Ортаңғы топ № 11 Бұрқасынды бақылау. Жұмбақ Қуып едім -мойнын бұрмады, Ұстайын деп ем- қолға тұрмады. (боран).
Ырым. Соғып тұрған бұрқасын емес, аспаннан жауып тұрғанды қар дейді. Егер күн көзінің жағалайында жанында тұман болса-бұрқасын болады.
Бақылау: Қысқы табиғат құбылысы-бұрқасын туралы балалардың білімін кеңейту. Қатты жел соғып жер үстіндегі қарды айналдырса және шалғайды жаба түссе- бұны бұрқасын деп айтатынын балаларға түсіндіру. Егер бұл уақытта қар жауса және омбылар пайда бола бастаса жолға шығуға болмайды. Адасып және үсіп кету мүмкін. Бірақ бұрқасын жәй күндерде де, қар жаумасада бола береді.
Қимылды ойын: «Бұрқасын» Тізбектеліп тұру, қарлы құрсаулар арасында жүре білу, тізбекті бұзбай жүру, дағдыларын бекіту, жолдастарымен іс-қимылдарын келістіре білуге үйрету.
Еңбек: Еңбек мазмұнын кеңейту, адал еңбек етуге, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Балалардың ұжымдық даму негізінде қарым-қатынастың жақсы формалары мен топтамаларын пайдалану. Белсенді балалар өз құрбыларының ынталарын түсірмеулерін қадағалау, жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойнауына көмектесу.
Ортаңғы топ № 12 Ауа райына қарай қардың өзгеруін байқау. Болжау Аязды күні қар жауса – күн жылынады. Суықтан қорықпа – суық сумен жуын.
Мақал-мәтел Қыс қандай болса, жаз да осындай.
Байқау: Жылы күндері жауған қар жабысқақ болады , қар жабысқақ , аққала жасауға ыңғайлы туралы болатынын балаларға түсіндіру , ал аязды күндері қар үгітіліп, құрғап тұрғанда ештеңе жасауға болмайды. Ауа қысымының өзгеруіне байланысты қардың өзгеретінін бақылатып отыру, қардың өзгеру себептерін тереңдете түсіндіру.
Қимылды ойын: «Бәйге» Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету. (кім бұрын жылжиды, кім бұрын озады сол жеңіске жетеді) Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне қуануға үйрету.
Еңбек: Қардан жолды тазартуға тәрбиешіге көмектестіру.
Тәжірибе. Қардың қасиеттері. Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады.
Қарға су құйсаң, одан қаршық жасауға болады. Қар дымқыл әрі жабысқақ, болады.
Қортынды. Бұдан біз қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде болатындығын байқадық.