ӘУЕЛІ ТҮСІНУГЕ, СОДАН КЕЙІН ТҮСІНІКТІ БОЛУҒА ҰМТЫЛЫҢЫЗ.
Әуелі түсінуге, содан
кейін түсінікті болуға; әуелі диагноз қойып, кейін рецепт жазуға талпыну – өте ауыр
әрі қауіпті, бірақ өмірдің барлық саласы үшін жарамды ең дұрыс бұлжымас принцип.
Бұл қағидат шын кәсіби тұлғаларды басқалардан ерекшелеп тұрады. Бұл қағидат көз
дәрігеріне де, терапевтке де міндетті.
СИНЕРГИЯҒА ЖЕТІҢІЗ
Синергияның мәні – адамдар арасындағы ерекшеліктерді –
менталитетіндегі, эмоциясындағы және психологиялық ерекшеліктерді бағалауда жатыр. Адамдар
дүниені шынайы қалпында емес, өздері қандай болса, солай көретінін түсінгенде ғана біз бұл
ерекшелікке мән береміз.
Әлемді сол шынайы қалпында көретініме аса сенімді болсам, маған ерекшеліктерді бағалаудың
қажеті қанша? Қате жолмен келе жатқандарға көңіл аударудың керегі не? Парадигмам объективтісің
дейді: әлемді сол қалпында көремін. Қалғандары ұсақ-түйекке, жекелеген бөліктеріне назар
аударғанда, мен картинаны тұтас көремін. Басқалармен салыстырғанда, «көзқарасым кең», сол
себепті мені меңгеруші деп атайды. Парадигмам осындай болса, мен ешқашан не тиімді өзара
тәуелді, не тіпті тиімді тәуелсіз тұлға бола алмаймын. Тек өзімді жадылаған парадигмалармен
шектелем
АРАНЫ ҚАЙРУ Физикалық өлшем денсаулығымызға тиімді қамқорлық жасауды қарастырады:
бұған дұрыс тамақтану, жеткілікті дәрежеде демалу, үнемі жаттығу жасау жатады.
Дене жаттығулары 2-шаршыдағы талаптар санатында, олар жоғары тәртіптің іс-әрекеттері,
алайда міндетті болмағандықтан, көбіміз оны орындамаймыз. Оларды орындамағандықтан, біз ерте
ме, кеш пе – әйтеуір 1-шаршыға түсіп, денсаулық проблемасымен және күйзеліске қарсы күресуге
мәжбүр боламыз. Дене жаттығуынан бас тартудың салдары осындай болады.
Біз дене жаттығуын жасауға уақыт жоқ деп ойлаймыз. Бұл – зиянды парадигма! Тек оған уақыт
бөлмейміз. Бұл жерде әңгіме – бар-жоғы үштен алты сағатқа дейінгі бір аптадағы уақыт, яғни күніне
небәрі отыз минут бөлуде болып тұр. Пайдалы іске жұмсалып, аптадағы қалған 162–165 сағатқа
әсер ететін осы уақытты шектен тыс жоғалту деп атауға бола ма? Сонымен қатар бұл үшін сізге
арнайы құрал-жабдықтар да керек емес. Әрине, сіз мүмкіндігіңізді арттыру үшін спорт залына
немесе стадионға барып, гимнастикалық снарядтарда жаттығып немесе теннис ойнауыңызға
болады. Бірақ «араны қайрау» үшін бұл міндетті емес.
Сіз дене жаттығуларының толыққанды бағдарламасын үйіңізде де орындай аласыз. Алайда
мұндай бағдарлама денеңіздің шыдамды, икемді және күшті болуына әсер етуі керек.