Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


Аллаһ  Тағала  барлығымызға  дүниеде  осы  бір  кәусар



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Аллаһ  Тағала  барлығымызға  дүниеде  осы  бір  кәусар 
мен  жәннат  бұлағынан  тамшылар  сыйлап,  бізді  иләһи 
құзырында қабылданатын ықыласты және шынайы көңіл 
ерлерінен қылғай!
Әмин!

- 38
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
КӨҢІЛ АЙНАСЫНАН
«Көңілдерін әрлендіргендер, түрлі-түстен, иістен
құтылады. Әрбір демінде ізгілікті көреді. Олар ілімнің
қабығындағы нақышты тастап, айнәл-яқин
байрағын желбіреткендер».
Хазіреті Мәуләнә
Бір күні қытай суретшілері:
«Біз түрік суретшілерінен де ілгеріміз, өнерліміз,» - деп 
мақтанады. Сонда осыған жауап ретінде түрік суретшілері 
де:
«Жоқ, біз сендерден жоғарымыз. Біздің өнеріміз алда,» 
- деп бұған қарсы шығады.
Мұны  естіген  Сұлтан  суретшілерден  емтихан  алуға  ше-
шім қабылдап, екі жаққа да:
«Бір-бірлеріңмен 
таласқанды 
қойып, 
өнерлеріңді 
көрсетіңдер!» - дейді.
Екі  жақ  та  Сұлтанның  ұсынысын  қабыл  алды.  Бірақ 
қытайлар  өздерінің  жасағандарын  түріктер  көшіріп  алма-
сын  деп,  бөлмені  қалың  пердемен  бөлді.  Сұлтаннан  түрлі-
түсті бояу сұрады.
Түрік суретшілері көп нәрсе талап еткен жоқ. Тек қана 
қабырғадағы кірлерді кетіріп оны тегістеп, жарқырататын 
бір  нәрселерді  алды.  Түрлі-түстіден  гөрі  түссіз  болуды 
таңдады. Өйткені олар түссіздіктің артықшылығын білетін 
еді. Осыншама көп түстің ақыры түссіздік екенін де білетін. 
Өнер  -  түстің  көптігінде  емес,  түссіздікті  көрсете  білуде. 
Әйтпесе аспандағы Бұлттардың, дариядағы судың ез түстері 
жоқ. Оларды әртүрлі түске бөлейтін аспандағы күн.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 39
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Жұмыс біткен соң Сұлтан алдымен қытай суретшілерінің 
бөлмесіне кірді, суреттерін ұнатты. Көрген түстердің салта-
наты мен әсемдігіне шын көңілден тәнті болды.
Кезектүрік суретшілеріне келген кезде, олар ортадағы пер-
дені алуды өтінді. Перде алынған кезде түрік суретшілерінің 
тегістеп,  айнадай  етіп  жалтыратқан  қабырғадан  жан  тар-
тар сұлулық пен өнер көрінді. Негізінде оған шағылысқан 
қытай  суретшілерінің суреттері  болатын, бірақ олардан да 
жарық, әрі қаншама есе әсем көрінді. Осы тамаша көріністі 
көріп, таң қалып, есінен танған Сұлтан Түрік суретшілерін 
марапаттады.
Осылайша түрік суретшілері ешқандай сурет салмай-ақ, 
тек қытай суретшілерінің туындыларын мыңдаған өнермен 
жарқыратқан  қабырға-да  көрсеткендіктен,  олардан  да 
өнерлі деп саналды.
МӘСНӘУИ:
«Ей  Ұлым!  Сопылар  түрік  суретшілері  сияқты. 
Олардың не жатталып қайталанатын сабағы, немесе кі-
таптары, не болмаса өнер көрсетуге ынталары жоқ. Яғни 
олар сыртқы ілімдердің ауқымы ішінде қысылып қалмай, 
түрдің (көріністің) кедергісінен құтылған.
Олар көңілдерін кәміл түрде жарқыратқан мөлдір айна 
сияқгы  тозаң-топырақ,  кірлерден  аулақ  болған.  Сол  үшін 
олардың көңіл айнасына ең шынайы әсемдік шағылысады. 
Көрініс осындай таза жүрек айналарында Хаққа қауышқан 
сопылық көңілдерде жарыққа шығады.
Олардың  көңілдерін  осы  әсемдікке  жеткізу  үшін 
тазартқан  нәрселері  -  өштік,  тәкәппарлық,  менмендік, 
әуесқойлық, көрсеқызарлық, ашкөздік пен басқа да дүниелік 
құмарлықтар.
Аллаһ Тағала Мұсаға (аләйһиссәләм):
«Ей Мұса! Қолыңды қойныңа тық, кіршіксіз аппақ бо-
лып шықсын!» - деп бұйырған еді.

- 40
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мұса  (аләйһиссәләм)  осы  бүйрықты  орындағанда, 
қолының  күн  сияқты  әппақ  болғанын  және  нүр  шашып 
түрғанын  көреді.  Өйткені  Хазіреті  Мұсаның  көңіл  айна-
сына ғайып әлемінің ушы-қиырсыз жәнө бейнесіз шексіздігі 
шағылыскдн еді. Яғни Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) қолын 
иләһи өнерді көруден басқа барлық нәрседен аулақ тұтып, 
жүрегінің  үстінө  қойған  кезде,  қолы  көрініс  нұрларымен 
жарқыраған жарық шеңберіне айналған еді.
Мұсаның  (аләйһиссәләм)  көңіліне  шағылысқан  ұшы-
қиырсыз  шексіздік,  шындығында,  көкке  де,  жерге  де, 
теңіздерге  де  сыймайды.  Өйткені  Бұл  айтылғандардың, 
өлшемі  бар.  Алайда,  шексіз  нәрсенің,  шекті  нәрсеге  сыюы 
мүмкін  емес.  Сондықтан  шегі  жоқ  зат  пен  сипат,  тек 
көңіл  айнасына  ғана  шағылысады.  Өйткені  көңіл  айнасы 
да,  өзіне  шағылысқан  әсемдік  пен  иләһи  сырлар  сияқты 
шексіз. Раббтың көріністеріне толған көңіл айнасы - шек-
сіз, сансыз шексіздіктің көрініс табатын орны.
Көңілдерін Аллаһқа деген ғашықгықпен жарқыратқандар 
ол  жерде  әрбір  сәт  басқаша  әсемдіктің  шағылысқанын 
көреді,  әр  сәт  сайын  Аллаһтың  сансыз  құдірет  ағысының 
біріне  куә  болады.  Яғни,  өздерінде  жасырын  түрде  орын 
алған  «ахсәни-тақуим»  ақиқатына  көз  жеткізеді.  Өйткені 
олар біздің әсемдігіне жүгінген жалған түстер мен иістерді 
артқа тастаған.
Өйткені  олар  мағрифатұллаһқа  қол  жеткізген.  Дүние 
ілімдерінің  қабығындағы  нақышты  тастап,  «айнәл-яқин» 
байрағын  көтергендіктен,  олар  осының  нәтижесінде 
«хаққал-яқин»  мәртебесіне  жетіп,  иләһи  шексіздікті  сол 
жерден тамашалайды.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бы-
лай дейді:
«Менен кейін үмбетім хақында үш нәрседен қорқамын:
1.  Әуестік пен қүмарлыққа салынудан,

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 41
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
2.  Асқазан мен жыныс қүмарлығына түсуден.
3.  Білімнен кейін ғапылдыққа түсуден».
Білім - кітапқа тән нәрсе. Парасаттылық болса - оның ке-
мелденіп, тұлғаланған түрі.
Сол себепті білімді парасаттылыққа айналдырмай салих 
амал жасамағандар үшін, таяз және бос қалу қаупі бар.
Әлемді көңіл көзімен тамашалағанда, ол нәзік мақсаттар 
мен  пәк  хикметтер  жиынтығы  екендігі  белгілі.  Әлемнің 
ғибрат көрмесі екендігі түсініледі. Қандай жағдайда да бұл 
дүние - емтихан атмосферасына толы иман дәрісханасы.
Иләһи тәрбие мен басшылық үкім жүргізген бұл әлемде 
бос нәрселер жолында жүріп, пәк сипатына нүқсан келтір-
гендер - шынайы бақыттылықтан мақрұм қалатын өмірдің 
жетімектері. Әуесқойлықтың иірімінде тұншығып жоқ бо-
лады.
Ақиреттің  міндетті  түрде  болатындығын  білдіру  үшін 
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) былай бұйырады:
«Жоқ! Біледі, кейін әлбетте түсінеді!» 
(Нәбә, 4-5)
Пайғамбар  жіберу,  олардың  тілімен,  ілімімен,  жол 
көрсетуімен  және  ахлағымен  адамзатты  кемелденді-
ру  сияқты  көріністердің  барлығы  иләһи  сыйлық  пен 
жомарттықтың көрінісі.
Адам өзіне және айналасына байыпты көзбен қараса:
«Анық  және  айқын  күш  пен  салтанаттың  алдында 
ақиреттен ғапыл (бейхабар) өмір сүрудің күлкілі және оғаш 
нәрсе» екендігін түсінетін болады.
Соңын ойлаған әрбір ақылды адам, шексіз құмарлықтарға, 
әуестіктерге, өткінші фәни алданыштарға шек қою, махаб-
батты иләһи мақсатқа бұру жаратылыс мақсатының шарты 
болғандығын оңай түсінеді.
Мешіттер  мен  медреселердің  қабырғаларына  жазылған 
«Хош қара, уа һу (Аллаһ)», «Бұл да өтер, уа һу», «Әдеп, уа 
һу», ақыры «Еш» сездерінде қандай керемет ақиқат белгіле-
рі мен ескертулері бар.

- 42
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
�ُ� �َ� ْر�ُ� ْش� ُ�
  (Хош  қара,  уа  һу):  «Ешбір  мақұлыққа 
зиян келтірме! Ешбір мақлұққа ренжіме!» - деген тәлім таза 
жүректің сипаты осы. Шайыр мұны қандай тамаша жеткі-
зеді:
Жиһан бағындағы ей, ғашық, адам мен жынның мақсаты 
мынау; Не сен ешкімді ренжітпе, не сен ешкімге ренжіме!
Басқаша  айтқанда,  «себептер  әлемінен  шық,  иләһи 
мақсатқа разы бол!» - деген тәлім.
Бірақ, бұл хош көру ісі - Раббтың кешірімімен хош көрген 
нәрселері екендігін айта кету керек. Әйтпесе пасықтық пен 
күнәға  ешқашан  хош  қарауға  болмайды!  Өйткені  ондай 
істер - Раббыға қарсы иләһи азапты қажет ететін опасыздық 
болып табылады.
�ُ� �َ� ْباَدَا
 (Бұл да өтер, уа һу) сөзі құлға былай дейді:
«Ей адам! Саған келген қайғылар мен қуаныштар - саған 
қонақ. Оларды үнемі деп ойлама! Келген фәни қайғыларды 
уайымдама,  өйткені  олар  өткінші.  Фәни  қуаныштарға 
да  мәз  болма,  өйткені  олар  да  өткінші.  Яғни  сен  бір 
мейманханасың,  қайғылар  мен  қуаныш  сенің  өткінші  бір-
неше күндік қонақтарың.
Қайғырып, уайымдауға себеп болатын мейманханадағы 
заттар болса, олар тек сенікі ғана емес. Сенен кейінгілерге 
де тән. Бейне бір мүра мүлкі сияқты, сол үшін олар туралы 
қайғының дариясына түншығуға түрмайды!»
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Ей  Хақ  жолаушысы!  Қайғы,  қасіретің  бар  болса  қуан! 
Олар жардың саған арнап әзірлеген табысу тұзағы. Өйткені 
адам қайғы-қасіретке ұшыраған кезде Хаққа сиынып, Хақты 
еске алады».
«Қайғы-қасірет  –  қазына.  Сенің  ауруың  мен  басыңа 
түскен пәлекеттер мен ауыртпалықтар да - бір қазына».
«Сондай-ақ  қайғы-қасірет  -  көңіл  айнасының  бетін-
дегі  шаңын  үрлейтін  рухани  самал,  оны  жаман  дауылға 
теңеме!»

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 43
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Бұл  ғашықтық  жолында  мені  қайғыдан  басқа  ешкім 
есіне  алмайды,  қайғы-қасіретке  мыңдаған  рет  бәрекелді 
(рахмет)».
Осы сырды түсінген шайыр жардан келген әрбір нәрседе 
өзгеше  бір  нығмет  бар  екендігін,  қайғы-қасіреттің  езі 
мыңдаған  хикметке  байланысты  берілетіндігіне  назар  ау-
дарып,  қайғы  мен  ауыртпалық  емтиханының,  жардың  өз 
жолында жан қиған шынайы ғашық пен барлық жетістігі - 
көрсетушілік пен сөз ғана болған жасанды ғашықтарды бір-
бірінен айыру үшін әзірлеген, бір өлшемі екендігін баяндау 
үшін былай дейді:
Жар  бейнеті  -  бейнет  емес  бәрі  зейнет,  Жарды  бейнет 
қылады  деген  зейнетті  емес!.  Өйткені,  халық  арасында 
қаһар  сияқты  көрінген  қайғы-қасірет  -  Хақ  ғашықтары 
үшін иләһи сый. Қайғы-қасіретті көңіл Хақты көбірек еске 
алады. Мойынсүну Бұлағынан қорек алады. Хақ Тағала осы 
жақындығы  үшін  оларды  арнайы  сыйға  бөлеп  көңілдерін 
шат қылады.
Хазіреті  Мәуләнә  осы  ақиқатқа  байланысты  парасат 
жолындағыларға былай деп ескертеді:
«Ей,  бұлбұл!  Қара  қыс  деп  қашанғы  зарлайсың?  Ей, 
бұлбұл!  Тоқтамастан  бейнетті  айту  дұрыс  па?  Егер 
көңілің  жарыңа  расында  да  тәуелді  болса,  көзіңді  ашып 
шүкіршілік ет, зейнет туралы айт! Тікенді қой, гүл тура-
лы  айт!  Гүлдің  сабағы  мен  тамыры  туралы  сипатгарын 
таста,  оның  өзіне  қара!  Бұл  фәни  әлемге  неге  осыншама 
көңіл бөлесің, әлде арғы жаққа барғың келмей ме?!»
�ُ� �َ�  ْباَدَا
 (Әдеп, уа һу) сөзі - құлды қай жағынан болма-
сын әдепке шақырады.
Өйткені  әдеп  -  ахлақтың  шыңы.  Тасаввуфтың 
мақсаттарының бірі. Бұл шикі адамды ихсан сезімі арқылы 
кәміл адам дәрежесіне көтеріп, Аллаһ алдында әдепті қылу, 
бұл  әдептің  ең  жоғарғысы.  Екінші  әдеп,  Аллаһ  Расулына 

- 44
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  байланысты.  Аллаһ  Тағала 
Хұжурат  сүресі  мен  басқа  сүрелерде  мүминдерге  Аллаһ 
Расулының  (саплаллаһу  алейһи  уәсәлләм)  алдында  әдеп 
сақтауды арнайы әмір етеді.
Бұл әдеп - ұстазға, әке-шешеге, мүминдерге және осылай 
тізбектеліп, барлық мақлұқатқа созылады.
Суфиян Сәури (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Тамаша әдеп Аллаһ Тағаланың ашуын басады».
Ибн Аббас (радиаллаһу анһу) былай дейді:
«Барлық әдептің басы - рахат кезде де, қиыншылықта да 
Аллаһ  Тағаланың  әмірлеріне  мойынсүнып,  тиымдарынан 
қашу». Және былай деген:
Үш қасиетке ие болған адам құр алақан қалмайды:
1. Жақсы әдепке ие болған,
2. Әдепті адамдармен бірге болған,
З. Басқаларға зиян келтірмеген.
Әдептің ерекшелігін шайыр қандай тамаша баяндаған:
Әдеп  Кұдай  нүрынан  берілген  бір  тәж  екен.  Сол  тәжді 
киіп, бар бәледен аман бол!
Юнус Әмрә Хазіреті бұл ақиқатты былай тілге тиек етеді:
Ғылым мәжілістерінен талаптанып іздедім,
Ғылым артта, алдымен әдептілік қажет екен...
Осы  мәселеге  байланысты  кейбір  әулиелер  тасаввуф 
«әдептен тұрады» деп танымдаған.
Хатем-Әсам Хазіретінің мына мысалы өте ғибратты:
Зағип, қайғылы, көңілі құлазыған бір әйелмен сөйлесіп 
отырады.
Әйел қайғысын қасіретпен баяндап жатқан, сол тебіреніс 
кезінде өте жағымсыз бір дауыс шықты. Әйел шам сияқты 
еріп, қиналып, күйреді. Тым-тырыс... Шәйх ескерткіштен 
де сезімсіз бір айбынмен әйелге қарап:
«Айтқандарыңызды естімедім, құлағым әрең естиді, да-
уыстап сөйлеңіз, айқайлаңыз! Мен саңыраумын!» - деді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 45
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Айыбының жасырын қалғанын түсінген зағип, қайғылы 
әйел, бір сәтте өмірге қайта келді. Ешбір халықтың қарым-
қатынас  әдебінде  теңдесі  байқалмаған  осы  тамаша  қасиет 
оған "әсамм" (саңырау) деген лақап тақтырды. Міне, нағыз 
Исламның кішіпейілділігі мен әдебі.
Осы  оқиғадан  кейін  Хатем  Хазіреті  әдеп  көрсетіп,  сол 
әйел  қайтыс  болғанға  дейін  халық  арасында  саңырау 
болып  көрінді.  Бірақ,  әйел  қайтыс  болғаннан  кейін 
айналасындағыларға:
«Енді  құлағым  естиді,  жәй  ғана  дауыспен  сейлессеңдер 
болады,» - деді.
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  әдебін 
өздеріне  үлгі-өнеге  етіп  ұстанған  әулиелердің  осы  сияқты 
үлгілері өте көп.
Ибн Ата (құддисә сирруһ), әдептілік жайлы былай дейді:
Кімде-кім  салихтардың  әдебіне  қол  жеткізген  болса, 
оның төсеніші кереметтік тесеніші;
Кімде-кім  әулиенің  әдебіне  қол  жеткізген  болса,  оның 
төсеніші әулиелік халден бір төсеніш;
Кімде-кім  пайғамбардың  әдебіне  қол  жеткізген  болса, 
оның төсеніші Аллаһқа жақындықтың төсеніші болады;
Және  кімде-кім  әдептен  мақрұм  болса,  ол  барлық 
жақсылықтан мақрұм қалған деген сөз».
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Кімде-кім әдептен нәсібін алмаған болса, ол адам емес. 
Өйткені, адам мен хайуанның арасындағы айырмашылық, 
ол  -  әдеп.  Көзіңці  ашып,  Аллаһтың  кітабы  Құран  Кәрімге 
абайлап кдра! Оның аят-аят әдеп екөндігін көресің».
ْ��ِ�
  Еш  -  сезіне  келер  болсақ,  бұл  мендік  сезімнен 
айығуды  білдіретін  сөз.  Өйткені,  иләһи  сырларды  түсіну 
нәпсіқұмарлықтардан  арылумен  басталады.  Сондықтан 
«ешке» жеткеннен кейін ғана рухани кемелдіктер басталады.
Тасаввуфтың бір мақсаты - иләһи ұлылық, салтанат пен 
тәртіп  алдында  құл  өзінің  кішілігін,  "еш"  екендігін  және 

- 46
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Раббының үлы құдіретін көруі. Сондай-ақ Аллаһ Тағала бұл 
ақиқатты уақ-уақ әр түрлі емтихандар арқылы құлдарына 
ескертеді.  Тіпті,  айбынды  салтанат  пен  байлық  сыйлаған 
пайғамбары Сүлейменді (аләйһиссәләм) де біраз уақыт жан-
сыз  дене  ретінде  қалдырып,  оған  әлсіздігін  білдірген.  Аят 
кәримәде адамға бағытталып былай дейді:
«Ештеңе емес кезде сені жараттым!» (Мәриям, 9)
«Сендерге жеткен нығмет Аллаһтан. Сосын (әрі) сендерге 
бір қиыншылықкелген кезде детексоған жалбарыныңдар»
(Нахл, 53)
Еш  болу  -  адамның  осы  аяттарға  ой  жүгіртіп,  түсінуі. 
Өйтпесе  адам  өз  ішіндегі  нәпсінің  тұзағына  түсіп,  Нәмруд 
пен  Перғауын  сияқты  тәңірмін  дейтіндей  ақымақтық  пен 
бақытсыздыққа тап болудан өзін сақтай алмайды. Сол үшін 
тасаввуфта фәни болу халі (ештік сезімі) өте маңызды.
Бәязиди  Бистами  (құддисә  сирруһ)  еш  болу  халін  мына 
дұғасы арқылы қандай жақсы көрсетеді:
«Илайым!  Менің  мендігімді  ортадан  шығар,  мендігім 
сенде жоқ болсын, мен арада еш болайын! Өйткені, мен сені-
мен болған жағдайда барлығымен бірге болғаным деген сез. 
Егер  әркіммен  бірге  болсам,  сенімен  бірге  бола  алмаймын. 
Бұл сенің жолыңда мен үшін ең үлкен кемшілігім мен ши-
кілігім болады».
Мұхаммед  Ұфтаде  Хазіреті  өзіне  байланған  шәкірті 
Азиз Махмұдтың абыройлы қазылық міндетінен келгендігі 
үшін  оған  ең  алдымен  еш  екендігін  сездіру  жолын  таңдап 
алып,  Бурса  базарында  бауыр  саттырумен  қатар  басқа 
медреселердің  әжетханасын  тазалау  қызметін  де  соған 
жүктеген еді. Осылайша Махмуд қазы, патшаларға бағдар 
беретіндей кемелдікке қол жеткізіп, ұстазы оған «һүдайи» 
деп ат қойған.
Үлкен  әулие  Абдулқадир  Гейлани  Хазіреті  сыртқы 
ілімнің кемеліне жеткеннен кейін «ешке» қол жеткізу үшін 
ұзақ уақыт Бағдаттың үйінділерінде өмір сүреді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 47
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әулиелердің  сұлтаны  болған  Шах  Нақшибәнд  (құддисә 
сирруһ),  тәкаппарлық  пен  менмендіктің  антонимі  еш  болу 
халіне  жету  үшін  алғашқы  тасаввуфты  ұстанған  жылда-
рында  жеті  жыл  науқас  адамдарға  қызмет  етіп,  жеті  жыл 
мақлұқтардың жүретін жолын тазалаған.
Үлкен  Аллаһ  досы  Шах  Нақшибәнд  Әмір  Күлал 
Хазіретінің тәрбиесінде өткізген рухани сатылар мен нәпсіні 
тазарту күресін былайша баяндайды:
Ізденісте  жүрген  алғашқы  күндердің  бірінде  ұлы 
Аллаһтың сүйікті құлдарының бірі Әмир Күлал Хазіретіне 
жолықтым. Сол кезде еліктеушілігім басым еді. Маған бы-
лай деді:
«Көңілді аула, әлсіздерге қызмет ет! Әлсіздер мен кеңілі 
қаяуларды қорға! Олар халықтан ешқандай пайда көрмейтін 
адамдар.  Сонымен  қатар  толық  жүрек  тыныштығы,  кіші-
пейілділік, бәсеңдікте қалып қояды. Оларды іздеп тап!»
Осы  қадірлі  адамның  бұйрығын  ұстандым.  Айтқан  жо-
лында ұзақ уақыт еңбектендім.
Ол Аллаһ досы осыдан кейін маған хайуандарға қарауды 
әмір  етті.  Олардың  ауруын  емдеуімді  тапсырды.  Жалғыз 
өзім олардың жарасын таңып, тазалауымды және бұл істе-
рімді жақсы ниетпен, ықыласпен жасауыма кеңес берді.
Бұл  қызметті  де  орындадым.  Маған  қалай  айтса,  солай 
істедім.  Осы  кезде  менің  мендігім  кетіп  бара  жатқанда  бір 
итті көрсем, сол жерде тоқтап, алдымен соның өтіп кетуін 
қалайтын  дәрежеге  жетті.  Одан  бұрын  қадам  баспайтын 
едім. Осылай жеті жыл жүрдім.
Осыдан кейін маған өз иттеріне адалдықпен, құрметпен 
қарауымды және олардан көмек сұрауды бұйырды:
«Сол  иттің  біреуіне  қызмет  еткен  кезде,  үлкен 
бақыттылық сезінесің,» - деді.
Оның  бұл  әмірін  ғанибет  деп  білдім.  Ешқандай  қажыр 
көрсетуден қол үзбедім. Оның меңзеген мағынасын түсіндім, 
берген  сүйіншісін  күтіп,  бір  итінің  қасына  бардым.  Менде 

- 48
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
сондай бір хал пайда болды. Оның алдында түрып, жылай 
бердім. Бейне бір сол ит маған Кәһф иелерінен фәйіз алған 
Қытмир сияқты еді.
Мен солай жылап түрғанда ол шалқалап жатып, аяқтарын 
көкке  көтерді.  Осыдан  кейін  аянышты  дауыс  шығарып, 
жылап қыңсылай бастады. Менде қолдарымды жайып, кі-
шіпейілділікпен, қаяулы көңілмен:
«Әмин!» - дедім.
Ол да қыңсылағанын тоқтатып, аунап түсті.
Тағы  бір  күні,  үйден  шығып  кейбір  жерлерге  бардым. 
Жолда күннің түсіне қарай түсі өзгеретін бір хайуан көрдім. 
Рухани ләззатқа батқандай еді. Мен одан қатты әсерленіп, 
өзіме-өзім былай дедім:
«Осыдан шапағат сұрайын. Осы сәт Бұл мүбәрәк хайуан 
шапағат мәртебесінде».
Сосын оның алдына барып әдеппен, құрметпен тұрдым. 
Қолдарымды жайдым. Сөйтіп ол мүбәрәк жануар берілген 
әлемінде  әр  түрлі  халге  түсті  де  шалқалап  жатып  көкке 
қарады. Сол жағдайда мен:
«Әмин!» - дедім.
Осыдан  кейін  ұстазым,  маған  жолдағы  халықтың 
жүруіне кедергі болған нәрселерді тазартуды бұйырды. Бұл 
іске де сол жеті жылда бел шеше араластым. Тіпті, жолдың 
тас-топырағынан етегім үнемі шаң болып жүрді.
Қысқасы, ол адам Әмір Күлал Хазіреті, маған не бұйырса 
толық  адалдықпен  және  таза  ниетпен  орындадым.  Рухым 
шексіз ләззатқа батты, халім қатты өзгерді. (Әл-Хадиқатул-
Уәрдия, 545-547)
Имам Ғазали Хазіреті өз заманындағы барлық ілімдердің 
шыңына жете тұра Раббыға жақын болуға қол жеткізу үшін 
ұзақ уақыт «еш» халінде өмір сүрді.
Пайғамбарымыз  дәуірінде  мүминдерге  ұлы  Бәдір 
жеңісін  нәсіп  еткен  ұлы  Жаратушының  Пайғамбары  мен 
мүминдерге бағыттап:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 49
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«(Сол  күні)  оларды  сендер  өлтірген  жоқсыңдар,  олар-
ды  Аллаһ  өлтірді.  (Ей  Расулым)  Атқан  кезде  Сен  атқан 
жоқсың,  Аллаһ  атты»  -  (Әнфал,  17)  деп  бұйыруы,  осы  еш 
болуды меңзейді.
Адамның  қолындағы  құдірет  иләһи  тағдыр  шеңберінде 
болады. Сол себепті  
ِ�� ِ�َ�ْ�ا  ِّ�ِ�َ�ْ�ا ِ��ِ� ��ِا َة��ُ� َ� َو َلْ� َ� َ�
 «Ұлы 
Аллаһтан басқа (ешкімде) күш, қуат жоқ» - делінген.
Өйткені, ежелде ешқандай нәрсе жаралмай тұрғанда, тек 
Аллаһтың  көмегімен  жаратылған  барлық  жаратылыстың 
қолындағы  нәрселер,  Раббысы  тарапынан  берілген.  Сол 
себепті  абсолютті  (күш)  еркіндік,  барлық  оқиғаларды, 
қүбылыстарды  және  мақлүқатты  қамтып,  шеңберіне  ала-
ды.  Бұл  -  ерік  пен  күштің  негізі  Жаратушыға  тән  деген 
сөз. Бірақ, адам Бұл дүниеге сынақ үшін жіберілгендіктен 
оған  шектеулі  еркіндік  беріліп,  адамға  жақсылыққа  да, 
жамандыққа  да  қолайлы  қабілет  берілген.  Қолдану  күші 
оның еркіне берілген.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Осы  бір-бірімізден  үстем  болуға  үмтылуымыз  не? 
Нәтижесінде бәріміз бір сарайдың есігінде түрған жоқпыз 
ба? Аллаһ: «Ей адамдар! Бәрің пақырсыңдар, бай тек мен-
мін!» - демей ме?!»
Юнус  Әмрә  Хазіреті  мағрифаттың  ақиқатын  қандай  та-
маша баяндайды:
Ілім, ілімді білу,
Ілім, өзіңді білу.
Сен өзіңді білмесең,
Бұл қандай оқу?!
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Егер Аллаһтан қажетінше қорықсаңцар, онда шынайы 
біліммен заттарды тани бастайсыңдар:
Егер Аллаһты лайықты түрде танысаңдар, дұғаларың 
арқылы тау орнынан қозғалады».

- 50
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Имам  Ғазали  Хазіреті  ілімнің  шыңындағы  кезін  былай 
баяндайды:
«Ақыл» 
және 
шариғат 
ілімдерімен 
айналысып 
жүргенмін.  Көп  шәкірттерім  бар  еді.  Халімді  ойладым. 
Байқасам, көптеген пәлекеттердің ішінде қалыппын. Ілім-
дегі ниетімді ойладым. Аллаһ ризашылығы үшін емес, атақ-
абырой, мәртебе араласқан екен. Жойылуға шақ қалғаныма 
көзім жетті. Шыңыраудың шетінде түрмын. Өз-өзіме:
«Қане,  тездет,  өмірің  аяқталуға  жақын.  Жеткен  ілімің 
ақиқатқа  айналмайтын  болса,  бір  алдамшы  ғана  болып 
қалады.  Қазір  қажетсіз  байланыстарды  үзіп,  кедергілерді 
жоймайтын болсаң, ақырың не болады?» - дедім.
Сол  кезде  бір  халге  тап  болдым.  Дүние  мен  дүниелік 
адамдардан  қашу  және  дүниелік  қалаулар  мен  ақиреттік 
қалаулардың  арасында  таң-тамаша  болып,  алты  ай  алай-
дүлей  жылап  күй  кештім.  Жүрегім  сыздады.  Әлсіздігімді 
көріп,  түсіндім.  Еркімнің  құлдырағандығын  байқадым.. 
Дауасыз  дертке,  шарасыз  науқасқа  тап  болган  адамдай, 
Аллаһқа  жалынып,  жалбарынып,  мінәжәт  еттім.  Ақыры, 
Нәміл сүресінің 62-аятында:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет