Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
БІР  ШОҚ  ГҮЛ
мәснәуи бақшасынан
Осман Нұри ТОПБАШ

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«...Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»
(Әнбия, 105)
«Біліп  қойыңдар,  анығында  Аллаһтың  достарына 
қауіп-қатер жоқ, олар қайғы қасірет шекпейді де».
(Юнус, 62)
«Оларға бұл дүниеде де, ақиретте де сүйінші бар...».
(Юнус, 64)
Аллаһ Тағала бұйырады
«...Шүбәсіз  (нағыз)  ғалымдар  -  пайғамбарлардың 
мұрагерлері.  Пайғамбарлар  болса  не  динарды,  не 
болмаса дирхамды мирасқа қалдырмаған. Олар мирас 
ретінде  ілімді  қалдырған.  Кімде-кім  ол  ілімді  алса, 
өте үлкен нәсіпке жеткен болады».
(Тірмизи, Әбу Дәуіт)
Расулуллаһ (с.а.у.) бұйырады
Имам Ғазали (қ.с.) былай дейді
«Пайғамбардың  нағыз  мұрагерлері  -  заһири 
(үстіртін мағынаны қарастыратын) және батыни 
(астыртын мағынаны қарастыратын) ғалымдар».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Раббым!  Егер  сенің  мархабатыңнан  тек 
салихтар  ғана  үміт  етуі  керек  болса,  күнәһарлар 
кімді паналайды?»
«Ей, ұлы Аллаһым! Егер сен тек қас құлдарыңды 
қабылдасаң, 
қылмыстылар 
кімге 
барып 
жалбарынады?  (Әрине,  сен  -мейірімділердің  ең 
мейірімдісісің!)»
«Бұл  жан  осы  тәнде  тұрған  кезде  Хазіреті 
Құранға құлмын: Хазіреті Мұхаммед Мұхтардың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
жолының 
топырағымын».
«Бір  адам  осы  сөздерімнен  басқа  сөз  айтса,  ол 
сөзденде, ол адамнан да аулақпын».
Хазіреті Мәуләнәдан (қ.с.)

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
АЛҒЫ СӨЗ
Біздерді  иманның  шабыты  мен  шаттығына  бөлеген 
Аллаһ Тағалаға мадақ!
Адамзатты  қараңғылықтан  шығарып,  нұрға  беле-
нуіне  дәнекер  болған  әлемнің  мәңгілік  мақтанышы  - 
Пайғамбарымыз  Мұхаммедке  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) салауат!
Хақ  Тағала  "сырат  мұстақимдегі"  барлық  мүминдерге 
жол көрсеткен қадірменді сахабалар мен үлы әулиелердің 
терең руханиятынан жүрегімізге пәк несібелер мен нұрлы 
шықтар нәсіп етсін!
Әмин!
Хазіреті Мәуләнәның жеті жүзден астам жыл бұрын ын-
тамен және ғашықтықпен жазған Мәснәуи шәриф шүбәсіз, 
өлмейтін  көңіл  туындысы  ретінде,  сол  күннен  бері  көңіл 
төрінен орын тепкен.
Өйткені,  көңіл  топырақтың  астында  қалай  шірімей-
тін  болса,  көңілден  шыққан  туындылар  да  сол  сияқты, 
мәңгілікке  айналады.  Кеңіл  ерлері  қызметтерін  бәрзах 
әлемінде де жалғастырып, ортамызда өмір сүреді. Олар тірі-
лерден де үзақ өмір сүреді. Олардың фәни денелері топырақ 
болғанымен, көңілден шыққан туындылары қияметке дей-
ін ешқашан өлмейді.
Осы  несібе  арқылы  Раббыға  қауышу  -  тек  қана  байлық 
пен дүниелікті жүрегінен тыс үстаған және атақ-абыройға 
бас имеген көңілімен иләһи ерікке (Құдайдың бұйрығына) 
мойынсүнған қас құлдарға тән.
Міне, Хазіреті Мәуләнәға да, оның кітабы Мәснәуиға да 
осы сипатпен қарау керек.
- 5 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тарихымызда  шәриф  сипатына  ие  болған  үш  көңіл  ту-
ындысы бар. Олардың біріншісі - Бұхари Шәриф, екіншісі - 
Шифа Шәриф, үшіншісі - Мәснәуи Шәриф. Осы тамаша үш 
кітап  Сұлтандар  мешітінің  лайықты  адамдары  тарапынан 
оқытылған.
Осы  берілген  жоғары  бағалардың  бірі  ретінде 
Шәйхулислам  Ибн  Кемал  Паша  Мәснәуиға  байланысты 
көрген шынайы түсін былай баяндайды.
Түсімде  Расулуллаһты  (саллаллаһу  алейһиуә  сәлләм) 
көрдім. Қолына Мәснәуиді ұстап, былай деді:
«Көптеген  рухани  кітаптар  жазылды.  Бірақ  осылардың 
ішінде Мәснәуи сияқты кітап жазылмаған».
Абдүррахман  Жами  Хазіреті  де  Хазіреті  Мәуләнә  жай-
лы:
«Ол үлкен әулиенің сипаты мен ұлылығы жайлы мен не ай-
тайын? Оның Мәснәуиі - теңдесі жоқ рухани әлем,» - деген.
Расында, Мәснәуи - руханилық пен сырдың дариясы. Та-
саввуф ақиқаттары мен рухтың сырларын сол сияқты тама-
ша баяндаған кітап өте сирек. Мәуләнә адам санасы түсіне 
бермейтін тасаввуф тақырыптарын рухани сөздер мен хик-
метті хикаялар арқылы оқырмандардың көңіліне сіңіреді.
Мәснәуиді түсіндіпушілер:
«Құрән  Кәрім 
ْأَ�ْ�ِا
  «Оқы»,  Мәснәуи  болса 
ْ�َ� ْ�ِ�
  «Тыңда» 
деп басталуын түсіндірген кезде, 
ْ�َ� ْ�ِ�
 «тыңда» деген сездің 
أَ�ْ�ِا
 «оқы» сөзінің тәпсірі екендігін айтып:
«Иләһи кәләмді тыңда! Сырларды тыңда! Өзіңдегі жасы-
рын ақиқаттарды тыңда!» - деп түсіну керек дейді.
Басқаша  айтқанда,  Мәснәуи  -  Құран  Кәрімнің  ақиқаты 
мен сырларынан көңіл иелеріне ұсынылған тамшылар.
Мәснәуи  -  Хазіреті  Мәуләнәның  жан-дүниесінің  өлең 
шумақтарына төгіліп, жазылған түрі.
Мәснәуи  -  Хазіреті  Мәуләнәның  Шәмспен  бастаған  ру-
- 6 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
хани  саяхатында  жеткен  айбынды  ақиқаттардан  барлық 
адамдардың түсінігі мен қажеттіліктеріне қарай жазылған 
бір сый.
Сонымен  қатар  Мәснәуи  -  Хазіреті  Мәуләнәның  көңіл 
қайғысынан  тасып  тегілген  бір  жан  дауысы.  Ол  осы 
айғайымен, қайғысын бөлісетін көңіл таба алмағаны себеп-
ті, жоғалтып алған Шәмсі үшін үнемі қасірет шеккен.
Хазіреті Мәуләнә Мәснәуиді былай тамамдайды:
«Мәснәуи - ақиқатқа жетіп, иләһи сырларды білгісі кел-
гендер үшін нұрлы жол».
Кония  қаласы  климатын,  түрін,  үйлесімділігін  содан 
алған.  Оның  фәйзіне  бөленгелі  жеті  ғасыр  болды.  Хазіре-
ті  Мәуләнә,  Мәснәуи  және  Кония,  бейне  бір  мағынаның 
әртүрлі атаулары іспеттес. Біреуі айтылса, басқалары еске 
оралады.
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  басынан  еткізген, 
сезген  көңіл  ғажайыптарын  (халдерін)  кітапқа  түсіріп, 
адамзатқа  үлкен  бір  сыйлық  етіп  қалдырған.  Мәснәуидің 
мазмұнын  оның  мына  екі  шумағымен  қысқаша  баяндауға 
болады: 
«Егер  де  сенің  көңілің  бар  болса,  көңілдің  Қағбасына 
тауап қыл! Топырақтан, тастан жасалған Қағбаның негізгі 
мағынасы да - көңіл».
«Аллаһ  Тағала  кірлерден  тазарған,  арылған  көңіл 
Қағбасына  қол  жеткізсін  деп  көрінетін,  білінетін  Қағбаны 
тауап етуді парыз еткән».
Мәснәуи - терең сырларға толы сыр кітабы. Адамның та-
нымы мен адам рухының сөзбен сызылған бейнесі. Хазіреті 
Мәуләнә  адам  рухының  түбіне  сүңгіп,  жан-дүниесін  кер-
ген. Міне Мәснәуи - осы зерттеу мен жаңалықтардың хаба-
ры. Хазіреті Мәуләнә төмендегі шумақтарында жаратылыс 
сыры мен өз жан-дүниесін қандай тамаша көрсетеді:
«Мен құл болдым, құл болдым, құл болдым».
«Мен  әлсіз  құл,  құлдығымды  атқара  алмағандығымнан 
- 7 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ұялдым. Сөйтіп, мен басымды идім».
«Әрбір құл азаттыққа шыққан кезде қуанады. Иләйым! 
Мен болсам, саған құл болғаным үшін қуандым...»
Бұл  сөздер  Хазіреті  Мәуләнәның  құлдық  ынтасы  мен 
шабытын  көрсетуге  жеткілікті.  Онсыз  да  Аллаһ  Тағала 
адамның жаратылу мақсатының да құлдық екендігін былай 
баяндайды:
ِنوُ�ُ�ْ�َ�ِ� ��ِا َ�ْ�ِ�ْا َو �� ِ�ْ�ا ُ�ْ�َ� َ� �َ� َو
«Мен адамдар мен жындарды тек қана маған құлшылық 
етсін деп жараттым!»
 (Зәрият, 56)
Мәснәуи  Хазіреті  Мәуләнәның  мүриді  Хұсамәддинмен 
болған  сұхбаты.  Сонымен  басталады,  сонымен  жалғасады. 
Екеуінің біреуі болмаса, рухани қатынас тоқтайды. Байла-
ныс  үзіледі.  Біріксе,  көңілдері  толады.  Шумақтар  бірінен 
соң бірі төгіле бастайды.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ):
«Мен бұл Мәснәуиді Хұсамәддинге арнап жаздым!» - деп, 
сырын қалаған ауқымда аша алмағандығына қынжылады. 
Өйткені, Шәмс сияқты ғашықтықтың теңізінен айырылып 
қалған. Кім білсін, Хазіреті Мәуләнә Мәснәуи кітабын Ха-
зіреті Шәмспен бірге жазғанда әлі қаншама сырларды паш 
ететін шумақтар өмірге келіп, олардан буырқанған бұлақтар 
ағар ма еді.
Хазіреті  Мәуләнә  бағытында  болған  Фәридұддин  Аттар 
(құддисә сирруһ) да тура сол сияқты өзін түсінетін және сы-
рын  сақтай  алатын  дос  таба  алмағандығына  қынжылады. 
Мына  сөздері  арқылы,  бейне  бір,  әрі  өзінің,  әрі  Хазіреті 
Мәуләнәның халін баяндайтын секілді:
«Мен  сыр  әлемінен  ұшқан  бір  құс  едім.  Төменнен 
жоғарыға бір жем алып келу үшін (сырымды түсінетін бір 
дос табу үшін). Бірақ, сырды сақтай алатын ешкім таба ал-
- 8 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мадым. Келген есігімнен қайта шығып кеттім».
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  Мәснәуиде  бір-бірі-
мен тығыз байланысты жүздеген хикаяларды баяндағанда 
ақылға  салып,  салыстыру  арқылы  адамдардың  сол  хикая-
лардан сабақ алуын мақсат еткен. Яғни ол адамның түсінуі 
қиын  болған  метафизикалық  оқиғаларды  көзге  керсеткен. 
Әйтпесе оның мақсаты - адамдарға кейбір тәмсілдерді баян-
дау емес. Мұны өзі былай деп жеткізеді.
«Мақсат - қиссадан сабақ алу; әйтпесе саған хикая айту 
емес!.».
Насихатын,  кеңесі  мен  ескертулерін  хикаялармен 
түсіндірген Хазіреті Мәуләнә баяндаған қиссаларының аста-
рында  жатқан  шынайы  мағынасы  мен  мәнінің  түсінілуін 
қалайды:
«Ей,  бауырым!  Қисса  бір  өлшегіш  сияқты,  мағынасы 
- ондағыдән... Ақылды адам дәнді алады, өлшегіш бар ма, 
жоқ па оған қарамайды!»
«Хикаяны  тыңца,  бірақ  дәнді  сабаннан  ажыратуды 
умытпа!
«Менің  айткдндарым  бос,  әншейін  хикая  емес.  Ойлан: 
бұл - сені мен менің қазіргі халіміз».
Осы сөздерден түсінікті болғанындай, Хазіреті Мәуләнә 
өз хикаяларында көптеген насихаттар мен үндеулердің бар 
екендігін,  сондықтан  келтірілген  мысалдардың  сыртқы 
мазмұнына тіреліп қалмай, негізгі мағынасын түсіну керек-
тігін айтады.
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  хикаялары  мен 
сөздерінде,  таза  көңілге  ие  болудың  тек  пайғамбар  ізі-
мен  жүрген  кәміл  мүршидтің  тәрбиесінде  болу  арқылы 
мүмкін  болатындығын  жеткізеді.  Адам  нәпсінің  кедергі-
сінен  құтылмай  -  ілімі  парасаттылыққа  кетерілмейтінді-
гін,  жаратылыс  мақсаты  мен  адамдық  қасиетіне  қауыша 
алмайтындығын және өзінің құпиясын аша алмайтындығын 
тілге  тиек  етеді.  Нәпсінің  қатерінен  қорғану  үшін  иләһи 
- 9 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ұлылықтың алдында өзінің "ештеңе емес" екендігін түсіну 
арқылы нәпсісін тану керектігін, мағрифат жолына тек қана 
рухани өмір және иләһи махаббатпен шығуға болатындығын 
баяндайды.
Хазіреті  Мәуләнә  амал  етілмеген,  парасаттылыққа 
айналмаған ілімді былайша түсіндіреді:
«Амал  етілмеген  хикметті  сөз,  қарызға  алынған  әдемі 
киім сияқты; солай деп біл!» .
Қазір  Хазіреті  Мәуләнәның  жеті  жүз  жыл  бұрын 
көрсеткен  мейіріміне  қаншалықты  мұқтажбыз.  Оның  жа-
ратушы  үшін  жаратылғандарға  деген  сүйіспеншілік,  ма-
хаббат және мейірімнен пайда болған сезімі мен Раббысына 
жасаған мына бір мінәжаты қандай тамаша:
«Раббым! Егер сенің мархабатыңнан тек салихтар ғана 
үміт етуі керек болса, кунәһарлар кімді паналайды?»
«Ей,  ұлы  Аллаһ!  Егер  сен  тек  қас  құлдарыңды 
қабылдасаң,  қылмыстылар  кімге  барып  жалбарынады? 
Әрине, сен - мейірімділердің ең мейірімдісісің!»
Раббымыз  Хазіреті  Мәуләнәға  нәсіп  еткен  терең  көңіл 
бағынан  бізге  де  сол  арқылы  «алқызыл  түсті  бір  шоқ 
қалампыр» және «бір аяқ су» нәсіп етті:
Шәкірт  кезімде  рухыма  осы  ләззәтті  сезімді  сіңірген, 
Мәснәуиді  сөзбен  емес  көз  жасымен  түсіндірген  марқұм 
ұстазым Абдұлқадир Мырза (Яман Дәдәнің) рухы шат бол-
сын!
Раббымнан рухыма әулиелердің сүйіспеншілігін сездір-
ген,  фәйзімен,  тіпті  еске  алынған  кезде  көңілге  қуаныш 
беретін  Аллаһ  досы  үлкен  әулие  -  ұстаз  Махмуд  Сами 
Рамазанұлының шапағатын тілеймін.
Раббымнан  құрметті  ұстазым,  әкем  Мұса  Мырзаға 
денсаулық,  ғибадат  пен  иршад  жолында  үзақ  өмір  тілей-
- 10 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мін.
Құрметті оқырмандарым!
«Мәснәуи  бақшасынан  бір  шоқ  гүл»  деген  атпен 
ұсынылған  Бұл  кітаптың  мазмұны,  Аллаһ  достарының 
шипа  бұлағы  болған  көңіл  бақшаларынан  жинақталған 
«алқызыл түсті бір шоқ қалампыр» және «бір аяқ су».
Раббымнан  тілейтінім  -  осы  «алқызыл  түсті  бір  шоқ 
қалампыр»  мен  «бір  аяқ  су»,  руханияттардың  көріністері 
арқылы жүректе «алаулар мен отты сезімдер» және көңілде 
«зәмзәм»  бұлақтар  тудырсын.  Осы  орайда  сіздерден  де 
өтінерім:
Ең  алдымен  әлемнің  жаратылу  себебі,  сырлар  мен 
нұрдың  қайнар  көзі  Хазіреті  Мұхаммед  Мұстафаның 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рухына және оның таңдаулы 
сахабаларының, барлық әулиелердің, әсіресе көңіл сұлтаны 
Хазіреті Мәуләнәның, фәйз бұлағы - Азиз Махмуд Һүдайи 
Хазіретінің, руханиятынан пайдаланған басқа да жол кер-
сетушілеріміз  -  Алтын  тізбектегі  ұстаздарымыздың  рухта-
рына және ұстазымыз Мүса Хазіретінің рухына бір "фати-
ха" бағыштауларыңызды тілеймін!
Раббымыз, өміріміздің соң сәтін, бізге де шәби арус (той 
кеші) етсін!
ُ��ِ�ْ����ا ِ�ا َ�ِ� َو
Әмин!
Осман Нұри ТОПБАШ
- 11 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ХАЗІРЕТІ  МӘУЛӘНӘ,  ШӘМС  ЖӘНЕ  ШӘБИ-АРУС
«Өлі едім; тірілдім,
Көздіңжасы едім; қуанышқа бөлендім.
Ғашықтық дариясына шомылдым,
Ақыры бақи мекенге жеттім».
Хазіреті Мәуләнә
Мәуләнә  Жәләладдин  Руми  отбасымен  Конияға 
орналасқан соң, оқуын тәмәмдау үшін Халеб пен Шамға ба-
рады. Сол кезде шамамен отыз жаста болатын.
Бір  күні  Шамның  иін  тірескен  базарынан  өтіп  бара 
жатқанда өзгеше киінген бір адам:
«Әкел қолыңды сүйейін, ей, әлемдердің зергері!» - дейді.
Жәләладдин  Румидің  қолына  жабысып,  құшырлана 
сүйеді. Сосын бірден қалың адамның арасына сіңіп кетеді. 
Жәләладдин Руми күтпеген бұл жағдайға қатты таңқалады. 
«Бұл не іс?» - деп, қайран қалады. Ғажайып ерекше адам ол 
үшін бейне бір тылсым сияқты болады.
Көп  жылдар  өткен  соң  Жәләладдин  Руми  бір  күні 
Кониядағы медресесіндегі дәрістен шығып, шәкірттерімен 
сұхбаттасып отырғанда, алдында Шамда қолын сүйіп, өзін 
қайран қалдырған адамды көреді. Бұл адам Шәмс Тәбризи 
еді. Ол да Жәләладдин Румидің сұхбатына қатысады. Ерек-
ше толқып, оған мынадай ғажайып сұрақ қояды:
«Баязиди  Бистами  үлкен  бе,  әлде  Хазіреті  Мұхаммед 
Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үлкен бе?»
Мөуләнә Хазіреті үрейленіп:
«Бұл қандай сұрақ?! Әлемге рахмет ретінде жіберілген 
ұлық пайғамбар мен барлық жетістігі тек оған мойынсұну 
- 12 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ғана болған бір әулиені салыстыруға бола ма екен?!» - деп, 
ашу шақырады.
Шәмс  Тәбризи  еш  қысылмай,  сұрағын  былайша 
түсіндіреді:
«Олай  болса,  Баязид  неге  Раббысынан  жәһәннамға 
түсуін  және  ол  жерде  денесінің  басқа  күнәһарларға  орын 
қалмайтындай  дәрежеде  үлкеюін  сұрап,  бірақ  кішкентай 
ғана иләһи көрініс алдында: "Атағым қандай үлкен! Өзімді 
пәктеймін  де  мадақтаймын!.».  десе;  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сансыз көріністерге ие бола 
тұра  үлкен  қарапайымдылық  танытып,  қол  жеткізген 
нығметтерін жеткілікті санамай, Раббысынан сұрай бер-
ді, сұрай берді?» - дейді.
Бұл  түсініктеме  Хазіреті  Мәуләнәны  тек  қана  ақылмен 
жеткен сыртқы ілімнің шегіне жеткізеді. Осындай дәрежеде 
тұрып  бұл  сұраққа  жауап  беру  мүмкін  емес  еді.  Шәмс  хал 
қаруымен  оны  одан  әріге  итермелейді.  Алды  ұшы  қиыры 
жоқ  «ләдүн  әлемі».  Осылайша  Шәмс,  алдындағы  адамды 
бойында  бола  тұра  өзі  білмеген  рухани  бір  атмосфераның 
көкжиегіне  қарай  аса  жылдамдықпен  көрегенділік  саяха-
тына шығарады.
Осы  бір  сәттегі  өзгерістің  әсерінен  Хазіреті  Мәуләнә 
алдында  оқыған  сыртқы  ілімнің  бір  талқыламасын 
айтқанындай қиналмастан, былай деп жауап береді:
Баязидтің:  «Атағым  қаңдай  үлкен;  өзімді  пәктеймін  де 
мадақтаймын!  Мен  сұлтандардың  сұлтанымын!»  сөзі  бір 
тоқтық халін білдіреді. Яғни оның рухани шөлі кішкентай 
ғана  көрініспен  қанды.  Рухы  енді  сұрамайтындай  болды. 
Масаңдыққа  салынды.  Мұхиттың  сиымдылығы  шексіз, 
бірақ одан шөл кондырушының шамасы осынша ғана еді.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бол-
са, 
َكَرْ� َ� َ�َ� ْحَ� ْ�َ� ْ�َ�َا
 сырына жеткен еді. Көріністер оны 
жан-жақтан қоршады. Бірақ әлемдей кең жүрегі бір түрлі 
- 13 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тоймады.  Шөлдегеннің  үстіне  шөлдеп,  ішкен  сайын  шөлі 
қанбады.  Сәт  сайын  бір  халден  екінші  бір  халге  көтеріліп, 
әрбір көтерілген сайын алдыңғы халіне тәубе етті. Сондай-ақ:
«Мен күніне жетпіс рет ( бір риуаятта жүз рет) тәубе 
етемін!» - деген.
Өйткені  Ол  ұлы  Жаратушысына  әрбір  сәт  жақындай 
түсуді  қалады.  Өйткені  ынтасы  шексіз,  құл  мен  Рабб 
арасындағы қашықтық та шексіз еді. Сол себепті көбіне:
«Уа  Раббым,  Сені  қажетінше,  лайыкты  түрде  тани 
алмадым.  Саған  лайықгы  түрде  құлшылық  ете  алма-
дым» - деп мінәжат ететін».
Шәмстің  міндеті  -  алдындағы  адамның  түсінігін,  ру-
хани  тереңдігін,  сыртқы  іліммен  жете  алмайтын  осынау 
мәртебеге көтеру еді. Сол үшін естіген жауабы арқылы ұлы 
мақсатына жеткен адамдардың үлкен шаттығын сезініп, есі 
шығып қуанады. Осылайша екі руханият жұлдызының ара-
сында өмір бойы жалғасатын нүрлы байланыс орнайды.
Осыдан  кейін  Мәуләнә  Хазіретінің  рухындағы  руха-
ни  теңіз  тынымсыз  толқи  бастайды.  Сол  сәтте  бейне  бір 
сіріңкемен  мұнай  теңізі  жағылғандай  Мәуләнәның  кеңілі 
алаулай  жанады.  Шәмс  Тәбризи  осылайша  Мәуләнәның 
көңіліне от қояды, бірақ алауының ішінде өзі де жанатын-
дай үлкен жарылысқа тап болады. Енді түсініктер мен не-
сібелер бірлеседі.
Осы  оқиғадан  соң  алдында  толықтай  зүһд  жолымен 
ғибадат  жасап,  тыныш  ұстаз  ғана  болып  жүрген  Хазіреті 
Мәуләнәның рухани қуаты бірден ішіне сыймай шынайы -
шабытпен өмір сүргенін көреміз. Шәмс Тәбризидің міндеті 
де осы, руханият теңізіне от қою еді.
Сондай-ақ 
Хазіреті 
Мәуләнә 
(құддисә 
сирруһ) 
ғашықтыққа,  ынта  мен  шабытқа  толы  өмірін  үш  сөзбен 
және үш сатыда былайша баяндайды:
«Шикі едім, пістім, жандым!»
Соңғы  саты  тасаввуфта  «фәнә  филләһ»  және  «бәқа 
билләһ» деп аталады.
- 14 -

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Құл «фәнә филләһта» нәпсілік болмысын жойып, барлық 
құмарлықтарынан  құтылады.  «Бәқа  биллаһта»  болса, 
Аллаһтың  көңілдегі  көрінісін  сезінеді.  Бұл  мәртебеге  жет-
кен құлдың жүрегінде тек Аллаһтың нұры жарқырайды.
Адам  деген  кім?  Ол  -  адами  түсініктің  тек  себептер 
мен  сылтауларға  сүйене  отырып,  түсінуге  тырысқан 
Раббысының  айбынды  ақиқаттарынан  осы  күрделі  әлемге 
түскен  көріністің  өзегі.  Өзгеше  көріністегі  бір  әлем!  Жан-
ды  Құран.  Бірақ  өзінің  ақиқаттарына  салыстырғанда  жоқ 
деп  саналатындай  кішкентай  бөлшегінің  ғана  ашылып, 
түсінілетін жаратылыс.
Рабтың  ерекше  сыйларының  бірі,  кейбір  адамдарға 
өзінің  болмысы  мен  ұлылығының  көкжиегіне  самғайтын 
қабілет  пен  ерекше  қасиет  беріліп  және  оларға  осы  сапар-
да  жол  көрсетушілер  жіберіледі.  Бұлар  -  адамзат  әлемінің 
жүздеген  жылдар  бойғы  қарапайым  оқиғаларын  жасыра 
алмаған  ерекше  тұлғалар.  Міне  Шәмс  де  Мәуләнәны  осы 
сапарға  шығарған  жол  көрсетуші.  Мәуләнә  болса  басында 
да, рухында орын алған және кейіннен түсінуге қол жеткіз-
ген осы ләдүн (жасырын) өлемінің алғашқы жол сілтеушісін 
адалдық сезімі арқылы емір бойы үмытпаған. Әйтпесе оны 
баяғыда  артқа  қалдырған  еді.  Бәлкім  осыдан  кейін  Шәмс 
бір мүрит (шәкірт) дәрежесінде еді.
Мөуленә  Хазіреті  Шәмспен  Конияда  қырық  жасында 
кездескен  еді.  Оның  осы  кездесуден  бұрынғы  халімен  оны 
екінші Ғазали деп сипаттауға болады.
Хазіреті Юнус, Хазіреті Мәуләнә хақында былай дейді:
Жүрек сұлтаны Мәуләнә-
Бізге назар салғалы,
Көңіл айнамыз ашылып,
Таса жері қалмады.
Мәуләнә Хазіреті алғашқы кезеңінде тек қана фақих еді. 
Заңгер  еді.  Өте  көп  шәкірттері  бар  еді.  Ауқатты,  бай  адам 
еді. Ол Шәмспен жолыққаннан кейін бұрынғыдан да мықты 
- 15 -

- 16
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ғалым, фақих, өзгеше бір заңгер болған жоқ. Сыртқы ілімі 
өзгерген жоқ. Бұлар артта қалды.
Жәләладдин  Руми  Шәмспен  кездескеннен  кейін  нағыз 
Мәуләнә болды. Ол Шөмспен кездеспей түрғанда бір ғалым 
еді;  кездескеннен  кейін  ғалым  -  ғашық,  көңілі  отты  ариф 
болды.
Мәуләнә (құддисә сирруһ):
«Ғашықтыққа жетер мұғалім жоқ!» - дейді.
Ол бұрынғы ғалым болған кезін «шикі едім» деп сипат-
тайды.  Кейінгі  халін,  ғашық  ғалымға  айналғанын  сондай-
ақ, кәмілдікпен және салмақтылықпен сипаттайды.
Негізгі мәселе - «Шәмс Мәуләнәға не берді? Не үйретті?» 
- деген сұрақтардың жауабы. Бұл - Шәмстің оған ақылдың 
тұтқынынан құтылудың жолын үйретуі. Өйткені, ақылдың 
шегі  белгілі.  Арғы  жағы  -  адасу.  Көңілдің  шегі  жоқ, 
мәңгілік. Саябыр табар жері - фәнә филлаһ.
Шәмс  Жәләладдин  Румиге  өзін,  яғни  қолындағы 
құндылықтарды,  танытып,  аяғындағы  кісенді  шешті. 
Өйткені,  Мәуләнә  ұшуға  әзір  бір  қыран  еді.  Шәмс  оның 
аяқ  бауын  ағытты.  Оған  көңіл  терезесінен  арғы  жақты 
көрсетті.
Осыдан 
кейін 
Хазіреті 
Мәуләнә, 
жарықтың 
айналасындағы көбелек сияқты, Шәмстегі көріністің жете-
гіне еріп алаулап жана бастады.
Хазіреті  Мәуләнә  Диуан  Кәбир  кітабында  Шәмспен 
болған оқиғаны былайша баяндайды:
«Шәмс Мәуләнәға:
«Ғалымсың,  басшысың,  жол  сілтеушісің,  салтанат 
иесісің!» -деді».
Мәуләнә Оған:
«Осыдан кейін сыртқы әлемнің ғалымы емеспін, басшы-
сы емеспін, жол сілтеушісі емеспін. Сен жаққан шырақтың 
жарығында ақылдан тыс бір әлемде пақыр әрі ғаріп жолау-
шымын» - деді».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 17
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Шәмс қайтадан:
«Сенде әлі ақыл бар! Сол себепті диуана бола алмағаның 
үшін бұл үйдің тұрғыны емес, бөтенсің! - деді».
Мәуләнә да:
«Осыдан кейін ақылыма көңіліммен бүркеніш жаптым. 
Диуана болдым, Сенің көмегіңмен енді осы әлемнің тұрғыны 
болдым! - деді».
Шәмс тағы да:
«Сенде ес бар! Мас емессің! Бұл әлемнен тысқарысың! Бұл 
әлемге жарық беретін ақыл емес, ғашықтық. Көз алдыңды 
көре алмайсың! - деді».
Мәуләнә Шәмсқа:
«Осыдан  кейін  сенің  жәрдемің  арқылы  бастан  -  аяқ  от 
болдым.  Жан-жағымды  ғашықтық  пен  мастық  жаулап 
алды! - деді».
Бұл жолы Шәмс:
«Сен  бір  жамағаттың  шам-шырағысың!  Орның  жоғары! 
- деді».
Мәуләнә болса:
«Енді  Бұл  шырағым  сөнді.  Мен  үшін  олардың, 
жарқырауық 
қоңыздың 
жанып-сөнген 
жарқылынан 
айырмашылығы  жоқ!,  Енді  басқа  шырақтың  жарығымен 
жүремін! - деп жауап қатты».
Шәмс:
Сен өлген жоқсың. Сен сырттай тірісің! Бұл есіктің арғы 
жағына бұлай өтуге болмайды! Фәни болмысыңды, барлық 
атақ-абыройыңды тәркі етуің керек - деді».
Мәуләнә:
«Ол бұрын болатын! Сені танығаннан бері адамдар білген-
дей тірі емеспін. Басқа тіршілікке қауышып, өлдім! - деді».
Шәмс оған:
Әлі  нәпсіңе  сүйенесің!  Атақ-мансабың  жойылған  жоқ! 
Осылардан құтыл! - деді».

- 18
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мәуләнә:
«Осыдан кейін сенің мені жетелеп әкелген ләдүн әлемінде 
мансап  іздеп  жүрмін.  Бұрынғы  болмысыма  тән  барлық 
нәрсені тастадым, олар артта қалды! - деді».
Шәмс:
Қолың,  қанатың  бар!  Мен  саған  қол,  қанат  бере  алмай-
мын! - деді».
Мәуләнә:
«Осыдан кейін сенің қол мен қанатың болу үшін, қолым 
мен кднатымды сындырдым - деді».
Осы  шешімдерден  кейін  міндетінің  аяқталғандығын 
түсінген  Шәмс,  оған  иләһи  көріністерге  толы  мәңгіліктің 
көкжиегінде күйіп өртенуі үшін бір кднаттақты... Өйткені, 
оны  қауышуданайырып,  іңкәрліктің  берекелі  атмосфера-
сында жалғыз өзін қалдырған еді.
Мұсылмандардың  иман  нұры  Хазіреті  Омардың  Ис-
ламды  қабылдауымен  қалайша  күшейсе,  Шәмс  Тәбризи 
Хазіретінің  рухани  міндеті  Хазіреті  Мәуләнәмен  солайша 
аяқталған еді. Сол сәтке дейін кімнің әлемнің шәйхы екен-
дігін білмеген Хазіреті Шәмс Хазіреті Мәуләнәның махаб-
бат  сәулесімен  жарқырап,  аты  аңызға  айналды.  Бұл  екі 
үлкен мүршидтің бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктері мен 
құрметтері  шынайы  мүрид  пен  мүршид  арасындағы  халді 
қандай тамаша көрсетеді.
Хазіреті  Шәмстің  Хазіреті  Мәуләнәға  берген  сыйы 
мақрүмдық,  ынтызарлық  қасірет  және  махаббат  қана  еді. 
Осы махаббат пен ынтызарлық қасіреттің ең тамаша үлгісін 
пайғамбарымыз  дәуірінде  Хазіреті  Әбу  Бәкір  (радиаллаһу 
анһу) мен Хазіреті Фатиманың (радиаллаһу анһә) өмірінен 
байқаймыз.
Хазіреті  Әбу  Бәкір  Сыддық  Пайғамбарымызбен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрбір кездескен сайын өзгеше 
бір ынта мен құштарлық халін басынан кешіретін. Қасында 
болса да, Оған деген махаббаты мен ынтықтығы басылудың 
орнына, одан бетер арта түсетін.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 19
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ғашықтардың  бас  тәжі  Хазіреті  Фатима  анамыз, 
Пайғамбарымыз ақиретке көшкен кезде былай деді:
«Әлемнің  Нұры  ақирет  әлеміне  көшкен  кезде  мені  сон-
дай бір ауыр қайғы басты. Егер ол қараңғылыктың басына 
келсе оның түрі өзгеререді».
Міне осы махаббат пен ғашықтық жолымен жүрген Ха-
зіреті  Мәуләнә  да  Шәмстен  айырылып  қалганда  оған  де-
ген  ынтықтығынан  күйіп  жанды.  Оның  осы  айырылуы 
мен  ынтықтығының  нәтижесінде  26  000  жолдан  тұратын 
Мәснәуи жарыққа шықты.
Мұндай айырылудың сырын ең айқын сезімімен Хазіреті 
Мәуләнә ұсынған еді. Оның:
Мағрифатқа  ие  адамды  көрсететін  сыбызтыны  тыңда! 
Айырылудың  шағымының  қасіретін  іш!  -  деп  басталған 
Мәснәуи  кітабы  -  негізінде,  бір  тамаша  сағыныш  зары. 
Мұхаммеди  НұрХазіреті  Мәуләнәға  Шәмсарқылы  беріл-
гендіктен,  Шәмстен  айырылғаны  ол  үшін  үнемі  қасірет 
болған.
Оны  шексіз  руханият  дариясында  көңіл  сапарына 
шығарған  Шәмс  Тәбризи  болғаны  үшін,  рухы  өмір  бойы 
жарықтың айналасындағы көбелек сияқты оған құштар бо-
лып, соны іздейді. Ол мәжнүн сияқты бір түрлі жете алмаған 
Ләйләсымен лаулап жануға міндетті болған.
«Шәмс аман!» деген адамға үстіндегісінің бәрін беретін. 
Достары мұның жалған екендігін айтқанда:
«Мен  оның  өтірігіне  мыналарды  бердім.  Шындығына 
жанымды берер едім,» - дейді.
Хазіреті  Мәуләнә  осы  сағыныш  отына  жанған  көңіл 
қасіретін былайша баяндайды:
«Менің  ішкі  жан-дүнием  неге  жылайды?»  «Менің 
қайғым мен ауыртпалығымды кім біледі?»
«Барлық  адам  мені  өз  қабілеті  мен  икемділігіне  қарай 
тыңдайды.  Жаман  адам  мені  өз  сезіміне  қарай  жорып,  со-
лай  түсінеді.  Хақ  жолындағы  адам  болса  мен  арқылы  ру-

- 20
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ханияты артып, сезімі лаулайды және сыбызғы оған шипа 
береді».
Хазіреті  Мәуләнә  Мәснәуи  кітабында  «сыбызғыны 
тыңдағандардың  оның  үні  арқылы  пәк  сезімдерге  жетуін 
қалайды. Рубаятында былай дейді:
«Сыбызғыны тыңда, не айтатынына құлақ сал! Аллаһтың 
жасырын сырларын паш етеді. Өңі сарғайып, іші бозарып, 
басы кесілсе де сырнайшыныңдеміне тәуелдібола түра тіл-
сіз, сөзсізжар салып, «Аллаһ, Аллаһ» - дейді».
Ғашықтық  пен  махаббат  отына  күйген  Хақ  ерлерін 
бейнелейтін  сыбызғы  -  ішінде  пәк  бір  ғашықтықтың  оты 
лаулаған аспан.
Өйткені  ол  өзі  өскен  қамыс  арасынан  кесіліп  алынып, 
бауыры  отпен  күйдіріліп  тесілген.  Басына,  аяғына,  тіпті 
тесіктерінің арасына метал кедергілер мен сымдар тағылған, 
яғни  кісенделген,  сол  себепті  де  қурап,  бет-бейнесі  солып, 
сарғайып кеткен.
Сол себепті сыбызғы хал тілімен былай дейді:
«Мен бұрын қамыс арасында едім. Тамырым мен көңілім 
суда, топырақта болатын. Ол жерде назданып тербеліп, әрбір 
ескен желге бағынушы едім. Бірақ бір күні мені қамыстың 
арасынан кесіп алды. Тәнімді ғашықтық отымен құрғатып, 
тесті.  Денемді  жаралады.  Сосын  мені  керемет  демі  бар 
адамның қолына берді. Оның ыстық, ғашықтық демі менің 
ішімнен  етті.  Бұл  дем  ішімдегі  ғашықтықтан  басқаның 
бәрін  жағып  күл  қылды.  Мені  баурап  алды.  Егіліп  жылай 
бастадым.  Ішімнен  шыққан  бұл  айғай  барлық  сырымды 
паш етті.
Қысқасы,  менің  сырларым  әуенге  айналды.  Бірақ  көзі, 
құлағы  және  көңілі  перделі  адамдар  менің  бұл  сырымнан 
бейхабар».
Адам да дәл солай.
Ол  иләһи  әлемдегі  орнынан  осы  дүниеге  әкелініп, 
адамдық  санатқа  қосылып,  сағыныш  отына  күйіп,  жүрегі 
қарс айырылған.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 21
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бірақ, барлық адамның басындағы бұл ақиқат тәфәккүр 
мен  сезімталдық  жөнінен  ерекшеленіп,  кәміл  адам  халіне 
келген кезде жарыққа шығады. Яғни, түсінілетін болады.
Сондықтан  да  жоғары  әрі  кәміл  адам  әрбір  қараған  же-
рінде, әрбір көрген нәрсесінде иләһи хикмет пен сырларды 
тамашалаған адам. Иләһи сырлар мен өнерді көріп, Хаққа 
деген махаббаттың ең отты халіне бөленбеу мүмкін бе?
Сол үшін Мәуләнә (құддисә сирруһ) кәміл адам бола ал-
май, иләһи сырларды түсінбегендерге қиналады. Іші күйеді. 
Сондайхалды басынан кешірген қайғылы Юнустың:
Мен бір ғажайыппын,
Ешкім менің халімді білмес!
Мен сөйлеймін, мен тыңдаймын,
Ешкім менің тілімді білмес!
Менің тілім - құстың тілі.
Менің елім - достың елі.
Мен - бұлбұлмын, досым - гүл,
Менің  гүлім  солмайды,  біліңдер  -  түрінде  баяндаған 
бір  рухи  халде  өзіне  жұбаныш  көзін  іздейді.  Бір  бәйітінде 
(шумақ) былай дейді:
«Кәһф  иелері  өздерін  естімейтін,  түсінбейтін  сезімсіз 
бір  қауымның  ішінде  қалғандықтан  ұйықтады.  Рухани 
жамағат пайда болған кезде оятылды».
Сондай-ақ  Хазіреті  Мәуләнә  дұрыс  және  терең  түсіну 
турасында  ықтияттылығы  соншалық,  Мәснәуидің  алғы 
сөзінде былай дейді:
«Көңілі таза әрі сезімтал болғандар мен ақиқатқа ынта-
лылардан басқасының Мәснәуиге тиісуіне рұқсат жоқ».
Өйткені  Хазіреті  Мәуләнә  да  көптеген  ақиқат 
жолындағылар  сияқты,  өзін  және  сөзін  қате  түсініп, 
қазбалаған адамдарға ескерту ретінде былай дейді:
«Бұл  жан  осы  тәнде  түрған  кезде  Хазіреті  Құранға 
құлмын;  Хазіреті  Мұхаммед  Мұхтардың  (саллаллаһу 

- 22
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
аләйһи  уә  сәлләм)  мүбәрәк  әрі  нұрлы  жолының 
топырағымын.
Бір адам осы сөздерімнен басқа сөз айтса ол сөзден де, ол 
адамнан да аулақпын».
Үлкен  әулие  өлім  кешін  «шәби  арус»  (той  кеші),  яғни 
дүние жырақтығынан құтылу, қауышу түрінде танымдай-
ды. Өлімнің - рухтың еркіндікке қауышып, шынайы елім-
сіздік пен мәңгілікке сапар шегу екендігін, мына жолдары 
арқылы қандай тамаша баяндайды:
«Өлген  күні  табытымды  алып  бара  жатқанда  менде  бұл 
дүние уайымы қалды деп ойлама!»
«Мен  үшін  жылап,  әттеген-ай,  «па,  па!»  деме!  Маған 
топырақ салғанда да «қош, қош!» деп айтпа!»
«Қабір бір перде ғана, оның артында жәннәттың шат-
тыгы бар!»
«Батуды  көрдің  емес  пе!  Шығуды  да  тамашала!  Күн 
мен айдың батуынан оларға ешқандай зиян бар ма!»
«Жерге қандай тұқым егіп ол шықпай қалды деп уайым-
дама! Адам дәні өспейді деп ойлама!»
«Топыраққа қойылдым деп ойлама! Аяғымның астында 
жеті қат көк бар».
Осылай  деген  Хазіреті  Мәуләнәның  рухы  еш  күмәнсіз, 
жеті қат көкген асып, Раббысының жолында пида болған.
Хазіреті Мәуләнә тағы бір шумақтарында былай дейді:
«Ей, жан! Сенде осы топырақ пердесімен жабылған жа-
сырын  өмір  бар.  Осы  жерде  ғайып  әлемінде  жасырылған 
жүздеген Юсуф сияқты сұлулар бар».
«Бұл тән бейнесі, яғни дене, топыраққа құрбан етілген 
кезде, сол жан бейнесі қалады».
«Ол тән бейнесі фәни, жан бейнесі болса мәңгілік».
«Өлім, рухтың баскд бір әлемде туу оқиғасының белгісі 
екендігін  біл.  Яғни  бұл  фәни  әлем  үшін  өлім  деп  аталады, 
бірақ мәңгілік әлемдегі аты туу!».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 23
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Әрі жанды Аллаһ алады емес пе - өлім қас қулдар үшін 
шекер сияқты тәтті екенін біл».
«Сондай-ақ өлім от болса да, Аллаһ достарына гүлстан 
сияқты өмір нәрі».
«Өлімді  қорқынышты  қылатын,  оны  қиындататын 
мына  тән  қапасы.  Тәнді  бір  қабық  сияқты  сындырсаң, 
өлімнің інжу тәріздес екендігін сен де көресің!»
Аллаһ  достарының  ең  маңызды  ерекшеліктерінің  біре-
уі иләһи махаббатқа белену. Хазіреті Мәуләнә да мына бір 
бәйтінде, рухында алаулаған ғашықтық отының өліммен де 
сөнбейтіндігін былайша жеткізеді:
«Өлімімнен кейін менің қабірімді ашып, ішімнің алауы-
нан жанған кебінімнен қалай түтін шыққанын көр!»
Осы  сөздерінен  байқалған  ғашықтық  халімен  Хазіре-
ті  Мәуләнә,  өмір  бойы  үнемі  осылайша  лаулаған  нағыз 
ғашықтарды іздеген. Ол былай дейді:
«Маған,  ішіндегі  алаудан  қиямет  болып,  көңілінің  жа-
лынымен отты да күл ететін ғашықтар керек! Көк, оның 
күнді солдыратын нұрына қарап, «Машаллаһ, Машаллаһ! 
(бәрекелді, бәрекелді)» деуі керек!»
Ұстаз  М.  Әсғат  Әрбили  (құддисә  сирруһ),  осындай 
ғашықтардың рухани мәртебесін баяндаған бір шумағында 
былай дейді:
Ne m


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет