Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Меншік иесі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата31.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#3125
1   2   3

80

жыл

Жуырда   Қазақстан орта мектебінің  2012 -- 2013 жылғы

түлегі  Қабылбеков   Ерболат  Маратұлы  Алматы

қаласындағы  Радио жəне байланыс институтына оқуға

түскен. Биылғы  жылы  2-курс  студенті  Ерболат өзінің

інілері, бауырлары жəне ұстаздарымен кездесті.

Кездесуді өткізген  алғашқы əскери дайындық пəнінің

мұғалімі  Асылхан Дəулетбаев. Кездесуді өткізудегі

ұстаздың  басты мақсаты -- өз шəкірттерінің  бойына

отансүйгіштік  қасиетін қалыптастыру. Еліміздің ертеңгі

болашағы  жас ұрпақты елжандылыққа, өз отанының

адал азаматы болуға  ұлттық тұрғыда тəрбиелеу  --

бүгінгі күннің  өзекті мəселесі.  Тəрбиенің  түпкі мақсаты  -

-  шəкірттің рухани өсуіне  жол ашу,  дүниетанымын

кеңейту, өз елін, жерін сүйетін, туған топырағының

кешегісін,  бүгіні мен  ертеңін жалғастыра алатын

отансүйгіш патриотты тəрбиелеу болса,  мен де өз

сабағымдағы  берген білімдерім арқылы осындай

шəкірттерді  тəрбиелеп жүрмін деп мақтанышпен айта

аламын.  Оның дəлелі ретінде Ештаев Дəурен,

Мүсірəлиев Жақсылық, Бейімбет Ақан, Қабылбеков

Ерболат, Сағынбек Сержан, Қыдырбай Қыдырəлі сынды

шəкірттерімді атай аламын. Соның бірі Ерболат

Қабылбековпен өткізген кездесу. 

Кездесуде  оқушылар  Ерболатқа өздерін қызықтырған

сұрақтарды қойып, тұщымды  жауаптар алды.

Қонағымыз оқушыларды  қазіргі заман талабына сай

жан-жақты білім алуға, көп ізденуге шақырды. Сондай-ақ,

«Еліміздің  тəуелсіздігін баянды етіп, қуатын арттыратын,

халықаралық абыройының өсуіне, адал қызмет етуге

əрқашан парыздармыз», деді.

Д.НҰРАНҚҰЛОВА,

Қазақстан орта мектебінің мұғалімі.

Áiëiì ½ÿñûíäàμû

êåçäåñó


Áiëiì ´ëåìi

2

21-наурыз  2015 жыл

Ата-бабаларымыз бір шаңырақтың  астында тату-тəтті

өмір сүрген. Олардың мұра етіп қалдырған тілі, жері, салт-

дəстүрі, əдет-ғұрпы бар. Соның бірі -- адамға жақсылық

жасау, қайырымдылық көрсету.  «Адам баласына

қолыңнан келсе, жақсылық жаса,  жасаған жақсылығың

алдыңнан шығады» деген аталар сөзі қайырымды іс

жасауға меңзеп тұрғандай. 

Осындай игі шара Ақбастау орта мектебінде өз

деңгейінде өтті.  «Қайырымдылық -- асыл қасиет» атты

əдеби-монтажды тəрбие сағатына 5,6,8,9 сынып

оқушылары тартылды. 

Тəрбиелік мəні зор өлең-жырлар мен қанатты сөздерді

оқушылар мəнерлеп айтып, көрермен көңілінен шықты.

Атап айтар болсақ, 6-сынып  оқушысы Айдана Амантай,

9-сынып оқушысы Виалина Өмірбай «Ана туралы

баллада» əнін орындап, көрермендердің ыстық ықы-

ласына бөленді.

Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен жəрмеңке

өткізілді. Оқушылар өздері жасап келген түрлі тəтті

тағамдарын сатып, түскен қаржы мектептің ішіндегі

əлеуметтік жағдайы төмен жəне асыраушысынан

айырылған отбасы балаларына жұмсалды. Жоғары

сынып оқушыларының қатысуымен «Қайырымдылық

жасай білесің бе?» тақырыбында пікірталас өтті. 

Осындай іс-шараның негізгі мақсаты оқушыны мейірім-

ділікке, əрқашан бір-біріне көмек көрсетуге, қайырымды,

парасатты жəне халқын сүйетін патриот болуға тəрбиелеу

болатын.

А.МҰСАБАЕВА,

Ақбастау орта мектебінің 

əлеуметтік педагогы.

Оңтүстік шағын жинақты бастауыш

мектебінде мұғаліммін. Елбасы

Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,

өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп

оқушыларын мұғалімдер қалай

тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде

болады» деген еді. Сол айтпақшы,

мен де ұстаз деген ұлы атқа лайықты

болғым келеді. Ұрпақ тəрбиесіне өз

үлесімді қосып жүргенімді мақтаныш етемін. Шəкірттерімді

білімге ғана емес, өнерге, шығармашылыққа де баулып

жүрмін. Жуырда 1-сыныпта «Рахмет, саған, Əліппе!» атты

ашық тəрбие сағатын өткіздім. Ата-аналардың қатысуымен

өткен сабақтың беташарын оқушыларым вальс билеп ашты.

Мектеп меңгерушісі Рəзия Ұмытбаева аз ғана уақытта

Əліппені аяқтап, 42 əріппен таныс болған 1-сынып

оқушыларына жылы лебізін білдірді. «Бауырсақ» ертегісінен

көрініс қойған шəкірттерімнің əртістік қабілеті шыңдала түсті.

Барлық оқушылардың орындауында «Əліппем» əні

шырқалып, көптен күткен мереке де басталып кетті.

Жүргізуші оқушы: 

Өттік оқу, сан сабақ,

Бүгінгі үлкен салтанат.

Жиналған барлық оқушы,

Əліппемен қоштаспақ, -- десе, екінші шəкірт: 

Бармысыздар, балалар,

Сөзіме құлақ салыңдар.

Əліппеге арналмақ, 

Бүгінгі əн мен жырымыз, -- деді.  Балалар бір біріне жұмбақ

жасырып, шешуін тапты. Жаңылтпаштар айтудан жарысты.

Əліппеге арнаған тақпақтарын мүдірмей айтып шықты.

Ортаға Əліппе кейпінде шыққан оқушы өзімен қоштасатын

сəттің таянғанын хабарлап, Ана тілі кітабын шақырып,

таныстырды. 

«Əліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз, -- деген жүргізуші ендігі

кезекті балалар оркестріне берді. «Бозінген» күйі тартылып,

көрермендер бір серпіліп қалды. Алфавит бойынша тақпақ

айтқан балалар 42 əріпті жырға қосты.  Сыныптағы Арулан

Əбдеш, Нұрдəулет Əділ, Ерхан Беглан, Омархан Балғабай,

Нұрбол Бақыт, Мұхтархан Бейсен, Шұғыла Досмұрат,

Ерсұлтан Есен, Диас Көшен, Мағжан Қартабай, Мейіржан

Мадуа, Дулат Өкімбек, Жұлдызай Наган, Дархан Сəдуақас

сынды шəкірттердің білімі мен өнеріне тəнті болған ата-

аналар атынан Зағипа Қамбарова, Баян Қалыбаева, Айхан

Баратовалар, мұғалімдерден Маржан Самуратова, Нұрбану

Əбжан, Сəбира Кембаевалар сөз сөйлеп, бар білімнің

бастауы--Əліппені жақсы аяқтаған оқушылардың алдағы

уақытта Ана тілі кітабымен достасып, бастауыш сыныпты

үздік аяқтайтындарына сенім білдірді. 

Шəкірттерді білім нəрімен сусындату менің басты міндетім

болып қала бермек.

Эльмира КАДИРОВА,

Оңтүстік бастауыш мектебінің мұғалімі.  

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

оқушылардың ой-өрісін дамытып, белсенділігін

арттырады. Тапқырлыққа баулиды. Ойлау қабілетін

дамытады. Өзбетінше ізденуге жетелейді. Математика

сабағында сөзжұмбақ шешудің де маңызы зор.

Сөзжұмбақ шешкен оқушылардың өткен сабақтарды жетік

меңгергенін байқауға болады. Сөзжұмбақ құрастырып,

оны сабақта пайдаланып жүрген шəкірттерімнің зеректігін

əділ бағалаймын. Енді Қайнар орта мектебі

оқушыларымен бірге құрастырған бірнеше сөзжұмбақты

назарларыңызға ұсынамын. Сөзжұмбақ «Алгебра»

1. Қазіргі кезде қолданылатын теңсіздік белгісін кім

енгізген?

2. S интеграл белгісін кім енгізген?

3. Ах


2

+вх=с, а>0 түріне келтірілген квадрат теңдеулерді

шешудің жалпы ережесін үндінің қай ғалымы ұсынған?

