Баланы жылаған сайын (күні-түні) тәулігіне ең кем дегенде 8 рет емізіңіз
Басқа тағам, соның ішінде сұйық тамақтар: шырын, су, шай, жасанды қоспалар, сүт, ботқаларды (каша) бермеңіз!
Балада аштық белгілері білінсе: бала қозғалып, саусағын сорып, ернін жыбырлата бастағанда емізу керек. Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.
Ойнату: Баланы дүниге келген сәттен бастап есту, көру, сезіну, қабілетін дамытып, үнемі қозғалыста болуын қадағалаңыз, ойнауға естуге, көруге баланы қызықтыратын түсті жылтырақ, көлемді заттар, бұрын көрмеген жаңа ойыншықтарды беріңіз. ЕСКЕРТУ: ойыншықтар балаға зиянсыз болуы керек.
Көңіл бөліп сөйлеу: балаға қарап, күліп, сөйлеу керек. Әсіресе баланы емізіп отырғанда. Балаңыз өскен сайын, оған көбірек сөйлеп, әртүрлі дыбыстар шығарып, қимылдар жасаңыз.
6 айдан 12 айға дейінгі баланы тамақтандыру -Бала жылаған сайын тәулігіне кем дегенде 6 рет емізіңіз. Осы уақыттан бастап, емізгенге дейін қосымша тамақ беруді бастаңыз. -Мынандай қосымша тамақтарды беруге болады: күріштің қою ботқасы, ұнтақ немесе жарма қарамық ботқасы, нан картоп пюресін, суға пісірілген, ұсақтап туралған немесе тартылған майсыз ет, әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ (қабықсыз, езіп піскен). -Түрлі жеміс жидектер, көкөністер, жақсылап тазаланған, ұнтақталған жаңғақ. -Тамаққа бір шай қасық сары май немесе өсімдік майын қосып, қоюлау қылып беріңіз. -Еметін балаға күніне 3 рет тамақ беріңіз. -Ембейтін балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз. -Баланың өзі шайнап жеуі үшін тамақты кішкентай қылып қолына ұстатыңыз. Баланың өзі жеп үйренуіне дағдыландырыңыз. Ойнату: Бала өзі қолын ұсап, салдыратып, лақтырып ойнауы үшін үйдегі таза қауіпсіз заттарды беріңзі. Сөйлесу: балаңызды уілдегеніне, күлгеніне көңіл бөліп, қуанып, жауап беруге тырысыңыз. Балаға заттардың адам атын айтып түсіндіріңіз.