Біріктірілген жылдық есеп


тұрақты дамуды басқару құрылымы



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

тұрақты дамуды басқару құрылымы 
Тұрақты даму ұстанымдарын енгізу Адами ресурстарды басқару департаментінің, Еңбек қорғау 
және қоршаған ортаны қорғау басқармасының және Компанияның орын алу өңірлерінің дамуына 
жауапты «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-ның өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.
Адами ресурстарды басқару департаментінің (бұдан әрі – АРБД) қызметі тұрақты даму тұрғысынан 
алғанда әлеуметтік маңызды болып келетін мәселелерді қамтиды. Олардың арасындағы негізгі 
мәселелер: Қызметкерлерді дамыту және оқыту, өнімді және қолайлы жұмыс ортасын құру, қыз-
меткерлерді қолдау және мотивациялау. Тұрақты даму принциптерінің сәтті енгізілуін қадағалау 
үшін, сондай-ақ жақсартуға арналған потенциалды бағыттарды анықтау үшін АРБД жыл сайын 
Компания қызметкерлеріне сауалдар қойып және сауалнама жүргізіп отырады. 
Еңбек қорғау, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы қызметті басқаруды Еңбек қорғау және қоршаған орта басқармасы (бұдан әрі – 
ЕҚҚОБ) жүзеге асырады, ол Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін 
еңбек қорғау және қоршаған орта қызметтерінің жұмысын әдістемелік қолдау, бақылау және 
жалпы үйлестіру шараларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, ЕҚҚОБ Компания кәсіпорындарын-
да экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша мәліметтерді жинақтап және талдайды және 
осы жұмыстың нәтижелері бойынша есеп беруді әзірлейді, ол артынша Басқармаға ұсынылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қорғау және қор-
шаған ортаны қорғау қызметтері жұмыс істейді, сондай-ақ мерзімді түрде кешенді және мақсаттық 
тексерулер жүргізіліп отырады.
«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтік нысандарды 
басқару және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі операторы болып табылады.  «Қаза-
томөнеркәсіп-Демеу» ЖШС өзінің мақсаты ретінде Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты мен өмір 
сүру сапасын арттыруды қоюда. Міндеттердің қатары: өздерінің аумағында уран өндірісі бар өңір-
лердің әлеуметтік саласын жергілікті халыққа арнап әлеуметтік сипаттағы қызметтерді жүзеге асы-
ру арқылы дамыту және Компания кәсіпорындарының қызметкерлеріне арнап лайықты өмір сүру 
жағдайларын жасау.
Орын алу өңірлерін дамыту жергілікті басқару органдарымен әріптестік жасасу арқылы және Ком-
панияның даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. 

«ҚАзАТОМӨНЕРКәСіп» 
ҰАК» АҚ
ҚОҒАМДыҚ, 
ЭКОлОГИялыҚ
ЖәНЕ ӨзГЕ ҰйыМДАР
БА
Қ
Ж
ЕРГ
ілі
КТ
і А
ТҚАР
Ушы 
ОРГ
АНДАР
Ж
ЕРГ
ілі
КТі
ҚА
Уы
МДА
СТы
ҚТ
АР
РЕ
й
ТИНГ
ілі
К 
АГЕНТТ
іК
ТЕР
лИ
цЕН
зИ
ял
АУ
шы 
ОРГ
АННАН
 
БА
СҚА
 ОР
ТА
лы
Қ 
АТҚАР
Ушы 
ОРГ
АНДАР
СЕР
іКТЕС
ТЕР
 

ОМ
пАНИ
яН
ың 
АК
цИОНЕР
лЕР
і БО
лып 
ТАБ
ыл
МА
йТы
Н)
КРЕДИТОРлАР 
(ЕУРООБлИГАцИялАРДы 
ҰСТАУшылАР)
КәСіпОДАҚТАР 
СыРТҚы АУДИТОРлАР 
МЕН КЕңЕС БЕРУшілЕР
КРЕДИТ
ОР
лАР
 
Қыз
МЕТКЕР
лЕР
ДАР
А АК
цИОНЕР
,
Бі
Рл
ЕСКЕН
Кә
Сіп
ОР
ыНДАР
Дың 
АК
цИОНЕР
лЕР
і МЕН
 
ИНВЕС
ТОР
лАР
ОР
ТА
лы
Қ 
АТҚАР
Ушы 
ОРГ
АНДАР

Аз
АҚС
ТАНН
ың МЖ
ТМ)
М
ЕНЕДЖМЕНТ
 
Ж
ә
НЕ
Ж
ОҒАР
ы 
БА
Сшылы
Қ
Ж
АБ
Ды
ҚТ
АУ
шыл
АР
 
МЕН
 ТҰТ
ы
НУ
шыл
АР
41
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
5.1 мҮдделі тараптармен өзара әрекеттесУ 
«қазатомөнеркәсіп» ұак» ақ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қи-
мылға деген көзқарасы 
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау – бұл ұзақмерзімді құнды құруға арнап қажетті жағдай ту-
дырудың, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мен жағымды бе-
делін қалыптастырудың кепілі. Сыртқы және ішкі стейкхолдерлармен сындарлы қарым-қатынас құру 
анағұрлым әділ және тұрақты әлеуметтік дамуды, тәуекелдер мен беделін одан да жақсы басқаруды 
қамтамасыз етуге, бизнес-орта мен нарықты кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік серіктестік, 
өзара тиімді әріптестік, құрметтілік, ашықтық және сенім білдіру – Компанияның мүдделі тараптармен 
кез келген өзара іс-қимыл жасауы кезінде сүйеніп отыратын негізгі ережелері. 
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі ұстанымдары мен басымдылықтары Компанияның кор-
поративтік құжаттарында: Корпоративтік этика кодексінде және Корпоративтік басқару кодексінде көр-
сетілген. Корпоративтік басқарудың жаңа механизмдерін құрумен және қолданыстағы механизмдерді 
үнемі жетілдірумен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық стейкхолдерлердің құқығын қорғауды қамта-
масыз етіп және мүдделерін үйлесімді етіп отыруға тырысады.
Компанияның барлық стейкхолдерлері Мүдделі тараптардың картасында берілген, мұнда сол не өзге 
топтың ықпал ету дәрежесі көрсетілген. Мысалы, стейкхолдерлердің Компанияның қызметіне тікелей 
не жанама әсерін тигізу-тигізбеуіне қарай, сондай-ақ Компанияның оларға тигізетін ықпалына қарай 
олардың «жақын» және «алыс» тобын бөліп көрсеткен.
Компанияның негізгі мүдделі тараптары – қызметкерлер, кәсіподақтар, Дара акционер, жабдықтаушы-
лар, тұтынушылар, мемлекет органдары, БАҚ және жергілікті қуаымдастықтар.

42
ТұрақТы даму
Компания өзінің мүдделі тараптарымен өзара іс-қимыл жасау барысында келесі коммуникациялық арна-
ларды пайдаланып отырады:
•  корпоративтік коммуникациялар арналарының жүйесі;
•  кездесулер, жиналыстар, келіссөздер;
•  қоғамдық тыңдаулар;
•  қызметкерледен мерзімді түрде сауалнама алу;
•  қоғамдық пікірді зерттеу;
•  бірлескен жұмыстық топтар;
•  қызметкерлерге арналған жедел желілер;
•  инвесторларға арналған таныстырылымдар;
•  форумдарға, конференцияларға, көрмелерге, саммиттерге қатысу;
•  БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау;
•  қоғамдық және сарапшылар қауымдастығына мүше болу;
•  жергілікті билік органдарымен бірлескен, орын алу аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы-
на арналған бағдарламалар.
дара акционер, бірлескен кәсіпорындардың акционерлері және  
инвесторлар
Компанияның Жарғысына сәйкес, Компанияның Дара акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 
қоры» АҚ болып табылады. Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасы Дара акционердің құқықта-
рын ұстанып және қорғап отырады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның дара акционерін Компанияның 
қаржылық нәтижелері ғана қызықтырмайды, ол үшін сонымен қатар Корпоративтік басқару, клиент- 
термен және жабдықтаушылармен қарым-қатынастар, Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауап-
кершілік саясаты, өндірістік қауіпсіздік және жергілікті қауымдастықтардың дамуына үлес қосу сияқты 
Компанияны басқару сапасын көрсететін қаржылық емес көрсеткіштер де маңызды болып табылады. 
Дара акционерге 2013 жылы 2012 жылдың қорытындысы бойынша төленген дивиденді 7,64 млрд тең-
гені құрады.
қызметкерлер
Компания мен Қызметкерлердің өзара іс-қимылы адами капиталды дамытуға және әріптестік негізіндегі 
қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған. 
Қызметкерлердің еңбекақысы, әлеуметтік жинағы мен әлеуметтік кепілдіктер, мәнсаптық өсу, еңбек қа-
уіпсіздігі және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына толықтай сай, 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбек ұжымымен, корпоративтік этика кодексі мен Кадр саясатымен 
реттеліп отырады. Компания әр қызметкердің қосқан үлесін бағалайды және кадрлармен қарым-қа-
тынастарды құрметтілік және әріптестік негізінде құрады, ол бастамашылдыққа, жауапкершілікке және 
шамшыл мақсаттарға қол жеткізуге ынталандырып отырады. Бұл ұстанымдар қызметкерлерге өздерінің 
тиімділігін арттырып және жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізіп отыруға мүмкіндік береді.
2013 жылы Компания қызметкерлердің қатыстырылуына, қанағаттануына және ізгі ниеттілігіне ерек-
ше көңіл бөліп отырды: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Компания қызметкерлерінің арасында әлеу-
меттану зерттеулері, мерзімді іскерлік кездесулер ұйымдастырылып және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 
кәсіпорындарының барлығында жұмыстық топтар құрылды. 
Қызметкерлердің қатыстырылу дәрежесін зерттеу нәтижелері өзекті мәселелерді анықтап және оларға 
алдын-ала ықпал етіп отыруға себін тигізеді. Артып келе жатқан бәсекелестік жағдайында білікті және 
мүдделі қызметкерлер тұрақты бизнес-процестерді дамыту мен қолдаудың қозғаушы күші болып табы-
лады, сол себептен Компания бұл саладағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. 
жабдықтаушылар мен тұтынушылар 
Компанияның ұзақмерзімді жетістігі Компанияның айналасындағы сыртқы факторларды кешенді есепке 
алмайынша мүмкін болмайды. Негізгі сыртқы факторлардың арасында – жабдықтаушылар мен тұты-
нушылардың тұрақты дамуы. 

43
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
Жабдықтаушылар мен тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасасу бойынша тұрақты даму принциптерін 
ұстанумен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ оның уақытында 
жеткізілуі үшін жауапкершілікте болады. Компания өзінің қызметінде тұрақты даму принциптерін қол-
данып отыратын адал жабдықтаушылармен өзара әрекеттесіп отыруға тырысады. «Қазатомөнеркәсіп» 
ҰАК» АҚ өзінің күш-жігерін жеткізілімдер желісінің және құнын құру тізбегінің тиімділігін арттыруға, тіз-
бектің ішіндегі шығындарды азайтуға және брендіге адал көзқарасты қолдауға бағытталған процестер 
мен технологияларды ілгері жылжыту бойынша бірлескен жұмысқа жұмсауда. Қазақстан Республикасы-
ның Мемлекеттік стандарттары мен Корпоративтік стандарттау жүйесінің стандарттарына сәйкес Компа-
нияда мерзімді түрде өнімнің сапасына бақылау жүргізіліп отырады. 
мемлекеттік органдар
Компания мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жауапкершілік, адалдық 
және өзара қызығушылықтарды ұстану принциптеріне негізделген тұрақты және сындарлы қарым-қа-
тынастарды құруға және қолдауға тырысады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасы-
ның заңдары мен заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу жөніндегі комитеттер мен жұмыстық топтарға 
белсенді түрде қатысып отырады, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика секторы ұйымдарының қа-
зақстандық қауымдастығымен әріптестік жасайды, ураны бар материалдарды барлау, өндіру және өң-
деуге арнап лицензия және рұқсат беру туралы мәселелерді қарастыру кезіндегі сараптамаға қатысады. 
Компания Қазақстан Республикасының 2020 ж. перспективамен 2010–2014 жж. арналған Атом саласын 
дамыту бағдарламасын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 
2010–2014 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы 
бойынша «Степногорск таукен-химиялық комбинаты» ЖШС-ның қиындық тудырып отырған мәселе-
лерін шешудің жол картасын және т.б. іске асыруға қатысады. 
жергілікті қауымдастықтар
Жергілікті қауымдастықтар Компаниядағы ортаны қалыптастырумен және ол үшін басты ресурстар-
дың көзі болып табылумен, Компанияға елеулі әсерін тигізеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жергілікті  
қауымдастaр үшін білім берумен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, мәдени шараларды өткізумен, 
денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетумен, инфрақұрылымды дамытумен, өңірлерді абаттан-
дыру мен көгалдандырумен байланысты бірқатар жобаларды іске асырады. Компания үшін жергілік-
ті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу - бұл орын алу өңірлеріндегі атмосфера мен психологиялық 
жағдайға жағымды әсерін тигізетін жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын қызмет. 
2013 Компания алдыңғы жылдағымен салыстырғанда жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен 5,3% 
артық қамтамасыз етті, осылайша, орын алу өңірлерінден қабылданған қызметкерлердің үлесі Компа-
ния қызметкерлерінің жалпы санының 82,5% дейін жетті.
Жұмыс орындарын құрумен қатар Компания әлеуметтік инфрақұрылымды жасқарту бойынша бірқатар 
шаралар қабылдауда. Мысалы, 2013 жылғы желтоқсанда Ақтау қ. тұрғындарына арналған «МАЭК-Қаза-
томөнеркәсіп» ЖШС жаңартылған медицина-санитарлық бөлігінің, ал Тайқоңыр кентінде Компанияның 
еншілес кәсіпорны «Волковгеология» АҚ салған бөбекхана-бақшасының ашылу салтанаты болып өтті. 
бақ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ақпаратын жария ету ережелерін орындаумен Компания жоғары 
дәрежедегі айқындылықты ұстанып отырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы 
диалог жүргізіп отырады.
Мүдделі тараптардың басым көпшілігі үшін қол жетімді болып келетін ақпарат таратудың аса маңызды 
арнасына Компанияның ресми Интернет-сайты (http://www.kazatomprom.kz), атап айтқанда, оның «Кор-
поративтік құжаттар» бөлімі (http://www.kazatomprom.kz/corporate-documents) жатады. Бұл ресурстар-
да Компанияның соңғы жаңалықтарымен, қаржылық және өндірістік көрсеткіштерімен, есептілігімен 
және Компанияның қызметі туралы өзге де пайдалы ақпаратпен, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ-ның басқару және бақылау органдарының қызметін реттейтін құжаттармен, мысалы: Жарғы, Ди-
ректорлар кеңесі туралы ережемен, Басқарма туралы ережемен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен 
танысуға болады. Барлық мүдделі тұлғалар үшін ақпараттың тең қол жетімділігі принципін ұстанумен 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ресми сайта берілетін ақпаратты үш тілде: орыс, қазақ және ағылшын 
тілдерінде жариялайды. 

0
5 000
10 000
15 000
20 000
25 000
30 000
2013
2012
2011
201
201
1
1
201
201
2
2
201
201
3
3
24 707
26 170
27 342
Қызметкерлердің 2011 және 2013 жж.  
аралығындағы жалпы саны, ад.
44
ТұрақТы даму
5.2 Қызметкерлер
қызметкерлерге қатысты тұрғы
Компанияның қызметкерлері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басты активі, оның уранның әлемдік на-
рығындағы көшбасшылық жайғасымға қол жеткізуінің негізі, сондай-ақ келешекте оның тұрақты дамуы-
ның кепілі болып табылады. Компания тұрақты түрде барлық категориядағы және деңгейдегі дарынды 
қызметкерлерді тарту, оқыту және ұстап қалуға арнап барынша күш-жігерін салып отырады. 2013 жылы 
Компания ғылым докторының ғылыми дәрежесіне ие қызметкерлердің санын 14 адамға дейін арттырды 
және PhD дәрежесіне ие 5 қызметкерді жұмысқа қабылдады. 69 қызметкер ғылым кандидаты дәреже-
сіне ие, соның ішінде корпоративтік орталықтың 16 қызметкері. Сонымен қатар, жергілікті мамандарды 
тарту мен дамытқан маңызды, бұл мәселеге барған сайын көбірек көңіл бөлінуде, және осыған негізде-
ле отырып кадрлық ресурстарды стратегиялық жоспарлау жүзеге асырылады.
Компанияның қызметкерлерді басқару саласындағы негізгі құжаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 
Кадр саясаты, оның міндеттері:
•  Компанияның кадр әлеуетін нығайту және іске асыру;
•  Еңбек тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін мотивациялау жүйесін құру және іске асыру;
•  Қызметкерлердің, олардың қабілеті мен біліктілік деңгейінің барынша тиімді дамуына арнап жағдай 
жасау;
•  Еңбек ресурстарын жоспарлаудың тиімділігін арттыру;
•  дуальді оқу жүйесін енгізу;
•  әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әр қызметкердің әлеуетін дамытуға барынша мұқият көңіл бөлуде. Бұл 
тартымды жұмыс орындарын құрумен және еңбектік заңнама нормаларын қатаң ұстанумен, сондай-ақ 
қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жүйесін құрумен, олардың құқықтары мен мүддесін толық көлемде 
ұстанумен қамтамасыз етіледі. Мұндай саясат табысты өндірістік қызметке және еңбек ұжымындағы қа-
рым-қатынастардың тұрақты болуына ықпал етеді. Компания қызметкерлердің мүдделері мен құқықта-
рын қатаң ұстанып отырады, сондай-ақ кез келген түрдегі кемсітушіліктің және еркінен тыс еңбектің ал-
дын-алуға ықпал етіп отырады. Жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қызметкерлердің 
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және кәсіби тұрғыдан және жеке басының өсуіне ар-
нап тең мүмкіндіктер тудыруға ерекше көңіл бөлінеді. Компания қызметкерлерінің құқығын қорғау мақ-
сатында Корпоративтік этика кодексі әзірленіп және ұжымдық келісімшарттар жасалған.
қызметкерлердің құрылымы
2013 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» Қазақстан Республикасындағы атом өнеркәсібінің дамуына және 
Компанияның халықаралық нарықтағы қатысу үлесінің артуына байланысты қызметкерлерінің санын 
көбейтті. Осылайша, Компанияда 775 жаңа жұмыс орны құрылды.
Компанияның барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындары бойынша 
қызметкерлердің тізімдік саны 2013 жылғы 31 желтоқсанға қатысты  
27342 адамды құрады. 2013 жылы 2012 жылдағы көрсеткішпен салыс- 
тырғанда қызметкерлер санының артуы жаңа кеніштің пайдала-
нуға енгізілуімен, орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің  
артуымен, баламалы энергия көздерінің дамуымен негізделген. Қыз-
меткерлердің жылыстау көрсеткіші 14% құрады және алдыңғы есептік 
кезеңнің деңгейінде қалды.
Уран өндіруші және өндірістік кәсіпорындар қызметінің ерекшелігі-
не орай өндірістік қызметкерлердің басым бөлігін еркектер құрайды 
– 78%. 2013 жылы басшы қызметкерлердің құрамындағы әйелдердің 
үлесі 15% құрады, бұл 2012 ж. көрсеткішінен 3% төмен.
2013 жылдың мәліметтері бойынша қызметкерлердің жалпы саны-
ның 50%-ын 31 және 50 жас аралығындағы қызметкерлер құрады. 30 

0
10
20
30
40
50
25,2%
50%
24,8%
Қызметкерлердің жас категориясы бойынша 
құрылымы, %
30 жасқа 
дейін 
31 жастан 
50 жасқа 
дейін
51 жастан 
үлкен
Штаттық қызметкерлер 
Бақыланатын қызмет-
керлер 
штаттық қызметкерлер мен 
бақыланатын қызметкер-
лердің жалпы санда алатын 
үлесі, ад.
642
27 342
<30 жас. еркектер
<30 жас. әйелдер
30-50 жас. еркектер
30-50 жас. әйелдер
>30 жас. еркектер
>30 жас. әйелдер
Компаниядан кеткен қызмет-
керлердің құрылымы, %
34
12
14
7
26
Еркектер
Әйелдер
 Қызметкерлер 
Басқару органдары 
78
85
22
15
Қызметкерлердің гендерлік сипаты бойынша 
құрылымы, %
45
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
жасқа дейінгі қызметкерлердің үлесі алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда біршама ғана – 3,7% -ға 
азайған. 
Компания бұрынғыдай техникалық білімі бар дарынды жас мамандарды жұмысқа тартуға мүдделі болу-
да: 2013 жылы жұмысқа қабылданған түлектердің басым бөлігі инженерлік мамандықтардың түлектері.
Кадрлық ресурстардың маңызды көзі – жергілікті халық. «Қазатомө-
неркәсіп» ҰАК» АҚ-да кәсіпорындардың кәсіби тұрғыдан даяр-
ланған қызметкерге қатысты қажетсінуін жоспарлы қамтамасыз ету 
шеңберінде жұмыс беруші өз қаражатының есебінен студенттерді, 
қызметкерлердің және жергілікті өңір тұрғындарының балаларын 
оқытады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар қаражатының есебінен Қа-
зақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сала мен өңір 
үшін салалас мамандықтар мен кәсіптер бойынша 46 жоғары оқу 
орны мен 15 колледжінде 350 студент оқытылуда. Сонымен қатар, 
2013 жылы 632 студент Компанияның кәсіпорындарында өндірістік 
тәжірибесін өтті.
Уран өндіру кенттеріндегі мектептерден техникалық жоғары оқу 
орындарына түсіру үшін ең мықты оқушыларды іріктеп алу мақ-
сатында кәсіби бағдар жұмысы жүргізіліп отырады. Жыл сайын 
 
Таукент, Қыземшек, Көк-Шоқы кенттерінің 3 мектебінің 36 оқушысы  
мен 6 оқытушысы Қазақстан Республикасының ең үздік мектептерін-
де Жазғы математикалық мектептен өтіп отырады (2010–2011 жж. 
– Жаутықов ат. Республикалық физика-математикалық мектебі, Ал-
маты қ., 2012–2013жж. – Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қ.).
Компания қызметкерлерінің басым бөлігі Оңтүстік-Қазақстан (ОҚО), Шығыс-Қазақстан (ШҚО), Маңғыс-
тау және Қызылорда облыстарында еңбек етуде, себебі бұл өңірлерде уранды өндіру мен қайта өңдеу 
жүзеге асырылуда.
ұжымдық келісімшарт және кәсіподақтар 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіподақ ұйымымен ұжымдық келісімшарт жасасады. Ұжымдық келісім-
шарттың күші қызметкерлердің кәсіподақ мүшесі болып табылу-табылмауына байланыссыз олардың 
барлығына тарайды. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау шеңберінде ұжымдық келісімшартта қызмет-
керлерді және олардың сайланған өкілдерін олардың еңбек жағдайларына әсерін тигізуі мүмкін Ком-
пания қызметіндегі барлық ұйымдық өзгертулер туралы алдын-ала хабардар етудің ең қысқа мерзімі 

Алматы қ.
Астана қ.
ШҚО
ОҚО
Алматы обл.
Ақмола обл.
Маңғыстау обл.
Қызылорда обл.
Жамбыл обл.
Қызметкерлердің өңір 
(Қазақстан Республикасы) 
бойынша құрылымы, %
6,1
19,3
37
2,8
15,4
14,3
0,3
1,9
3
Ұжымдық келісімшарттар-
мен қамтылған қызмет-
керлердің үлесі, (93%)
Ұжымдық келісімшарттар-
мен қамтылмаған қызмет-
керлердің үлесі, (7%)
Ұжымдық келісімшарттармен 
қамтылған қызметкерлердің 
үлесі, %, ад.
25 376
93%
1 966
7%
Даярлау, қайта даярлау 
(ЖОО-лар, колледждер)
Біліктілігін көтеру
Оқыту мен біліктілігін 
көтеруге қатысты шығындар, 
мың теңге
1 028 434
122 904
46
ТұрақТы даму
туралы ережелер көрсетіледі. Оған қоса, ұжымдық келісімшартта келесі аспектілерді 
реттейтін ережелер берілген:
•  еңбекақы төлеу әдісі, жүйесі және оның көлемі;
•  инфляция өскен жағдайдағы еңбекақы көлемін өзгерту мәселелері; 
•  қызметкерлер некеге отырған кезде, зейнеткерлік демалысқа шығу, баласы 
туылған және отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда және т.б. оларға өте-
мақы төлеу;
•  қызметкерлердің жұмыс уақыты және демалыс уақыты;
•  қызметкерлерге ұсынылатын кепілдіктер және әлеуметтік қорғау.
2013 жылы Компания кәсіподақтармен әріптестігін ашық диалогтар мен мерзімді кез-
десулер өткізу арқылы одан әрі жалғастырды. Әртүрлі кәсіподақтармен өзара іс-қи-
мыл 2012–2014 жж. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің, Компания 
мен Қазақстан Республикасы атом саласы кәсіпорындары қызметкерлерінің кәсіпо-
дақтарының 2012 жылы қол қойған Салалық келісімімен реттеледі.
оқыту және біліктілігін көтеру 
Компанияның тұрақты және серпінді дамуы оның қызметкерлерінің біліктілігі мен 
кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Қызметкерлерді оқыту, олардың кәсіби өсуі 
және біліктілігін көтеру Компанияның қызметкерлерді басқару саясатының аса маңы-
зды бағыттары болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инженерлік-техникалық және жұмысшы қызметкер-
лерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтерудің салалық жүйесін жүзеге асы-
руға тырысады. Компания қызметкерлерін оқыту саясаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ қызметкерлерін кәсіби оқыту» ережелер жинағына негізделген, мұнда қызмет-
керлердің кәсіби даму бағдарламаларын іске асырудың мақсаты, принциптері, шарт-
тары, механизмдері мен әдістері белгіленген. Бағдарламаларда білім беру курстары, 
семинарлар, тренингілер, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер және 
жаңа теориялық және тәжірибелік білім алуға арналған өзге де шаралар қамтылған.
Компания қызметкерлердің біліктілігінің, құзырлығының және кәсіби шеберлігінің 
деңгейін көтеру бойынша, бизнес-мәселелерді шешуге деген креативті және баста-
машыл көзқарасты дамыту, сондай-ақ әр қызметкердің әлеуетін ашуға арнап жағдай 
тудыру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырып отырады. 2013 жылы оқуға 
және біліктілігін көтеруге жұмсалған шығын 2012 жылдағымен салыстырғанда 13%-
ға артып және 1 151 млн теңгені құрады.
2013 жылы оқудан өткен және біліктілігін көтерген қызметкерлердің саны 18 932 
адамды құрады, бір жылдағы қызметкерлерді даярлаудың жалпы сағат саны 767 749 
құрады.
Еңбек етуші қызметкерлердің біліктілігін көтеруге үлкен көңіл бөлінуде. 2013 жылы 
163 29 адам біліктігін көтерген. Оның 8 734 (53%) Қазақстан Республикасының заңна-
масына сәйкес міндетті сипатқа ие оқудан өткен, 1 056(6%) елдің қолданыстағы 
заңнамасына өзгертулердің енгізілуіне сәйкес бағдарламалар бойынша оқытылды, 
өндіріс қызметтерінің 5 696 (35%) қызметкерлері инновациялық және өзге тақырып-
тар бойынша біліктілігін көтерді.
Компания Қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлау жөніндегі маман-
дандырылған орталығының негізінде қызметкерлерге арналған қысқы және жазғы 
мектептер ұйымдастырылуда. Жазғы мектеп курстары Компанияда жұмыс істейтін 
мамандар мен жас ғалымдардың (ғылыми дәрежеге ізденушілердің) біліктілігін кө-
теруге бағытталған және кәсіби ой-өрісін кеңейту, тиімді коммуникациялар дағды-
сын дамыту жөніндегі дәрістерді және өзге де дәрістер мен семинарларды қамти-
ды. 2013 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылар мен желілік менеджерлерге 
арнап алтыншы жыл сайынғы «Қысқы мектебін» ұйымдастырды. «Тиімді басшының 
шеберханасы: Көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды дамыту» бағдар-

Жоғары басшылық (бірінші 
басшы мен оның орынбасар-
лары)
Ортаңғы басшылық (бөлімше 
басшылары)
Әкімшілік қызметкерлер 
(жоғары және ортаңғы 
басшылықты санамағандағы 
ӘБҚ)
Өндіріс қызметкерлері
Бір жылдағы қызметкерлерді 
даярлаудың орташа саны
48,8
47,5
38,3
91,6
Жоғары басшылық (бірінші 
басшы мен оның орынбасар-
лары)
Ортаңғы басшылық (бөлімше 
басшылары)
Әкімшілік қызметкерлер 
(жоғары және ортаңғы 
басшылықты санамағандағы 
ӘБҚ)
Өндіріс қызметкерлері
2013 жылы оқудан өткен 
қызметкерлердің саны, ад.
16 047
912
2 009
141
47
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
ламасы бойынша «Қысқы мектеп» «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның ЕТҰ қыз-
меткерлеріне арнап өткізілді. Бұл шара тәжірибемен алмасу алаңшасына айналды, 
қатысушыларға өз жұмыстары мен жобаларын таныстырып шығуға, кері байланыс 
алып және келешекке арналған жобаларын білдіруге мүмкіндік берді. «Қысқы мек-
теп» Компанияның корпоративтік рухы мен беделін нығайтуға бағытталған.
Таукен кәсіпорындарының қызметкерлерін 12 салалас мамандықтар бойынша оқы-
ту Компанияның еншілес ұйымы – «Қазақстан ядролық университеті» ЖШС-да жүр-
гізіледі. Университетте оқу курстарының бағдарламалары және біліктілік талаптары-
на сай келетін сынақтық тапсырмалар, сондай-ақ түрлі технологиялық процестерді 
көрсету мен үлгілеуге арналған оқытушы компьютерлік бағдарламалар әзірленген.
Компанияда сондай-ақ қызметкерлердің нәтижелелігіне ресми баға беру (аттестат-
тау) жүргізіледі. 2013 жылы мерзімді аттестаттаудан өткен қызметкерлердің саны 5 957 
адамды (Компания қызметкерлерінің жалпы санының 22%) құрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет