Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі


Егер баланың нәрестелік кезеңі қолайсыз өткенін, созылмалы сырқаттары, кіші жаста алған жарақаттары бар екенін білсеңіз, бейімделу ұзаққа созылуы және қиындауы ықтимал



бет2/5
Дата28.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40641
1   2   3   4   5
Егер баланың нәрестелік кезеңі қолайсыз өткенін, созылмалы сырқаттары, кіші жаста алған жарақаттары бар екенін білсеңіз, бейімделу ұзаққа созылуы және қиындауы ықтимал.
Қазір өте жиі көрініс беретін жүйке-психикалық бұзылыстарға ерекше көңіл бөлу керек.
Егер баланың бойынан келесілерді байқасаңыз:

  • баланың бойындағы үлкен қорқынышпен байланысты байбалам салу және стрессті күйлер: тақтаның алдындау жауап беруден, жаңа адамдармен сөйлесуден қатты қорқады;

  • қиындықтарға, соның ішінде, оқудағы қиындықтарға байланысты шектен тыс ашушаңдық, ұдайы шағымдану,невроздар; немесе аффективтік реакциялар – бала әдеттегі жағдайларға шектен тыс ашу шақырады немесе жылайды. Мысалы, бала кез-келген болмашы қиындықтарға (қаламын түсіріп алды, дәретханаға барғысы келді, сыныптасынан сұрағанын ала алмады) жылайды немесе ашуланады (төбелеседі);

  • ұйқысыздық немесе айкезбелік, сонымен қатар, дәрігерлік зерттеулермен расталған гипербелсенділік;

  • ойлау, есте сақтау, қабылдау, сөйлеу және басқа да психикалық функциялар жетіліп үлгермейтін және толыққанды әрекет етпейтін психикалық даму бөгелісі. Бала кеше, оның алдыңғы күні сабақта не өткенін ұмытып қалады; мәні бойынша оқиғаларды өзара байланыстыра алмайды, әңгімесі шатасқан, құрылымы жоқ;

  • немесе өзіндік симптоматикасы бар аурулар: параноидалды патологиялар, эпилепсия және т.б.,

онда балаңызға бейімделу және жаңа ортаға ену кезінде тек ерекше көңіл бөлу ғана емес, психологтар, психиатрлар, невропатологтар сынды мамандардың консультациясы керек.

8-слайд

  • Күн тәртібін бір ыңғайға келтіру керек

  • Баланың дұрыс тамақтануын қадағалау керек

  • Еңбек пен демалыс, оқу тапсырмаларсы мен өзі қызыққан тапсырмаларды кезектестіру үшін жағдай жасау керек

  • Үй тапсырмасын орындауға көмектесу керек

  • Мұғалімдерменкеңесукерек

  • Қабылдау мен махаббатортасынқалыптастырукерек

  • Балағакөңілбөлужәнешынайықызығушылықтанытукерек

9-слайд
Әдетте жеті жасар бала өз уақытына өз бетінше билік ете алмайды, бірақ, қазірдің өзінде оны дұрыстап үйретіп қоюға болады: жақында осы қасиет оған керек болады. Іс жүзінде дәлелденген: күн тәртібін сақтау мектеп оқушысына дербес және жинақы болуға көмектеседі, ал бастауыш сыныптарда жүргізілген арнайы зерттеулер көрсеткендей, үздік оқушылар сабаққа дайындалу үшін нақты бір уақыт белгілейді және үнемі сол уақытта дайындалады. Сондықтан, жақсы баға қабілет пен шыдамдылықтың ғана емес, табанды еңбектің және белгілі бір уақытта жүйелі жұмыс жасау әдетінің нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет