Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі


Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген жағымды көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді



бет4/5
Дата28.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40641
1   2   3   4   5
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген жағымды көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді.«Мектептен де маңызды нәрселер бар» ұстанымында болмаңыз

14-слайд
Қабылдау мен махаббат ортасы қалыптастыру өте маңызды.
Таңсәріден бастаңыз! Баланы асықпай оятыңыз, ояна сала ол сіздің күлімдеп тұрғаныңызды көруі және мейірімді даусыңызды естуі тиіс. Оны болмашы желеу мен түртпектей бермеңіз, асықтырмаңыз! Одан да құшақтаңыз, сүйіңіз!
Балаңыздың бойындағы оқушы атану ұмтылысына дем беріп отырыңыз. Оның мектептегі жағдайына сіздің шынайы қызығушылық білдіруіңіз, оның алғашқы жетістіктеріне және туындауы ықтимал қиындықтарына барынша байыппен қарауыңыз біріншісыныпқа барған балаңызға өзінің жаңа орнының қаншалықты маңызды екенін сезінуге көмектеседі.
Балаңыз мектепке ОҚУ үшін барды! Адам оқығанда, қолынан бәрі бірдей келе бермеуі мүмкін, бұл – ҚАЛЫПТЫ жағдай. Баланың қателесуге құқығы бар.
Бірінші сыныпқа барған балаңыздың бойындағы табысқа жетуге деген құлшынысын демеп отырыңыз. Әрбір жұмысында міндетті түрде мақтау айтуға болатын тұстар тауып отырыңыз. мақтау мен эмоциялық қолдау («Жарайсың!», «Сондай жақсы жасадың!») адамның зияткерлік жетістіктерін айтарлықтай арттыра алады.
Баланы мектепгі жағдайы туралы айтуға жігерлендіріңіз. Міндетті түрде балаңыздан сыныптастары, сыныптағы жағдайы, пәндер, педагогтар туралы сұрастырыңыз. Бірақ мектептен келе сала мыңдаған сұрақ жаудырмаңыз, бойын босаңсытуға мүмкіндік беріңіз (ауыр жұмыс күнінен кейін өзіңізді қалай сезінетіңізді еске түсіріңіз).
Баланың өмірінде ата-анасынан да беделді адам пайда болды. Ол – мұғалім. Оқушының педагог туралы пікірін сыйлаңыз.
Баламен сабырлы сөйлесіңіз, қолдау білдіріңіз («Қолыңнан бәрі келеді!», «Бірге шешімін тауып көрейік!»).
ұйықтар алдында ертегі, ән тыңдағанды, мейіріммен аймалағанды жақсы көреді. Осының бәрі тыныштандырады, күні бойы жиналған ширығудан арылуға көмектеседі.
Өткен күнді болған оқиғаларды және сезімдерді талқылаумен тамамдаңыз.
Баланы үйдегі дау-жанжалға араластырмаңыз, өз мүдделеріңізге қол жеткізу үшін баланы пайдаланбаңыз.
Соның бәрін көтеру үшін ол әлі тым кішкентай.

15-слайд
Сізге балаңызбен бірге мектепке бейімделу кезеңінен сәтті өтуге көмектесетін, соынмен қоса өзара түсіністік пен сенімділік қарым-қатынас орнату мақсатында көмектесетін бірнеше құпия бар.
Тапсырмалар да бұйрықтан өзгеше болады: балаға тапсырма беру үшін 1. Бала оны өз бетінше орындауға қабілетті, 2. Тапсырма – әлдене үшін жазалау емес, басқа отбасы мүшелерінікі сияқты маңызы бірдей іс, міндеттеме. 3. Тапсырма оны орындау неге маңызды екенін түсіндіруді қарастырады және болашаққа бағдар сілтеумен қуатталады. Мысалы: өтінемін, сабағыңды оқып болған соң, оқу құралдарыңды сөреге жинап қойшы. Бөлмең әрдайым жинақы болады, оған кіргенде де көз сүйсінетін болады. . Балаға жағымсыз сезімдерді еңсеруге үйретіңіз: кез-келген сезім уақытша екенін және өтіп кететінін айтыңыз. Мысалы, 10-ға дейін санау керек, жараны 5 рет үрлеу керек, т.б. 3. Ойланыңыз: осындай жайт орын алмауы үшін нені басқаша жасауға болар еді?

16-слайд
Ең маңызды 3 құпия: мақтау, көмек, қолдау, ата-аналар аталғандарды меңгеруі маңызды.
«Жарайсың», «Әріптерді әдем жазып жатқаныңы қуанып тұрмын, өте ынталысың!» деген сөздерді естігенде бала қандай сезімде болады
Үш маңызды ережені орындау қажет:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет