Бірінші кітап (роман – диалогия)


ЭЛЬЗА - КІШКЕНТАЙ ПЕРІШТЕ



Pdf көрінісі
бет10/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

ЭЛЬЗА - КІШКЕНТАЙ ПЕРІШТЕ

Адамның  басы  –  Алланың  добы»  деген,  қалай  қарай  тепсе,  солай

қарай домалайтын көрінеді.

1941  жылдың.  жазынан  бастап,  дүние  астан-кестен  болғандай,

адамдар  Батысқа  ағылып  жатты.  Олар  əскерлер  еді.  Батыстан

Шығысқа  қарай  да  жүйткіген  пойыздар  көп.  Біздің  Мыңбұлақтан

ылдида,  Теріс  өзенінің  бойындағы  теміржол  алақандағыдай  анық

көрінеді. Байқаймыз, пойыздар жиіледі.

Солардың бірі Боранды бекетіне тоқтап, «жер ауғандарды» түсіріп

тастапты.Оны  үлкендерден  естідік.«Кімдер  екен,кімдер  екен?»  –  деп

ауыл  қазағы  сұрамай  тұра  ма?  «Немістер  екен»,  –  десті  біреулер.



«Немісі  несі?  Соғыс  бізге  де  жетіп  қалды  ма?»  –  деп  шошынды

қарапайым ел.

Оның жауабын көп кешікпей өз құлағымызбен естіп, өз көзімізбен

көрдік.


Біздің ауылға сатылы арба, жəшік арбамен тізіліп қош келді.

Бəрімізді мектепке жинады.

Жиналысты  ауданнан  келген  қайыс  пальтолы  уəкіл  ашты.  Төрде

колхоз  бастық,  сельсовет,  тағы  бір  ұзын  бойлы  кісі  отыр,  түрі  орыс

сияқты.

Уəкіл айтты:

−  Жолдас  колхозшылар!  Бүгін  ауылдарыңызға  жиырма  үй  немісті

көшіріп əкелдік, – деді.

− Немісі несі? – деп, Сапарбай ата шошынып қалды.

− Неміспен соғысып жатқан жоқпыз ба? – деп, бір бүйірден Əліқұл

ата тіл қатты. Уəкіл:

− Шуламаңыздар! Жолдас колхозшылар! Бұлар басқа немістер. Жо-

жоқ, фашистер емес. Өзіміздің Волга бойынан көшкендер.

− Немене, Еділді шапты ма?

− Онда фəшістер Қазақстанға жетіп қалғаны ма?

Сұрақ  көбейді.  Уəкіл  қысылды.  Қайыс  пальтоның  қалтасынан

беторамалын алып, маңдайын сүрткіледі.

−  Жоқ,  –  деді  уəкіл,  –  фашистер  Волга  бойына  жете  алмайды,

жетпей желкесі қиылады.

− Онда Еділдегі немістерді неге жер аударады? Уəкілдің қиналған

жері  осы  болды.  Немістерді  Сталиннің  бұйрығымен  көшіріп  жатыр



деп айта алмайды. Айтса, басы кетеді. Енді уəкіл өктемдікке басты:

−  Жолдас  колхозшылар!  Үкімет  пен  партияның  ісіне  шүбə

келтірмеңіздер.  Немене,  үкімет  пен  партияның  саясатына  қарсы

шығасыңдар ма?!

Жұрт жым болды. Уəкіл де сабасына түсіп:

−  Сөз  көшіп  келген  неміс  ағайындардың  атынан  Отто  Бауэрге

беріледі, – деді.

Қайрабай шал жанындағы біреуге:

− Отта, бауыр, дей ме? – деп сыбырлады.

Неміс  орысша  сөйлесе  де,  біз  түк  түсінген  жоқпыз.  Уəкіл

түсіндірді.

− Отто Бауэр жолдас айтады: осындай қиын шақта орталарыңыздан

орын  беріп,  немістерді  қабыл  алғандарыңызға  рахмет  айтады.

Немістер  іскер,  жұмыс  десе  жұлқынып  тұрған  халық  дейді.  Колхозға

көп көмегі болады, қандай жұмыс болса да қашпайды дейді.

Отто Бауэр – бетінде қорасан дағы бар, ұзын бойлы, еңгезердей кісі

екен, уəкілдің қазақша аудармасын түсінбесе де басын шұлғып тұрды.

Күлімсіреп қояды. Уəкілдің тілмаштығын күшейткісі келгендей:

− Арбайт, арбайт, работа, работа, – деп қойды. Сонымен жиналыс

тарқады. Тарқар алдында кімнің үйіне кім кіреді, соның тізімі оқылды.

Оны Жуанқұл бастық жариялады. Тізімді оқып тұрып, бір жерінде:

− Бердімбетова Айшаға – Вольф Анна, екі қызы бар – Эмма, Эльза,

– деді.

Сөйтіп,  Эммасы  мен  Эльзасын  алып,  Анна  біздің  үйге  келді.

Эммасы  менен  үлкендеу,  Эльзасы  əлі  аяғы  шықпаған  нəресте  екен.

Оны  Анна  көтеріп  келді.  Бір  қолында  қызы,  бір  қолында  қарала

орамалға  буған  түйіншегі  бар.  Эммасының  қолында  да  бір  түйіншек

бар. Бар байлығы – сол.




Кейін-кейін  Анна  айтады  ғой:  тəп-тəуір  дəулетіміз,  сиырларымыз,

шошқаларымыз, үйрек-қаз, тауықтарымыз бар еді деп. Бəрі қалған. Бір

түннің  ішінде  əскер  келіп,  апай-топай  пойызға,қызыл  вагонға  салған.

Енді жеткен жері осы – біздің Мыңбұлақ. Оның ішінде біздің қоржын

үй.

Қоржын  үйдің  бір  жағында  –  өзіміз,  екінші  басында  шөп,  тезек  ,



жалғыз  сиыр,  бір-екі  ешкі.  Ортадағы  ауыз  үйде  де  отын  тағы  басқа

кəкір-шүкір орналасқан.

Айша айтты:

− Бір бөлмеде бірге тұрамын десең, міне, ана бөлменің бір қуысын

жөндеп аламын десең, оны өзің білесің, – деді Аннаға.

Оның  тілін  түсініп  жатқан  Анна  жоқ.  Бірақ  мылқау  жандарша

ыммен – ақ түсініскен сияқты. Анна:

− Гут, гут, – деді.

Сөйтіп, менің немісше бірінші үйренген сөзім – «гут».

Анна сарғыш қолаң шашты, ажарлы əйел еді, үлкен қызы да өзіне

тартқан,  жасына  қарамай  аяқ-қолы  балғадай,денесі  ірі  екен.  Ал  кіші

қызы  өте  шінжəу,  ілмиіп  қана  қалған,  шала-жансар.  Бұрыннан  солай

ма,  əлде  пойыздағы  ұзақ  жолды  көтере  алмай  .ауырып  қалған  ба,  о

жағын біле бермеймін. Жылауық та емес, Бірақ ыңырсиды, езу тартып

күлгенді  білмейді.  Əлі  ес  білмеген  сəби  болса  да,  жасыл-сарғыштау

кезінде қаптаған қасірет, бозғылт аспандай терең мұң жатыр.

Соғыстың  бірінші  жылы  ғой.  Дастарқанымыз  əлі  қурамаған  кез.

Қонақтарымызға  дəм  бердік.  Содан  соң  Анна  ай-шайға  қарамай  іске

кірісті.  Мал  тұратын  бөлменің  бір  бүйірін  тазалап,  араға  ағаштан,

Айшаның баулап-баулап қойған жусан отынынан қоршау салып алды.

Тауықтың  күркесіндей  бөлек  бір  бөлме  болып  шыға  келді.  Бөлме

ішіндегі бөлме.




Аннаның байын əскерге алған екен. Кейін ойлаймын ғой. Əскерге

алса... соғыста. Немістерге, фашист немістерге қарсы соғысады. Неміс

бола  тұрса  да.  Демек  оған  сенгені.  Сенсе,  неге  үйін  жер  аударып

жібереді?

Бұл  дүниенің  біз  білмейтін  жұмбағы  көп.  Дүние  о  басында  түп-

түзу,  дұрыс  жаратылса  керек.  Бірақ  кейін-кейін  күштілер

шыққан,əлсіздер  шыққан.  Əділетсіздік  содан  туған.  Шын  əділет  –

тепе-тендік.  Адамдардың  бəрі  тең  болуы  керек.  Ал  адамдарда  ондай

теңдік  бар  ма?  Біреу  семіз,  біреу  арық.  Əлемнің  терезесі  тең  емес.

Біреудікі  биік,  біреудікі  аласа,  ал  біреудің  терезесі  шынысыз,  қозы

қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын əділет еш уақытта, еш заманда да

болмақ  емес.  Қазіргі  əділет,  əділет  деп  жүргеніміз  –  соның  жұрнағы

ғана.

Сол жұқаның да жұлыны жұлынған.



Əділеттіктен  аттап  өтетін,  беттің  арынан  таспа  тіліп,  түйіндеп

тастайтын саясат дейтін сайқал бар. Саясат – көбінесе тақ үшін талас.

Тақ  дегеніміз  –  күш.  Күшті  болу  үшін  таққа  таласқандар  туған  əке-

шеше,  құрсақтас  бауырын  да  аямайтынын  тарих  талмай  көрсетті,

көрсетіп те жатыр, көрсете де береді.

Таққа таластың ар жағында аран жатыр. Аран ашылады. Қазақтың:

«кедей бай болсам дейді, бай Құдай болсам дейді» дегені содан қалған.

Араны  ашылған  патша  əлемді  алсам  дейді.  Əлемді  Құдайдан  басқа

ешкім  ала  алмайды.  Содан  барып  соғыс  шығады.  Ал  соғыс  дегеніңіз

қып-қызыл  қан,  қаптаған  түпсіз-түмен  қасірет.  Патшалар  жауласады,

халық қырылады.

Сол  қасіреттің  бір  түйірі  мына  біздің  үйдің  бір  түкпіріне  келіп

қонақтады.

Аз  күнде-ақ  Анна  дегеніңіз  Айшамен  бұрынғыдай  ыммен  емес,

қазақша сөйлейтін болып алды. Эммасы да алғыр екен, біз де онымен

түсінісіп  кеттік.  Жалғыз  тіл  қатпайтын  –  Эльза.  Оның  тілі  –  тілсіз

ыңырсу.  Сүтте  бердік,  қаймақта  бердік,  барымызды  аузына  тостық,

бірақ...



Бір күні таңертең біздің бөлмеге Анна келіп, Айшадан:

− Бұл ауылдың зираты қайда? – деп сұрады.

− Зираты несі? – деп шошып кеткен Айша.

− Эльза... – деп, Анна бетін басты.

Үрпиісіп, орнымыздан өре түрегелдік.

Айналасы қоршалмаған жадау ғана жетім зират Бердімбет сайының

бас жағында, қара жолдың үстінде.

Анада  жиналыста  сөйлеген  Бауэр  келді,  бір-екі  неміс  келді.

Өздерінше  бірдеңе-бірдеңе  сөйлесті.  Біз  түсінбейміз.  Түсінгенім:

«мусульман, мусульман» дегендері ғана.

Не  керек,  Эльзаны  зираттың  дəл  езіне  емес,  одан  төменірек,

Бердімбет  сайының  қабағынан  ошақтай  ғана  жер  қазып,  соған  көме

салды.  Қызыл  құмырсқаның  илеуіндей  ғана  төбешік  ақ  қардың

ортасында  қарауытып  қалды.  Аппақ  дүниенің  бетіне  біткен  бір  түйір

тарыдай ғана мең.

Ал  жалпы,  «аппақ  дүние»  деген  осы  бір  егей  бала  сияқты  оқшау

ауылға болмаса, жалпы əлемге жараспайды. Жалпы дүниенің беті дəп-

дəле. Айғыз-айғыз қан.

Бауэр, тағы басқа ер-азамат немістер бір күнде көрінбей кетті.

− Қайда кетті? – десек,

− Трудармияға алып кетті, – деді.

Қайтіп оларды көрген жоқпыз.

Ал қалған немістер күн жылына бере өздеріне жертөледен болса да

баспана соғып, қазақтардың «қоржын» тамдарынан бөлініп шықты.




Көп жыл өткеннен кейін, ұдайы сыртта жүріп, елге барсам, «неміс

көше» деген пайда болыпты. Үйлері əдемі, сүйкімді. Бау-бақшасы бар.

Шетінен  ауқатты.  Анна  қартайыпты.  Эмма  сондағы  бір  тызылдап

тұрған пысық неміске тұрмысқа шығыпты. Өзі магазин ұстайды екен,

қисық  көз  күйеуі  қамбашы  екен.  Билеп  тұр.  Үйіне  шақырып,  шай

берді. Эмманың бір бөтелке арағын іштік.

− Гут, гут, зер, гут, – дедім.

Ешкімге  қиянаты  жоқ,  өтірік-өсекке,  мақтанға,  кеудемсоққа

бармайтын, зорлық-зомбылықты сүймейтін, тек өзінің адалдығына, тек

өзінің маңдай тері мен табан ақысына сүйенетін мейірімді жандар.

Ал  енді  осылардың  əлдеқайда  алыстағы  қандастары  қалайша

дүниені шат-шəлекей қылғаны мүлде түсініксіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет