Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

МЕЙІРІМНІҢ  БЕРЕКЕТІ
«Егер біз бен ризашылығымызды қаласаң
Мұның бір көңілді табуға байланысты екен-
дігін ұмытпа!»
Хазіреті Мәуләнә
Иманның  алғашқы  жемісі  -  мейірім.  Одан  алыс  көңіл 
жанды  (тірі)  болып  саналмайды.  Әрбір  ізгі  істің  басы 
болған  бисгииллаһ  пен  «Фатиха»  Аллаһтың  Рахман  мен 
Рахим (мейірім) есімдерімен басталады. Пайғамбарлар мен 
әулиелердің өмір тарихы да мейірім дастанына толы.
Аллаһтың  ахлағын  бойына  сіңірудің  ең  табиғи 
нәтижелерінің  бірі  -мейірімге  толы  терең  көңіл  иесі  болу. 
Ғибадаттардың,  әсіресе  қажылықтың  ақиқатына  осындай 
көңіл арқылы қауышуға болатындығын Мәуләнә (құддисә 
сирруһ) темендегі хикаясы арқылы баяндайды:
«Үлкен пір Бәязиди Бистами қажылық пен умраны орын-
дау үшін Меккеге қарай жылдам кетіп бара жатады».
«Әрбір барған жерінде сол жердің улықтарын іздестіріп;
Бұл жерде көреген (парасатты) адам бар ма?» - деп ал-
дынан шыққан адамнан сұрайтын».
«Өйткені қай жерге барса да, ең алдымен Хақ достарын 
табу шарт деп сенетін еді».
Өйткені Хақ Тағала

ن�ُ�َ�ْ�َ� َ� ْ�ُ�ْ�ُ� ْنِا ِ�ْ�ِّ��ا َ�ْ�َا آُ��َ� ْ��َ�
«Егер білмесеңдер, зікір иесінен сұраңдар!» - (Нахл,43; 
Әнбия, 7) деп бұйырады».
«Мұса (аләйһиссәләм) да ішкі ілім иесі Қызырды зиярат 
етуге әмір алған еді».

- 106 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Бәязид,  айдай  аппақ,  ұзын  бойлы  бір  пір  көрді.  Оның 
бойында әулиелердің руханияты бар еді».
«Көздері дүниені көрмейтін соқыр, ал жүрегі күн сияқты 
еді».
«Бәязид, сол пірдің алдына отырды. Пір одан:
«Ей,  Бәязид,  қайда  барасың?  Жырақтық  заттарын 
қайда алып барасың?» - деп сұрады.
«Бәязид те:
«Қажылыққа  бару  ниетім  бар,  екі  жүз  дирхам  ақшам 
бар» - дейді».
Пір Бәязидке былай деді:
«Ей,  Бәязид!  Сол  дүниеңнің  біразын  Аллаһ  жолына 
мұктаждарға,  қаріптерге,  бишараларға  тарат!  Олардың 
көңілдерін қуантсаң, рухыңның көкжиегі ашылады! Алды-
мен көңіліңе кджылық жасат! Содан кейін нәзік көңілмен 
сол нәзік қажылык, сапарын жалғастыр!»
Өйткені Қағба - Аллаһтың ізгілік үйі, яғни зиярат етуі па-
рыз болған, сауапты қажет ететін бір үй. Бірақ, адам жүрегі 
- бір сыр қазынасы».
«Қағба  Азерулы  Ибраһимнің  ғимараты  көңіл  -  ұлы 
Аллаһтың назар салатын орны».
«Егер  сенде  көрегендік  болса,  көңіл  Қағбасын  тауаф 
кыл! Топырақтан жасалған деп ойлаған Кдғбаның негізгі 
мағынасы - ол көңіл».
«Аллаһ  Тағала  көрінетін,  білінетін  Қағбаны  тауаф 
қылуды кірлерден тазарған, арылған көңіл Қағбасына крл 
жеткізу үшін саған парыз еткен».
«Сен  Аллаһтың  назар  орны  болған  көңілді  ренжітіп, 
қалдырсаң, Қағбаға жаяу барсаң да тапқан сауабың, көңілді 
қалдырудың күнәсына тең келмейтіндігін жақсы біл».
«Сен бар-жоғыңды, мал-мулкіңді беріп бір көңіл тұрғыз! 
Сол  тұрғызған  көңілің  қабірдегі  сол  қараңғы  түнде  саған 
жарық болады!»

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 107 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһтың құзырына алтынға толы мыңдаған сандық 
алып барсаң да Аллаһ Тағала:
«Бізге бір нәрсе алып келгің келсе - разы болған бір көңіл 
әкел. Өйткені алтын, күмістің біз үшін мәні жоқ. Егер бізді 
және ризашылығымызды қаласаң, мұның бір көңілді табуға 
байланысты екендігін ұмытпа!» - дейді.
«Хақ  нұрының  адамдағы  көрінісін  көргің  келсе,  жүрек 
көзің әбден ашық болсын!»
Бәязид пірдің айтқандарын ұқты. Көңілі сұхбат арқылы 
мейірімділіктің  сырларынан  сабақ  алды.  Шаттықпен,  ша-
бытпен қажылық сапарын жалғастырды.
Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  осы  хикаядан  кейін  былай 
дейді:
«Сапарға шығатын кезде иләһи бір қазына болып сана-
латын кәміл адам боламын деген ниетпен шықсаң, сонда 
көңіліңнің көкжиегі кеңейеді!»
«Кім егін ексе, мақсаты бидай алу болар. Сабан онсызда 
бидаймен келеді».
«Сабан  ексең,  бидай  келмейді.  Олай  болса  сен  де  кәміл 
адам, парасатты жол сілтеуші ізде, соның артынан ер!»
«Қажылық уақыты болғанда Қағбаны зиярат және тау-
аф ету мақсатымен бар! Осы мақсатпен барсаң, Меккенің 
ақиқатын көресің!»
Хикаяда Хазіреті Мәуләнәның қажылықты мысалға алуы, 
қажылықтың  өте  нәзік  ғибадат  болғандығынан.  Өйткені, 
қажылықта заңды деп саналатын көптеген нәрселерге тиым 
сапынады.  Махшардың  көрінісін  байқатады.  Қасиетті  аят 
кәримәда адамның «рәфастан», яғни бос істерден қорғануы 
ескертіледі. Сондықтан қажылық сапарға рухани әзірлікпен 
шығу керек.
Намаз бен оразаның нәпілі сияқты қажылықтың да нәпілі 
болады. Нәпіл қажылық ғибадаты жайлы надандықпен сын 
айту Аллаһ сақтасын бір шеті күпірлікке баратын бос сөздер. 
Бұлар  надандықтың  мыңқылдаулары  болып,  ғибадаттың 
ләззатынан мақрұм болудың басты белгісі.

- 108 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбар  дәуірінен  бері  нәпіл  ғибадаттар  иман  шабы-
тымен  жалғасып  келеді.  Ынта  және  шабытпен  жасалған 
нәпіл  құлшылықтар  құлдың  Аллаһқа  жақындауына  се-
беп  болады.  Рухты  тереңдетеді.  Мейірім  мен  жомарттық 
қасиеттері  жетіледі.  Хақ  Тағаланың  көретін  көзі,  еститін 
құлағы болды. Яғни олардың қарағаны, естігені, ойлағаны 
және сөздерінің барлығы иләһи нұрдың көріністері болады.
Бұл  мәртебеге  жету  нәпіл  ғибадаттарға  деген  махаббат 
пен  жаратылғандарға  деген  мейірім  арқылы  болады.  Бұл 
турасында мысалға Имам Ағзамның 55 рет қажылық жаса-
ганын айту жеткілікті.
«Тәзкирәтүл  Әулие»  кітабында  жазылған  адамның 
Хақалдындағы құнын білдіретін бір қисса:
Табиун  ғалымы,  парасатты  хадисші  әрі  сопы  Абдұллаһ 
бин  Мүбәрәк,  қажылықты  орындағаннан  соң  Меккеде  Ха-
рам Шәрифте яқаза 
(рухани ояу болу)
 халінде ояу отырғанда 
аспаннан екі періште келіп, біреуі екіншісіне:
«Биыл  600  мың  адам  қажылық  жасады.  Бәрінің 
қажылығы  Шамдағы  Әлибин  Муаффақ  деген  біраяқ 
киімжөндеушісініңжасаған амалының құрметі үшін қабыл 
болды.  Бұл  адам  қажылыққа  баруға  ниет  етті,  бірақ  бара 
алмады. Оның осы жасаған амалының құрметіне осыншама 
қажылардың қажылығы қабыл болды,» - дейді.
Абдұллаһ бин Мүбәрәк бұл яқаза халден оянған соң таң-
тамаша  болды.  Шамның  керуенімен  Шамға  барды.  Сол 
адамды тауып алып, одан:
«Сен қажылыққа бармасаң да қандай амал жасадың?» - 
деп сұрады.
Әли бин Муаффақ Абдұллаһ бин Мүбәрәк сияқты мәшһүр 
адамды  көргенде  қатты  таңданды.  Қатты  толқып,  есінен 
танды. Есін жинаған соң, былай деді:
«Отыз  жылдан  бері  қажылыққа  баруды  қалап  келемін. 
Ескі  киімдерден  300  дирхам  ақша  жинадым.  Қажылыққа 
баруды ниет еттім. Жүкті әйелім:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 109 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Көршіден еттің иісі шығып жатыр, маған бір жапырақ 
ет сұрайсың ба?» - деді.
Көршіме барып, жағдайды түсіндірдім. Көршім жылап:
«Жеті күннен бері балаларым аш. Жолда өлген жануар та-
уып алдым. Содан аздап кесіп алдым. Қазір соны қайнатып, 
оларды алдандырып жатырмын. Адал тамақ таба алмайтын 
болсам, мәжбүр соны жегізем. Қаласаң, берейін, бірақ осы 
қайнап жатқан ет бұларға өлімге жақындағандықтан адал, 
ал сізге харам,» - деді
 
Әли бин Муаффақ сөзін жалғап:
«Мұны естігенде ішімнен бір нәрсе үзіліп кеткендей бол-
ды. Қиналып жүріп, жинаған әлгі 300 дирхамды соған бер-
дім де:
«Уа, Раббым, қажылық ниетімді қабыл ал!» - деп Раббы-
ма мінәжат еттім," деді. Сонда Абдұллаһ бин Мүбәрәк:
«Раббым  маған  түсімде  шындықты  аян  еткен  екен!»  - 
деді.
Бұл оқиға Рахман әрі Рахим Раббымыздың бізге көрсеткен 
мархабатының  берекеті.  Түстегі  оқиғамен  қажылықтан 
мысал  келтірілуі,  ғибадатта  да  мейірімнің  қаншалықты 
маңызды халге ие болғандығын білдіреді.
Басқаша  айтқанда,  қажылық  тән  қапасынан  шығып, 
рухи тереңдікке жетуге құлшынып, нәпсінің шабуылдары-
нан құтылуға тырысу болып табылады. Жаны жаралы Юнус 
кейбір шумақтарында бұл ақиқатты былай жеткізеді:
Ақ сақалды пір ұстаз,
Өз халі қандай, білмейді.
Әуре болмасын қажылыққа,
Бір көңіл қалдырар болса.
Көңіл Құдайдың тағы,
Құдай көңілді бақты.
Екі дүниенің бақытсызы
Кім көңіл қалдырған болса.

- 110 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тек қана сыртқы керініспен рухи тереңдікке қол жеткізу 
мүмкін еместігіне байланысты Бәязиди Бистамидің мәшһүр 
қиссасы бар:
Мүридтерінің біреуі:
«Ішігіңізден  бір  қиқым  беріңіз  мен  оны  тәбәрік  ретінде 
тастамай алып жүрейін!» - дейді.
Бәязид оған жауап ретінде:
«Ұлым,  сен  өзің  адам  болмаған  соң  Бәязидтің  ішігін 
емес,  сойып  терісін  жамылсаң  да  оның  саған  еш  пайдасы 
жоқ!» - дейді.
Бәязиди Бистами (құддисә сирруһ) сапарда бір ағаштың 
астына біраз отырып демалып, ары қарай жол тартады.
Жолда қоржынының үстінде демалған жерінен бірнеше 
құмырсқаның  жүргенін  көрді.  Оларды  елдерінен  айырып, 
жырақ өмір сүргізбеу үшін кейін қайтады. Демалған орны-
на келіп, құмырсқаларды еркіне жібереді.
Жүнәйд Бағдади (құддисә сирруһ) намазына бармақшы 
болғанда  шапанының  үстінде  мысық  ұйықтап  жатқанын 
көреді.  Оны  мазаламау  үшін  сол  күні  намазға  шапансыз 
барайын  десе,  ыңғайсыз  санайды.  Мысықты  оятпай  сол 
жатқан жерін кесіп, кесілген шапанын киіп мешітке бара-
ды. Мысық ұйықтап жата береді.
Бұл халдер - жаратушысы үшін жаратылғандарға деген 
теңдессіз мейірім мен мархабаттың көріністері.
Раббыға  жақын  мүминнің  көңіл  көкжиегінің  тереңдігі. 
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Мысығының  аш  қалғанына  мән  бермей  өлуіне  себеп 
болған әйел жәһәннамға кетті. ИІөлден қыңсылаған итке 
етігімен су берген күнәһар әйел кешірілді».
Тағы бір хадис шәрифте:
«Сендер 
жердегілерге 
мейірімділік 
жасасаңдар, 
көктегілер де сендерге мейірімділік жасайды!» - делінеді.
Бәязиди Бистами (құддисә сирруһ) былай дейді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 111 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қазіргі  кезде  де  мыңдаған  әулие  бар.  Бірақ,  ғасырдың 
құтұптық 
(ең  үлкен  әулиелік  дәрежесі)
  міндеті  Әбу  Хафс 
деген  ұстаға  берілген  еді.  Осының  хикметін  білу  үшін 
ұстаханасына бардым. Оның қатты қайғырғандығын көріп, 
себебін сұрадым. Қайғыра отырып былай деп жауап берді.
«Менің  қайғымнан  үлкен  қайғысы  бар,  менен  қайғылы 
адам  бар  ма  екен?  Менің  қайғым:  қиямет  күні  осыншама 
Аллаһ құлдарының халі не болар екен?» - деген ой.
Сосын жылап, мені де жылатты. Мәнісін білмек болып:
«Халықтың азапталуынан осыншама неге қайғырасың?"- 
деп сұрадым.
Әбу Хафс Хазіреті жауап ретінде:
«Менің  жаратылысым  мархабатпен  және  мейіріммен 
біте  қайнасқан.  Егер  жәһәннамдықтардың  барлық  азабы 
маған жүктеліп олар кешірілетін болса, мен бұған риза бо-
лып, қайғыдан айырылар едім» - дейді.
Сонда барып Әбу Хафс Хазіретінің «нәпсім, нәпсім» де-
ушілерден емес, пайғамбар ізін басып, "үмметім, үмметім" 
деушілерден  екендігін  түсіндім.  Оның  қасында  біраз 
уақыт болдым. Осы кезде оған Құранның кейбір сүрелерін 
үйреттім.  Бірақ,  қырық  жылдан  бері  үйреніп,  түсіне 
алмаған дәрежеге сол арқылы жеткендіктен, нағыз тәлімді 
ол  маған  жасаған  еді.  Ішім  Раббымның  рухани  нұрына 
толды.  Және  кұтұптықтың  өзгеше  сыр  екендігін  түсіндім. 
Парасаттылық,  тек  қана  ілім  мен  көп  ғибадат  арқылы 
емес,  соларды  парасаттылыққа  айналдыру  және  Аллаһ 
Тағаланың сыйы мен ризашылығына байланысты. Осы сый 
мен  ризашылықтың  Әбу  Хафс  Хазіретіне  нәсіп  болуында 
оның  терең  мейірімі  мен  мархабатының  табиғи  қасиетіне 
айналғандығының  берекеті  де  бар  екендігін  ұмытпаған 
жөн.
Осы  мархабат  пен  мейірімнің  Пайғамбардан  кейін  ең 
үлкен  үлгісін  көрсеткен  Әбу  Бәкір  (радиаллаһу  анһу). 
Оның  Әбу  Хафс  Хазіретіне  де  үлгі  болған  кең  мейірім  мен 
мархабаттың кемелдігін білдіретін дұғасы мынадай:

- 112 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Уа, Раббым! Менің тәнімді жәһәннамда басқа құлдарға 
орын қалмайтындай етіп ұлғайт!»
Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  (радиаллаһу  анһу)  осы  марха-
бат  сипатының  көптеген  мысалдары  бар.  Осылардың  бірі 
Меккенің алдыңғы қатардағы адамдарының бірі Умәйя бин 
Халефтің  құлы  Биләл  Хабаши  Хазіретін  үлкен  құнтөлеп 
сатып  алып,  азатеткендігі.  Ол  осы  ісі  арқылы  Пайғамбар 
ілтипатына бөленіп, мейірім мен жомарттықта аты аңызға 
айналған. Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) бұл оқиғаны 
былай баяндайды:
«Мұхаммед  Мұстафа  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Миғраждан келеді. Жәннәтта Биләлдің аяғының дауысын 
естігенін айтып: "Биләл қандай бақытты!» - деді».
«Мұны  естіген  Хазіреті  Әбу  Бәкір  Сыддық  Хазіреті 
Пайғамбардың алдына барып, адал Биләлдің халін баянда-
ды».
«Ол: ғаламшарларды өлшеген мүбәрәк жаратылыс, саған 
ғашық  болып,  саған  деген  махаббаттан  күйіп-жануда,  Сол 
себепті  залым  адамдар  әлгі  періштедей  адамға  зұлымдық 
жасауда. Кінәсіз болса да қанаттарын жұлып жатыр. Сондай 
үлкен  қазынаны  зұлымдық  пен  азғындықтың  топырағына 
көмбек болып жатыр».
«Ыстық  күн  астында  қызған  құмға  жатқызып, 
жалаңаш денесін тікенді бұтақтармен ұрып жатыр».
«Бірақ  ол  денесінен  бұлақтай  қан  ақса  да:  «Аллаһ  біреу, 
Аллаһ біреу" деп, Хақ Тағалаға сәжде етуден бас тартпайды».
«Хазіреті Әбу Бәкір мархабат және мейіріммен тәнінің 
әрбір  зәррәсі  қайғы-қасіретке  толы  тіл  болып,  Биләлдің 
жағдайын Хазіреті Пайғамбарға қайғыра ұзақ баяндады».
«Ақыры көңіліндегі ниетті жеткізіп: «Уа, Расулаллаһ! 
Оны  сатып  алмақшымын.  Барлық  байлығымды  беру-
ге  әзірмін.  Аллаһ  Тағалаға  бет  бұрып,  Оған  және  Расу-
лына  мойынсұнып,  сол  себепті  Аллаһ  дұшпандарының 
тырнағына ілінген, азапқа тап болған мүбәрәк адамды сол 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 113 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жағдайдан құтқармайынша, осы дүниеде жаным жай тап-
пайды,» -деді».
«Хазіреті  Мұстафа  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
бұған қатты риза болып: «Ей, Аллаһтың және Расулының 
мейірімді досы! Бұл саудада менде саған ортақпын» - деді».
«Хазіреті Әбу Бәкір дереу Биләлдің қожайынының үйіне 
барды. Биләлға жасаған азаптан есі шыққандай қалыпта 
еді.  Хазіреті  Биләлдің  мейірімнен  жұрдай  қожайынына 
ауыр сөздер айтты».
«Ей,  арам!  Ей,  ашудан  көзі  қызарған,  мейірімсіз!  Бұл 
Аллаһ  досына  қалай  таяқ  ұрасың?  Ей,  ынсапсыз!  Бұл  не 
қылған қастандық?»
«Ей,  мейірімнен  жұрдай  адам!  Өзіңді  адаммын  деп 
ойлайсың  ба?  Ей  адамшылықтан  безген,  жиіркенішті 
адам! Сен адам бейнесіндесің, бірақ, адамзатқа жағылған 
күйесің!»
«Осы  сөздерден  кейін  Әбу  Бәкір  (радиаллаһу  анһу)  сол 
адамның аш көзін дүние-мүлікпен толтырды. Бұл жағдайға 
Биләлдің қожайыны қатты таңданып, Әбу Бәкірдің халі-
не таң-тамаша болды».
«Оның Бұл таң-тамаша болғанын сезген Әбу Бәкір Хазі-
реті, әлгі нәсіпсіз адамға былай деді: Ей, ақымақ! Сен бала 
сияқты бір жаңғақ үшін маған баға жетпес інжу-маржан-
ды  бердің,  бірақ  бұдан  бейхабарсың!  Биләлдің  екі  дүниеге 
татитындығын  білмейсің.  Мен  оның  рухына  қараймын, 
сен болсаң оның түріне қарайсың».
«Егер  сен  тағы  біраз  саудалассаң  оны  алу  үшін 
одан  артығын  берер  едім.  Әлде  де  біраз  саудалассақ, 
қолымдағының бәрін берер едім, тіпті қарызға батар едім. 
Сонда да бұл саудада мен пайдаға батар едім. Ей, нәсіпсіз 
адам! Гауһар тастың бағасын тек қана зергер білетіндігін 
жақсы білгейсің».
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) осы қиссасында мар-
хабат  пен  мейірімінің  кәміл  көрінісін  көрсетумен  қатар, 

- 114 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
кәміл  адамға  баға  жетпейтіндігін,  яғни  дүниеуи  бағаның, 
адамның  рухани  болмысының  жанында  құнсыздығын 
қандай тамаша баяндайды.
Басында  православ  дінінде  болған  ұстазым  Яман  Дәдә 
Хазіреті  Мәуләнәның  Мәснәуи  кітабының  берекетімен 
һидайәтқа  келген,  жаны  күйген  Пайғамбар  ғашығы  еді. 
Бейне  бір  пайғамбар  мен  сахабаларының  ахлағын  бойына 
сіңіргендей еді. Мына бір оқиға, осы халін көрсетуге жеткі-
лікті болар:
Бір күні дәрісте бір шәкірті:
«Ұстазым, ауыр күнә жасағанды ма, әлде алапес ауыруы-
на ұшырағанды ма, қайсысын қалар едіңіз?» - деп сұрайды.
Сонда Яман Дәдә:
«Аллаһтың құлдарының жан дүниесінен бір сәттік алыс 
қалып,  бейхабар  болғанша  тірідей  өртеніп  күл  болғанды 
қалар едім!» - дейді.
Міне  Исламдағы  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  бағыттаған  мархабат  пен  махаббат  көкжиегінің 
шексіздігі!
Уа,  Рабб!  Мейірім  жүрегіміздің  бітпес  қазынасы  бол-
сын!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 115 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
АДАМ БОЛ, АДАМ!
«Қабірстанга барып, сол жерде аз уақыт 
үнсіз отыр! Сол жердегі үнсіз сөйлегендерге 
құлақ сал!»
Хазіреті Мәуләнә.
Бір  адам  бір  үлкен  қалаға  келеді.  Көше  аралап  жүріп, 
жұпар  сататын  әтіршілердің  көшесіне  тап  болады. 
Дүкендерден  гүл,  жауқазын  иістері  жан-жаққа  таралып 
жатты. Адам бірнеше қадам басты. Хош иістен басы айнал-
ды. Артық шыдай алмай, есінен танып, құлап қалды.
Халық есінен танған адамның басына жиналды. Кейбіре-
уі  жүрегін  тыңдап,  білектерін  уқалап,  кейбірі  гүл  суымен 
бетін жуып жатты. Не істесе де, адамның есін жиғыза алма-
ды. Хош иістер, гүлдің сулары босқа төгіліп, адам бір түрлі 
есін жия алмады. Одан бетер есінен айырылды. Шаралары 
таусылды.  Жан-жаққа  хабарлап,  туыс-туғанын  іздестірді. 
Адамға  ешбір  ие  табылмай,  қанша  сағат  өтсе  де  адам  есін 
жинай алмады. Кешке қарай сол жерден өтіп бара жатқан 
бір тері илеуші адам оны таниды да көпшілікке:
«Оған  гүл  суын  сеппеңдер!  Мен  оның  қандай  аурумен 
ауырғандығын  білемін.  Сендер  оған  тиіспеңдер,  мен  біраз-
дан соң келемін» - деп, кетіп қалды.
Бір  күркеге  кіріп,  біраз  тері  иін  уыстап  алады. 
Әтіршілердің  көшесіне  келіп,  жасырын  тері  иінін  есінен 
танған адамның мұрнына ұстайды. Ғажап! Ол адам есін жи-
най бастайды. Біраздан соң орнынан тұрып, тері илеушімен 
бірге кетіп қалды.
Өйткені,  есінен  танған  адам  да  тері  илеуші  еді.  Жыл-
дар  бойы  сасыған  терілердің  арасында  жағымсыз  иіске 

- 116 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
үйренгендіктен,  әтіршілер  көшесіндегі  тамаша  иістерге 
шыдай алмай, сондықтан есінен танып қалған еді.
МӘСНӘУИ:
«Дүние қоңызы үнемі нәжістерді арқалайды. Сондықтан 
да  гүл  суынан  есінен  танады.  Оның  дәрісі  де  нәжіс  иісті 
нәрселер. Өйткені соған үйренген, сонымен біте қайнасқан. 
Насихат  етушілер  де  қараңғы  адамды  оған  есік  ашып, 
жақсы  қарап,  шипа  табуы  үшін  хикметке  толы  жылы 
сөздермен, жұпар иісімен, гүл суымен емдегісі келеді.
Егер  біреуге  насихаттың  хош  иісінен  пайда  болмаса, 
әрине ол жағымсыз иістерге үйренген деген сөз.
Сенде  нұрдан,  үгіттен,  ізгілік  пен  әсемдіктен  нәсібіңді 
ал! Мұрныңды нәжіске тығып, дүние қоңызы болма!  АДАМ 
БОЛ, АДАМ!»
Таң  самалы  гүл  қалампыр  және  сирек  кездесетін  гүл 
бәйшешек атқан бақшадан ескен кезде, тамаша жағымды, 
көңілге көктем күнін сыйлайтын хош иістерді ескен жерле-
ріне алып барады.
Көңіл  ерлері  салихтер  мен  ариф  адамдар,  жүрегіндегі 
махаббатты,  ғашықтық  пен  ынталарын  өз  сұхбаттарында 
көрсетеді.  Жүректеріндегі  сырлардың  нұры  жамағатта 
көріністабады.  Осы  шағылыс  пен  боянудың  нәтижесінде 
қабілетіне қарай көңілдер, фәйіз бен ақиқаттың нұрына то-
лады.
Асхабы  Кәһфтің  Қытмирі  ит  бола  тұра,  тура  жолдағы 
адамдармен  бірге  өліп,  оларды  үңгірдің  аузында  сеніммен 
күзеткендіктің берекеті арқылы жәннатқа кіреді.
Хазіреті Мәуләнә бұл оқиғаны былайша баяндайды:
«Асхабы  Кәһфтің  иті  сол  иләһи  фәйіздің  арқасында 
арамдықтан  құтылды  да  патшалар  дастарханының  ба-
сына отырды».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 117 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ол  ит  Асхабы  Кәһфтің  сұхбатын  таңдағандықтан 
үңгірдің аузында аяқсыз (кесесіз) иләһи рахмет суын ариф-
тер сияқты ішті».
Иістенген  қоқыстар  мен  жемтіктің  үстінен  өткен  самал 
да, солардың сасық иісін айналаға таратады, тынысты біті-
ріп, көңілді тарылтады.
Құлшылық 
ләззатынан 
мақрұм 
пасықтардың 
мәжілісінде айналасына қараңғылық таралады. Олар да бір-
бірінің пасықтығымен біте қайнасады. Пасықтықтарының 
достығынан ләззат алады.
Хазіреті Мәуләнә бір шумағында:
«Қабірстанға  барып,  сол  жерде  біраз  уақыт  үнсіз  отыр! 
Сол жердегі үнсіз сөйлегендерді тыңда!» - дейді.
Қалайша тышқанды гүл бағында ұстау қиын болса, кері-
сінше бал арасын да үйренген жерінен басқа жерде асырау 
мүмкін  емес.  Өйткені,  оның  қорегі,  дем  алатын  орны,  гүл 
бүршіктерінің ішіндегі дүние. Оны осы жерден басқа жерде 
ұстау мүмкін емес. Әрбір жаратылыс өмірін өзінің жараты-
лысына тән жерде жалғастыра алды.
Адам да осы қағидаға бағынады!
Пәк  рухтар  Мұхаммеди  ақиқаттан  шағылысқан  рухани 
нәрден қоректенгені сияқты, кір және пасық рухтар да лас 
нәрселерге қанағат етеді.
Хазіреті  Әбу  Бәкір  (радиаллаһу  анһу)  Расулұллаһтың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жүзіне  қарап;  «қандай 
көркем  десеңші!»  -  деп  таңқалатын.  Әбу  Жәһил  де  сол 
мүбәрәк  жүзден  керісінше  әсер  алып,  одан  жиіркенетін. 
Бұл айырмашылықтың себебі екеуі де Мұхаммеди айнадан 
өз ақиқаттарын көргендіктен еді.
Хазіреті Пайғамбар ізбасарлары:
«Біз  тұрған  айна  сияқтымыз,  әркім  бізден  өз  түрін 
көреді,» - деген.
Ешбір  айна  адамның  көңіліне  қарап  өтірік  айтпайды 
және  жаманды  жақсы,  жақсыны  жаман  етіп  кәрсетпейді! 

- 118 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өзіне не шағылысса, соны ғана көрсетеді. Әулиелер де иләһи 
көрініс  алдында  болсын,  материалдық  дүниенің  алдында 
болсын, сондай айна сияқты. Оған қараған адам өзін кере-
ді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет