Біріктірілген жылдық есеп


басқарма төрағасы мен оның мүшелерін сайлау, олардың міндеттері



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

басқарма төрағасы мен оның мүшелерін сайлау, олардың міндеттері 
мен жауапкершілігі 
Басқарма мүшелері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма туралы ережесіне сәйкес Компанияның 
Дара акционері мен Директорлар кеңесінің мүддесін қорғап және шешімдерін орындап отыруға мін-
детті. Компанияның Басқарма туралы ережесіне, Жарғысына және Қазақстан Республикасының заңна-
масына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерін сайлап және 
олардың уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ олардың сандық құрамын және уәкілет-
тігінің мерзімін белгілейді. Басқарма кем дегенде бес адамнан құралуы тиіс. Дара акционер Басқарма 
Төрағасын сайлап және оны лауазымнан босатады.
Компания мен Басқарма мүшелері өзара еңбек келісімшарттарын (егер Басқарма мүшесі Компанияның 
қызметкері болып табылса, еңбек келісімшартына қосымша келісімдер) жасасқан, бұл келісімшарттар-
да Төраға мен Басқарма мүшелерінің материалдық сыйақысының Компания қызметінің басты көрсет-
кіштері бойынша жетістіктеріне тікелей тәуелді болуы ескерілген.
Басқарма мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері еңбек келісімшартымен, Жарғымен, 
Басқарма туралы ережемен және заңнамамен белгіленген. Басқарма мүшелерінің функцияларына бух-
галтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ком-
панияның қызметін оңтайландыру шараларын қабылдау жатады. Басқарма мүшелері, Компанияның 
құрылымдық бөлімшелерінің басшылары сияқты Компания мен Дара акционердің алдында Басқарма-
ның қабылдаған шешімдерін уақытында және сапалы орындауы үшін, сондай-ақ Компанияның заңна-
мамен белгіленген ақпаратты ұсыну тәртібін бұзу нәтижесінде арқалаған шығындары үшін жауапты бо-
лады.

75
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
2013 жылы басқарманың күндізгі отырыстарының құрамы мен оларға қатысушылар 
саны
тарм.
№№
аты-жөні
отырыстар саны
қатысқан отырыстар саны
1
Школьник В.С.
12
12
2
Арифханов А.Ә.
12
10
3
Қосынов А.О.
12
11
4
Полторацкий С.И.
12
11
5
Рыспанов Н.Б.
12
12
6
Яшин С.А.
12
8
Яшин сергей алексеевич
Басқарма Төрағасының орынбасары
1965 жылы туылған. 1988 жылы Томск политехникалық институтын «Сирек және ыдыраған элемент-
тердің технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдады.
•  1988 және 2004 жж. аралығында – «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да келесі лауазымдарды атқар-
ды: цехтың аппаратшысы, технолог, Атқарушы директордың орынбасары, бас технолог, Уранды өң-
деу бөлімінің директоры және Бас директордың бірінші орынбасары.
•  2004 жылдан бері – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
рыспанов нұрлан бектасұлы
Басқарма Төрағасының орынбасары
1961 жылы туылған. 1983 жылы Ленинградтағы су көлігі институтын және Қазақ ұлттық техникалық 
университетін «Пайдалы қазбалардың кенорындарын жерасты игеру» мамандығы бойынша тәмамдады.  
1991 жылы Мәскеу қ. Бауман ат. ММТУ-да диссертация қорғаумен техника ғылымдарының кандида-
ты ғылыми дәрежесіне ие болды. 2010 жылы Д.А.Қонаев ат. Таукен ісі институтында «Металдарды  
шоғырлық сілтілеудің теориялық негіздері» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының докторы 
 
диссертациясын қорғады.
•  1983 және 1990 жж. аралығында – Павлодар кеме жасау зауытында моторшы, мехниктің 1-ші көмек-
шісі, инженер-механигі болып істеді, МЖТИ (Мәскеу қ.) күндізгі бөлімінің аспиранты, Жоғары Ертіс 
кеме көлігі қызметінің бастығы.
•  1990 және 1993 жж. аралығында – Павлодар индустриалды институтының аға оқытушысы, аға ғылы-
ми қызметкері.
•  1993 және 1996 жж. аралығында – «Машина жасау» ғылыми-инженерлік орталығының директоры.
•  1996 және 1998 жж. аралығында – «Менар» Сауда-Өнеркәсіптік Компаниясының директоры.
•  1998 және 2001 жж. аралығында – Павлодар облысы Индустрия, көлік және коммуникациялар де-
партаментінің директоры, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ауыр өнеркәсіп 
департаментінің директоры.
•  2001 және 2008 жж. аралығында – «Тау-Кен», «Казпром-Кызылорда», «Бетпақ Дала» БК, «Казпром-Не-
руд» Консорциумы сияқты таукен-металлургиялық комбинаттарында бас директордың лауазымын 
атқарды.
•  2008 және 2009 жж. аралығында – ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті 
Төрағасының орынбасары.
•  2009 жылы – «Самұрық-Қазына» АҚ Таукен-өнеркәсіптік активтерін басқару жөніндегі директоры.
•  2009 жылғы шілдеден бері – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

76
Басқару
арифханов айдар әбдіразақұлы
Басқарма Төрағасының орынбасары
1974 жылы туылған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын тәмамдады. 2000 жылы ҚР 
СІМ Елшілік академиясын үздік бітірді. 2008 жылы Колумбия университетінде мемлекеттік басқару маги-
стрінің дәрежесіне ие болды.
•  1996 және 2004 жж. аралығында – ҚР Қаржы министрлігі департаментінің бақылаушы-ревизоры, бас 
маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директордың орынбасары.
•  2004 және 2006 жж. аралығында – ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі.
•  2006 жылы – ҚР Премьер-министрі Кеңсеханасы жетекшісінің орынбасары.
•  2006 және 2007 жж. аралығында – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.
•  2009 жылы – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.
•  2009 және 2010 жж. аралығында – Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынба-
сары.
•  2010 және 2011 жж. аралығында – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.
•  2011 жылғы мамырдан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
қосынов алмас олжабайұлы
Әкімшілік аппаратының Басқарушы директоры – Басшысы
1949 жылы туылған. 1973 жылы Д.И.Менделеев ат. Мәскеу химия-технологиялық институтын бітірді, 1977 
жылы аспирантураны тәмамдады.
•  1977 және 1992 жж. аралығында – «Союз» ғылыми-өндірістік бірлестігінің (Ғылыми-зерттеу химия-тех-
нологиялық институты, Дзержинск қ.) аға инженері, зертхана бастығының орынбасары, зертхана 
бастығы.
•  1992 және 1994 жж. аралығында – ҚР Президент Аппараты мен Министрлер кабинетінің Ғылыми-тех-
никалық прогресс бөлімінің аға референті, бөлім меңгерушісі.
•  1994 және 1996 жж. аралығында – Министрлер кабинеті Істер басқармасы Ғылыми-техникалық про-
гресс бөлімі секторының меңгерушісі, ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі.
•  1996 және 1999 жж. аралығында – Ғылым министрлігі – ҚР Ғылым академиясы - министрдің орынба-
сары.
•  1999 және 2001 жж. аралығында – ҚР Энергетика, индустрия және сауда, ғылым және жоғары білім 
министрлігінің Нормативтік-құқықтық қамту және халықаралық әріптестік департаментінің Дирек-
торы.
•  2001 және 2006 жж. аралығында – ҚР Энергетика және минералды ресурстар, көлік және коммуни-
кациялар, білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
•  2006 және 2007 жж. аралығында – Вице-президент – «Казкосмос» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма 
мүшесі.
•  2007 және 2008 жж. аралығында – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма 
Төрағасы - Президенті.
•  2007 және 2009 жж. аралығында – ҚР Индустрия және сауда Вице-министрі.
•  2009 жылғы қыркүйектен бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілік аппаратының басшысы.
•  2011 жылғы маусымнан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі.
полторацкий сергей иванович
Даму жөніндегі Басқарушы директор
1953 жылы туылған. 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын «Гидрогеология және инженерлік 
геология» мамандығы бойынша тәмамдады.
•  1979 және 1988 жж. аралығында – Қазақ КСР Ғылым академиясының жанындағы Гидрогеология 
және гидрофизика институтында инженер, ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы лауазымдарын 
атқарды.

77
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
•  1988 және 1990 жж. аралығында – Қазақ КСР Ғылым академиясы президиумының жер туралы ғылым 
бөлімшесінің ғылыми хатшысы.
•  1990 және 1995 жж. аралығында – ҚР ҰҒА Сейсмология институтының зертхана меңгерушісі.
•  1995 және 1997 жж. аралығында ҚР Үкіметінде қызмет етті: ҚР Үкіметі Аппараты мен Премьер-ми-
нистрі Кеңсеханасының аға референті, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орын-
басарының кеңесшісі.
•  2001 жылдан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жетекші гидрогеолог, бас маман, Бірлескен 
кәсіпорындар департаментінің Директоры, Корпоративтік басқару департаментінің директоры бо-
лып қыз-мет етті.
•  2011 жылдан бері – ЯОЦ-дағы жобалар департаментінің директоры.
•  2013 жылдың желтоқсанынан бастап даму жөніндегі басқарушы директор.
басқарманың қызметі
2013 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасы 6 күндізгі және 697 сырттай отырыс өткізді, мұнда 
1 024 мәселе қаралып және олар бойынша шешім қабылданды, оның ішінде:
•  Өздерін жасасуға мүдделі болып отырған 471 мәміле жасалды, олардың тараптары ретінде не бол-
маса оларға өкіл не делдал ретінде Компанияның үлестес тұлғалары қатысты. 
•  232 мәміле, олардың нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ активтерінің бағасының жалпы көлемінің он пайыздан кемін құрайтын мүлікті иеліктен шығарып 
және/не сатып алды. 
•  Басқарманың 180 астам мәселе бойынша қабылданған 51 шешімі, бұл шешімдерде Компанияның 
уәкілетті өкілдерінің акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналыстарында артынша дауыс 
беру үшін өздерінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ дара акционер (қатысушы) болып табылмайтын 
заңды тұлғалардың акционері (қатысушысы) ретіндегі жайғасымы белгіленді.
•  Жеке және заңды (коммерциялық емес) тұлғаларға демеушілік және/не қайырымдылық көмек көр-
сету туралы 20 астам шешім.
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы (қызметкердің от-
басы мүшелерінің қайтыс болуы; қызметкердің заңды некеге тұруы; ауыр өмірлік жағдай және т.б.) 
30 астам шешім. 
Тәуекелдерді басқару жұмысы шеңберінде Басқармамен келесі құжаттар бекітілді:
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының жанындағы Тәуекелдерді басқару комитеті туралы 
ереженің жаңа редакциясы.
•  Екінші деңгейдегі банкілерге қатысты баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша ли-
миттер.
•  Өздерінің депозиттеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уақытша бос ақшасын салуға болатын 
екінші деңгейдегі банкілердің тізімі.
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2013 жылға арналған тәуекелдер тізілімі мен тәуекелдер картасы.
•   «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2013 жылға арналған басты тәуекелдік көрсеткіштерінің панелі. 
•  Сонымен қатар Компанияның жуықтап алған 20 ішкі құжаттары бекітіліп және қолданысқа енгізілді, 
оның ішінде Компанияның Инвестициялық саясатының жаңа редакциясы.
басқарма мүшелерінің сыйақысы
Басқарма мүшелерінің сыйақысы үш құраушыға негізделумен қосындыланады, олар: лауазымдық ең-
бекақы, еңбек демалысына арналған материалдық көмек және жыл қорытындысы бойынша сыйақы. 
Басшы қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының көлемі Компанияның Директорлар кеңесінің 
шешімімен белгіленеді және еңбек келісімшарттарында көрсетіледі. Жыл қорытындысы бойынша 
 
сыйақы көлемі Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен, есептік жылға арнап белгіленген қыз-
метінің басты көрсеткіштерінің орындалуын ескерумен белгіленеді. Еңбек демалысына материалдық 
көмек қызметкердің кезекті ақылы еңбек демалысына шығуы кезінде екі лауазымдық еңбекақыдан ас-
пайтын көлемде, жылына бір рет беріледі. 
Есептік жылы Компанияның негізгі басшы қызметкерлеріне төленген сыйақының көлемі, соның ішінде 
еңбекақы мен сыйақылары 1 937 млн теңгені құрады.

78
Басқару
басқарма жанындағы комитеттер
Басқарма жанында Тәуекелдерді басқару комитеті, Инвестициялық және Кредиттік комитеттер сияқты 
комитеттер, сондай-ақ Ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді. Басқарма барлық комитеттердің жұмы-
сының нәтижесіне жыл сайын баға беріп отырады.
тәуекелдерді басқару комитеті
Тәуекелдерді басқару комитеті Компаниядағы тәуекелдерді басқару процесін үйлестіретін кеңес беруші 
орган ретінде жұмыс істейді. Комитеттің мақсаты – Компанияның Басқармасына тәуекелдерді корпора-
тивтік басқару саласында, сонымен бірге тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және жүзеге асқан 
сынды тәуекелдерге жедел ден қою саласында көмек көрсету.
Комитеттің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Компанияның Жарғысымен, Корпора-
тивтік басқару кодексімен, Комитет туралы ереже мен Компанияның өзге ішкі құжаттарымен реттелген. 
Комитет мүшелерінің саны мен оның құрамын Басқарма бекітеді. Комитет кемінде тоқсанына бір рет 
жиналып отырады, алайда қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыстары өткізіліп отырады.
Тәуекелдерді басқару комитетінің функциялары мен міндеттері:
•  Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ішкі жобаларын (соның ішінде Тәуекелдерді 
басқару жөнінде Саясат пен Ережені) және Комитеттің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша өзге 
де құжаттарды қарау және бастапқы мақұлдау;
•  Құрылымдық бөлімшелердің тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша жүргізілген жұмысы-
ның нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару әдістерін белгілеу;
•  Тәуекелдердің күйін, Компанияның тәуекелдер бойынша ең жоғары рұқсат етілген лимиттерді тәуе- 
келдерді басқару бойынша ішкі құжаттарды ұстануын бақылау нәтижелері бойынша ұсыныстарды 
қарастыру мен әзірлеу;
•  Ақпараттық және экономикалық қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
•  Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету, нарықтық жағдайлардың өзгеруі, форс-мажорлық жағдайлар-
дың орын алуы және т.б. сол сияқты тәуекел факторларының туындуы кезіндегі іс-шаралар жоспар-
ларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарап және әзірлеу.
инвестициялық комитет
Инвестициялық Комитет – бұл Компания мен оның еншілес кәсіпорындарының инвестициялық қызметін 
үйлестіретін тұрақты түрде әрекет ететін кеңес беру-кеңесу органы. Стратегиялық жобалар бойынша, 
бірігулер мен енулер бойынша, өзге заңды тұлғалардың қатысу үлестері мен акциялар жинағын сатып 
алу мен иеліктен шығару бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау Комитеттің жауапкершілік са-
ласына жатады. Комитеттің негізгі мақсаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның инвестициялық қызметін 
жүзеге асырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды, сонымен бірге Компания-
ның  инвестициялық қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды 
әзірлеу.
Комитеттің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «Самұрық-Қазына» АҚ құжаттарымен, 
Компанияның Жарғысымен, Инвестициялық саясатымен, Комитет туралы ережемен және өзге де ішкі 
құжаттарымен белгіленеді. Комитеттің жұмыс органы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инвестициялық 
жобалары басқармасы. Комитет егер қажет болса, Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің қыз-
меткерлеріне өз отырыстарына қатысу үшін тартып отыруы мүмкін. Комитеттің құрамы Компанияның 
Басқармасымен бекітіледі, ол да оның қызметіне жыл сайын баға беру жүргізіп отырады.
кредиттік комитет
Кредиттік комитеттің негізгі мақсаты Компанияның кредиттік саясатын «Самұрық-Қазына» АҚ талапта-
рына сәйкес іске асыру және Компанияның кредиттерді ұсынуымен байланысты мәселелер бойынша 
уақытында және сапалы шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету. 
Комитеттің құрамын Басқарма бекітеді. Кредиттік комитет мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан кем 
болмауы тиіс. Кредиттік комитеттің Төрағасы қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін Компания Басқар-
масының мүшесі болып табылады.

79
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
Кредиттік комитеттің функциялары:
•  Кредиттік өтінімдер бойынша шешім қабылдау үшін ұсыныстарды қарап және әзірлеу, сонымен 
бірге кредит өздеріне негізделумен берілетін нақты және жоспарлы қаржылық көрсеткіштерге са-
рапшылық баға беруді талдау, және кепілдік қамсыздандыру мүлкін тексеру;
•  Кредитті ұсынудың шарттарын, яғни оның сомасын, мерзімін, мақсатын, сыйақы ставкасын, қамсыз- 
дандыру мүлкін, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесін және т.б шарттарды белгілеу;
•  Кредиттік қызметке жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс мониторинг бойынша шешімдерді 
қарап және қабылдау;
•  Кредитті қайта құрылымдау бойынша және проблемалық кредиттер бойынша шешім қабылдау үшін 
ұсыныстарды қарап және әзірлеу.
Ғылыми-техникалық кеңес
Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіру мен өңдеу, ядролық-о-
тын циклы, сирек және сирек-жер металдарын мен жаңартылатын энергетика саласындағы инноваци-
ялық-технологиялық даму стратегиясын бекіту және жетілдіру мақсатында құрылған болатын. 
ҒТК-ның негізгі функциялары:
•  Компанияның инновациялық-технологиялық дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыру;
•  Ғылым жетістіктері мен жаңа технологияларды Компания мүддесі үшін пайдалану бойынша 
 
ұсыныстарды әзірлеу;
•  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары (ҒЗТҚЖ) бойынша жоспарларды қарап 
және келісу;
•  ҒЗТҚЖ-ны жүзеге асыру, мониторинг жүргізу және нәтижелеріне баға беру, сондай-ақ зерттеулер 
мен жұмыстардың нәтижелеріне қатысты құқығын бекіту;
•  Компанияның патенттік-лицензиялық және ғылыми-ақпараттық қызметінің нәтижелерін, оның зият-
керлік меншік нысандарын қорғау мен оңтайлы пайдалану мәселелерін қарастыру;
•  инновациялар саласында ғылыми кеңестерді, ғылыми орталықтарды және зерттеу институттарын 
әріптестікке тарту;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мамандарының біліктілігін көтеру мәселелерін қарау.
корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу 
Компанияда Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік 
қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереже қолданылады, мұнда корпоративтік 
қақтығыстардың, мүдделер қақтығысының туындау себептері, олардың алдын-алу рәсімдері белгілен-
ген, сондай-ақ Компания органдарының қақтығыстарды реттеу шаралары шеңберіндегі қызметі рет-
телген.
Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау үшін Компания қыз-
меткерлері келесі талаптарды орындап отыруға міндетті:
•  Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын, Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің 
және өзге ішкі құжаттардың нормаларын ұстанып отыруға;
•  Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысынның туындауына әкеп соқтыруы мүмкін іс-қи-
мылдардан және шешімдер қабылдаудан тартынып отыруға;
•  Заңға қайсы қызметтің жүргізілу ықтималдығын жоюға;
•  Компанияның ішкі бақылау жүйесіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтауға қатысуға;
•  корпоративтік этика принциптерін ұстануға;
•  қызметкердің өздері бойынша мүдделер қақтығысы бар операциялар бойынша шешімдерді қабыл-
даудан тартынып отыруға және басқасы.
Компанияның лауазымды тұлғалары корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысына жол бер-
меу және олардың алдын-алу мақсатында келесі талаптарды орындап отыруға міндетті:
•  Қазақстан Республикасының заңнамасына, Компанияның Жарғысына, Корпоративтік басқару ко-
дексі мен өзге де ішкі құжаттарына сәйкес Дара акционердің құқығын сақтап отыруға;

80
Басқару
•  Компанияның Директорлар кеңесі мен Дара акционерге корпоративтік қақтығыс тақырыбына айна-
луы мүмкін мәселелер бойынша ақпарат беріп отыруға;
•  Компанияда еңбек ету кезінде және егер Компанияның ішкі құжаттарымен одан да ұзақ мерзім 
ескерілмесе, ондағы еңбектік қызметі аяқталғаннан кейінгі бес жыл бойы Компания жайлы құпия 
ақпаратты жария етпеуге және оны өз мүддесі үшін не болмаса үшінші тұлғалардың мүддесі үшін 
пайдаланбауға;
•  Компанияға өзінің үлестес тұлғалары туралы және олардың үлестес сипатының туындау негіздеме-
лерінің өзгеруі туралы мерзімді және уақытында хабарлап отыруға;
•  Дара акционер мен Компанияның арасында корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысы-
ның туындауына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерден тартынып отыруға және ондай жағдайларға 
жол бермеуге, ал ондай жағдай туындаған кезде бұл туралы дереу түрде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ Директорлар кеңесіне хабарлап отыруға.
корпоративтік этика
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ істерді адал жүргізу, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күресу – мүд-
делі тараптармен өзара іс-қимыл жасасу және сенімгерлік ішкі корпоративтік қарым-қатынастарды құру 
кезіндегі қажетті фактор болып табылатынын мойындайды. Осылайша, өзінде Компанияның жұмыс істеп 
отырған әлеуметтік және экономикалық ортасы транзакциялардың сенімділігі мен адалдығын арттыру-
дың, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мүдделі тараптардың шешім қабылдауы үшін шанайы 
ақпаратты ұсынудың арқасында жақсара түседі. Компания корпоративтік этиканың жоғары стандартта-
рын ұстанады және келесі шараларды орындап отыруға міндеттенеді:
•  парақорлықты, бопсалаушылықты, ресми шараларды жеңілдеткені үшін сыйақы беруді және өзге 
де сыбайлас жемқорлық тәжірибелерді болдырмауға ықпал ететін саясаттар мен тәжірибелерді 
қолданып және жақсартып отыруға.
•  Заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға қарсы әрекет жасап отыруға.
•  Заңнама талаптарына, Жарғыға, халықаралық келісімшарттардың шарттарына сай болуын қамтама-
сыз ету және оларды бұзғаны үшін жазалау шараларын белгілеуге.
•  қызметкерлердің орындалып отырған іс-қимылдардың заңнама талаптарына сай болуының маңыз-
дылығына қатысты хабардар болу деңгейін арттыруға, қызметкерлерді Компанияның саясаттарын, 
ережелері мен рәсімдерін бұзу жағдайлары туралы хабарлап отыруға ынталандыруға.
•  Компания қызметкерлерінің еңбекақы деңгейінің олардың орындайтын жұмысы мен біліктілік дең-
гейіне сай болатынын көрсетіп отыруға.
•  Келісімшарттар бойынша міндеттерін, соның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін өзге төлем-
дерді төлеумен уақытында орындап отыруға.
•  Сатып алу саясатын жүзеге асыру мен келісімшарттарды жасасу кезінде адал бәсекелестік принцип-
терін ұстанып және этикалық теңдік критерийлерін қолдануға.
•  Қабылданып отырған шешімдердің айқындылығын, жариялылығын және объективтілігін ұстанып 
отыруға.
Қолданыстағы Корпоративтік этика кодексінде корпоративтік этиканың принциптері мен нормалары 
бекітілген, мүдделі тараптарға іскерлік және әлеуметтік бағытталған мінез-құлықтың этикалық нормала-
рын ұстануға қатысты есеп берудің мәліметтер қоры құрылады. Оған, қоса, Кодексте ақпаратты ұсыну, 
қақтығыс жағдайларды шешу, еңбек қорғау мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және ішкі 
бақылауды күшейту нормалары мен саясаттары көрсетілген.
Компанияда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен оны болдырмауға арналған барлық шаралар қа-
былдануда. Компанияның бұл бағыттағы іс-қимылдарының барлығы бірқатар құжаттармен реттелген, 
олардың негізгісі – 2011 жылы қабылданған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Алаяқтықтың, ішкі бақы-
лау рәсімдерін және өзге де нормативтік құжаттарды бұзушылықтың ықтимал не мәлім болған фактілері 
туралы құпия түрде хабарлау саясаты. Бұл саясат Компания кәсіпорындарының барлық қызметкерлері-
не заң бұзушылық фактілері туралы аты-жөнін көрсетпеу хабарлап отыруға мүмкіндік беретін шаралар 
кешені болып табылады. Компанияда хабарламалар мен ақпаратты берудің негізгі арналары ретінде 
«сенім телефоны» және электронды мекенжай қолданыдады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорын-
дарының бас кеңселерінде «Қызметкерлер ескертеді» арнайы тақшалары жасалған, мұнда саясаттың 
мәтіні, сондай-ақ хабарламалар мен ақпаратты берудің арналары мен әдістері суреттелген. 2013 жылы 
сенім телефоны мен Компанияның электронды мекенжайына кәсіпорындардың қызметкерлерінен және 
үшінші тұлғалардан 11 хабарлама келіп түсті, олар жұмысқа орналасу, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер-
ге, еңбек заңнамасының жекелеген бұзушылықтарына, сондай-ақ ішкі бақылау рәсімдеріне қатысты бо-

81
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
лып келеді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар түспеді. Әрбір келіп түскен хабарлама 
бойынша Компанияның Басқарма Төрағасына өзінде нақты ден қою шаралары көрсетілген қызметтік 
хат жіберіліп отырды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 5/13 шешімімен «Қа-
затомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету саясаты бекітіл-
ді, мұнда Компания қызметінің негізгі бағыттары және лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің сыбай-
лас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету бойынша жалпы іс-әрекет ережелері белгіленген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет