Біз серуенге шығамыз


№ 24 Шөптерді бақылау



бет56/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

№ 24


Шөптерді бақылау
Жұмбақ
«Айт» десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес. (Шөп)


Бақылау:
Аулада өсетін өсімдіктерді танып білу, 3-4 түрін. Жапырақтарын, гүлдерін, тамырларын қарап көру. Гүлді жұлмауға, баспауға үйрету.


Қимылды ойын «Бірінші болу»
Бір сызықта тұрған әртүрлі заттарды айнала жүгіру. Ойын ережелерін бұзбай, жарысқа қатыстыру.


Еңбек:
Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу,бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.


Өз бетімен ойындар:
Өзіндік ойнау, өзін- өзі басқара білуге үйрету.




Ортаңғы топ


№ 25
Заттардың көлеңкесін бақылау.

Жұмбақ
Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,
Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.
(Көлеңке)
Бақылау: Күннің жоғары тұрғанын анықтау, заттардың көлеңкесін,таңертең балалардың өздерінің көлеңкесін күн әлі жоғары шықпағанда және күндіз,ол әлі жоғары тұрғанда бақылауға болады, көлеңкенің ұзындығын өлшеу, көлеңкеде заттар суық, күннің көзінде жылы болатынына көңіл аудару. Балаларға күн аспанда қозғалады деген қорытындыға келтіру. Бақыланған затқа қызығушылығын ояту.


Қимылды ойын: «Қақпа»
Жарысу элементтері бар спорттық ойындарға қызығушылығын дамыту.


Еңбек: Жиналған табиғи материалдардан панно құрастыру. Белсенділігін дамыту,жұмыстың үнемді әдістерін үйрету. Еңбек қызметінің мәдениетіне тәрбиелеу,өз еңбегінің нәтижесіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар:
Балалардың өзіндік ұжымының даму негізі ретінде дұрыс нысанды қарым-қатынас топтарын пайдалану. Ұялшақ, жасқаншақ балаларға ойынға кірісуге көмектесу,өте белсенді балалардың өзінің серіктестерінің ынтасын баспауын қадағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет