңіз. Қарапайым ойындарды ойнатыңыз.
2 жас және одан асқан балаларды тамақтандыру
2 жас және одан асқан балаларды тамақтандыру
- Балаға өздеріңіз ішетін тамақтарды беріңіз, оның ішінде: ет, бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ. Әртүрлі жеміс жидектер және көкөністер. - Балаға 3 мезгіл өздеріңіз ішетін тағамдарды беріңіз! Балаға әрбір берілген қосымша тағамның көлемі 350 мл –ден 2 рет қосымша тамақ беріңіз. Оларға: Жеміс жидектер, айран (кефир) нанмен. Еттен немесе ливерден жасалған бәліш, қаймақ қосқан құмақтар. -Сатып алынған газы бар сулар мен шырындарды, тәттілерді (конфеттер, шоколад) беруді шектеңіз. -Тағам түрлерін жиі өзгертіңіз, егер бұрын ішпеген тағамын ішпесе, дәмін көрсін, қайта қайта беріңіз. Тағамның тәтті екенін өзіңіз ішіп көрсетіп, қызықтырыңыз.
Ойнау: Балаңызға санауды, заттардың атын айтуды, екі затты салыстыруды үйретуге ықпал етіңіз. Ойнауға жеңіл ойындар ұйымдастырыңыз. Сөйлесу: балаңыздың істеген ісін, сөйлеген сөзін мақтаңыз. Сұрақтарына дұрыс жауап беріңіз. Балаңыздан әңгімелер, өлең айтуға және аспаптарда ойнауға үйретіңіз.