Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі



бет3/5
Дата28.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40641
1   2   3   4   5
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

10-слайд
«Күн тәртібі» ұғымына кіретіндер:

Ата-аналарға байланысты факторларға назар аудару маңызды: түскі ас дайындау, телевизор мен компьютер (телефон) қарау кестесі, қосымша жүктемелер, ұйқыға жатқызу.
Сонымен қоса баланы өз мінез-құлқын өз бетінше реттеуге және басқаруға, өз күн тәртібін ұйымдастыруға үйрету қажет: тапсырмаларды орындауға оятқыш сағат қою, серуендеуге және өзіне ұнайтын істерге, т.б. уақыт белгілеу, балаға жаңа күн тәртібіне үйренуге көмектесу.

11-слайд
Мектеп оқушысының тамақтануына қойылатын талаптар қатаң. Ол үйлесімді болуы тиіс – құрамында оңтайлы мөлшерде ақуыздар, майлар, мен көмірсутектер болуы тиіс, қажетті аминқышқылдарға, дәрумендерге және минералдарға бай болуы және тамақтанған сайын балаға азап емес, қуаныш әкелетіндей дәмді болуы тиіс.
Салауатты ас мәзірі бөліп тамақтануды қарастырады. Тамақтану тәртібі – күніне төрт-бес рет: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және бір-екі жеңіл тіскебасар. Ас үлесінің қажетті тәуліктік құнарлылығы баланың жынысына, бойына, салмағына, физикалық белсенділігіне байланысты және тәулігіне 1500-2000 ккал аралығында ауытқып отыруы мүмкін. Құнарлылық ересектердегі сияқты қағида бойынша үлестіріледі: құнарлы таңғы ас, тойымды түскі ас және жеңіл кешкі ас.
Қарны тоқ, көңілді бірінші сынып оқушысы білім алу үдерісіне әлдеқайда белсендірек кіріседі және мектептегі барлық жүктемелерге дайын болады.

12-слайд
Сонымен бірге үй тапсырмасын орындау тәртібіне де ерекше көңіл бөлу керек. Уақыт белгілеңіз. Өзіңізге де, балаға да үзіліс беріңіз. Бала үй тапсырмасын орындау дағдысын енді меңгеріп жатыр, бұрын оны істеп көрмеген. Оған қиын, ал сізге түсінікті. Сондықтан, төзімді болыңыз. Балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу кезінде екінші ата-анамен ауысып отырыңыздар.
Тағы бір кеңес – балаға бәрін мінсіз орындатуға тырыспаңыз, бірінші реттен сәтті шықпайтынына, екінші жолы бәрі ойдағыдай болатынына сеніңіз.

13-слайд
Мұғалімдермен ынтмақтастық орнатыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет