Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет42/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83
 

 

6.24-бап 

 

Кедендік ынтымақтастық және сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі 

кіші комитет 

 

1.  Осы  Тарауды  тиімді  іске  асыру  мақсатында  Бірлескен  комиссия 

шеңберінде Кедендік ынтымақтастық және сауда рәсімдерін оңайлату 

жөніндегі  кіші  комитет  (бұдан  әрі  –  «КЫСРО  жөніндегі  кіші 

комитет») құрылады. 

 

2.  КЫСРО жөніндегі кіші комитет мынадай функцияларды орындайды:



 

 

(a)  осы Тараудың тиісті іске асырылуын және оны қолдануға 



байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешуді қамтамасыз 

етеді; 


 

(b)  Тараптар арасындағы сауданы оңайлату мақсаттары үшін 

жетілдірілуі мүмкін осы Тарауға қатысты салаларды айқындау 

мақсатында осы Тараудың іске асырылуын мониторингтеуді 

жүзеге асырады; 

 

(c)  Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсаттары 



үшін әрбір Тараптың кедендік реттеуін стратегиялық дамыту 


41 

 

 



мәселелері бойынша ақпарат алмасуды жүзеге асырады; сондай-

ақ  


 

(d)  ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады және Бірлескен 

комиссия алдында есеп береді. 

 

3.  КЫСРО  жөніндегі  кіші  комитет  Тараптардың  кеден  органдары  мен 



тиісті  органдарының  өкілдерінен  тұрады.  КЫСРО  жөніндегі  кіші 

комитет Тараптардың өзара келісуі бойынша талқылауға қатысу үшін 

тиісті сарапшыларды шақыра алады. 

 

4.  КЫСРО жөніндегі кіші комитеттің отырыстарын өткізу уақыты мен 



орны Тараптардың келісімі бойынша айқындалады. 

 

 




42 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет