«Бірлігіміз жарасқан»



бет1/2
Дата10.11.2022
өлшемі10,82 Kb.
#49076
  1   2
Байланысты:
1мамыр Мейір


Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан»
Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт — саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы» атты плакат, тақырыбы, слайд — суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Жүру барысы
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата — аналар қауымы. Бүгінгі біздің «Ынтымағы жарасқан — Қазақстан»- деп аталатын мәдени — мектеп ішілік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
 Елім менің – Қазақстан Отаным,
 Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел — халықпен — деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату — тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
1-мамыр ынтымақ, бірлік мерекесі баршамызға құтты болсын!
Ортаға ынтымақ күніне арналған өлең шумақтарын арнауға оқушыларды шақырамыз.
(1-4 кл оқушалырының тақпақтары)
Бүгінгі біздің 1 – 4 сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған ертеңгілігімізде оқушыларымыз шама — шарқына қарай әр түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсетеді.
 1 — топ: «Қазақтар» 2 — топ: «Орыстар» 3 — топ: «Украин» 4- топ «Өзбектер» 5-топ: «Үнділер» 6 – топ: «Татарлар»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет