Біз бірінші бөлімде астрономияда нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауда қолданылатын координат жүйелерін қарастырғанбыз



бет5/11
Дата07.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#17689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3-дәріс. Уақыт ЖӘНЕ ОНы өлшеу

4 Астрономиядағы жылдың түрлері
Тәулік – белгілі бір ендікте Жердің өз осін айналу уақыты – уақыттың өте қысқа аралығын өлшейтін бірлігі. Уақыттың ұзақ аралықтарын өлшеу үшін қолайлы уақыт бірлігін енгізу қажет. Сонымен қатар, адамзаттың күнделікті іс-әрекеті күн мен түннің ауысуына ғана байланысты емес, сонымен қатар жыл мезгілдерінің ауысуына да байланысты. Сондықтан жылдың ұзақтығы Жердің орбита бойымен Күнді айналуына байланысты және ол да маңызды уақыт бірлігі болып табылады. Тәулік сияқты жылдың ұзақтығын анықтау үшін де Жердің жылдық қозғалысын салыстыратын белгі керек.

Бастапқы бағыт ретінде Күн жүйесінің центрінен алыс жатқан жұлдызға (дұрысы Галактикадан тыс жатқан объектке: галактикаға немесе квазарға) қарай бағытты алуға болады. Онда осы бағытқа қатысты Жердің орбита бойымен Күнді айналу периодын жұлдыздық немесе сидерлік жыл деп атайды. Ол 365,25636 тәулікке тең, яғни 365 тәулік 6 сағат 9 минут 10 секундқа тең.

Бірақ жыл мезгілдерінің ауысуы Күннің көрінерлік орнының күн мен түннің теңелу нүктелеріне қатысты өзгеруімен анықталады (Күннің горизонттан тәуліктегі максимал биіктігінің жыл ішіндегі өзгерісі). Оған қоса прецессия әсерінен күн мен түннің теңелу нүктесі жұлдыздармен салыстырғанда Күнге қарсы жыл сайын жылжиды. Осы жылжудың әсерінен Күннің көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі арқылы өту уақыты аралығының ұзақтығы жұлдыздық жылдан аз болады. Бұл аралық нақты немесе тропиктік жыл деп аталады. Оның ұзақтығы мынаған тең: 365,2421988 тәулік (365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд). Осы уақыт аралығында орташа күн көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесіне қайтып келеді деп қабылданған.

Тропиктік жылдардың ұзақтықтары бірдей болады, бірақ осы уақыт аралығы үшін календарлық (күнтізбелік) жыл бірде 365, бірде 366 тәулікке тең болады. Календарлық және тропиктік жылдардың басын мүмкіндігінше жақындастыру үшін неміс астрономы Ф. В. Бессельдің (1784–1846) ұсынысы бойынша орта экваторлық күн тең болғанда астрономиялық (тропиктік) жылдың басы болып саналады. Осы кезеңнен бастап саналған тропиктік жыл бессельдік жыл деп аталады. Ол жылдың басталу моменті астрономиялық жылнамаларда беріледі.

Сонымен қатар жылдың ұзақтығын Жердің Күн орбитасына жақын нүктесі - перигелийді өтуі арқылы анықтауға болады. Мұндай жыл аномалдық жыл деп аталады, оның ұзақтығы 365,25964 тәулікті құрайды (365 тәулік 6 сағат 13 минут 53 секунд) және жұлдыздық жылдан 4 минут 43 секундқа ұзақ. Бұл айырмашылық перигелий нүктесінің Жердің орбиталық қозғалыс бағытына қарай жылжуына байланысты.

Енді Жердің орбиталық қозғалысының периодын Ай түйіндеріне қатысты, яғни Ай орбитасының жазықтығының эклиптика жазықтығымен қиылысу нүктелеріне қатысты анықтауға болады. Мұндай жыл дракондық жыл деген атқа ие болды және Күн мен Айдың тұтылуы осы жылға байланысты. Ай түйіндерінің эклиптика бойымен жылжуы жылдам болғандықтан (периоды 18,6 жыл), дракондық жыл басқаларына қарағанда қысқа, бар болғаны 346.62003 тәулікті құрайды (346 тәулік 14 сағат 52 минут 51 секунд).



Мынаны ескеру керек: жұлдыздық жылдың абсолюттік ұзақтығы тек Жердің орбиталды қозғалысымен байланысты, ал тропиктік жыл – оның өсінің прецессиясымен де байланысты және уақыт өтуімен өзгермейді деуге болады. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей, тәуліктің ұзақтығы ақырындап ұлғаяды, сондықтан тропикалық жылдағы тәуліктер саны баяу, бірақ ұдайы азаюы керек. Бұл эффект жуықтап С. Ньюком формуласымен жазылады:
, (5.13)
мұндағы R – жылдың реттік саны.

Сонымен, тропикалық жылдың тәулік бойынша ұзақтығы мынаған тең болады:



Б.э.д 3000 жылы

Б.э. 1 жылы

Б.э 1900 жылы

Б.э 4000 жылы



365.242500 тәулік

365.242316 тәулік

365.242199 тәулік

365.242070 тәулік



Қазіргі кезде тропиктік жылдың ұзақтығы әрбір жүз жылдықта 0.54 секундқа азайып отырады. Миллиард жыл бұрын қазіргіге қарағанда тәулік жуық шамамен 4 сағатқа қысқа болатын, ал 4.5 миллиард жылдан кейін бір жылда Жер өз осін 9 рет қана айналатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет