Біздің кітаптың мақсатына қайта оралсақ, дағды9 білім, ептілік пен ниет ету сияқты қасиеттердің



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#48272
1   2   3   4
Байланысты:
Шахназ полит

БАСТЫ ІСКЕ БАСА МӘН БЕРІҢІЗ
Үшінші дағдыны сөз еткенде, біз өмірді және 
уақытты игеруге (тайм-менеджмент) байланысты сұрақтарды талқылаймыз. 
Бірнеше жыл бойы осы керемет саланы зерттей келе, тайм-менеджмент жөніндегі ең 
жақсы идеяны мынадай бір сөйлемге сыйғызуға болады: «Әрекетіңізді өмірлік 
басымдықтарыңызға қарай жоспарлаңыз».
 
Жоспарлау:
Алдағы аптаның мақсаттары 


айқын болған кезде, оларды орындалатындай етіп жоспарлай аласыз. Мысалы, жеке миссияңызды 
жазғыңыз келсе, оған жексенбінің екі сағатын арнауыңызға болады. Жексенбі (немесе діни наным-
сеніміңізге байланысты сіз үшін маңызды аптаның кез келген күні) аса жеке, асқақ мұраттарды 
ойлануға, күнделікті істерді ретке келтіруге ыңғайлы. Оңаша қалып, шабыттануға өмірлік 
құндылықтарың мен қағидаттарың туралы ойлануға таптырмас уақыт. 
Физикалық жаттығулар жасау арқылы сымбатымды түзеймін деп мақсат қойсаңыз, ол үшін сізге 
аптасына үш-төрт рет бір сағаттан уақыт бөлуге, бәлкім, күнделікті солай жасауға тура келер. Бір 
мақсатыңызға жұмыс уақытында қол жеткізе аласыз, ал кейбірін сенбі, жексенбі күндері, 
балаларыңыз үйде болғанда, іске асыруыңыз мүмкін. Қалай, апталық жоспарлаудың күндік 
жоспарлаудан артықшылығын байқай бастадыңыз ба? 
Ұттым/Ұтылдым 
АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ 
АЛТЫ 
ПАРАДИГМАСЫ 
«Ұттым/Ұттым» 
«Ұттым/Ұттым» – адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу жағдайында пайда табуға 
бағытталған жүрек пен ақылдың ерекше күйі. «Ұттым/Ұттым» екі жаққа тиімді, екі жақты да 
қанағаттандыратын барлық уағдаластықтар мен шешімдерді білдіреді. «Ұттым/Ұттым» типті 
шешім қабылдағанда екі жақ та риза, іс-әрекет жоспарын жақтаушы болады. Өмір «Ұттым/Ұттым» 
нұсқауындағы адамдарға бәсеке емес, ынтымақтастық алаңы ретінде көрінеді. Көбінесе, біз: күшті 
– әлсіз, бірбеткей – жігерсіз, жеңіс – жеңіліс деген секілді қарама-қарсы бағалауға бейім келеміз. 
Бірақ бұлай ойлау теріс. 
«Ұттым/Ұтылдым» көзқарасы басқарудың авторитарлық стиліне сай: «Сенің емес, менің дегенім 
болады». «Ұттым/Ұттылдым» нұсқауындағы адамдар өз дегеніне жету үшін мансабын, билігін 
немесе жеке қасиеттерін пайдалануға бейім. 
Көп адамдар дүниеге келгеннен-ақ «Ұттым/Ұтылдым» діліне алдын ала бағдарланады. Осы 
бағытта адамға әсер ететін алғашқы және басты күш – отбасы. Бір баланы басқамен салыстырғанда, 
шыдамдылық, түсіністік пен махаббат осындай салыстырулар нәтижесіне байланысты 
мөлшерленгенде, «Ұттым/Ұтылдым» ділімен бетпе-бет келеміз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет