Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
 

 

4.4-бап 

 

СТТ келісімін инкорпорациялау 

 

Егер осы Тарауда өзгеше белгіленбесе, СТТ келісімі Тараптар арасында 



қолданылады  және  осы  Келісімге  инкорпорацияланған  және  оның 

ажырамас бөлігін құрайды. 



 

 

4.5-бап 

 

Транспаренттілік 

 

1.  Тараптар  стандарттарды,  техникалық  регламенттер  мен  сәйкестікті 



бағалау  рәсімдерін  әзірлеуге,  қабылдауға  және  қолдануға  қатысты 

транспаренттіліктің маңыздылығын таниды. 




18 

 

 



2.  Тарап  СТТ  келісімінің  2.9-бабына  және/немесе  5.6-бабына  сәйкес 

хабарлама жіберген жағдайда, мұндай Тарап: 

 

(a)  екінші  Тарап  және  оның  мүдделі  тұлғалары  өздерінің 



түсіндірмелерін  бере  алуы  үшін  тым  болмағанда  60  күн  кезең 

береді; 


 

(b)  жазбаша  сұрау  салу  бойынша  екінші  Тарапқа  ұсынылатын 

техникалық  регламенттер  мен  сәйкестікті  бағалау  рәсімдерінің 

мәтінін сұрау салуды алғаннан кейін 12 күн ішінде береді; 

 

(c)  екінші  Тарап  немесе  оның  мүдделі  тұлғалары  түсіндірме 



беруіне арналған  кезең ішінде жасалған түсіндірмелерді назарға 

алады; 


 

(d)  сұрау  салу  бойынша  екінші  Тарапқа  осы  тармақтың  «с» 

тармақшасында айтылған түсіндірмелерді қабылдаудан бас тарту 

себептері туралы ақпарат береді. 

 

3.  СТТ  келісімінің  2.10-бабына  және/немесе  5.7-бабына  сәйкес,  Тарап 



хабарлама  жіберген  жағдайда  мұндай  Тарап  екінші  Тараптың 

жазбаша  сұрау  салуы  бойынша  нотификацияланатын  техникалық 

регламенттердің  және/немесе  сәйкестікті  бағалау  рәсімдерінің 

көшірмесін осындай сұрау салуды алған кезден бастап 5 күн ішінде 

береді. 

 

4.  Әрбір 



Тарап  екінші  Тарапқа  аккредиттелген  және/немесе 

тағайындалған  сертификаттау  жөніндегі  органдар  мен  сынақ 

зертханаларының 

тізбесін, 

сондай-ақ 

олардың 


аккредиттеу/тағайындау саласы туралы ақпаратты береді. 

 

5.  Тараптар  үшін  қауіпсіздікті,  денсаулықты,  қоршаған  ортаны 



қорғауды  немесе  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  кезек 

күттірмейтін  проблемалары  туындайтын  немесе  туындау  қатері  бар 

жағдайларды немесе бұл осындай техникалық регламенттердің заңды 

мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  тиімсіз  болып  табылатын 

жағдайларды  қоспағанда,  әрбір  Тарап,  әдетте,  техникалық 

регламенттер жарияланған кезден бастап және олардың күшіне енуіне 

дейін кемінде 6 айды құрайтын ақылға қонымды кезеңді көздейді. 



19 

 

 



6.  Әрбір  Тарап  қабылданған  техникалық  регламенттер  мен  сәйкестікті 

бағалау  рәсімдерінің  дереу  жариялануын  қамтамасыз  етеді  немесе 

екінші Тараптың мүдделі тұлғалары олармен таныса алатындай етіп 

оларға қолжетімділік береді. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет