Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Өлмей  тұрып  өліңдер!»  әміріне  мойынсұну.  Өлмей 
тұрып  өлгендер,  ақиқат  көктемінде  тіріліп,  көріністен 
құтылады.  Аллаһ  Расулының  ақиқатында  тіріледі.  Аят 
кәримәда:

��ِ�َ��َ�ْ�ِ� ً�َ� ْ�َر ��ِا  َك�َ�ْ� َ�ْرَا �َ� َو
«(Ей  Расулым!)  Сені  өлемдерге  тек  рахмет  үшін  жібер-
дік,» - (Әнбия, 107) делінеді.
Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  - 
жаратылыстың  себепшісі.  Мақсат  осы  иләһи  рахметтен 
нәсіп алып, Аллаһ пен Расулының жолында фәни болу.
Сол  себепті  Имам  Мәлик  (радиаллаһу  анһу)  Хазіреті 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  басқан  же-
рін  құрметтегенінен  Мәдина  Мүнәууарада  көлікке  мін-
бейтін.  Аяқ  киім  кимейтін.  Оған  хадис  шәрифтен  сұрақ 
сұрауға  қонақ  келген  кезде,  дәрет  алып,  сәлдесін  орап, 
иіс  май  жағып,  биіктеу  жерге  отырып  барып,  содан  кейін 
қабылдайтын.  Өзін  Аллаһ  Расулының  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) руханиятына әзірлеп, Оның мүбәрәк сөзін жет-
кізетіндіктен әдепті мұқият ұстанатын.
Османлы дәуірінде Мәдинаға баратын сүррә алайы 
(Осман-
лы  патшалары  өз  байлықтарынан  жыл  сайын  Мекке  мен  Мәдина 
тұрғандарына беретін сыйлықтарды жеткізетін керуен)
 қалаға кір-
мей, жақын жерде бір орында аялдап, өздерін Мәдинаның 
рухани атмосфера-сына әзірлеп, истихарадан кейін рухани 
ишарат арқылы Расулұллаһтың құзырына барып, қайтарда 
елдеріне тәбәрік етіп Мәдина топырағынан алып кететін.
Және  Мәдинаға  қарауға  жауапты  Османлы  сардарла-
ры, көліктерін Пайғамбар мешітінен алыс қойып, әдеппен 
Расулұллаһтың құзырына жаяу келетін.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 81
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Төсекте науқастанып, есін жия алмай түрі солып жатқан 
Сұлтан Абдулазизге:
«Мәдина Мүнәууара аумағынан бір өтініш хат бар!» - де-
генде уәзірлеріне:
«Дереу мені тұрғызыңдар! Тік тұрып тыңдайық! Аллаһ 
Расулына  көрші  болғандардың  өтінішін  әдепке  қайшы 
осылай  аяқгы  созып  жатып  тыңдауға  болмайды!»  -  деуі, 
Османлы Сұлтандарының Мәдинаға, Хазіреті Пайғамбарға 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  деген  махаббаттарының  ең 
тамаша көрінісі.
Бәзми Әлем Уалидә Сұлтан Шамның түщы суын түйемен 
Харамәйнға, қажыларға ұсыну үшін, тасытып, Харамәйннің 
руханиятынан нәсіп алуға тырысатын.
Шайыр  Наби  1678  жылы,  мемлекет  адамдарымен  бірге 
қажылық сапарына шығады. Керуен Мәдинаға жақындаған 
кезде  Наби  толқып,  ұйықтай  алмайтын  халге  келеді.  Ке-
руендегі  бір  сардардың  ғапылдықпен  Мәдинаға  қарай  аяқ 
созғанын  көреді.  Бұған  қатты  әсерленіп,  мәшһүр  мақтау 
жырын жазады.
Таң  намазына  қарай  керуен  Мәдинаға  жақындағанда 
Наби,  жазған  мадақтауының  Пайғамбар  мешітінің 
мүнараларынан оқылғандығын естиді:
Sak
ın terk-i edebden kuy-i mahbub-i Huda’dır bu,
Nazargah-
ı ilahidir, makamı Mustafa’dır bu.
  (Аллаһ  Тағаланың  назар  орны  және  Оның  пайғамбары 
Хазіреті  Мүхаммед  Мұстафаның  орны  мен  мекені  болған 
Бұл жерде әдепсіздік көрсетпе!)
Murat-i edeb 
şartıyla gir Nabi bu dergaha,
Metaf-
ı kudsiyandir, busegah-i enbiyadır bu.
(Ей  Наби,  бұл  орынға  әдептің  қағидаларын  мүлтіксіз 
орындап  кір!  Бұл  жер  періштелер  айналасын  қаумалап, 
пайғамбарлардың (есігін) сүйген мүбәрәк орын).
Бұл жағдайға қатты толқыған шайыр Наби дереу азаншы-
ны тауып: «Бұл мақтауды кімнен және қалай үйрендіңдер?» 
- деп сұрайды. Азаншы:

- 82
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Бүгін  түнде  Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) бізге түсімізде:
«Үмбетімнің  ішінен  Наби  атты  бір  шайыр  мені  зиярат 
етуге келе жатыр. Бұл адам маған қатты ғашық және маған 
деген махаббатқа толы. Осы ғашықтығы себепті оны Мәдина 
мұнараларынан өз мақтауын айтып, қарсы алыңдар!» - деді.
Біз  осы  пайғамбар  әмірін  орындадық»  -  дейді.  Наби 
шыңғырып жылайды. Жылап тұрып былай дейді:
«Демек,  Аллаһ  Расулы  (саллаплаһу  алейһи  уәсәлләм) 
мені  «үмметім»  деді!  Демек,  екі  әлемнің  нұры  мені  үммет 
болуға қабылдады!»
Сүлеймен Челеви Мәуліт Шәрифінде: «Хақ Тағала осы-
лайша жаратты Адамды,
«Адаммен  қылды  әшекей  Әлемді"  сөзімен  Адам  мен 
әлемнің босқа жаратылмағандығын;
«Күн көбелектей айналған бұл ғажайып нұр кім» - деп, 
екі әлемге жарық берген күннің, Хазіреті Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ынтық  болып,  айналасын-
да  айналғанын,  яғни  жансыз  заттардың  да  оған  ғашық 
болғандығын қандай тамаша жеткізеді.
Бұл 
нәзікжанды, 
пәкмүминдер, 
Расулұллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақиқатына жақындау үшін 
оның руханиятының айналасында көбелектей жанын пида 
етуді, дүниенің ең үлкен нығметі деп біліп, иләһи ләззатқа 
батқан.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен Жағфар 
Тайярдың  (радиаллаһу  анһу)  арасындағы  махаббаттан  бір 
көрініс:
Жағфар (радиаллаһу анһу), Хабашстан көшінен қайтып 
Мәдинаға  келеді.  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  Хайбарга  кеткенін  естігенде,  жолын 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 83
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жалғастырып  оған  қауышады.  Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Жағфарға:
«Жаратылыс  пен  ахлақ  жағынан  маған  қандай 
ұқсайсың!» - дейді.
Жағфар  (радиаллаһу  анһу)  бұл  ілтипатқа  толқып,  ша-
быттанып кетті. Бейкүнә бір бала сияқты қуанғанынан се-
кіріп ойнай бастады. Есінен танды.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Хазі-
реті Жағфардың маңдайынан иіскеп:
«Хайбардың  жеңісіне  ме,  әлде  Жағфардың  келгеніне 
қуансам ба екен?» - деді.
Жағфар 
(радиаллаһу 
анһу) 
Мутә 
соғысында 
Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
тағайындауы  бойынша  Зәйдтен  (радиаллаһу  анһу)  кейін 
екінші қолбасшысы болды. Зәйд шейіт болған соң байрақты 
қолына алды. Қылыш шауып түсіріп, екі қолынан айырыл-
ды. Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) байрағын 
жерге  түсірмеу  үшін  шолақ  қолымен  кеудесіне  орауға  ты-
рысты. Бұл көріністі Мәдинада отырып тамашалаған Аллаһ 
Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көзінен жас сорғалап 
баяндап,  Аллаһ  пен  Расулұллаһ  досының  жанын  пида  ет-
кендігін, шейіт болғандығын жеткізді:
«Аллаһ (жәллә жәләлуһу) Жағфардың шолақ қолдарына 
бедел,  оған  екі  қанат  берді  -  деді.  Осыдан  кейін  Хазіреті 
Жағфардың  балаларының  басынан  "екі  қанаттының 
ұлдары!» - деп сипады.
Жағфар  (радиаллаһу  анһу)  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу) 
пен  Расулұллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  махаб-
батына  мас  еді.  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  пен  Расулүллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан үлкен ілтипатқа 
бөленді.  Рухани  тереңдігі  артып,  сол  жолда  жанын  пида 
қылуға қол жеткізіп, Аллаһтың ризашылығына қауышты.
Хазіреті  Мәуләнәның  мына  жолдарында  бейне  бір  сол 
Хазіреті  Жағфармен  (радиаллаһу  анһу)  сол  сияқтылар 
баяндалғандай:

- 84
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Пайғамбарлар  мөн  әулиелердің  көзі  теңіздей  кең.  Сол 
кеңшілік  себепті  екі  дүние,  дүние  мен  ақирет  оларға  қыл 
сияқты көрінеді».
«Мыңдаған көк жүзі сол көздерге кірсе, теңіздің қасында 
бұлақтай болады».
«Ол  көз  осы  сезімдер  әлеміне  тән  барлық  нәрселерден 
өтсе  одан  әріғайып  әлемін  көреді,  сөйтіп  осы  қабілет 
арқылы барша көріністерге ие болады».
«Егер  осы  ұлық  әрі  қасиетті  көздерден  жас  тамса,  бір 
тамшысын Жәбірейл (аләйһиссәләм) іліп алар еді».
«Сол хош жаратылыстағы я жолдағы пайғамбар неме-
се әулиенің рұқсатымен іліп алған тамшысын қанатына 
жағар еді».
Шәйх Аттар (құддисә сирруһ) «Мақалат-Әруах» деген кі-
табында былай дейді:
Жүнәйд  Бағдади  (құддисә  сирруһ)  бір  күні  жолда  ке-
тіп  бара  жатып,  періштелердің  аспаннан  түсіп,  жерде  бір 
нәрселерге таласқанын көреді.
Олардың біреуінен:
«Неге таласып жатырсыңдар?» - деп сұрады. Періште:
«Бір Аллаһ досы осы жерден өтіп бара жатып, ынтамен 
бір күрсінді де, көзінен бірнеше тамшы жас төгілді. Осыны 
пайдаланып Аллаһ Тағаланың рахметі мен кешіріміне қол 
жеткізейік деп сол тамшыларға таласып жатырмыз».
Тәбүк  жорығы  кезінде  пақыр  сахабалардан  жеті  адам, 
Аллаһ  Расулына  (саллаплаһу  алейһи  уәсәлләм)  жүгініп, 
одан көлік сұрады:
«Мінетін түйе болмағандықтан» - деген жауапты естіген 
кезде жылай-жылай кейін қайтты. Аллаһ жолында төгілген 
осы көз жастардың Аллаһ тарапынан қабылданғандығы аят 
кәримәдә:
«Сендерге  көлік  таба  алмаймын»  дедің  және  өздері  де 
тырысып ештеңе таба алмай қайғырып, көз жастарын төгіп 
кейін қайтты,» - (Тәубе, 92) деп мадақталады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 85
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сонда  Хазіреті  ибн  Омар  (радиаллаһу  анһу),  Хазіреті 
Аббас (радиаллаһу анһу) және Хазіреті Осман (радиаллаһу 
анһу)  азық-түлік  пен  көлік  беріп  оларды  өздерімен  бірге 
жорыққа алып кетті:
Осылайша,  Аллаһ  Расулына  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) деген ғашықтықпен, онымен бірге жорыққа шыға 
алмаудың  қорқынышынан  болған  осы  жеті  адамның  көз 
жасы, періштелердің сүйсініп, таласқан нәрселері еді. Бұл 
жағдайдың керісіншесі қандай өкінішті болмақ!
Аят кәримә да:
ٌ�َ��ِز َو ٌ�ُ�َ� َو ٌ�ِ�َ� �َ�ْ����ا ُة�َ� َ�ْ�ا �َ���َا آ�ُ�َ�ْ�ِا
ِدَ�ْوَ�ْا َو ِلاَ�ْ�َ�ْا �ِ� ٌ�ُ��َ�َ� َو ْ�ُ�َ�ْ�َ� ٌ� ُ��َ�َ� َو
«Дүние өмірі - тек қана ойын, ермек, әшекей, араларыңда 
бір мақтан және көбірек мал-мүлік пен бала-шағалы болу 
құмарлығы  екендігін  біліңдер,»  -  (Хадид,  20)  делінге-
ні  сияқты,  дүние  қуған  адам,  шөлдегі  мұнарға  алданып, 
қиялдан жұбаныш іздеген адам сияқты.
Хадисте:
«Дүние - ақирет иесі үшін харам. Ақирет те - дүние иесі 
үшін харам!» - делінеді.
Хазіреті 
Фатима 
(радиаллаһу 
анһә), 
Хазіреті 
Пайғамбардан  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бір  көмекші 
сұрап:
«Хасан мен Құсайын тынышсыз, мен болсам өте әлсізбін» 
- деді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Қызым,  қаласаң  бірнеше  көмекші  берейін.  Бірақ,  екі 
дүниеде  де  бірдей  рахаттық  жоқ.  Осы  дүниеде  қиналсаң, 
ақиретте рахатқа қауышасың!» - деді.
Екінші бір риуаятта Хазіреті Фатима (радиаллаһу анһә) 
қол  диірменімен  ұн  үгітуден,  құдықтан  су  тартқаннан 

- 86
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қолдарының  жарылғандығын  айтып  Аллаһ  Расулына 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  көрсетіп  көмекші  сұраған 
еді. Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Суффа сахабалары осынша пақыр өмір сүріп жатқанда, 
Бәдір  шейіттерінің  жетімдері  аянышты  жағдайда 
жатқанда, сен кдлай осындай нәрсе сұрайсың?» - деді.
Қазіргі  кезде  біздің,  жүз  жылдықтың  ең  ауыр 
зұлымдығына  тап  болып  аш-жалаңаш,  панасыз,  отынсыз 
еңіреген бауырларымыздың алдында Ислам бауырластығы 
деген түсінігіміз, қайғысына ортақтастығымыз, нәпсімізден 
жырып беруіміз бен кісілігіміз қандай жағдайда?
Тамағымызды  қанша  күн  қанша  пақырмен  бөлістік? 
Қанша ғаріптің не науқастың ауруына дауа болдық? Қанша 
қайғылының қайғысын сейілттік? Қанша бишараға жылы 
жүзбен  жүбаныш,  қуаныш  сыйладық?  Қанша  адасушыға, 
сенім  мен  жан  дүниемізді  ашып  соның  дүрыс  жолға  келуі 
үшін  күрестік?  Осы  дүниенің  сахнасында  неге  жүрміз? 
Келуіміздің сыры мен кетуіміздің жағдайын неге ойламай-
мыз? Ертеңдер бізді қалай қабылдайды? Күн сайын бізге бе-
рілген жиырма төрт сағаттық уақыт нығметінің қаншадан 
қаншасын  жан  дүниемізге  арнаймыз?  Халіміз  бізді  ұждан 
жауапкершілігіне апара ала ма?
Уа,  Раббым!  Бізді  шынайы  ғашықгық  пен  махаббатқа 
толы  қас  құлдарыңнан  етіп,  барлығымызға  Хазіреті 
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) исар сезімі-
нен нәсіп алуға жеткіз!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 87
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
АЙНАДАҒЫ ЖАЛҒАН
«Ей дәруіш, айнадағы соңғы көрініске қара!
Сұлудың қартайған кездегі түрі мен 
ғимараттың құрайтындығын ойла да 
айнадағы өтірікке алданба!»
Хазіреті Мәуләнә
Дүние  бір  сынақ  әрі  бәлекеттердің  мекені.  Басында 
иісі  жағымды  да  дәмді  болып  келеді.  Нәпсіні  жанданды-
рып,  жаңартып  отырады.  Бірақ,  ол  тұзақ,  нәпсі  кедергісі-
нен  құтыла  алмағандар  үшін  тұңғиық  толқын.  Су  сияқты 
болып  көрінетін  алдамшы  бір  мұнар  немесе  балалардың 
жақсы  көретін  тәтті  шекері  сияқты,  сырты  түрлі-түсті 
түрге боялған, іші болса қираған үйінді және қышқыл. Өзін 
сүйген адамды арбап өзіне жем қылады. Сыртына алданған 
адамдар,  мәңгілік  әлемде  зиянға  ұшырайды.  Нәтижесі, 
мәңгілік өкініш.
Адам  болса  үлкен  әлемнің  кішкене  ғана  үлгісі.  Оның 
осы  қарапайым  сияқты  көрінген  болмысына  «Аллаһтың 
халифасы»  болу  абыройы  берілген.  Алайда  адам,  рухани 
қоректерді  алған  жағдайда  жаратылыстың  ең  абыройлы-
сы  болмақ.  Ал  керісінше  нәпсілік  болмысына  құл  болса, 
ең  ауыр  зиян  болып  саналатын  мәңгілік  бақытсыздыққа 
ұшырайды. Мәуләнә (құдцисә сирруһ) бұл жайды:
«Мырза  -  нәпсісіне  әмір  жүргізген,  құл  -  нәпсісіне  құл 
болған адам» - деп жақсы айтқан.
Адамда иман түсінігі қалыптаспай оның шынайы өмір жо-
лына әзірленіп адамдық қасиетін сақтап өмір сүруі мүмкін 
емес. Ғапылдықпен басқан жер бетінде жасаған күнәларды, 

- 88
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қияметте  тамашаларымыз  хақ.  Махшар  таңы  болып  ата-
тын өлім түні - әрбір адамның болашақтағы ақыры. Тәнмен 
байланысты барлық нәрсе түбінде бір шіритіндігі дүние сах-
насында  ғибрат  ретінде  көрсетіледі.  Артта  қалған  күндер, 
ақирет есебіне жазылады.
«Дүниеге  келу  мен  дүниеден  өту»  сияқты  екі  үлы 
беймәлімнің  арасына  қысылған  ақыл,  дүниеге  байланы-
сы  шынайы  құндылықтың  үкіміне  жетіп  іс-әрекеттерін 
осыған  қарай  реттемейінше,  жалған  көлеңкелер  әлемінен 
ақиқаттар әлеміне қарай рухани сапарға шыға алмайды.
Табысқа  жеткізетін  шара  мен  амал  істейтін  уақыт  пен 
орын осы дүниеде. Осы шектеулі уақытты ең абзал амалдарға 
жұмсаудың  қасиеттілігі  айдан  анық.  Уақыт  ылғал  сабын 
сияқты.  Оны  қолда  ұстап  түру  қиын,  үнемі  жылпылдап, 
тұрған  орнын  да  тайғанақ  қылады.  Уақыт  -  өткір  қылыш 
сияқты.  Оған  ие  болу  шеберлікті  талап  етеді.  Оны  жақсы 
қолданып, ізгілікті таңдап маңыздысын алдымен орындап, 
маңызсызын  кейінге  тастау  керек.  Бұл  ақиқатқа  жеткен 
әрбір ақылдың қажеттілігі әрі шарты.
Сондай-ақ,  Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«Ертең істеймін дегендер жойылды!» - деп бұйырады.
Бір қызығы, адам бір екі күн қонақ болған осы дүниеде 
өзін  алдайды.  Күн  сайын  жаназалардың  кешкенін  көре 
түра, өмірді өзіне үзақ санайды. Өзін әр сәт қолынан шығып 
кетуі  ықтимал  фәни  аманаттарға  иемін  деп  ойлайды.  Ал, 
адам болса рухына тән кигізіліп бір есіктен дүниеге жіберіл-
се, енді ол өлім сапарына шыққан деген сөз. Ол осы жолға 
әзірлену орнына кіреді, бірақ мұны ешқашан есіне апмай-
ды. Бір күні рух тәннен шығарылып, ақирет есігі болып са-
налатын қабірден екінші бір үлкен сапарға шығарып салы-
нады. Аллаһ Тағала былай дейді:

ن�ُ�ِ�ْ�َ� َ�َ�َأ ِ�ْ� َ�ْ�ا �ِ� ُ� ْ�ِّ�َ�ُ� ُهْ�ِّ�َ�ُ� ْ�َ� َو

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 89
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Кімге ұзақ өмір берсек, біз оның жетілуін (өсуін) кері-
сіне айналдырамыз. (Бұл көріністі) Ешқашан ойламай ма? 
(Бұл ғибратты сапарды түсінбей ме?)» (Йәсин, 68)
Аят  кәримә  адамға  ең  тамаша  түрде  насихат  жасауда. 
Дүниенің  ең  ерекше  сипаты  -  опасыздық.  Бергенін  дереу 
қайтарып  алады.  Бір  күні  көтерсе,  екінші  күні  құдықтың 
түбіне  түсіреді.  Көлеңке  сияқты.  Оны  ұстамақ  болсаң, 
қашып,  ұстатпайды.  Сен  қашсаң,  артыңнан  қалмайды. 
Соңынан жүгірген нәрселерге қол жеткізу үшін бүгін-ертең 
деп жүрген-де өмір бітеді. Дүниеге көңіл бөлсең, ол асау ат 
сияқты, кейде адамды жерге жығады. Іс-әрекеттері опасыз. 
Өзіне байланғандарды тез арада сатып кетеді.
«Нәпсі» кедергісінен құтылғандар үшін уақыт - ешнәрсе 
тең келмейтін бір нығмет. Хақ Тағала Аср сүресін «уақытпен 
ант» деп бастайды. Барлық нәрсені сатып алуға болады не-
месе кейін қайтып алуға азды-көпті мүмкіндік бар. Уақыт 
болса, ешқашан!
Ең  үлкен  өкініштердің  бірі  -  уақыттың  босқа  өтуі. 
Өлімді  фәни  дүниенің  ләззаттарымен  сапарды  білген  адам 
мейманханадағы  ойыншықтарға  алданбайды!  Өйткені 
материалдық дүние-мүлік тұрақты түрде дүние мейманха-
насына тән. Барлық фәни нығыметтер бір адамның басына 
жиналса және ол бақыттылықпен мың жыл өмір сүргеннен 
не пайда! Бәрібір кірер жері осы қара жердің асты, осы қара 
жердің бір шұңқыры емес пе?!
Өлімсіз өмір немесе қартаймайтын жастық қаласаң, оған 
тек нәпсі кедергісінен құтылып, жалған әрі фәни заттарға 
құл  болудан  құтылып,  Хақ  Тағалаға  бас  ию  арқылы  қол 
жеткізуге болады!
Бір  ариф  хикмет  пен  ғибраттың  көрмесі  бұл  әлемді 
ақылды адамдар үшін кереметтерді тамашалау, ақымақтар 
үшін жеп-ішу мен рахаттану деп танымдаған.
Нәпсіқұмарлықпен өмір сүру адамды жойылуға алып ба-
ратын қулық пен азғырындыларға толы болады.

- 90
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  адамның  жастық, 
сергектік және тың кездері мен оның соңындағы күтілмеген 
сыйлықтар  жиынтығын  және  уақытша  ермектерін  мына 
мысалдар арқылы түсіндіреді:
«Ей,  көктем  сұлулығына  таң  қалған  адам!  Бір  сәт 
күздің сарғайған халі мен суығына қара!»
«Таң шапағы туғанда әсем күннің туғанын көрген кез-
де, батқан уақы-ты оның өлімі болып саналатын батуын-
да есіңө ал!»
«Мына  тамаша  айлы  түнде  толған  айдың  әсемдігін 
көресің. Енді бір сәт оның ең соңында тап болған әлсіздігі 
мен толған кезіне дейінгі сағынышын ойла!»
«Адамның  басынан  да  осы  оқиға  өтеді.  Кемелдігі  мен 
сұлулығы бір күні батады».
«Сүйкімді  бала  бір  қарасаң  сүйкімділігімен  халыққа 
сүйікті болады. Бір аз уақыттан кейін, алжыған қартқа 
айналып халыққа масқара болады!»
«Егер күміс тәнді сұлулар сені баурап алса, қартайғаннан 
кейін мақта егілген жерге ұқсаған тәнге қара!»
«Ей, майлы-тәтті тамақтар мен тамаша тамақтарды 
көріп  тамсанған  адам!  Тұрып  әжетханаға  барып,  оның 
ақырғы халін сол жерде көр!»
«Нәпсіңе  айт:  Сенің  сол  әсемдігің,  табақтағы  дәмің 
және тамаша иісің қайда?»
«Ол саған: Әлгі айтқан нәрселерің гүл еді. Мен құрылған 
тұзақ  едім.  Сен  келіп  түзаққа  түскен  кезде,  гүл  қураған 
шөпке айналады».
«Ұсталарды  сонша  таңқалдырған  шебер  қолдар,  кейін 
дірілдеп қалады».
«Сондай-ақ наргиздей әдемі көздің соңында солып, суына 
бастағанын көресің!»
«Сол  сияқты  арыстандардың  сапындағы  арыстан 
сияқты ер жігітте бір күні тышқан сияқты әлсіз біреуден 
жеңіледі».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 91
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сол  сияқты  өнерлі  өнерпаздың  соңында  әлсіреп, 
бишаралық  жағдайға  жетіп,  түкке  жарамайтын  халге 
түскенін көресің!»
«Сол сияқгы естен тандыратын хош иісті шиырылған 
сакдл  қартайған  кезде  есектің  қүйрығы  сияқты  болып 
қалады».
«Осылардың  барлығының  алғашындағы  әсемдіктеріне 
қара! Содан кейін олардың қалай бүзылып қаңцай жағдайға 
ұшырағандығына қара!»
«Өйткені Бұл әлем сен сияқтыларға тұзағын құрып, сол 
арқылы қаншама кемелденбеген рухтарды алдап өкінішке 
қалдырған».
«Осылайша әлемнің әрбір бөлшегінің алғашқы халі мен 
соңғы халін көз алдыңа елестет!»
«Кімде-кім нәпсіге құл болудан және көлеңкелерге алдану-
дан қүтылған болса, Аллаһқа соншалықты жақын болады».
«Сұлулығымен  мақтанған,  айдай  жарқыраған  әрбір 
сүлудың түріне қара! Бірақ алғашқы халін көргеннен кей-
ін,  ақырына  да  назар  сал,  сонда  шайтан  сияқты  жалғыз 
көзді  болу  яғни  бір  нәрсенің  дүниелік  жағын  ғана  көру 
ақымақтығына тап болмайсың».
«Шайтан  адамның  болашағын  көреді,  бірақ  улылығын 
көре  алмайды.  Осы  дүниеге  тән  болған  болашақты  та-
машалады.  Бірақ,  о  дүниеге  тән  рухани  жағын  көрмеді. 
Шайтанның  біле  алмағаны,  адамның  Хақ  Тағаланың  ха-
лифасы болғандығы еді».
«Ей, адам, дүниеден бір-біріне қайшы екі дауыс шығады. 
Сенің жүрегіңнің қайсын алуға қабілеті бар екен?»
«Ол дауыстың біреуі Аллаһқа жақындағандардың халі, 
екіншісі болса алданғандардың халі!»
«Бұл  дауыстардың  біреуін  қабылдасаң,  екіншісін  есті-
мейтін де боласың!»
«Өйткені, сүйген адам, сүйгенінен басқаны көрмейді де, 
естімейді де».

- 92
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет