Ортаңғы топ № 13 Күннің ұзақтығын байқау. Мақал-мәтел Егер жұмыс болмаса, кешке дейін күн де ұзақ.
Бақылау: Желтоқсанда күн қысқа,түн ұзақ,соған назар аудару. Балалардың сөздік құрамына көніл бөлу, табиғатқа қызығушылығын арттыру.
Қимылды ойын: «Бермеймін» Қалың қар үстінде шеңбер жасау. Әркім қасында тұрған баланы белгі бойынша өзіне тартып қалады. Балаларды күшті болуға, шыдамдылықпен ойын ережесін бұзбауға тәрбиелеу.
Еңбек: Ауланы түскен бұтақтардан жинастыруға, тәрбиешіге көмектесуге ынталандыру, әр баланың еңбекке жүйелі қатысуын қамтамасыз ету.
Өз бетімен ойындар: Балалардың ойын уақытында бір-біріне деген қарым-қатынасын түзету, қылықтарымен істерін айқындау, өз көзқарасында тұрақты болу; құрдасының ойы мен өзінің ойын сәикестендіріп , ойыншықтарды, рөлді және міндеттерді бөлісудегі қимыл іс-әрекеттерін сыпайы түрде аңғарта білуін дамыту.
Ортаңғы топ № 14 Қар жауғаннан кейінгі ағаштардың жайы қандай? Мақал-мәтел. Желтоқсанда қыс ақ мамық төсейді. Ал аяз өзен арқылы көпірлер тұрғызады.
Бақылау: Қар жауғаннан кейін ағаштың қалпы қандай әдемі екеніне балалардың көңілін аударту. Кішкентай ағаштар үшкір дөңгелек тебетейге оранды, кейбір ағаштың бұтақтары бұғының мүйізі сияқты, кейбіреуі тоқыма жіп сияқты, мақталы шар сияқты. Балаларды ағашты күтуге үйрету. Қар басқан ағаш бұтақтары майысып тұрады, ол қалың қарды ақырындап түсіру керек екенін түсіндіру. ААғаштар жапырақтарын неге түсіретінін түсіндіру. Балаларды табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз сөзінен алған әсерлерін айтуға үйрету.
Қимылды ойын: «Аю апанында» Әртүрлі бағытта балаларды жүгіруге, жылдам қозғалысқа үйрету.
Еңбек: Бұтақтарды қардан сілкіп тазарту. Балаларға ағаштарды ажыратуды үйрету. Олардың эстетикалық танымын байыту.
Өз бетімен ойындар: Өз бетінше ойнау дағдыларын дамыту.