Атпақшы, сол күні Наурызкөк келді. Айша айтты:
қанаттасын! – деді.
Кəдімгі шымшықтың үлкендігіндей ғана құсқа да өстіп табынады
екен-ау. Елден қысы – жазы кетпейтін кəдімгі бұзық, тірмізік
шымшықтан басқа. Наурызкөк – моп-момақан. Екі көзі моншақтай
қап-қара, көгілдір аспан түстес, сүп-сүйкімді, Періште екені рас та
шығар. Күшті болу үшін дəу болу, қаһарлы болу шарт емес те шығар.
Айталық, Черчилльдің қасында Махатма Ганди кіп-кішкентай ғой.
Черчилль сияқты əскери мундир де кимейді. Сигар да тартпайды.
Коньяк та ішпейді. Пистолет те асынбайды. Тіпті тыр жалаңаш десе де
болады. Беліне байлаған лыпадан басқа тұлдыры жоқ. Қару-жарағы
жоқ. Біреуге ищай деп жаман сөз айтпайды. Қабақ шытып,
қатуланбайды да. Ал сөйте тұра, бір оқ шығармастан Черчилльдерді
жеңді ғой.
Наурызкөк – жақсылықтың нышаны екен.
Сол түні Айша кешегі əңгімені жалғастырды. Оған себепші болған
тағы да Құрмаш еді. Аз ғана тақыл-тұқыл тамағымызды ішіп,
шырағданды сөндіріп, ұйқыға жатамыз. Ерте жатқаннан соң ба ұйқы
келмей қояды. Ерте жатпайын десең, жермай жоқ. Жермайды үнемдеу
керек. Жермайсыз шырағдан жанбайды. Біреулер тоңмайға білте салып
жағып жүр. Оған тоңмай қайда? Тоңмай табылса, қара көже ішіп неміз
бар? Қатпаймыз ба сол көжеге.
Достарыңызбен бөлісу: