Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім



бет3/5
Дата13.06.2023
өлшемі17,46 Kb.
#100912
1   2   3   4   5
Байланысты:
заң

17. Пайдалы ақпаратқа қолжетімділік
Әрбір бала ақпарат алуға құқығы бар. Үкімет бұқаралық ақпарат құралдарын балалардың рухани және мәдени дамуына ықпалын тигізетін материалдарды таратуға ынталандырып, балаларға зиян келтіретін ақпаратқа тыйым салуы қажет.
18. Ата-ананың жауапкершілігі
Ата-аналар бала тәрбиесі мен дамуына бірдей жауапты. Үкімет ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсетіп, сондай-ақ балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етуі керек.
19. Қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау
Үкімет баланы ата-аналар немесе басқа адамдар тарапынан болатын зорлық-зомбықтың барлық түрлерінен, немқұрайлылық пен қиянат көрсетушіліктен қорғауы қажет, сондай-ақ ересектерден қатыгездік көрген балаға көмектесуге міндетті.
20. Отбасысыз қалған баланы қорғау
Егер бала отбасынан айырылған болса, онла ол үкімет тарапынан арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы. Үкімет балаға қажетті тәрбие мен күтімді қамтамасыз ету үшін оның тілін, дінін, мәдениетін құрметтейтін адамдарға баланы тапсыра алады.
21. Асырап алу
Бала асырап алған жағдайда үкімет оның ең жақсы мүдделерінің сақталуын, оның заңды құқықтарының бұлжытпай орындалуын қадағалауы қажет. Бала асырап алу кезінде ел ішінде де, шетелде де бірдей ережелер, кепілдіктер мен нормалар қолданылуы қажет.
22. Босқын балалар
Басқа елден келген балаларға үкімет ерекше қорғауды, олардың мектепке барып, білім алуын, тамақтануын, отбасына оралуын қамтамасыз етуі керек. 
23. Мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар балалар Ақыл-ой немесе физикалық тұрғыдан ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқығы бар. Үкімет мұндай балаларға сабақ оқу, ем алу, еңбекке дайындалу, демалу, барынша тәуелсіз болуға, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
24. Денсаулық пен денсаулық сақтау
Әрбір бала өз денсаулығың сақтау үшін дәрігерлік көмек алуға, таза су ішуге, таза және қауіпсіз ортада өмір сүруге және толыққанды тамақтануға құқығы бар. Барлық ересек адамдар мен балалар денсаулықты сақтау жайында толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет