Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет50/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
 

 

7.10-бап  

 

Жалпыға бірдей белгілі тауар белгілері 

 

1.  Тараптардың  ешқайсысы  тауар  белгісін  жалпыға  бірдей  белгілі  деп 

тану  үшін  талап  ретінде  осы  тауар  белгісінің  Тараптың  аумағында 

немесе басқа да юрисдикцияда тіркелуін талап ете алмайды. 

 

2.  Тараптар  жалпыға  бірдей  белгілі  тауар  белгілерін  кем  дегенде 



ЗМҚСА  келісімінің  16.2  және  16.3-баптарына  және  Париж 

конвенциясының 6bis-бабына сәйкес қорғауды қамтамасыз етеді. 



 

 

7.11-бап 

 

Тауар белгілерін тіркеу 

 

1.  Әрбір Тарап: 

 

(a)  өтініш  берушіге  тауар  белгісін  тіркеуден  бас  тарту  себептері 



туралы  хабарламаны  жазбаша  нысанда  беруді  талап  етуді 

қамтитын  тауар  белгілерін  тіркеу  жүйесін  қамтамасыз  етеді. 

Мұндай  жазбаша  хабарламалар  электрондық  түрде  ұсынылуы 

мүмкін; 



48 

 

 



 

(b)  дауласу  рәсімдері  туралы  шешімдер  дәлелді  болуы  және 

жазбаша нысанда берілуі тиістігі туралы талапты қамтитын тауар 

белгілерін  тіркеу  жүйесін  қамтамасыз  етеді.  Мұндай  жазбаша 

шешімдер электрондық түрде ұсынылуы мүмкін; және 

 

(c)  мүдделі  тұлғалар  үшін  тауар  белгісін  тіркегеннен  кейін  оны 



тоқтату  немесе  оның  күшін  жою  үшін  өтініш  беру  мүмкіндігін 

қамтитын тауар белгілерін тіркеу жүйесін қамтамасыз етеді. 

 

2.  Әрбір Тарап: 



 

(a)  өтінімді электрондық түрде беру, оны өңдеу, тауар белгілерін 

тіркеу және күшінде ұстау жүйесіне рұқсат; және 

 

(b)  электрондық  дерекқорларға,  оның  ішінде  тауар  белгілеріне 



өтінімдер  бойынша  және  тіркелген  тауар  белгілері  бойынша 

деректердің  онлайн-базаларына  ашық  қолжетімділікті  беруге 

ұмтылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет