Торғайды торғай мақтаған.
Бір торғай ұшса боранда,
Бәрі жабылып жоқтаған.
Бақылау: Немен көректенеді, қайда мекендейді, пайдасы қандай туралы білімдерін толықтыру.
Қимылды ойын: «Құстар және түлкі» «Түлкіні» санамақ арқылы тандай алу. Алаңда секіру, жүгіруді бекіту.
Еңбек: Құстарды тамақтандыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Ойыншық-тербеткіш Басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.
Ортаңғы топ
№ 20
Құстардың шомылғанын бақылау Жұмбақ Мойны ұзын, ақ қауырсынды үлкен ақ құс. (Аққу)
Бақылау: Сырттан құстардың шомылғанын бақылау: қауырсындарын тазартады, суды ішеді. Құстарға деген сүйіспеншілігін дамыту, қызығушылығын арттыру.
Қимылды ойын: «Аңшылар және аңдар» Дөңгеленіп тұруға және допты лақтырып, қағып алуға үйретуді бекіту. Ойынның шартын орындауға, әділеттілік сезімдерін дамыту.
Еңбек: Ауладағы жұмыс: Арам шөптерді жұлу. Үлкендерге көмектесуге талпындыру. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Әртүрлі ойындарға қызығушылығын арттыру және ойнай білу дағдыларын дамыту.
Ортаңғы топ
№ 21
Ағаштарды бақылау (қайың, үйеңкі, терек)(діңі,бұтағы)
Жұмбақ Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясына ән салып,
Құстар жүрген сайрап. (Ағаш)
Бақылау: 2-3 түрлі ағаштарды бір бірінен ажырату, маусымдық өзгерістерді атай білу. Ағаш жапырақтарының пішіндеріне назар аудару. Ағаштың пайдасы туралы айту.
Қимылды ойын: «Мен атаған ағашқа барыңдар» Балалар, бірге жүруге үйрету, өз ағашын табуға көмек беру. Аймақта өсетін ағаштардың аттарын есте сақтау. Балалар аталған ағашқа қарай тәртіппен жүгіреді, көрсетеді, дәлелдейді, сөйтіп аталған ағаш туралы білімдері қалыптасады.
Еңбек: Ұқыпты, мұнтаздай таза болуға: ересектердің көмегімен киімдерін ретке келтіру-тазалауға, құрғатуға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Құм бетіне таяқшамен сурет салуға үйрету.