2.3 Ортодоксалды және бейордоксалды мектептер Ортодоксалды немесе ведалық мектептер — Ведаларды қасиетті деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар. Ортодоксалды ведалық мектептерге миманса, веданта және ведалармен қатар басқа білім деректерін де мойындайтын ньяя, вайшешика, санкхья, йога жатады.
Веданта — дербес мектеп ретінде басқа ортодоксалды мектептерден кешірек — (б.д. VII-VIII ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниеде ведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндері, Бхагавадгита, т.б) ғана болғаны туралы айтуға болады.
Бейортодоксалды (бейведалық) мектептер деп Ежелгі Үнді философиясының Ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін (чарвака, буддизм, жайнизм) атайды.
Сонымен буддалық 4 ізгі (арийлік) ақиқат мыналар:
1) өмір — азап;
2) азап біздің нәпсі, тілектерімізден туады (даңғойлық, дүниеқұмарлық, рахат күйге ұмтылу, т.б.);
3) азаптан құтылудың жолы бар. Азаптан ұтылу үшін тілектерден, құмарлықтан арылу қажет;
4) бұл дүниелік тілектерден құтылудың, нирванаға (Ұлы Азаттыққа) жетудің және жетілудің 8 жолы бар.
1) дұрыс көру: өмірлік бағытын буддизм ақиқаттары тұрғысынан анықтау;
2) дұрыс ойлау: адам өмірінің сапасы — сол адамның ойларының сапасына байланысты; нашар ойларды ізгі ниеттерге алмастырғанда өмір де жақсарады;
3) дұрыс сөз: адам сөзі оның жанына, мінезіне әсер етеді, сондықтан сөз мәдениеті қадағалануы тиіс;
4) дұрыс әрекет: өзгеге қиянат жасамау, басқалармен және ең бастысы, өзіңмен үйлестікте гармонияда өмір сүру;
5) дұрыс өмір салт: әрбір әрекетте буддалық қағидаларды сақтау;
6) дұрыс білік: еңбекқорлық, ыждағаттылық, тыңғылықтылық;
7) дұрыс зейін: өмір — ойға негізделгендіктен, ой жүйесін бақылау;
8) дұрыс назар — Космоспен байланысты жүйелейтін медитацияларды үзбей жалғастыру.
Немесе «сегіздік жолдың» келесі бір нұсқасы төмендегідей:
1) шынайы көзқарас;
2) шын ниет;
3) шын сөз;
4) шынайы іс-әрекет («ахимса» — тірі жанға зиян келтірмеу);
5) шынайы өмір сүру тәсілі;
6) шынайы талпыныс (hарам ниеттен таза болу);
7) есте сақтау (барлығы өткінші екенін естен шығармау);
8) шынайы зейін қою, ойды жинақтау (ойға бату, рухани үңілу, өмірдің мәніне көз жеткізу).
Будданың 5 қағидасы:
1) өлтірме!;
2) ұрлама!;
3) ізгілікті, иманды бол;