Біз серуенге шығамыз



бет55/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ


№ 22


Қылқан жапырақты ағаштарды бақылау (шырша, қарағай)
Мақал – мәтел
«Ағаш тымырымен, адам – достарымен мықты»


Бақылау:
Ағашқа қарап, сипаттау. Ағаштарға деген қамқорлықты тәрбиелеу. Діңі-қоңыр, бұтақтарында жасыл ұзын инелері бар. Олар қыста да жазда да түсін өзгертпейді.


Қимылды ойын: «Өз жұбынды тап»
Жоғарыға секіруге үйрету; физикалық сапасын шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру.


Еңбек: Жөке ағаштарының маңайын қазу
Жөке ағаштарын қурап түскен қылқандарын жинастыруға, ағаштарға жақсы қарауға шақыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар:
Балаларды өз орнын сақтауға үйрету. Ойын барысында қажет болған жағдайда 2-3 рөлдерді де орындауға үйрету; қарым-қатынас ережелерін білу – бірдей құқықты болу, басқару.


Ортаңғы топ

23




Бұталарды бақылау (жұпаргүл, итмұрын, қара жемісті шетен)


Көркем сөз
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,


Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.


Бақылау: Аулада өсетін талдарды білу, яғни 2-3 түрлі: жапырағына,діңіне қарап; ағаштарды ажырату, ерекшеліктерін айта білу (ағаштардан бойы төмен, діңі жіңішке), атауларын; өсетін орнын (орман, жазық дала, бақ).


Қимылды ойын: «Тығылмақ»
Балаларды аулада тығылмақ ойнауға, шыдамдылықты дамытуға үйрету. Ойын ережелерін бұзбай, өз бетінше ойнату.


Еңбек: Ауладағы жұмыс.
Өз бетінше талдарды суаруға үйрету. Өсімдікке деген қамқорлыққа тәрбиелеу, үлкендерге көмек беру.


Өз бетімен ойындар: Құммен ойнау
Құммен ойнауға жағдай жасау, балалардың қызығушылығын арттыру.


Ортаңғы топ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет