Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет79/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
 

 

 


70 

 

 



11.8-бап 

 

Транспаренттілік 

 

Әрбір  Тарап  осы  Тараудың  нысанасына  жататын  немесе  оның 

қолданылуына  әсер  ететін  өз  саясатын,  заңдарын  және  өзге  де 

нормативтік  құқықтық  актілерін  олар  күшіне  енгенге  дейін  ресми  веб-

сайттарда жариялайды. 

 

 




71 

 

 



12-ТАРАУ 

 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

12.1-бап  

 

Бірлескен комиссия 

 

1.  Тараптар  осымен  бірі  ЕАЭО-дан  және  Еуразиялық  экономикалық 

комиссия 

Алқасының 

мүшесі 

ұсынған 


ЕАЭО-ға 

мүше 


мемлекеттерден,  екіншісі  –  министрдің  немесе  оның  уәкілетті 

өкілдерінің  деңгейінде  ұсынылған  Қытай  Үкіметінен  –  екі  өкілдің 

төрағалық  етуімен  Бірлескен  комиссияны  құрады.  Тараптардың 

мүддесін  осы  мақсат  үшін  ресми  тағайындалған  аға  лауазымды 

адамдар білдіреді. 

 

2.  Бірлескен комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 



 

(a)  осы Келісім реттейтін кез келген мәселені қарау; 

 

(b)  Тараптардың  өзара  келісімі  бойынша  осы  Келісімге 



байланысты кез келген басқа мәселені қарау; 

 

(c)  егер  Тараптар  осындай  кіші  комитеттерді  құру  туралы  өзара 



уағдаласқан  болса,  осы  Келісімде  көзделген  жағдайларда  кіші 

комитеттердің жұмысын бақылау; 

 

(d)  Тараптар  үшін  ұсынымдар  қабылдау  мақсатында  кіші 



комитеттердің  осы  Келісімге  өзгерістер  енгізу  үшін  берген  кез 

келген ұсынысын қарау;  

 

(e)  осы  Келісімнің  мақсаттарына  сәйкес  Тараптар  арасындағы 



сауданы одан әрі дамыту және кеңейту бойынша мүмкіндіктерді 

зерделеу; және 

 

(f)  Тараптар  оның  қарауына  берген  мәселелер  бойынша 



консультациялар  өткізуге  және  өзара  тиімді  шешімдер  табуға 

мүмкіндік беретін рәсімдерді құру. 

 

 



72 

 

 



3.  Бірлескен комиссия: 

 

(a)  қажет болған жағдайда кіші комитеттерді немесе ad hoc жұмыс 



топтарын құра алады және қандай да бір кіші комитетке немесе ad 

hoc жұмыс тобына мәселені қарауға бере алады; 

 

(b)  Комиссияның өз функцияларын орындауына ықпал ете алған 



жағдайларда сарапшылардың пікірін сұрата алады; 

 

(c)  Тараптар  Бірлескен  комиссияның  қарауына  берген,  осы 



Келісімнің  іске  асырылуына  байланысты  кез  келген  мәселелерді 

шешуге ұмтыла алады; және 

 

(d)  Тараптардың  келісімі  бойынша  өз  функцияларын  орындау 



үшін өзге де іс-қимылдарды қабылдай алады. 

 

4.  Бірлескен  комиссия  рәсімдерінің  қағидалары  осы  Келісімге  1-



қосымшада белгіленген. 

 

5.  Бірлескен  комиссия  өз  функциялары  шеңберінде  кез  келген  мәселе 



бойынша  ұсынымдар  қабылдайды.  Ол  сондай-ақ  осы  баптың  4-

тармағына  сәйкес  рәсімдер  қағидаларында  қамтылған  мәселелер 

бойынша  шешімдері  қабылдай  алады.  Бірлескен  комиссияның 

шешімдері,  ұсынымдары  және  өзге  де  іс-қимылдарын  консенсус 

қабылдайды.  Тараптар  Бірлескен комиссияның ұсынымдарын  тиісті 

түрде  орындау  үшін  барлық  қажетті  іс-қимылдарды  жасауға 

ұмтылатын болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет