Күннің көзін бақылаймыз Жұмбақ Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (Күннің көзі)
Бақылау: Күннің көзін бақылауды жалғастырамыз, күн неғұрлым жоғары тұрса соғұрлым жылуды көп береді. Далада күн бұлтты болса жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
Тәжірибе: қара және ашық түсті заттарды қолмен ұстап көру. Шешім қабылдау.
Қимылды ойын: «Күн мен түн» Ойын әрекетінде орындауға талаптануын мадақтау.
Өз бетімен ойындар: Балалардың ойлау қабілетін кеңейту. Бір жағдайға байланысты ойынды жандандырып, ұжыммен жұмыс жасау.
Ортаңғы топ
№ 4
Аспанды бақылаймыз.
Жұмбақ Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем (Аспан)
Бақылау: Аспанды бақылай отырып бұлт жоқ, аспан ашық ,ақша бұлт, көгілдір екенін бақылаймыз. Аспанның өзгерістерін, күннің ашық болып, жылу шашып тұрғанын, бұлттың жоқтығын бақылау.
Кимылды ойын:«Ұшқыштар» Балалардың біліктілігін бекіте отырып, бір-бірін итермей, орынға таласпай, сөздерді анық, мәнерлеп айтқызу. Мәтінге сай сөздерді қайталату.
Еңбек: Алаңда ойын бұрышындағы құмдарға су құямыз.
Өз бетімен ойындар: Әр түрлі көлемді ыдыстарды қолданып ойыншықтар жасау.