Біз серуенге шығамыз



бет19/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
№ 7
Тайғанақты бақылау.
Бақылау:
Тайғанақтың пайда болу жолдарын түсіндіру. Ауа райы тез жылынғанда,ілезде аяз болып, одан кейін болатын құбылыс тайғанаққа айналады. Ауа температурасы мен судың агрегаттық жағдайы арасындағы байланысты түсіндіру. Тайғанақ- бұл мұздың қалың беті, жер қабатында түзіледі. Тайғанақпен қалай күресуді ескерту. Тайғанақ кезінде өзінің қауіпсіздік шараларын білуге үйрету. Көргені жөнінде айту және бақылау ынтасын дамыту.
Қимылды ойын: «Ұзын жол бойында»
Мұз жолы бойынша тайғанақтау кезінде тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Жарыстарға қатысуға ынталандыру.
Еңбек: Жолға құмды төгу
Жолға құм төгу- еңбектің себебін балаларға түсіндіру. Өз еңбегінің нәтижесін көруге үйрету.
Өз бетімен ойындар:
Ойын кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жетілдіру, құрбыларының қылықтарына өз көзқарастарын білдіру, өз іс-қимылдарымен амалдарын негіздеу.




Ортаңғы топ
8
Ағаштардағы қырауларды бақылау.
Бақылау:
Қыраудың пайда болу процесі туралы түсінік беру. Балалардың назарын қар еріген кезде, күрт суық түскенде және ауа-райы жылыған кезде айналаны қырау басқанын ағаштарда, орындықтарда және басқа заттарға қарап бақылауды ұсыну. Қырау – бұл мығым шық. Түнде жердің үстіндегі ауа салқындайды. Ауадағы сулы булар салқындаған заттармен өзара жанасып сулы тамшыларға айналып мұзды кесек болып қатыра,сөйтіп және қырау болады. Табиғаттың әртүрлі қысқы құбылыстарын көріп бақылау, қысқы қардың сұлулығына таңдануға балаларды үйрету.
Қимылды ойындар: «Бірінші бол»
Белгі бойынша іс-әрекет жасай білуін бекіту (шананы айналу және өз орнына тұру) және қосымша жаттығуларды орындау (шанаға отыру, 5 рет отырып-тұру және т.б) жылдам және еппен іс-әрекет жасау.
Еңбек: Мұзды жол әзірлеу. Қарды өздігінен күрекпен белгілі орынға алып бару, оны нығыздауға үйрету; ұжымдық еңбекке қатынасуға үйрету, өз әрекеттері мен құрбыларының әрекеттерін келістіре еңбектену.
Өз бетімен ойындар: Балаларға ойын тақырыбы мен мазмұнын түрлендіру; өз пікірін айту дағдыларын жетілдіру, өз құрбыларының пікірлерімен келісу, олардың рөлдер, ойыншықтар мен міндеттерін бөлісуге сыпайы түрде айтуын жетілдіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет