Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата27.11.2022
өлшемі231,04 Kb.
#53062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10.33692-avrasyad.509474-620887

Elmira HAMITOVA
46
Жалпы әдеби тілді білетін адамдар қай аймақтың тұрғыны екендігіне 
қарамастан, мұндай ерекшеліктерді тұлғасына, жуан немесе жіңішке айтылуына 
қарай, дыбыстардың сәйкес келуіне қарай болмаса, контекстегі мағынасына 
қарап, қиындықсыз ажыратып, өзара түсінісе алады. Басқаша айтқанда, бұл 
сөздер сөйлесу кезінде немесе жазбаша қарым-қатынас барысында ақпарат 
алмасуға айтарлықтай нұқсан келтіре алмайды. Бұл секілді фонетикалық және 
грамматикалық ерекшеліктерді, әсіресе контексте түсіну, мағынасын ұғу аса 
қиынға соқпайды. Бірақ, бұдан дыбыстық және грамматикалық ерекшеліктер 
мағынаны ажыратуға ешқандай әсер етпейді деген түсінік тумауға тиіс. Тіпті сәл 
ғана айырмашылығы бар жуан немесе жіңішке нұсқада кездесетін сөздердің өзі 
контекстен тыс тұрғанда, бірден ұғынылмауы мүмкін. Ал, контексте олай емес. 
Сөйлемнің мағынасына қарай ажыратуға, жергілікті сөздің мағынасын тез түсінуге 
мүмкіндік мол. Мысалы, «Біздің жақта көп сөздерді басқаша құлданады» деген 
сөйлемдегі баяндауыштың әдеби тілдегі «қолданады» деген етістіктің жергілікті 
жердегі қолданысы екендігін оңай аңғаруға болады. Ал, осы сөз «құлдан», 
«құлдану», «құлданады» деген тұлғаларының бірінде контекстен тыс тұрса, онда 
оның мағынасын түсіну қиындық туғызған болар еді. Бұл жерде грамматикалық 
ерекшеліктерге қарағанда бенде, бейіл, дұзақ, дізгін, дұз, фана, фән, данышман, 
керпіш, мәшіт, теңке тәрізді атау сөздерді жергілікті халық контекстен тыс та, 
контексте де еш қиындықсыз түсінуі мүмкін екендігін айту керек. Ал, диалект 
сөздердің мағынасын сол жергілікті атау қолданылатын жерден тыс тұратын өзге 
аймақтың тұрғындары қашанда сөйлем құрамында, контексте келгенде жақсырақ 
түсінері, олардың мағынасындағы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болары 
дәлелдеуді қажет етпейді (Әлімбек 2006: 70-71).
Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар қазақ тіліндегі 
говорларды – Шығыс говорлар тобы, Батыс говорлар тобы, Оңтүстік говорлар 
тобы, Орталық-солтүстік говорлар тобы деп төртке бөліп қарастырып жүр. 
Диалект сөздердің аумақтық шектеулілігі туралы айтқанда, говорлар топтарының 
өзі іштей бірнеше говорларға бөлінетінін айту керек. Мәселен, оңтүстік говорлар 
тобын зерттеген ғалым О.Нақысбеков, бұл топқа жататын говорлар тобының 
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңіріндегі Талдықорған, Алматы, 
Жамбыл, Шымкент, Қызылорда (шығыс жағындағы бірнеше аудандар), 
Өзбекстанның оңтүстік жағындағы Ташкент, Бұхара облыстарындағы және 
Тәжікстандағы қазақтар тұратын аудандар территориясын қамтитынын айта келіп, 
оларды іштей алты топқа бөледі: 1) Жетісу говоры. Қамтитын территориясы – 
Алматы, Талдықорған облыстарының аудандары (қазіргі Алматы облысы); 2) Шу 
говоры. Бұған Жамбыл облысының территориясы кіреді; 3) Шымкент говоры. Бұл 
осы аталған облыс көлемін қамтиды; 4) Қызылорда говоры. Бұл Қызылорданың 
күншығысынан бастап, Түркістанға дейінгі Сыр бойын қамтиды; 5) Ташкент 
говоры. Бұған Өзбекстанның оңтүстігіндегі Ташкент, Бұхара облыстарындағы 
қазақ аудандары кіреді; 6) Тәжік говоры. Бұған Тәжікстандағы қазақтар 
мекендеген аудандар кіреді.
Диалект сөздердің мағынасындағы ақпараттың таралу шектеулілігі осы 
сынды аумақтық ерекшеліктерге байланысты болады. Егер, қандай да бір диалект 


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет