Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет76/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
 

 

11.5-бап  

 

Электрондық сауда саласындағы тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау 

 

1.  Тараптар 

электрондық  сауда  саласындағы  тұтынушылардың 

құқықтарын  қорғауды  кемінде  сауданың  басқа  да  нысандарында 

қолданылатын қорғау деңгейінде қамтамасыз етуге ұмтылады. 

 

2.  Тараптар  тұтынушыларға  зиян  келтіретін  немесе  қауіп  төндіретін 



алаяқтық  коммерциялық  қызметті  болдырмау  үшін  саясаттарына, 

заңдарына  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сәйкес 

шараларды қабылдайды немесе оларды күшінде сақтайды. 

 

3.  Тараптар 



электрондық  сауда  шеңберінде  тұтынушылардың 

қауіпсіздікке,  адал  іскерлік  практикаға  және  өнім  туралы  анық 

ақпаратқа құқықтарының маңыздылығын мойындайды. 

 

4.  Тараптар 



электрондық  сауданың  маңызды  аспектілері  мен 

тәуекелдері бойынша материалдарды, сондай-ақ қауіпсіз және тиімді 




68 

 

 



тұтыну модельдерін ілгерілетуге бағытталған өзге де ақпаратты жасай 

алады  және  жария  ақпараттық  ресурстарға  орналастыра  алады. 

Тараптар  расталмаған  деректер  негізінде  кері  қайтарылған 

өнімдердің,  қауіпті  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтердің, 

жосықсыз  дайындаушылардың,  сатушылардың,  делдалдардың,  өнім 

берушілердің  немесе  сапасыз  және  қауіпті  тауарларды  немесе 

көрсетілетін  қызметтерді  орындаушылардың  тізілімдерін  қамтитын 

ұлттық немесе трансшекаралық ақпараттық жүйелерді құрамайды. 

 

5.  Осы  бапта  көрсетілген  шараларды  әзірлеу  және  енгізілуі  мен 



қолданылуын  мониторингтеу  мақсатында,  сондай-ақ  электрондық 

сауда саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері 

бойынша  ақпарат  алмасу  мақсатында  Тараптар  тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау  саласындағы  уәкілетті  органдардың  өкілдерінен 

тұратын байланыс топтарын құруға міндеттенеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет