Жылдар кестесі
|
Ғасырлар кестесі
|
І, ІV, VІІ, Х, ХІІІ, ХVІ, ХІХ
|
ІІ, V, VІІІ,
ХІ, ХІV,
ХVІІ, ХХ
|
ІІІ, VІ, ІХ,
ХІІ, ХV,
ХVІІІ, ХХІ
|
01
|
13
|
25
|
37
|
49
|
61
|
73
|
85
|
97
|
Тауық
|
Сиыр
|
Жылан
|
02
|
14
|
26
|
38
|
50
|
62
|
74
|
86
|
98
|
Ит
|
Барыс
|
Жылқы
|
03
|
15
|
27
|
39
|
51
|
63
|
75
|
87
|
99
|
Доңыз
|
Қоян
|
Қой
|
04
|
16
|
28
|
40
|
52
|
64
|
76
|
88
|
100
|
Тышқан
|
Ұлу
|
Мешін
|
05
|
17
|
29
|
41
|
53
|
65
|
77
|
89
|
|
Сиыр
|
Жылан
|
Тауық
|
06
|
18
|
30
|
42
|
54
|
66
|
78
|
90
|
|
Барыс
|
Жылқы
|
Ит
|
07
|
19
|
31
|
43
|
55
|
67
|
79
|
91
|
|
Қоян
|
Қой
|
Доңыз
|
08
|
20
|
32
|
44
|
56
|
68
|
80
|
92
|
|
Ұлу
|
Мешін
|
Тышқан
|
09
|
21
|
33
|
45
|
57
|
69
|
81
|
93
|
|
Жылан
|
Тауық
|
Сиыр
|
10
|
22
|
34
|
46
|
58
|
70
|
82
|
94
|
|
Жылқы
|
Ит
|
Барыс
|
11
|
23
|
35
|
47
|
59
|
71
|
83
|
95
|
|
Қой
|
Доңыз
|
Қоян
|
12
|
24
|
36
|
48
|
60
|
72
|
84
|
96
|
|
Мешін
|
Тышқан
|
Ұлу
|
10 Хижра және оның Григориан жыл санауымен байланысы
Көне жазбаларда, шежірелерде, діни еңбектерде «Хижра» деген сөз жиі кездеседі. Хижра – арабша «көшу» дегенді білдіреді. Оның бір ұшы Ислам дінінің тарихына барып тіреледі. Біздің жыл санауымызша 622-ші жыл – хижра бойынша 1-ші жыл болып есептеледі. Тарихи деректер бойынша осы жылы григориан күнтізбесі есебімен 622-ші жылғы қыркүйек айының 20-жұлдызында Мұхаммед пайғамбар Меккеден Мәдинәға көшкен. Осы күннен хижра жыл санауы басталады.
Құранда көрсетілгендей, Ай – уақыттың өлшемі болып табылады. 354 күннен тұратын мұсылман жылы Айдың Жерді айналуына негізделеді. Күн күнтізбесімен салыстырғанда Ай күнтізбесі 10-11 күнге кем болып отырады, сондықтан мұсылман Жаңа жылы 32,5 жыл циклы бойынша қалыс қалады. Мұсылман күнтізбесі 12 айдан тұрады. Ол жайлы Құран Кәрімде: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны – он екі» («Тәубе» сүресі, 36-аят). Мұсылман күнтізбесі әдетте 354 күннен тұрады, ал әрбір үшінші жыл – 355 күнге тең.
Мұсылман жыл санауына қай айды бастама ретінде қабылдау жөнінде де біраз пікірталас болды. Абдуррахман бин Ауф харам (тыйым салынған) айлардың алғашқысы болғандықтан Рәжәбты, Талха бин Убайдуллаһ мұсылмандардың мүбарак айы деп Рамазанды, хазреті Әли жыл басы ретінде Мұхаррамды ұсынды. Бұл мәселеде де хазреті Әлидің ұсынысы қабыл болды. Мұхаррам бұрыннан да айлардың алғашқысы болып саналатын.
Мұсылман күнтізбесі бойынша ай аттары былай сипатталады:
1) Мұхаррам - арабша «тыйым салынған, қасиетті» деген мағынаны білдіреді. Жылдың бұл айында әскери қимылдар мен жорықтарға тыйым салынған;
2) Сапар – «сары» деген ұғымды білдіреді. Бұл күз айының аты, өсімдіктер сарғаяды деген сөз;
3) Рабиғул-әууәл – бірінші раби. Қазіргі арабшада «раби» сөзі көктемді білдіргенімен, ежелгі арабтарда күз осылай аталған. Бұл күз айы болған;
4) Рабиғул-ахир – екінші рәби. Ертеде бұл ай да күзге жатқызылған;
5) Жумадал-улә – бірінші жұмада. «Жұмада» сөзі – «тоңу, қату» дегенді білдіреді. Бұл қыс айы болып есептелген;
6) Жумадал-ахир – екінші жұмада. Бұл да қыс айына енген;
7) Рәжәб – жорықтар мен әскери іс-қималдарды тоқтата тұру айы. «Зорлық-зомбылықтан тыйылу» деген мағынаны береді;
8) Шағбан – «бөліну» дегенді білдіреді. Бұл айда араб тайпалары жорықтарға аттанған;
9) Рамазан – ыстық ай. Бұл айда күн көзі өсімдіктерді күйдіріп жіберген;
10) Шәууәл – көшу айы. Бұл айда араб тайпалары тұрақтарынан қозғалып, далалар мен шөлдерге аттанған;
11) Зул-қағда – «отыру, орнынан табылу» дегенді білдіреді. Бұл айда араб тайпалары өз тұрақтарынан ұзамай, орындарында отырған.
12) Зул-хижжа – қажылық айы. Ай аты арабтың «қажылық жасау» сөзінен шыққан.
Ескі кітаптарда көне қолжазбаларда адамдардың туған не қайтыс болған жылдары, сондай-ақ тарихи оқиғалары хижра жыл есебімен белгіленеді. Осы жылды қазіргі Григориан жыл есебіне қалай айналдыруға болатынын қарастырайық.
Мысалы, Абу Райхан Бируни хижраның 363 жылы туылған. Бұл біздің қазіргі жыл санауымыз бойынша қай жылы болатынын есептеп шығару үшін хижра жылын 33 санына бөлу керек. 33 (365/11≈33 немесе 354/11≈32) саны шамамен хижра жылының Григориан кестесінен бір жылға озуына тең келетін мезгілін білдіреді. Бөлуден шыққан санды хижра жылынан алып, одан қалған санға 622-ні, Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинә шаһарына көшкен жылын қосу керек. Сонда нәтиже мынадай боп шықпақ:
363 : 33 = 11; 363 – 11 = 352; 352 + 622 = 974.
Демек, Абу Райхан Бируни бабамыз біздің жыл санауымыз бойынша 974 жылы дүниеге келген екен.
Ал, енді Григорян жылын хижра жылына қалай айналдырамыз? Ол үшін осы жылдан 622-ні аламыз. Содан кейін айырманы 32-ге бөлеміз де, бұдан шыққан санды сол айырмаға қоссақ, керек есебіміздің шыққаны. Мысал үшін, Григориан күнтізбесі бойынша қазір 2011 жыл. Бұл Хижраның қай жылына сәйкес келетінін анықтайық:
2011 – 622 = 1389; 1389 : 32 = 43; 1389 + 43 = 1432.
Сонымен, қазір бізде хижраның 1432 жылы.
Біздің жыл санауымыз бойынша 20556 жылы, яғни 18545 жылдан кейін, григориан күнтізбесі мен хижра есебіндегі жыл санау жүйесі теңеседі де, хижра күнтізбесі оза бастайды.
11 Астрономиялық күнтізбе
Астрономиялық күнтізбелерге астрономиялық бақылауларға, оларды өңдеуге және көптеген астрономиялық есептерді шығаруға қажетті мағлұматтар енгізілген. Өздерінің мазмұны бойынша астрономиялық күнтізбелер екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың құрамына астрономияның әртүрлі бөлімдері бойынша қысқаша теориялық негіздер, анықтамалық кестелер мен тұрақтылар туралы мағлұматтар кіреді. Бұл топқа «БАГҰ-ның астрономиялық күнтізбесі (тұрақты бөлім)» жатады. Өзгермей тұрақты болып қалатын анықтамалар мен мағлұматтар П.Г. Куликовскийдің «Астрономия оқырманының анықтамасы» кітабының құрамына да енген, сонымен қатар әртүрлі каталогтар мен жекеленген арнайы анықтамалық кестелерде болады. Астрономиялық күнтізбелердің екінші тобына әр жылғы астрономиялық мағлұматтарды сақтайтын астрономиялық жылдық күнтізбелерді жатқызуға болады, оларға: «БАГҰ-ның астрономиялық күнтізбесі (тұрақты бөлім)», «Теңіздік жылдық күнтізбе», «Мектеп астрономиялық күнтізбесі» және т.б. жатады. Жылдық күнтізбелерге енгізілген мағлұматтардың сипаты мен көлемі олардың мақсатына байланысты. КСРО кезінде шығарылатын «БАГҰ-ның астрономиялық күнтізбесі (тұрақты бөлім)» бірқатар кестелерді қамтыған, олардың ішінде жалпы астрономияның есептерін шешуге аса қажеттілері:
Астрономиялық тұрақтылар.
Күн жүйесі планеталарының орбиталарының элементтері.
Күн жүйесі планеталарының физикалық сипаттамалары.
Планеталар серіктері.
Бұрыштарды градустан сағаттық өлшемге ауыстыру.
Бұрыштарды сағаттық өлшемнен градустық өлшемге ауыстыру.
Орташа уақыт аралықтарын жұлдыздық уақыт аралықтарына ауыстыру.
Жұлдыздық уақыт аралықтарын орташа уақыт аралықтарына ауыстыру.
Орташа рефракция.
Шоқжұлдыздардың аттары мен белгілеулері.
Тік шарықтау бойынша жылдық прецессия.
Жіктелу бойынша жылдық прецессия.
1975.0 үшін 4m,00-ден жарық жұлдыздардың орташа массасы.
Қос жұлдыздар тізімі.
Екі жұлдыздың жалпы жұлдыздық шамасын анықтау.
4m,5-тен жарық барлық жұлдыздардың V жүйесіндегі каталогы.
Жоғарыда көрсетілген кестелердің нөмірлері күнтізбелердегі кестелер нөмірлерімен сәйкес келе бермейді. Сондықтан олардың нақты нөмірлерін мазмұнындағы кестелер көрсетілген беттерден табу керек. 1-4, 9, 10 кестелерді түсіндірудің қажеті жоқ. 13 пен 14 кестелерде сағаттар латынның h әрпімен, минуттар m және секундтар s әрпімен белгіленген.
Аттары ортақ бағаналарға назар аударсаңыздар (мысалы, «доға бойынша сағаттар», «доға бойынша минуттар» және т.б.), онда сол жақ бағаналарда бұрыштардың мәні бір жүйеде берілсе, ал олармен қатар жатқан бағаналарда сол бұрыштардың мәндері басқа есептеу жүйесінде берілген. Бұрыштардың мәндерін бір өлшемнен басқаға ауыстыру үшін берілген мәндер сол жақ бағанадан ізделінеді де, ал оларға сәйкес басқа есептеу жүйесіндегі мәндері сол жолдың оң жақ бағаналарынан жазылып алынып, жазылып алынған мәндер бір бірімен қосылды.
7 және 8 кесте уақыт моментін ауыстыру үшін емес, уақыт интервалын уақыттың бір есептеу жүйесінен екіншісіне ауыстыру үшін қажет. Жұлдыздық уақыт бірлігінің шамасы орташа уақыт бірлігіне сәйкес келеді. Бұл кезде пайда болатын қатеден құтылу үшін кестені қолданғанда бағанның тақырыбына көңіл бөлу керек, себебі бірінші бағанаға келесі үш бағана – екінші, үшінші, төртінші бағаналар сәйкес келеді, ал бесінші бағанаға алтыншы және жетінші бағаналар сәйкес келеді. Бір жүйеде берілген уақыт интервалының берілген мәні бірінші және екінші бағаналардан ізделінеді, ал оларға сәйкес келетін басқа жүйедегі уақыт интервалы аттас бағаналардан ізделінеді. Уақыт интервалының ауысуы кезінде тек мәліметтерді бүтін секундқа дейін домалақтау қажет және осы кестелерде жүзеге асады.
13-кесте «1975 үшін 4m-ден жарық жұлдыздардың орташа орны» және 16-кесте «4m,50-ден жарық барлық жұлдыздардың каталогы», «V» жүйесінде көрсетілген өлшемдерге сай барлық жұлдыздардың тізімі, олардың 1975 немесе 2000 (кестенің аталуында көретілген) жылдың басына сәйкес және экваторлық координаттары, бұл координаттардың жылдық өзгерісі, спектрлік класы және жұлдыздардың көрінерлік жұлдыздық шамалары, сонымен қатар астрономиялық нақты есептеулер үшін қажет кейбір мәліметтер бар.
Астрономияда қабылданған сандық өлшемдердің жазылуына көңіл бөлу керек. Градустық белгі (o), минут ('), және доғалық секунд (''), сағат (сағ. және һ), минут (м немесе m), секунд (с немесе s), уақыттар, ал сонымен қатар жұлдыздық өлшемдердің белгіленуі әрқашан бүтін сандар дәрежесі түрінде болады, ал ондық, жүздік, мыңдық бөліктер үтір мен осы белгілерден кейін жазылады. Онымен бірге бүтін сандардың бөлігі үтірмен емес, нүктемен бөлінеді, мысалы: және т.б.
Жалпы астрономиялық есептерді шешу курстарында координаттарға және жұлдыздың тік шарықтануын секундқа дейінгі немесе 0m.1-ге дейінгі дәлдікпен жазылады, ал жіктелуі доғаның минутқа дейін дәлдігімен дөңгелектенеді. Егер каталогтан әріптік белгіленуі көрсетілмеген, бірақ аттары белгілі жұлдыздар туралы мәлімет жазу қажет болса, онда алдымен А.А.Михайловтың жұлдыздық атласындағы «Жұлдыз аттары» кестесі бойынша шоқжұлдыздардағы жұлдыздардың әріптік белгіленуін анықтау керек, одан кейін осы белгіленуі бойынша жұлдыздық каталогтан іздеуге болады.
Мысалы: Вега жұлдызы туралы мәлімет алу қажет. «Жұлдыз аттары» кестесі бойынша Вега деп Лира шоқжұлдызының жұлдызы аталатынын анықтаймыз, одан кейін каталогтан Лира шоқжұлдызы және ол туралы мәліметтерді іздейміз.
14 кесте көрінетін жұлдыздық шамасы 5m,94-ке дейінгі жарық қос жұлдыздар туралы мәлімет береді. Бұл кестеде шоқжұлдыздардағы жұлдыздардың белгіленуі берілген, бұл жұлдыздар Р.Эйткеннің (ADS) қос жұлдыздар каталогы бойынша нөмірленген, 1975 жылдың басына сәйкестендірілген және экваторлық координаттары, жиынтық жарқырау (компоненттерінің жұлдыздық шамалары әртүрлі болғандықтан қос жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы m олардың қосындысы ретінде анықталады). Әрбір доғалық секунд (′′) бойынша алынған компоненттерінің арасындағы көрінерлік бұрыштық қашықтық , анағұрлым әлсіз компоненттің позициялық бұрышы (анағұрлым жарық компонентке қатысты орнын анықтайды) және және үшін берілген Е кезеңі.
15-кесте қос жұлдыздың жұлдыздық шамаларының қосындысын оның компоненттерінің белгілі жұлдыздық шамалары бойынша анықтау үшін пайдаланылады. Алдымен 5, 6, 10, 13-кестелерді мұқият зерттеу керек, ал қалған кестелермен жалпы астрономия курсын өте отырып танысуға болады. Ұқсас кестелер П.Г.Куликовскийдің «Астрономияға қызығушылар анықтамасында» бар. Астрономиялық құбылыстарда байқалып жатқан жаңа мәліметтер жылдық астрономиялық календарьда басылып шығады, алғы сөзінде құрылымға және олардың кестелерде қолданылуы туралы түсініктеме беріледі. «Астрономиялық календарь – жылдық БАГҰ» екі бөлімнен тұрады: біріншісі астрономиялық құбылыстардың сандық мәліметтерінің кестелерінен тұрады (бұл кестелер эфемеридтер деп аталады), екіншісі – ғылыми мақалалар, шолу, тарихи-астрономиялық зерттеу мен библиографиядан тұрады.
Күн мен Айдың эфемеридтері әр ай сайын құрылған, келесі парақтарға орныластырылған және осы шырақтарға күнделікті мәлімет береді. Күнге ай күндері, күндердің жалпы саны (юлиандық кезеңнің күндері) географиялық бойлығы (0о0′0′′) және географиялық ендігі о0′0′′ пунктте күннің шығу мен бату моменттері, бұл моменттер дүниежүзілік немесе бүкіләлемдік уақыт деп те аталатын Гринвич уақыты бойынша алынған. Күннің шығу мен бату нүктелерінің азимуты осы пунктте (, о0′0′′) астрономиялық санау жүйесінде өрнектелген, яғни оңтүстік нүктеден бастап саналады, және де азимут батысқа қарай теріс деп, ал шығысқа - оң деп есептеледі. Геодезиялық А′ азимут астрономиялық А азимутпен келесі қатынаспен байланысады:
, А<0 үшін «+», А>0 үшін «-»
Келесі төрт бағанада мыналар берілген: Күннің тік шарықтауы -күн дискісінің центрінің көктемгі күн мен түннің теңелу нүкесінен бұрыштық арақашықтығы, 2) орташа және нақты күндік уақыттың айырмасы ретінде анықталатын уақыттың теңдеуі η, 3) Күннің жіктелуі δ, 4) жіктелудің сағаттық өзгеруі δ. Бұл шамалар үздіксіз өзгеретіндіктен бүкіләлемдік уақыттың 4һ моментінде емес, яғни Гринвич меридианындағы Күннің төменгі кульминациясындағы 0һ моментіне берілген.
Соңғы бағанда дүние жүзілік уақыт 0һ-ғы жұлдыздық уақыт s берілген, яғни орташа гривичтік түн ортасының бастапқы меридианынна берілген жұлдыздық уақыт. Күннің эфемиридаларының Гринвич меридианында Т0,куль жоғарғы кульминациясының моменті жоқ, ол келесі формуламен есептеледі:
Т0,куль =12ч+ η,
мұндағы η – берілген мерзімнің бүкіл әлемдік уақыты 12ч үшін уақыттың теңдеуі және қазіргі және келесі мерзім үшін 7-бағанға орналастырылған η-ң орта мәні ретінде табылады.
Ай эфемеридтері - Айдың шығу моменті, жоғарғы кульминация және Айдың Гринвич уақыты бойынша батуы, және о 0′0′′ пунктінде шығу мен бату нүктелерінің астрономиялық азимуты, сонымен қатар оның тік шарықтауы , жіктелуі δ және орташа гринвичтік түн ортасында көрінетін бұрыштық радиус r (дүниежүзілік уақыт бойынша 0һ0м0s). Кестенің төменгі жағында Айдың фазасы және кейбір басқа құбылыстар туралы мәліметтер келтіріледі. Айдың негізгі фазалары келесідей белгіленген: – Жаңа ай, – Бірінші ширек, – Толған ай, – Соңғы ширек (үшінші), осы белгілеулердің жанында ағымдағы жыл айында Айдың осы фазалары болуының гринвичтік уақыт бойынша мерзімі және моменті берілген.
Әр жылдық таблицалардың мазмұнымен астрономия курсын оқып жүріп танысу керек. Мұғалімдер мен орта мектеп оқушыларына арналған әр жыл сайын шығатын мектептің астрономиялық күнтізбесінен сабақтың өтуіне керекті және мектептің астрономия пәніне арналған үйірмелер мен бақылауларға қажетті мәліметтер аламыз. Бұл күнтізбе үш бөлімнен тұрады: біріншісі – тұрақты мәліметтер, екіншісі – жыл бойы болған құбылыстар жайлы мәліметтер, үшіншісі – астрономия пәнінің мұғаліміне методикалық мақалалар мен шолулар жөнінде көмек береді. Екінші (эфемеридті) бөлімнің мазмұны бірінші бөлімнің мазмұнымен сәйкес «ВАГО жылдық астрономиялық күнтізбесі» мектептің астрономия курсын оқу шартын толығымен қанағаттандырады. 0>
Достарыңызбен бөлісу: |