«Кітабыңды оқы! Бүгін саған жақсы есептеуші ретінде
өз нәпсің жеткілікті!» - (Исра, 14) делінеді.
Дінді тек сыртқы жөнінен алып, ішіне, яғни рухи
тереңдігіне, бойлай алмау - ете қорқынышты қасірет. Адам
білмеген нәрсесіне дүшпан. Салихтардың, садықтардың,
абзал адамдардың ортасынан және олардың сұхбаттарынан
алыстап, жолдың ортасында қалу - көңіл мен үждан ше-
гін тарылтып, ішкі-сыртқы нүрларды сөндіреді. Кітап пен
сүннеттің нэзік хикметтерінен және әулие адамдардың
рухани жарығы-нан мақрұм етеді. Адамға Хақ Тағала та-
рапынан берілген, өмірдің қүндылығы болып саналатын
сезімдерден айырылып, нәпсінің құлы етеді. Мұндай адам-
дар, әлемге күңгірт көзбен қарайтын ғапылдық соқырлары
болады.
Мұса (аләйһиссәләм) адами дауылдар мен толқын толы,
азғын, материялист Исрайл ұлдары қауымына шариғатты
орнату үшін жіберілген пайғамбар.
Хазіреті Мұса Қызырға:
«Саған үйретілген ілімнен маған да үйретуің үшін саған
ерсем бола ма?» - деді.
Қызыр (аләйһиссәләм):
«Сен менімен жолдас болу үшін ешқашан да сабыр ете
апмайсың!» - деді.
Осы сөздерден Қызыр (аләйһиссәләм) Хазіреті Мұсаның
психология-лық жағдайы хақында жорамал жасап, Оған
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 261 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
өзін түсіндірді, бірақ бұл хал соңында іске асатын еді. Хазі-
реті Мусаның алатын сабағы өз орнын танып, сабыр дәрісін
алу еді. Яғни Хазіреті Мүсаға:
«Менімен бірге болу үшін сабыршылық ету сенің
қолыңнан келмейді. Сондықтан сен бұл мәселеде үзірлісің.
Өйткені бұл ілімнің кәміл түрі әлі саған берілмеген», - деген
еді. Мұса (аләйһиссәләм) былай деді:
«Иншаллаһ, мен сабыр етемін. Сенің ешқандай ісіңе
қарсы келмеймін».
Қызыр (аләйһиссәләм):
«Егер маған көнетін болсаң, мен саған сырымды айт-
пайынша, ешбір нәрсе жайлы менен ештеңе сұрама! Яғни,
таласуды былай қойғанда, түсіну үшін де сұрама!» Демек,
басқа ілімдерде мәселені ашатын білімнің жартысы сұрақ
болса, бұл ілімде оған тиым салынады. Бұл жерде шәкірттің
нәпсісі іс-әрекет емес, кебінесе қабілетке әзірленеді.
Хазіреті Мұсаның өмірінде бұл ілімнің оған тек қана
Қызырмен (аләйһиссәләм) жолығудың нәтижесінде ғана
емес, әр түрлі себептер арқылы берілгендігін көреміз.
Осыған байланысты бірнеше мысал келтірер болсақ:
Мұса (аләйһиссәләм) Мысырда жүргенде Исрайл
ұлдарына Перғауынды жоятын болса, оларға «Тәуратты»
алып келетіндігін уәде етеді. Перғауын жойылған соң,
Аллаһтан Тәуратты беруін сұрайды. Оған отыз күн ораза
ұстауды, сосын он күн тағы қосып ұстап, қырық күнмен бі-
тіруді әмір етті.
Хазіреті Мұсаның Тур тауында қырық түн қалуында мы-
надай ишараттар бар:
Әулиелер түн сияқты қараңғы қиыншылық сәттерімен
жапа шеккеннен кейін ғана мағрифат таңына жете алады.
Барлық жетістік таңы қиын түндерден кейін болады.
Мұса (аләйһиссәләм) Тур тауында үзбей ауыз ашарсыз
отыз күн ораза ұстады. Қарны ашқан да жоқ, шөлдеген де
жоқ. Сосын Қызырмен (аләйһиссәләм) кездесу үшін сапарға
- 262 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
шығуға әмір етті. Жолда жарты күн өтпей жатып сабыры
бітті, қарны ашты. Жолдасына:
«Тамағымызды әкел, жейік!» - деді.
Өйткені оның Қызырға баруы бір сынаққа байланы-
сты еді. Сынақтың үстіне бәлекет қосылды. Мақлұқтың
қасында жол жүргенде жарты күнде қарны ашты. Ал Тур
тауындағысы Аллаһқа қауышып, онымен тілдесу сапары
еді. Тұрған жерінің айбыны Оған тамақты ұмыттырып жі-
берді. Есінде Аллаһтан басқа ештеңе қалған жоқ.
Ұлық пайғамбар Хазіреті Мұсаның Қызырдан ләдүн ілі-
мін үйрену үшін жіберілуі - өте назар аударарлық жайт.
Мұса (аләйһиссәләм) үшін сол сәтте ләдүн ілімін білетін
адамнан бұл ілімді үйренуі нұқсандық емес.
Мысалы, Мимар Синанның ғылыми күші мен қабілеті
Сүлеймания мешітін салынғанда жұмыс істеген барлық
ұсталардан жоғары. Синанның сол мешіттегі бір мәрмәр
ұстасы сияқты мәрмәрді өңдеуді білмеуі, ол үшін кемшілік
емес. Өйткені, ол ұсталар да Синанның қарамағына кіреді.
Мәрмәр өнерін содан үйренеді.
Бұл, Хазіреті Мүсаның барлық нәрсені білетін бір
пайғамбар емес, Аллаһтың ілімінен оған берілмеген бір
ілімнің болғандығын көрсетеді. Бұл ілім кейіннен оған
өзінен де төмен дәрежедегі Қызыр арқылы беріледі. Бұл -
пайғамбарлар да иләһи ілім алдында әлсіз екендіктерін біл-
діру, әрі Хазіреті Мұса мен Қызырдың қолындағы ілімнің,
болашаққа келетін зүл-жанахайн (дүние мен ақиретті
терең білетін адамды) көз алдына әкелу арқылы Хазіре-
ті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мәртебесінің ең кәміл мәртебе екендігін білдіру үшін...
Уа, Рабб! Бізді жүректері иләһи нүрға толған, мағрифат
теңізінен нәсіп алған, сый-сияпат көріністеріне бөленген
құлдарыңнан қыл!
Әмин!
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 263 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ҚАЙҒЫЛЫ АЙТ-МЕРЕКЕ
«Егер сенің көңілің болса, Көңіл Қағбасын
тауаф қыл!»
Хазіреті Мәуләнә
Қателік пен оның ақыры - қайғы адамзаттың жаратылу-
ымен бастаған. Сірә, тұңғыш атамыз Адам (аләйһиссәләм)
иләһи қалау бойынша бір зәлләге душар болған еді.
Мұнысының нәтижесі ретінде жәннаттан қуылып, дүниеге
жіберілуімен алғашқы қайғы татылған болды.
Хазіреті Адам жаралған балшыққа 39 жыл қайғы, ал,
бір жыл қуаныш жауған. Қайғы мен шердің басымдығы
соншалық бұрыннан бері бар.
Адам өмірі ананың қиналуы, өзінің де жылауымен баста-
лады. Ақыры, тән деген киімі шешкізіліп, мәңгілік сапарға
аттандырады. Оның осы келіп-кетуінде қайғы басым.
Бұл келіп-кетудің арасына көкей көзімен қаралса,
өмірдің шексіз қайғы, мұң, қиыншылық жағдайлар мен бос
әуестерге толы екені байқалады. Бірақ, ғапылдық көйлегін
жыртып, келген әлемінің шындықтарын аңғарған үпы рух-
тар үшін өмір - сынақ, өлім болса - той кеші яғни, қауышу.
Хазіреті Мәуләнә өмір бойы осы қауышу сәтін іңкәрлікпен
күткен.
Фәни өмір сахнасында іске асқан нәпсілік жетістіктер
теңіз жағасында ойнап жүрген балалар жасаған, бірақ кіш-
кентай бір толқынмен құлайтын құм үйлер мен ойыншықтар
іспеттес.
Адамның жаратылу себебі - Раббыға құлдық, Оның білі-
нуі және нәпсінің бақылауға алынуы.
- 264 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Дүниелік өмірде жеке бас не қоғам беретін ықпалдардың
кейбірі нәпсілік, ал кейбірі болса, рухани сезімдерді
қоздырады.
Айт мерекелері осы сезімдер қатарынан адамдағы мейі-
рімділік, қамқорлық, опа көрсету сезімдерін қайрап, тасы-
рады.
Адамның өзін қуандырады һәм өзгелерді қуантудың
қуанышын сездіреді.
Айт мерекелері - жеке бастың емес, қоғамның ру-
хани қуанышы, осы қуанышты бөлісу, езіміздің
және басқалардың көңіл дариясына сүңгу, барлық
мұсылмандарды бауырмалдық сезіммен құшақтау болып
табылады. Бір құдси хадисте Хақ Тағала:
«Жер мен көкке сыймаймын, мүмин құлымның көңіліне
сыйамын!» - деген.
Айт мерекелері - Жаратушының құрметіне барлық
мұсылмандарға
сүйіспеншілік
көрсетіп,
оларға
рақымдылықпен, нәзіктікпен қол ұшын беру.
Айт мерекелеріне жабырқаулы көңілдердің, ешкі-
мі жоқтар мен қайғыда жүргендердің көңілін баурап,
құшақтап бастау керек.
Хадис шәрифте айтылғандай, алғашқы айтшылауға
бізден аса мейірім, рақым, рухани көмек пен дұға күткен
қайтыс болып кеткен жақындарымызбен бастауымыз жөнді
болады. Бұл жағдай - еліктер мен тірілердің сағыныштарын
басып, араласулары. Сондай-ақ Фатихалар мен садақалар
бағыштап, өткендерімізге деген адалдық қарызымыздың
төленуі. Әлемнің мәңгі мақтанышы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Сендерге екі уағызшы қалдырамын. Бірі - үндемейді,
екіншісі -сөйлейді. Үндемейтін уағызшы - өлім. Сөйлейтіні
болса, Құран Кәрім,» - деген.
Екінші бір хадис шәрифінде болса:
«Қабірге кірген - саздауытқа түскен адам секілді. Ме-
дет күтеді» - деген.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 265 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Дүние - әзәл (әу бастағы ежелгі) мен әбәд (мәңгілік)
арасындағы рухтың жырақтық жұрты. Рух онда ғаріп
күйде өмір кешеді. Айт - қайғы мен қуанышқа толы осы
жырақтық әлемінде Раб Тағаланың құлдарына сый тартқан
- қуаныш күні.
Бірақ, шынайы айт мерекелері шынайы құрбандықтардың
арқасында болады. Сондай-ақ Хазіреті Ибраһим Хазіре-
ті Исмайлді толық берілумен құрбан ететін кезінде, Хақ
Тағала тарапынан қошқар беріліп, Исмайл (аләйһиссәләм)
әкесіне сыйланған және қияметке дейін жалғасатын айт
мерекелерінің бастамасы болды.
Соғыстардың өзінде шынайы шейіттер, яғни құрбандар
берілгенде, сөзсіз артынан жеңіс келеді.
Мынау бір шындық - Раббысына құл болған құлдарға
түтқын болмайды. Арыстанның қапаста болуын ойлау
қалай мүмкін болмаса, мүминнің тұтқында қалуын да ойлау
мүмкін емес! Мүмин зынданның ең түкпіріндегі бір бөлмеде
кісенделіп, жатқан болса да, сол мүмин тұтқын емес, азат...
Өйткені, Раббысының кепілдемесінде. Басы кеудесінен
айрылғанша, тұтқын бола алмайды, Өйткені, ол Раббы-
сына берілген күйде. Сірә, Аллаһ өзіне беріліп, бас игенді
басқаға тұтқынға бермейді! Олар бас кесушілерінен де ұзақ
жасайды. Бәлкім, Аллаһ (жәллә жәләлуһу) олардың рухани
өмірлеріне мәңгіліктің берекетін берер. Осылайша бұл лә-
йәмут (өлімсіз) түлғалармен қияметке шейін жалғасатын
«өлімсіздер тізбегі» тарихтың даңқ пен абыройға толы бет-
терін жаза береді.
Тарихтың барлық кезеңдерінде куә болынған жайт -
рухани ұлылар, сұлтандар, Аллаһ жолындағы жауынгер
мәңгілікке дейін өмір иесі.
Сонымен қатар соғысқанда шынайы құрбан берілмей,
тірі бірақ көңілі елі және отанға деген сүйіспеншілігі жоқ
адамдар өліп жатқан болса, онда жеңіс емес, қайғы мен
қасіретке тап болу бар.
- 266 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қазіргі таңда еліміздің тәуелсіздігі, бірлік-берекесі, тілі,
ділі мен діні үшін күресіп, жандарын пида еткен азаматта-
рымыздан қалған жетімдерімен, жанұяларымен, әлемнің
түкпір-түкпірінде қиналып жатқан мұсылман бауырла-
рымызбен қалай құшақтасып, олардың айттарын қалай
құттықтасақ екен?!
Осы айт меркелерінде қанаты сынған жаралы құс се-
кілді ортада иесіз қалып қалған жабырқаулы, қайғылы
адамдарымызға, көңілі жалыққандарға, жетім-жесірлерге,
мүгедектерге құшағымызды қалай ашып, қол ұшымызды
қалай созсақ екен?!
Олардың бір рет күлімсірегені - біз үшін шынайы айттың
кешеті болып, бізді көктемнің қуанышына жеткізеді. Сон-
дай-ақ, Мәснәуиінде Мәуләнә былай дейді:
«Егер сенде көңіл болса, көңіл Қағбасын тауап қыл.
Топырақтан жасалған деп, ойлап журген Қағбаңның негізгі
мағынасы - көңіл».
«Хақ Тағала кірден тазарып, арылған көңілге қол жет-
кіз, деп көзбен көрініп, білінетін Қағбаны тауап етуді саған
парыз етті».
Мұңлы Юнус Әмрә нендей керемет айтқан:
«Көңіл - Құдайдың тағы,
Құдай көңілге бақты.
Екі жаһан бетпағы,
Кім көңіл қалдырған болса».
Басқа бір шумағында былай дейді:
«Юнус Әмрә дейді, ей, молда! Қаласаң мың рет бар,
қажылыққа. Барлығынан артығырақ, Бір көңілден
шықсаң!»
Мұсылмандардың жүрегі мен тамыры бір адамның
жүрегі мен тамырындай болуға тиіс.
Айт мерекелерінің ақиқатына тек жәрдемдесудің
қуанышымен жақындай аламыз.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 267 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұған қол жеткізгендер нәпсі бөгетінен асып, нағыз
адамдық гауһарын ортаға салудың бақытына жеткен бола-
ды. Өйткені, бүкіл ұлы іс-әрекеттер - рухымызды жауып
тұрған ғапылдық киімдерінен құтылудың көрінісі. Соны-
мен айт мерекелері - барлық адамзаттың ұлы дәрежеге же-
туі жолындағы қайраткерлік үшін ерекше мұрсат.
Бұл мұрсатты дұрыс бағалап, айт мерекелерінің
ақиқатын аңғарғандар нендей бақытты!
- 268 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ҚАТЫНАСТАҒЫ ҮЙЛЕСІМ
«Гүлдің суы болсаң, мекенің нұрлы жүздер.
Нәжіс болсаң, барлық жерде қиындықтасың!»
«Әтір сатушылардың көрмесіне қара! Әр
нәрсені өзі шынысымен көркемдейді...
«Жыныс өзі жынысымен араласса, мұндағы
көркемдік ерекше күлімсіреуде».
«Дұрыс пен пәк болғандардың нәжістерден
ажыратылуы үшін Аллаһ Тағала
кітаптар мен пайғамбарлар жіберген».
«Ойың раушан болса, өзің де раушан
бағындасың!».
Хазіреті Мәуләнә
Бұл
әлемдегі
қарама-қайшылықтардың
бір-бірін
толықтырып, ортаға қойган көріністің басым сипаттарының
бірі - үйлесім мен сәйкестік. Мұның кішкене мөлшерде
бұзылуы - «анархияны, ал, әлем деңгейінде бұзылуы
«қияметті» тудырады.
Жанды-жансыз барлық болмыстың бірдей қасиеттерімен
қатар өз араларында айырмашылықтар мен қарама-
қайшылықтар болуы - иләһи тағайындауға барып
сүйенетін жағдай. Мұндай көзқараспен қарағанда, қарама-
қайшылықтар физикалық әлемде бір-бірін тоқ секіл-
ді тартқанымен, жандылар әлемінде болса, бұл жағдай
толықтай басқаша (кереғар) түрде мәнге ие. Яғни, рух иесі
болмыс кереғарымен емес, өзіне үқсасымен үйлесіп, бүтін
болуды қалайды. Болмыстың негізінің біреу ғана болу-
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 269 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ынан туындаған бірдей болу бейімі - осы әлемде бірлікке
қарай болған құдірет ағысының көрінісі. Бірақ, жансыздар
әлеміндегі қарама-қайшы қасиеттер бір-біріне тартылып
жатқанымен жандылар әлеміндегі Бұл жағдайдың кереғар
түрде іске асуы олардағы «мендік», эгоизм сезімінен туын-
дайды.
Расында рух иесі күллі болмыстағы ең басым бейімдердің
бірі -мендік пен эгоизм. Бұл мінездің жандылар әлеміндегі
шыңында адамзат тұрады. Сондықтан рухты сафтандыра от-
ырып, Аллаһқа қауышу жолында күш жұмсаған адамның ең
соңында ғана жоя алатын нәпсілік сезім қалауы - басшылық
пен саясатқа деген әуесқойлығы.
Адам баласымен шыңына жеткен өзімшілдік және
оған байланысты іске асқан «махаббат пен дұшпандық»
көріністері сарапталса, әркім үқсастықтары мөлшерінше
махаббатқа не болмаса, қарама-қайшылықтары деңгейінше
дұшпандыққа бағытталған өмір сүреді. Бұл болса, «адамның
тек өзін ғана сүйетінің шындығын бейнелейді. Адамның
өзіне ұқсастығы бойынша басқаларға көңілін ашуының не-
гізгі себебі де осы. Сондай-ақ, Яқуб (аләйһиссәләм) Юсуфта
өз болмысы мен мүнысына тән қасиеттерін көріп, рухы мен
көңілі еріксіз Юсуфқа ауған. Сірә, ұқсастық - тіршіліктің
өзара махаббаттарындағы негізгі себептерінің бірі.
Бұл жағдай рухы бар жаратылыста болғаны сонша,
хайуанаттың езінде Бұл жағдай көрініс тапқандықтан
төмендегі мысал халық аузында кең таралған:
Бұлбұлға:
«Сайра!» депті, ол сайрамаған.
«Сайра!» - деген, ол тағы сайрамапты.
Ақыры:
«Сені алтыннан бір қапасқа қамаймыз, қасыңа да бір
қарғаны әкеліп, қоямыз!» - деп қорқытқан екен.
Бұлбұл қапастың алтыннан болатынына қарамай,
қарғамен бірге болудың зардабын тартпас үшін, қорқып,
сайрай бастапты...
- 270 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Біз терең, жалпылай түсіндіріп келе жатқан шындықты
бұл тұжырым-ды мысал арқылы халық қарапайым жолдар-
мен көркем түсіндіреді.
Бірақ, бұдан да көркемін Мәснәуидегі бір хикаядан
оқимыз. Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) жаратылыстағы
бұл хикметті былай түсіндіреді:
Аңшының бірі ұстап алған жұпарын өгіз бен есекке толы
қорасына қамап қойған еді. Жұпар сасқалақтап, қораның
бір ана жағына, бір мына жағына қашып тұрды. Аңшы кеш
батарда келіп, хайуандардың алдына сабан төкті. Есектер
мен өгіздер сабанға бас салып, күшті тәбетпен жей баста-
ды. Жұпар болса, бір үркіп, бірде сабаннан шығып, көзіне
кірген шаңның себебінен көзін уқалады. Осылайша, қарны
әтірге толы, нәзікжануар қорада зұлымдыққа тап болған-
ды. Есектің біріоны мазақтап, басқа есектерге былай деді:
«Тыныш тұрыңдар! Бұл - патшалар мен билердің міне-
зіндегі бір хайуан!».
Басқа бір есек болса:
«Олай болса, бұл хайуан сыпайылықпен, патшаның
тағына шығып, жантайып отырсын!», -деді.
Сонда болған-біткенге қарап тұрған басқа бір есек
жұпарды сабан жеуге шақырды. Жұпар:
«Ей, тәбетім жоқ!» - деп, бармады. Есек айтқанынан
қайтпай: «Назданып тұрғаныңды білемін!», - деді. Осы
жолы жұпар есектің бұл сөзіне:
«Мен көгал жерде, мөп-мөлдір аққан сулардың
жағасында бау-бақшаларда жүретінмін. Сол жерлердегі
иләһи құдіреттің өрнек-нақыштарын тамашалайтынмын.
Тағдырым мені бұл азапқа сүйреген болса, қалай менің
рухым кенеттен ауысады!? Мен сүнбілдің, жауқазынның,
райханның өздерін иіскей отырып, жейтінмін. Табиғаттағы
иләһи құдірет ағыстарын қайран қалып, тамашалайтын-
мын. Және де бұл қайрандық көкжиегінде қанат қағып
жүргенде, аңшылар бізді Бұлақ бастарында көңіліміз бен
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 271 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
көзіміз жасқа толы халімізде үстап алады» - деп жауап
қайтарды.
Бір басқа есек былай үн қдтты:
«Сөйлей бер, қайткенде де жырақга өтірік айту - оңай».
Жүпар оған былай деп, жауап берді:
«Менің қарнымнан шығатын әтір - айтқаңцарымның
куәгері. Ол хош иіс таратады. Сендер болсаңдар -
жағдайларың ортада. Бұл сөздерім сендерге әлбетте, өтірік
көрінеді. Сендердің араларыңда шынымен-ақ, ғаріп,
ешкіміжоқ бейшара болып қалдым».
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) адамзат сана-
сы аңғарып, түсінуде қиналған абстрактілі оқиғаларды
қарапайым, деректі хикаяларда бейнелеп, ұсынады. Сондай-
ақ, қарама-қайшылықтардың бір-бірімен үйлесімдігінің
мүмкін еместігін баяндау үшін бұл хикаяда жаратылыс-
тары бір-біріне қарама-қайшы хайуандардан мысал келтір-
ген.
Жұпар - жеп-ішуі, тынысы, сезімі және нәзіктігімен
ең ерекше, сезімтал жануар. Аңшылар көгал жерлер-
дегі өзендердің бойында сыбызғы үрлейді. Сөйтіп, сол
сыбызғының кеңіл тербететін дауысын естіген жұпарлар
жиналады. Көздері мен көңілдері жасқа толы кездерінде, за-
лым аңшылар оларды тұзаққа түсіріп, ұстайды. Қарнынан
шығатын әтір мен терісі және еті себебінен сол нәзік, ерек-
ше сезімді жануарды өлімге апарады.
Есек пен өгіздер болса, дауыстары жағымсыз және сезім-
дерімен барып тұрған нәпсіқұмарлық күйде өмір сүреді.
Хазіреті Мәуләнә қарама-қайшы мінездермен бір-
ге болудың ащы азабын мысал келтіріп, баяндаған соң,
Мәснәуиіндегі хикметті шумақтарында Бұл қарама-
қайшылықтың салдарынан болатын қайғыны былай жеткі-
зеді:
«Кімде-кімді өз қарама-қайшысымен бір жерге қояды,
Бұл - ол үшін өлімнің азабы».
- 272 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһқа жақын кісі тәні себебінен азап ішінде. Өйткені,
оның рух құсы өз жынысына кереғар болған нәпсімен бір
жерге байланған».
«Рух - құстар арасындаеы бұлбұл секілді. Табиғат
сияқты болган нәпсі болса, ол - қарға. Сол бұлбұл қарға мен
байғыздан жараланады. Бір жерде болудан зардап шегеді».
«Рух деген бұлбұл сол өзімшілдікке салынған нәпсі де-
ген қарғалар мен нәпсі деген кем көзді байғыздар арасында
аһілеп-үһілейді».
Аят кәримәда: «Өз рухымнан үрлеген әлетте..» (Хижр,
29) делінген. Рух Бұл тән қапасына Раббысынан кел-
ген. Мұның қалай келгені адам түйсігінен тыс, беймәлім
жағдай. Адам санасының бір түкпірінде келген әлеміне де-
ген сағынышы мен бейімі бар. Ол азат емес, тән абақтысында
қамаулы. Дүниеде келген рухтар әлеміне деген сағыныштың
қасіретімен алай-түлей өмір сүруде. Осы жырақтық пен
қасіретке «уасыл-ы илаллаһ» болғанша жалғасады. Сол
сәтке дейін алдында ылғида нәпсі бөгеті тұрады. Бала-шаға,
мал-мүлік, мансап, абырой мен атаққа жету, сондай-ақ
бұларды нәпсі қалауларына қарай бағыттау - бұл дүниенің
құр жұбанышы мен алдамшы ойыншықтарынан тұрады.
Адам нәпсі бейімдерімен өзіне бір қиял әлемін қүрып ала-
ды. Өзін сонымен жұбатады. Мыңдаған қорқыныш пен үрей
- уәсуәсәға толы ғұмырын тауысады.
Рухтың нәпсіге қарағанда тәндегі жағдайы жүпардың
есектер арасындағы жағдайы іспеттес. Жұпар бөгделердің
қасында қалай ғаріп болса, рухтың өзі де солай, бұл тәнде
аласапыран күндердің ғаріптігі мен сынағы ішінде.
Рухтың қамқорлығы нәпсінің өзімшілдігінен қиналады.
Осы екі қарама-қайшылық адамның өмірінде ортақтасып,
өмірлерін жалғастырады, әрі, жандықтарын бір-бірімен
үнемі күрес арқылы сақтап отырады.
Бұл хикаяны басқаша бір көңіл терезесінен естіп,
бағалағанымызда, нәзік, үлы жаратылыстағы кәміл
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 273 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
адамдардың надан әрі дөрекі адамдар ішінде елім азабынан
да ауыр қайғыға душар болғандарын көреміз.
Бұл қиындыққа ең көп пайғамбарлар, сонан соң олардың
жолын қуған даналар тап болған. Кей уақыттарда надандар
арасында ешкімі жоқ ғаріптер болып өмір сүрген. Пұтқа
табынушыларға қарсы тәухид жалауын ашқан Хазіре-
ті Ибраһим (аләйһиссәләм) бір орасан отқа лақтырылды.
Юсуф (аләйһиссәләм) бауырларының ішінде болғанның
өзінде жалғыздыққа итермеленіп, өз отанынан алыста
жалаға тап болып, бір мезгіл зынданда ғаріп болып, өмір
сүруге мәжбүр болған. Бір залым қауым алдында Исрайл
үлдары Хазіреті Мұсаны жалғыз тастап: «Ей, Мұса! Сен
Раббыңмен бірге соғысқа бар да, соғысып, жең! Онан соң біз
сенің артыңнан келмекпіз!» дескен, Және де зүлымдыққа
ұшыраған Зәкәрия (аләйһиссәләм) азғын еврейлер тара-
пынан арамен екіге белініп, үлы Яхия (аләйһиссәләм) да
жауыздықпен шейіт етілген. Хазіреті Мәсих (аләйһиссәләм)
ұрылармен бірге сотталған. Әлемнің мәңгі мақтанышы
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамызға
Тайфта бетпақтар тас лақтырған. Мұндай мысалдарды тағы
да көбейтуге болады.
Олар бұл жағдайға өздеріне Аллаһ тарапынан берілген
күшті сабырлықпен төзген, сөйтіп, ұлы мәртебеге жеткен.
Кейде Хақ Тағала салихтарды қорғау үшін өз қарамағына
алған. Асхаб Кәһф бір қара бет қауым ішінде болғандарынан,
үңгірде қорғауға алынып, үйықтатылған. Сірә, ғапылдар
арасында болғанша, үйықтау тым абзал. Сондықтан Асхаб
Кәһф тек салих қауым пайда болғанда ғана оятылған.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) арифтерді бұлбұлға
ұқсатып, жаман рухқа ие адамдармен үйлесулерінің мүмкін
еместігін былай баяндайды:
«Бұлбұлдардың отаны - көгал жерлер мен гүлстан. Құрт
пен шаянның отаны болса, нәжістік пен қоқыстық орын-
дар».
Әлемде жыныстар мен олардың қоршаған орталары
- 274 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
арасында үздіксіз бір тартылыс заңы бар. Бұлбұл көгал
жерлерден, әуендеткендей аққан бұлақтарды ұнатқанда,
құрттар нәжістіктен, яғни, ахлақсыздықтан, фитнә мен
Бүлікшіліктен ләззат алады. Бұл жағдайды шырайлы ра-
ушан хал тілімен нәжістік құрт-құмырсқаға үндеп, былай
дейді:
«Ей, нәжістің құрты! Раушан бағынан қашасың, бірақ,
сенің осы жиіркенішің - гүлстанның көркемдігінің дәлелі».
Бұл белгілі қасиеттер жақсылық пен жамандық
арасындағы иләһи тепе-теңдіктің нәтижесі. Мінеки, Аллаһ
достары жыныстар арасындағы тартылыс деңгейін, әзәлдік
(ежелгі) ғашықтық пен таныстық деп, сипаттайды және
мүкәррәм (ең әдемі кейіп) жаратылып, бірақ, кейін әсфәли
сәфилинге түскен адамның негізгі деңгейі мен орнына же-
туін қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсайды.
Мыңдаған бәлекет, машақат, қайғы-шер мен күйзеліс
айқайларына толы осы дүние өмірінде мәңгіліктің есігін
ашатын жетістіктің қуанышына тек кәміл, ариф тұлғалар
болған салихтармен бірге болудың арқасында ғана жетіледі.
Мәңгілік әлемге тән - рухтың қабілеті, осылай күн жарығын
көріп, фәни әлемге тән - нәпсінің азабынан өзін құтқарып
ала алады. Сондықтан көңілді ғапылдардың мәжілісінен
сақтауға зәрулік бар.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) Бұл шындықты баян-
дау ретінде былай дейді:
«Құс тек өз жынысымен ғана ұшады. Өз жынысынан
болмағандармен кездесіп, тілдесу - бейне бір мазарға кіру
сияқты».
«Әр жыныс өз жынысына тартылып тұрса, бір нәзік
жұпар есек пен өгіздердің арасында қалай өмір сүре ала-
ды?».
Бірге болу жағдайының барлығы бірдей өмірдің бір-
дей ойы мен түсініктері шеңберінде іске асады. Бір-бі-
ріне қарама-қайшы өмір сүргендер мәжбүрлікпен бірге
болғанның өзінде, өлімнен ащы азаппен қиналады.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 275 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Расында аят кәримәда айтылған: «Жақсылыктар
Достарыңызбен бөлісу: |