Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата27.11.2022
өлшемі231,04 Kb.
#53062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10.33692-avrasyad.509474-620887

Elmira HAMITOVA
Мәселен, грамматикалық диалектизмдер қатарына: мимо избы деу орнына – 
мимо избе, в степи – в степе, слабее – слабще сияқты қолданыстар 
жатқызылады; острый – вострый, паук – павук, пиджак – пинжак – спинджак, 
слушать – слухать т.б. лексика-фонетикалық диалектизмдер; очень сөзі 
мағынасында – гораздо, внезапный орнына – наглый, утонуть орнына – 
залиться сөзін қолдану – семантикалық диалектизмдер; сондай-ақ, бежать 
орнына – бечьблюдце – блюдкагусинья – гуска, дождик – дожжик деу – жаңа 
сөз тудыруға талпыну нәтижесі болып табылады. Сол сияқты орыс тілінде калга – 
ағаштан дөрекілеу жасалған чашка (ыдыс); калуга, калужина – батпақ, батып 
(түсіп) кетер балшық; лала, лаларь – езбе, сөзуар, қыдырымпаз, адасқақ; 
лыбиться – езу тарту т.б. қолданыстар да бар.
Ауызекі сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де, диалектілік аймақтық лексикаға да 
тән аралық құбылыстың бірі – дублеттер болып табылады. Бұлар – тілде 
құрамы мен мағынасы жағынан жарыса (параллель) қолданылатын сөздер. 
Ондай құрамы мен мағынасы жағынан жақын сөздердің қатарына сөздің 
фонетикалық варианттары (жарыспалы сөздер), сөз тудырушы жұрнақтар арқылы 
жасалған 
варианттар 
морфологиялық, 
синтаксистік 
және 
стильдік 
параллелизмдер, орфографиялық, орфоэпиялық варианттар жатады. Мысалы, 
қазақша маңдай – маңлай, диірмен – тиірмен, риза – ырза, кәрия – қария, айқай – 
айғай, пенде – бенде фонетикалық дублеттер; сондай-ақ, орыс тілінде ина́че – 
иначе́, тво́рог – творо́г, одновре́менно – одновреме́нно тәрізді екпінге 
байланысты акцентті дублеттер де бар.
Қазақша тіл білімі – тіл туралы ғылым, білім-ілім, өкімет-үкімет; орысша 
языкознание – языковедение, волчиха – волчица, безвкусие – безвкусица, 
петуший – петушинный лексикалық дублеттер.
Сондай-ақ, орыс тіліндегі порой – порою, чашка чаю – чашка чая 
варианттары – морфологиялық дублеттер; понятный каждому – понятный для 
каждого, приверженность к науке – приверженность науке – синтаксистік 
дублеттер; горажанин – гражданин, голова – глав, сторона – страна – 
морфологиялық дублеттер; взяться за ум – схватиться за ум, быть на 
короткой ноге – быть на дружеской ноге, набить карман – набить мошну – 
фразеологиялық дублеттер.
Дублеттер мен диалектизмдер, кейде синонимдер бір-бірімен араласып-
құраласып, ұштасып жатады; қант, шекер – секер – құмшекер, қораз – әтеш, 
қала – шаһар, қалбыр – елек – елгезер, леген – шылапшын – кірлен т.б (Хасенов 
1996: 116-117).
Сонымен қатар, таза говорлық дублеттер де болады. Бұл топқа әр говорда 
әртүрлі вариантта қолданылатын дублеттер жатады: ілмек – шөтке – ырғақ 
(ілгек), ұрпақ – буызы – күрпі (кебек), ақа – аша (айыр), әсілі – асылы, ләжі – 
лажы, есек – ешек – естек, домалау – думалау – жұмалау, серне – деңгене – 
жара, атауыз – кемпірауыз – тістеуік, тәте – апа – әпке – әпше, шама – сәме – 
шәме – шамба – шәмбе, елек – елеме – елеуіш – елгезер – ұнқаққыш, кәуірт – 
кеуірт – оттық – сіріңке – шырпы, күнбағыс – күнбағар – айбағар – күләйлән – 
пісте – шемішке – шекілдеуік т.б. (Сарыбаев, Нақысбеков 1989: 31).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет