Біз серуенге шығамыз



бет48/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
№ 7
Бұлттарды бақылау
Жұмбақ
Күнді жабады,
Жаңбыр болып жауады. (Бұлт)


Бақылау: Табиғат құбылыстары жайында білімдерін кеңейту, бұлттарды салыстыру. Бұлттар формалары бойынша әртүрлі, өзгермелі. Жеңіл, түссіз бұлттардың уақыт ара үлкейіп немесе кішірейіп тұратынын айту. Балалардың жаңбырлы күнгі бұлт пен бұлтты айыруға үйрету.


Қимылды ойын: «Құстар мен мысық»
Санамақ арқылы мысықты тандап алу, белгі немесе дабыл арқылы қимылдау. Өз бетінше тапсырманы орындауға үйрету, шапшаңдық пен белсенділігін арттыру.


Еңбек: Бақшадағы жұмыс.
Өсімдіктерді қопсыту. Өсімдіктерді күтуге баланың қатысуын қадағалау. Өзіндік жұмысқа тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, өсімдіктерге деген махаббат пен белсенділікті арттыру.


Өз бетімен ойындар: Велосипед тебу
Велосипед тебуді үйрету, тепе-теңдік сақтау. Балаларға белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыруға көмектесу, сол іс-әрекеттен жағымды әсер алуға көмектесу.



Ортаңғы топ


№ 8


Кемпірқосақты бақылау


Жұмбақ
Аспанда әсем белбеуді, Алып белге буынсам. (Кемпірқосақ)
Бақылау:
Балалармен кемпірқосақтың құбылысын бақылау. Оның қай кезде пайда болатынын айту, қарау және олардың түстерін айту. Табиғат құбылыстарының сұлулығына сүйіспеншілікпен қарау.


Қимылды ойын: «Түрлі түсті автомобильдер»
Түстерді білу, білімін түйіндеу, балаларды дыбысқа сай қозғалуға үйрету. Балаларды жолдастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.


Еңбек:
Табиғат бұрышындағы жұмыс, Балаларды бөлме гүлдерін күтуге үйрету: жапырақтарын сүрту,су бүрку.


Өз бетімен ойындар: Асфальтқа бормен сурет салу
Балаларды асфальтта сурет салуға көңілдерін аудару, өзінің ойыншықтарымен ойнауға,бір- бірімен тіл табысу дағдыларын арттыру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет