Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
    Бұл бет үшін навигация:
  • 5.4-бап
 

5.2-бап 

 

Қолданылу саласы 

 

Осы  Тарау  Тараптар  арасындағы  тауарлар  саудасына  тікелей  немесе 



жанама  әсер  етуі  мүмкін  Тараптардың  барлық  санитариялық  және 

фитосанитариялық шараларына қолданылады. 



 

 

 

5.3-бап 


24 

 

 



 

Анықтамалар 

 

Осы Тараудың мақсаттары үшін СФШ келісіміне А қосымшада жазылған 



анықтамалар қолданылады. 

 

 

5.4-бап 

 

СФШ келісімін инкорпорациялау 

 

Егер осы Тарауда өзгеше белгіленбесе, СФШ келісімі Тараптар арасында 



қолданылады  және  осы  Келісімге  инкорпорацияланған  және  оның 

ажырамас бөлігін құрайды. 



 

 

5.5-бап 

 

Ақпарат алмасу және транспаренттілік 

 

1.  Тараптар,  өзгелермен  қатар,  өздерінің  тиісті  санитариялық  және 



фитосанитариялық  шаралары  туралы  уақтылы  ақпарат  алмасу 

арқылы  санитариялық  және  фитосанитариялық  шараларды  әзірлеу 

және  қолдану  кезінде  транспаренттілікті  қамтамасыз  етудің 

маңыздылығын таниды. 

 

2.  Тарап СФШ келісіміне В қосымшаның 5 (b)-тармағына немесе 6 (a)-



тармағына сәйкес хабарлама жолдаған жағдайда, сұрау салу бойынша 

мұндай  Тарап  сұрау  салу  жіберген  Тарапқа  әзірленіп  жатқан 

шаралардың көшірмелерін береді. 

 

3.  Әрбір  Тарап  денсаулықты  қорғауға  байланысты  кезек  күттірметін 



проблемалар  туындаған  немесе  туындау  қатері  бар  жағдайларды 

қоспағанда,  екінші  Тарап  әзірленіп  жатқан  санитариялық  және 

фитосанитариялық  шараларға  түсініктемелер  бере  алуы  үшін  тым 

болмағанда 60 күн кезең береді. 

 

4.  Әрбір  Тарап  екінші  Тараптың  түсіндірмелерін  назарға  алады  және 



сұрау салу бойынша оларға жауаптар беруге тырысады. 


25 

 

 



5.  Тараптың  мемлекеттік  шекарасы  арқылы  өткізу  пунктінде  екінші 

Тараптан 

экспортталған 

тауарлар 

санитариялық 

немесе 


фитосанитариялық 

талаптардың 

анықталған 

бұзушылығына 

байланысты 

кідіртілген 

жағдайда, 

импорттаушыға 

немесе 

импорттаушының  өкіліне  (тасымалдаушыға)  кідірту  себептері 

жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. 

 

6.  Әрбір  Тарап  екінші  Тараптан  жазбаша  сұрау  салу  алған  кезде 



Тараптардың  өзара  саудасында  туындаған немесе туындауы  мүмкін 

санитариялық  және  фитосанитариялық  шараларға  байланысты  кез 

келген  мәселеге  қатысты  ақпаратты  уақтылы  беруге  тырысатын 

болады. 


 

7.  Тараптар ағылшын тілінде ақпарат алмасуға тырысады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет