Тұманды бақылау Жұмбақ Қаратаудың басында
Киік кетіп барады
Қол аяғы бауырына
Тиіп кетіп барады. (Тұман)
Бақылау: Табиғаттағы тұманды бақылау ол туралы түсініктерін кеңейту. Жыл мезгіліндегі құбылыстар туралы нақты білімдерін қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Жасырған затты тауып ал» Әр бағытта жүріп, жасырған затты тауып алу, жылдамдыққа тәрбиелеу, ойын шарттарын бұзбай ойнау.
Еңбек: Бақшада жұмыс істеу. Көкөністерді суару. Өсімдіктерді өз бетімен суаруға үйретуін қалыптастыру(суару ережелерін сақтау). Өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Үлкендерге көмек көрсетуге ынталандыру.
Өз бетімен ойындар: Құмда ойыншықтармен ойнау Құммен ойнау әдістерімен түрлендіру. қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықтарын дамыту. Әр балаға өз әрекеттерін ұйымдастыруды үйрету.
Ортаңғы топ № 12 Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
Жұмбақ Үстінде жасыл тоны бар.
Балаларды қуантар.
(Шырша) Бақылау: Балаларды ағаштардың құрылымын салыстырумен, қарастыруға қызықтыру: шырша мен қарағай; олардың белгілерін ажыратуға үйрету: бұтақтардың қалыңдығы мен орналасуы (қарағайда бұтақтары жоғары, шыршада төменіне дейін); олардың бояулары (қарағай – ақшыл, шырша - жасылдау); жапырақты және жөке ағаштарын салыстыру, ерекшеліктерін көрсету: жөке ағаштары жіңішке, ұзын және жапырақтары ине тәріздес қатты келеді.
Қимылды ойын: «Бөркіңді тап»
Жоғарыға секіруге үйрету; физикалық сапасын шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру.
Еңбек: Жөке ағаштарының маңын тазарту Жөке ағаштарын қурап түскен қылқанын жинастыруға, ағаштарға жақсы қарауға ұмтылдыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Балаларға өз орнын сақтауға үйрету. Ойын жүрісінде қажет болған жағдайда 2-3 рөлдерді де орындауға үйрету; қарым-қатынас ережелерін білу –тең дәрежеде болу және басқару.