Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет47/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
 

 

7.7-бап  

 

Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық 

құралдары

1

 

 

1.  Әрбір 

Тарап  авторлар,  орындаушылар  немесе  фонограмма 

жасаушылар  өздерінің  құқықтарын  жүзеге  асыруға  байланысты 

пайдаланатын  тиімді  техникалық  шараларды  айналып  өтуге  қарсы 

барабар  құқықтық  қорғауды  және  құқықтық  қорғаудың  тиімді 

құралдарын ұсынады. 

 

2.  Әрбір  Тарап  өзінің  заңдарында  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық 



актілерінде 

туындыларға, 

орындаушылықтарға 

немесе 


фонограммаларға  қатысты  пайдаланылатын  техникалық  шараларды 

айналып өту немесе зымияндық мақсатта пайдаланылатын кез келген 

технологияны, кез келген техникалық құрылғыларды немесе олардың 

құрамбөліктерін  әдейі  жасап  шығаруға,  импорттауға,  жария 

қолдануға құқықтық тыйымдарды белгілейді. 

 

3.  Осы  бапқа  қатысты  кез  келген  ерекшеліктер  заңдарда  және  өзге  де 



нормативтік құқықтық актілерде рұқсат етілген жағдайда ғана және 

құқықтық  қорғауға  кедергі  келтірмейтін  немесе  техникалық 

шараларды  айналып  өтуге  қарсы  құқықтық  қорғау  құралдарының 

тиімділігін төмендетпейтін шамада ғана қолданылуы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет