Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үлгілі тұлғасы мен руханият әлемінен тиесілі нәсібін алып,
ихсан сезіміне жақындағандар қандай бақытты жандар!
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 205 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
БҰЛ АҚШАМ ҮНДІСТАНДА
«Кімнен қашып барамыз? Өзімізден бе?
Қандай бос қиял! Дүние - Аллаһтан ғапыл болу
деген сөз».
Хазіреті Мәуләнә
Хазіреті Сүлейменнің сарайына таңғы уақытта бір адам
ентелеп келеді. Сақшыларға өмірлік бір мәселе үшін Ха-
зіреті Сүлейменмен кездесетіндігін айтып, дереу ішке кі-
реді. Хазіреті Сүлеймен (аләйһиссәләм), түрі бозарып,
қорыққанынан діріл қаққан адамнан:
«Не болды? Неге сонша қорқасың? Не керек? Маған айт»
- деп сұрайды.
Адам ентігіп:
«Бүгін таңертең алдымнан Әзірейіл (аләйһиссәләм)
шықты. Маған қырын қарап, алыстап кетті. Менің жаным-
ды алуға бел буғанын түсіндім».
«Жарайды сонда маған не істе дейсің?»
Адам жалынып:
«Ей, жандардың қорғаушысы, бейшаралардың панасы
болған Сүлеймен! Сенің қолыңнан барлық нәрсе келеді. Аң
- құс, тау-тас бәрі сенің әміріңе бағынады. Желге әмір ет,
мені осы жерден Үндістанға жеткізсін. Сол кезде Әзірейіл
(аләйһиссәләм) бәлкім мені таба алмайды.
Осылайша жанымды құтқарамын. Медет сенен!»
Хазіреті Сүлеймен адам соншама жалынған соң жаны
ашып желді шақырады:
«Мына адамды дереу Үндістанға жеткіз!» - деп әмір ете-
ді. Бұл жел... Бір соғады, бір ысқырады. Адамды алып бір
сәтте Үндістандағы бір алыс аралға жеткізеді.
- 206 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Түске қарай Хазіреті Сүлеймен кеңесті жинап келгендер-
мен кезіге бастайды. Бір қараса, Әзірейіл (аләйһиссәләм) де
топтың ішіне кіріп, кеңестің қатарында отырады. Дереу
қасына шақырып:
«Ей, Әзірейіл! Бүгін таңертең әлгі адамға неге қырын
қарадың? Ол бейшараны неге қорқытып, үй-ішінен айы-
рып, әуреге түсірдің?» - дейді. Әзірейіл (аләйһиссәләм):
«Ей, дүниенің ұлы сұлтаны! Мен ол адамға ашуланып
қырын қарағам жоқ. Таңданып қарадым. Ол қате түсінді.
Күмәнданды. Оны осы жерде көргенде таң қалдым. Өйткені
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) маған:
«Қане, бар, бүгін кешке сол адамның жанын Үндістанда
ал!» - деп бұйырған еді» - деп жауап береді.
«Бірақ мен бұл адамның жүз қанаты болса да бүгін
ақшамда Үндістанда бола алмайды. Бұл не болды деп, таң
қалдым. Міне оған қарағанымның себебі осы еді» - дейді.
МӘСНӘУИ:
«Кімнен қашып барамыз? Өзімізден бе? Бұл қияли нәрсе.
Кімнен қашып құтыламыз? Аллаһтан ба? Қандай бос
қиял? Қандай керемет азғындық!»
«Дүние - ақша, пұл, әйел, киім-кешек, сауда-саттык,
емес, Аллаһтан ғапыл болу екендігін біл».
Сондықтан жәннат қалауы мен жәһәннам қорқынышы да,
адамды шектен тыс мазалап, мақсатына айналып Аллаһтан
ғапыл қалатындай дәрежеге жетсе, олар да бір қарағанда
дүние болып саналады. Осы рухани қауіп себебінен Юнус
Әмре Хазіреті Аллаһ Тағалаға былай мінәжат етеді:
Жәннат, жәннат деп жүргендері,
Бірнеше сарай мен бірнеше хор қызы,
Қалаған адамға бер оларды,
Маған сен керексің, сен!
Баршылыққа да қуанбаймын,
Жоқшылыққа да күйзелмеймін,
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 207 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Саған ғашық болып өтем,
Маған сен керексің, сен!
Сопыларға сұхбат керек.
Жомарттарға ақирет керек.
Мәжнүндарға Ләйлә керек,
Маған сен керексің, сен!..
Құлдың осы халге келуі тек қана нәпсісін тазарту
мен жүрегін сафтау арқылы ғана болады. Құл, осының
арқасында күнәлардан арылып, пәктікке қол жеткізеді.
Жүрек лупаның жарықты жинағаны сияқты, иләһи нұрға
бөленіп, руханияттың орталығына айналады да, барлық
күнәларды күл қылады. Бұл - саф жүрекке жету. Аллаһ
Тағаланың құзырында жақсы қабылданатын да осындай
жүрек. Аят кәримәда былай делінеді:
«Ол күні мал да, бала да пайда бермейді! Бірақ, Аллаһқа
саф жүрекпен (барлық кірлерден тазарған) келгендер
басқа!» (Шұара, 88-89)
Өкінішке орай кейбіреулері бұдан бейхабар. Міне, осы
ғапылдық - дүние және әр түрлі қүмарлықтар арқылы
құлдың жойылуына себеп болады. Хазіреті Мәуләнә
(құдиисә сирруһ) былай дейді:
«Және біліп қой, халықдәруиштік пен пақырлыктан
қашып сол себепті құмарлықтар мен жаман әуестіктердің
тұзағына түседі. Өйткені, дәруіштік пен пақырлықтан
қорқу (сол адамның өлімнен) қорыққандығына ұқсайды.
Тойымсыздық пен күйбеңді Үндістан деп біл!»
Дәруіштіктің абзалдығынан қашып, қүмарлықққа
тұншығудың қандай табыс болуы мүмкін? Тойымсыздық
пен күйбеңнің Үндістаны, маңдайдағы жазмышқа қандай
шара таба алады?
Осыған қарамастан адамдардың осы мәселеде әлсіздік
танытуын Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) былай айтады:
«Адамдар дүние зейнетіне шектен тыс қүмар болады.
Алайда дүниенің зейнеті қайғымен аралас».
- 208 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағала Нәбә сүресінің 6 аят кәримәсында былай
дейді:
اًد�َ�ِ� َضْرَ�ْا ِ�َ� ْ�َ� ْ�َ�َا
«Біз жер бетін бір бесік етіп жасамадық па?»
Жер бетінің белгілі бір сатылардан кейін нақты
материалдық-рухани бесікке айналуы қандай керемет
көрініс!
Адамзатты біразуақыт рахаттық әлемінде тербетіп, со-
сын мәңгілікке қарай ұйықтататын дүние - әрі фәни, әрі
бақи әлемнің бесігі.
Дүние бесігі үсті бір жағынан бұлттың кешкі және
таңғы реңі, үйлесімділігі, атмосферасы және көркемдігімен
көмкерілсе,
екінші
жағынан
қайғы-қасіретімен
көмкерілген.
Фәни болуы хикметтерін түсінген немесе түсінбеген
мәңгілік ұлылықты сезінген немесе сезіне алмаған барлық
адам, соңында ақиреттің бесігі болған қабірге түседі.
Ақыры барлық адам дүние және қабір естеліктерімен
махшар таңында оятылады.
Олай болса, дүние өмірімен, өлімімен тура бір ақирет бе-
сігі ретінде жабдықталған. Шайыр қандай тамаша айтқан:
Сені анаң туған күні дүниеге жыладың,
Барлық әлем күліп жатты бір жақта.
Енді сондай бір өмір сүр өлгенде күлетін,
Дүние достары көз жасын төксін!
Расында адам тән түрғысынан алдымен бір табиғат белше-
гі ретінде топырақта, аз уақыт әкенің белінде, сосын ананың
құрсағында және қолында, аз уақыт әке-шешенің жүрегінде
бір өмір бойы тербетіледі. Дүние бесігінен қабір бесігіне ау-
ыстырылып, қиямет пен ақирет сапарына жөнелтіледі.
Бүкіл дүние үзақ жылдар қыз балалардың ойыншық
бөбектерін ойыншық бесікте тербетіп, әлдилегені сияқты
адам баласын тағдырдың желіне қарай тербетеді.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 209 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Расында да дүние ақирет шексіздігінің қасында бесік
емей не?
Бұл
өркендеу
бесігінің
жағымсыздықтары
мен
оғаштықтарының ішінде тербеліп, иман кемелдігіне қол
жеткізе алмай, дүниенің тартымдылықтарына түншығып,
жаратылыс сырынан бейхабар қалғандарға нендей өкініш!
Бұл ғапылдықтың ең айқын көрінісін Меккенің бейшара
Қүрайш надандарынан көреміз.
Хазіреті Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) өздері сияқты ет пен сүйектен жаралған адам деп
көріп:
«Қарасаңдаршы! Жетім әрі сауатсыз! Біз сияқты үлкендер
мен абыройлылар түрғанда ортаға шығады. Көктерден езіне
хабар келгендігін, өлгеннен соң қайтадан тірілетінімізді ай-
тады. Бұл қандай орынсыз нәрсе!» - деп, өсек-аяң шығарды.
Немере ағасының езі:
«Мен барлық нәрсені білемін, бірақ Құрайштың әйелдері
мені айы птайды» - деді.
Жоқ! Ұйықтап жатқандар ұйқыдағы адамдардан не
нәрсе алуы мүмкін? Ғапыл адамдардың дүниесі балалардың
көздерін байлап ойнаған «соқыртеке» ойыны емей не?
Ақиқатты көрмейтін жүректер пайғамбарлар мен
әулиелердің өздеріне созған қолын, нәпсісіне және қияли
құмарлықтарына қайшы келгендіктен жоққа шығарып,
қалыс қалған. Өлімнен алыс бір қиял дүниесін орнатуға
тырысқан.
Шыбындардың сарқынды үстінде ұшып қоректенгені
сияқты қараңғылыққа толы дүниелерінде азғындықтарын
бақыттылық деп санап, тірі өлік ретінде тәндерін арқалап
өмір сүріп, ақыры өледі. Арқасы топыраққа тимеген
күштілер мен тойымсыздар жермен-жексен болады.
Дүниенің ойыншықтарынан құтылып, көңіл атмосфе-
расына кіргендер үшін өлім шынайы өмірдің туатын сәті.
Өлім көлеңкелер әлемінен негізгі әлемге көшу.
- 210 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сәһл бин Абдүллаһтың риуаяты бойынша:
«Адамдар ұйықтап жатыр. Өліммен оянып, өкініш се-
зінеді. Бірақ өкініштен оларға ешқандай пайда жоқ» - де-
лінеді. Сол себепті салихтар мен арифтар демдерін өмір
тәсбихына айналдырып, ақиқатқа жанасады. Тәндерін
ортақ өлім тәлімінің ішінде нұрландырып, фәниліктен
құтылады. Адамдардың барлығы басқа жерде басқаша
ұйқыға батқанда, олар басқа күйде болады.
Әрбір түннің уақыт кезекшілігін күндізге тапсыруы біз-
ді алқызыл таңның арайына жеткізеді. Үнемі сүннетұллаһ
(Аллаһтың табиғат заңы) бойынша түн күнге, күндіз түнге
айналады. «Өмір екі күн бір түннен тұрады» шумағының
шындығы - бәлкім, дүние әлемі фәни бір күн; қабір, уақытша
бір түн; оның таңы, мәңгілік ақиреттің күні, ақиқат таңы
деген мағынада.
Өмірді күн мен түннің ауысуы ретінде керу өзгеше бір
ғибрат көрінісі емес пе?
Егер елімнен қашу мен онан қорқу қажет болса, ақшам
жақындаған кезде қорқыныштан дірілдеуіміз ләзім. Алайда
түннің түңғиығына батқан кезде ішімізден ешбір қорқыныш
сезінбейміз. Өйткені таңның келуі жаратылыстың қағидасы,
иләһи бір тәртіп.
Олай болса өлімнің қойнынан ақиқат таңында тұруды
заңды санау керек.
Уақыт сызығынан үзілген әрбір сәттің бізді ақиқат таңына
жақындататындығын аят кәримә тамаша жеткізген:
َن�ُ�ِ�ْ�َ� َ�َ�َأ ِ�ْ� َ�ْ�ا �ِ� ُ� ْ�ِّ�َ�ُ� ُهْ�ِّ�َ�ُ� ْ�َ� َو
«Кімге ұзақ өмір беретін болсақ, біз оның жаратылысын
(жастығы мен сұлулығын) бұзып, белін бүкірейтеміз. Олар
мұны түсінбей ме? (Сапар қай жаққа?)» (Йәсин, 68).
Бір ақиқат ойшылының тілімен айтқанда, дүние -
ақылды адамдар үшін иләһи тәртіп, көрініс және өнерге
тәнті болудан, ақымақтар үшін тамақ пен әуестіктен
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 211 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тұрады. Адам баласының тежегіші істен шыққан машина
сияқты зырлаған емір күнтізбесіне, ажал дауылына, күздің
солғындығынан қалыс қалып, Бұл әлемде көзі шаранасы-
нан шыққан ескерткіш сияқты қақиған күйде тамашалауы,
фәни құмарлықтар үшін темір есіктерді үруы, құшағына
кіретін топырақ тәлкегінен қорқып, қашуы, қарапайым бір
зат үшін өмір сүруі, адамдық қасиетімен қаншалықты бай-
ланысады!
Әлем кітабының мазмұны, беташары және барлық
есімдердің көрінісі болған адамның осы жүйедегі орны
- рухани қоректермен қоректеніп, жаратылыстың үлкен
нұсқасы және кәміл бір өзегі болу емес пе?
Өмір базарының ең негізгі киімі кебін - барлық фани сау-
да-саттықтың біткен жері емес пе?
Хақ Тағала былай дейді:
«Ей адамдар! Аллаһтыңуәдесі, әрине, хақ. Дүние өмірі
сендерді алдатып жүрмесін! Айлакер шайтан Аллаһқа
қарсы сендерді алдамасын!» (Фатыр, 5)
Соңғы сөзді Хазіреті Мәуләнәға қалдырайық. Ол былай
дейді:
«Тәнді өсіріп, жетілдіруге кдрама, өйткені ол - соңында
топыраққа тапсырылатын бір қурбан. Сен көңіліңді же-
тілдіруге тырыс! Жоғарыларға жетіп, абыройға бөленетін
- сол».
«Тәніңе майлы, балды нәрселерді аз бер. Өйткені, тәнін
асыраған адам, нәпсінің қумарлықтарына салынып, ақыр
соңында аянышты халге түседі».
«Рухқа рухани қорек бер. Кәміл ой, нәзік түсінік пен
рухи қоректер үсын, баратын жеріне күш-қуатпен барсын!»
Ей, Раббымыз! Мына қысқа ғана әлемде бізді нәпсінің
құлы етпе! Қас қағым сәтке болса да бізді нәпсіміздің
қолына тастама! Ақиқат дариясында көңілімізді нүрыңа
толтырып, көкірегімізді кеңейте гөр, Аллаһым!
Әмин!
- 212 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ӘЛЕМ, ҚҰРАН ЖӘНЕ АДАМ
«Бір күні мен Аллаһ Тағаланың нұрын адам-
дарда көргім келді. Бейне бір теңізді тамшыда,
күнді зәррәда көргім келгендей еді!»
Хазіреті Мәуләнә
Ежелде жалғыз езі ғана болған ұлы Аллаһ танылуды
мақсат етіп, сипаттарының көрінісі арқылы осы әлемді
жаратқан. Аллаһ Тағаланың сипаттары (Құран Кәрімде
тоқсан тоғыз болғанымен) өте көп. Бұлардың кейбіреуін езі
ғана біледі. Екінші бір бөлігін тек пайғамбарларға ғана біл-
дірген. Бұл ілім соларда жасырын күйі қалған. Ғалымдар
да тоқсан тоғыз есімге кірмеген көптеген иләһи сипаттарды
біледі.
Осы білінетін және білінбейтін барлық иләһи сипаттардың
үш көрініс мекені бар:
а. Әлем.
ә. Құран Кәрім.
б. Адам.
Әлем - иләһи сипаттардың іс жүзіндегі, Құран болса -
сөздік көрінісі. Расында, Құран Кәрім адамзаттың қияметке
дейін алып жүретін кемелдігі, ақиқаты мен сырларын
қамтиды. Бұл тұрғысынан ұқсасы мүмкін емес, теңдессіз
мұғжиза. Сондай-ақ Әнғам сүресінің 59 аят кәримәсында
былай делінеді:
ٍ��ِ�ُ� ٍب�َ�ِ� �ِ� ��ِا ٍ�ِ��َ� َ� َو ٍ� ْ�َر َ� َو
«Жас, құрғақ не болса (барлығы) ап-айқын кітапта бар».
Басқа сөзбен айтқанда, Құран Кәрім – сөз түріндегі әлем
деген сөз. Адам болса сол әлемнің өзегі, дәнегі сияқты.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 213 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өйткені, мақлұқаттың ішінде Аллаһтың барлық есімде-
рінен нәсіп алған бірден бір жаратылыс - адам! Сол себеп-
ті адамның бойында жақсылыққа да, жамандыққа да,
иманға да, күпірлікке де қабілеті мен бейімділігі бар.
Иман - Рабтың құлға жасаған ұсынысы. Әрбір құлдың
қабілеті мен айырмашылығы, иләһи сипаттың көрінісінің
басымдылығына қарай іске асады. Бейне бір бірнеше түсті
бояуды араластырып, бір түс шығарудағы шындық сияқты.
Басым түс нәтижеге ең көп әсер етеді. Қысқаша айтқанда,
Аллаһтың барлық сипаттары көрініс тапқандықтан адам
- әлемнің кішірейтілген түрі, сондықтан ол кішкене әлем
деп аталған. Оның ет пен сүйектен тұратын бойында
иләһи көріністердің сырлары, нұрлары мен ақиқаттары
жинақталған. Ол - осы қасиеттердің мекені және
жаратылыстың ғажайыбы, әлем кітабының мазмұны мен
беташары.
Аллаһ Тағала - Жәмиүл эздад яғни оның бойында
қарама-қайшылықтар біріккен. Біз де заттар, оқиғалар
мен құбылыстарды тек қайшылықтары арқылы түсінеміз.
Жақсылықты білу үшін жамандықты, әдемілікті білу үшін
жаманды, дұрысты білу үшін бұрысты және иманға қауышу
үшін күпірлікті білуіміз керек. Бұл құндылықтардың
барлығы қайшылықтар арқылы түсініледі.
Барлық адамдардың иман мен күпір жағдайы Аллаһтың
«һәди» (һидайәт беруші) және «Мұдилл» (адасушылыққа
жетелеуші) сипаттарының арасында болады. Бірақ,
нәтижесі иләһи сипаттың көрінісінің басымдылығына бай-
ланысты болғандықтан тұлғалық, басым көрініске қарай
қалыптасады. Басқа сипаттардың көрінісі де осы сияқты.
Пайғамбарлар
мен
әулиелердің
арасындағы
айырмашылықтар да бөлек-бөлек керініс тапқан иләһи
сипаттардың сырларына байланысты.
Тәухид сенімінен тыс мәселелерде пайғамбарлардың
қабілеттері мен міндеттері бірдей емес. Мәселең Хазіре-
- 214 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ті Мүса (аләйһиссәләм) дүниеде тәртіп орнатуға міндетті
болған. Сондықтан оның өмірі дауылдар мен боран ішінде
жалғасқан. Ал сол Исрайл ұлдарының пайғамбары Хазіре-
ті Исаның міндетіндегі ерекше қасиет - нәпсіні тәрбиелеу.
Өйткені ол «Рухұллаһ» сипатымен аталған.
Хазіреті Пайғамбар Мырзамыз болса - иләһи есімдердің
ең кәміл көріністерін бойынажинақтап, «Әлемнің Мырза-
сы» болған. Сауатсыз бір қоғам мен надандардың ішінде
өссе де, қияметке дейін келетін үмметін ақиқат, мағрифат
және ләдүн ілемдерімен көмкеріп, мәжілістері, айқын те-
біреністер арқылы гүлстан; ақиқат дәрістерімен адамзатқа
және барлық жаратылысқа рахмет болған.
Пайғамбарлар белгілі бір уақыт аралықтарында кел-
се де, солардың жолымен жүрген және қоғамға үлгі
болған әулиелер үзіліссіз келген, қияметке дейін үзілмей
жалғасады.
Адамға қарай өзгеретін әртүрлі көріністерді түсіндіру
үшін Мәуләнә (құддисә сирруһ) Декукиден мысалдар келті-
реді: Декуки былай дейді:
«Бір күні мен Аллаһ Тағаланың нұрын адамдарда көргім
келді». "Бейне бір теңізді тамшыда, Күнді зәррәда көргім
келгендей еді!»
«Ақыл мен рух қадамымен жағаға жеттім, күн батып,
уақыт кеш болған еді».
Мәуләнә (құддисә сирруһ), салыстырмалы түрде хикая-
ны былай жалғастырады:
«Бірден алыстан жеті шам көрдім. Соларға жету үшін
жағаға жүгірдім».
«Әлгі шамдардың әрқайсысының нұры, тамаша түрде
көкке дейін көтерілген еді».
"Есім шыққаны соншалық - не істерімді білмедім!
Таңданудың толқыны есімнен тандырды!»
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 215 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Өз-өзіме: «Бұлар қандай шамдар, осыншама жарық
бола түра, халықтың көзі оны көрмейді!» - дедім. Толған
айдан да жарық шамның алдында халық жарық іздеп жүр!..
Халықгың көзінде перде болғаны ма; Бұл ақиқатты неге
көрмейді? Осыншама жарық айды көрмейді».
Мәснәуидің түсініктемесін жазған Исмайл Анкарауи Ха-
зіреті былай дейді:
«Бұл жеті шам дегені «жетілер» деп аталатын әулиелер
тобы. Декуки олардың физикалық болмысынан бұрын
нұрлары мен руханияттарын көрген. Өйткені, дүние мен
ақирет әлемінің ортасында "мисал әлемі" деп аталатын
бір әлем бар. Дүниедегі барлық нәрсенің сол жерде бір мы-
салы (үлгісі) бар. Сол үлгі мәңгілік әлемде басқаша түрде
көрінеді. Көрген түстердің көбі, осы мысал әлемінен келеді.
Салих және адал адамдар сол әлемге түс түрінде; үмметтін
таңдаулылары, яғни кәміл мүршидтер болса ояу кездерінде
кіре алады.
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнә Декукидің сездерін былай
жалғастырады:
«Сол көрінген шамдар Аллаһ Тағаланың ақыл жетпес
нүрының көріністері ме деп, оларды тамашаладым».
«Тартымдылығынан есім шықты. Өзімді бассыз, аяқсыз
сияқты сезіндім».
«Бір қарасам әлгі шамдар, жеті нурлы адам болды.
Олардың нұрлары көкке дейін жетті».
«Олардың нұрының қасында күннің жарығы күңгірт
түман сияқты қалды. Сол жеті адамның нүры, өз
нүрларынан басқа барлық жарықтарды жойып кетті».
Бұлардың барлығы әртүрлі көріністердің нәтижелері.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ), иләһи көріністер мен
сыйларға бөленгендердің халін былайша баяндайды:
«Ол адам осыхалмен бір қарағанда түсінгенін сөзбен
жылдар бойы түсіндіре алмайды. Түсінік пен сананың бір
сәт түңғиықтан сезгенін құлақ жылдар бойы тыңцаса да
түсіне алмайды!»
- 216 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей, дәруіш! Сен рухтың түңғиығына үңіл! Және барлық
нәрсені өзіңнен табуға бекін! Сенің сондай бір әлемнің
өзөгісің, сені лайықты түрде мадақтауға әлсізбін!»
Аллаһтың әмірлері мен тиымдарына сай өмір сүруден
басқа шара жоқ. Дүние мақсатымен, нәпсілерінің қалауы
бойынша өмір сүргендердің ақыры - ақирет өкініші.
Осы себептер шеңберінде адамдар мен жындар,
пайғамбарлар мен солардың жолын қуған ізбасарларына,
яғни кәміл-мүршидтерге мұқтаж. Осы өнегелі тұлғалар
арқылы ғана ақиқатқа жете алады. Олар - әлемнің теңдессіз
парасаттылық пен ақиқат үлгілері. Мақсат - солардың
өмірінен үлгі алып, Құран ахлағын, яғни Аллаһтың
ахлағын, бойға сіңіру.
Бір қызығы, адамдардың кейбіреулері материалдық ау-
рулар үшін дәрігергежүгіріп, қаражат төлейді. Бірақ, руха-
ни ауру болып саналатын ахлақи ауруларын тегін емдейтін
кәміл-мүршидтерге жүгінбейді.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) рухани дәрігерлердің
материалдық дәрігерден айырмашылығын мына жолда-
рында баяндайды:
«Ол сыртқы дәрігерлер басқа. Олар жүрекке тамыр
ұстау жолымен қарайды. Кәміл мүршидтер болса, тамыр
үстамай-ак. журекке қарайды. Аллаһ берген көрегенділік
пен сырлар себебінен материалдықдәрігер-лерден өзгеше.
Сырттай дәрігерлер тек қана материалдық қоректер мен
дәрілердіңхакімі болып, материалдық қоректер мендәрілер
арқылы хайуани рухты, яғни, тәнді емдейді. Тән болса, он-
сыз да топыраққа сіңіп кетеді».
«Рухани дәрігерлер болса - Аллаһтың үлылық пен
айбындылық нұрының айнасы. Сондықтан Аллаһқа баруға
кедергі болған бөгеттерді жояды. Дәлелдері - көрегенділік,
аян мен иләһи сырлар. Емдегеніне ақы да сұрамайды».
Аллаһ Расулынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ғибратты бір мысал:
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 217 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әбу Суфиян пайғамбарлықтан бұрын Пайғамбарымыз-
дың
(саллаллаһу
аләйһи
уә
сәлләм)
досы
еді.
Пайғамбарлықтан кейін дұшпанға айналып, Оны келеке
ететін өлеңдер жазды. Пайғамбар шайыры Хасан бин Сабит
(радиаллаһу анһу) болса, осы келекелерге жауап беретін.
Кейіннен Әбу Суфиян Мекке жеңісінде Хазіреті Аббастың
(радиаллаһу анһу) дәнекерлігімен иман керуеніне қосылып,
бұл істегендеріне өкінеді. Кейіннен Хазіреті Әлидің
үйреткен аят кәримәсы арқылы Расулұллаһтан (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) кешірім сұрайды.
Мархабат пен мейірім теңіз. Аллаһ Расулы (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) да Юсуф сүресіндегі:
َ��ِ� ِ�ا���ا ُ� َ�ْرَا َ�ُ� َو ْ�ُ�َ� ُ�ا ُ�ِ�ْ�َ� َمْ�َ�ْ�ا ُ�ُ�ْ�َ�َ� َ��ِ�ْ�َ� َ�
Достарыңызбен бөлісу: |