4. Интеграл ұғымын алғаш рет кім қолданды?

5. Теңдік таңбасын алғаш рет 1577 жылы енгізген

ғалым?


6. Арифметикалық жəне геометриялық прогрессияны

салыстыруда үлкен жетістіктерге жеткізген ғалым?

7. ХVІ—ХVІІ жəне ХVІІІ ғасырда қандай кітаптан

алынған есептер барлық еуропалық оқулықтарға

көшірілді? 

Сөзжұмбақ «Математика»

1. Қандай кесінділер өзара тең?

2. 5-сынып математика кітабының авторы?

3. Физика-математика ғылымдарының докторы

4. Б.э. дейін ІІІ ғасырда өмір сүрген грек оқытушысы

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі

6. Б.э. дейін VІ ғ.өмір сүрген грек оқытушысы

7. Француз математигі

8. Орыс математигі

9. Неміс математигі

10. Тəуелсіз айнымалы.

Лəззат ДАРХАНОВА,

Қайнар орта мектебінің 

математика пəні мұғалімі.

Шомшақты жалпы орта мектебінде бастауыш

сыныптар арасында «Бастауыш сыныптарда

диалогтық оқыту арқылы  оқушылардың белсенділігін

арттыру» тақырыбында апталық болып өтті.

Апталықтың мақсаты «Диалогтық оқыту арқылы

оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

болды. Апталықты Бақыткүл Мамутованың

ұйымдастыруымен  3-сынып оқушылары ашты. Олар

əр пəнге тақпақтар айтып, əр пəнге түрлі киімдер киіп,

«Кітаптар мұңы» атты көрініс көрсетті. Осы күні 1 -- 4

сыныптар арасында «Қызықты грамматика»

тақырыбында оқушылар сөзжұмбақтар мен ребустар

шешті. Келесі күні «Жаңаша оқыту–заман талабы»

айдарымен бірлестік жетекшісі Майра Оспанова коуч-

сессия өткізді. Ұстаздарымыз Қалия Қаратаева мен

Ханым Салхожаева «Əдемі жазу да өнер» атты

көркемжазу байқауында үздік дəптерлерді  көрмеге

қойып,  «Үлгілі дəптер» жəне «Үлгілі күнделік» көрмесін

ұйымдастырды. «Менің болашағым--Нұрлы жол»

тақырыбында шығармашылық сайысты Камила

Шілманова өткізді. Онда оқушылар өлең шығарып, эссе

жазды. Бейсенбі күні барлық сыныптарда ашық

сабақтар өткізілді. Аталмыш апталық шеңберінде өткен

сабақтарда ұстаздар тəжірибе алмасып, пайдалы

ақпараттармен бөлісті. Мұғалімдер сабақтарына

жаңаша əдіс-тəсілдерді ендіріп, білім сапасын көтеруде

белсенді əрекеттер жасады. «Ұлы жеңіске--70 жыл»

тақырыбында Бақытгүл Мамутова тəрбие сағатын өтті.

Ол бұл іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері

Мамутов Байзақ ақсақалды қонаққа шақырды. Байзақ

ата оқушылардың өнерін тамашалап, балаларға деген

ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Апталық

барысында ұйымдастырылған «Сынып дарабозы»

атты сайыс сабағында озық ойлы оқушылар білім

додасына түсті.

Мектеп қабырғасында жай сабақтан гөрі сыныптан

тыс пəндік мазмұнды қамтыған осындай іс-шаралар

оқушылардың   дүниетанымын  кеңейтіп, логикалық

ойлауын ұштап, қабілеттерін шыңдай  түсері сөзсіз.

Сондықтан да осындай игі үрдістерден қол үзбей, əркез

бала білімін баптай білейік. Сыныптан тыс іс-шара

бойынша «Өнегелі отбасы» сайысымен апталықты

Омарова Ерсін апайымыз қорытындылады. Бұл

сайыстың мақсаты ата-аналар мен балаларды сайысқа

қатыстыра отырып, балалардың ата-ана өміріндегі

маңызын,  ата-аналардың балаларға деген тəлім-

тəрбиесін көрсету еді. 



Майра ОСПАНОВА,

Шомшақты жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып бірлестік жетекшісі.

–=L/!/ìä/ë/0 – 

=“/ë 0=“,е2

Ѽçæ½ìáà°òû

бiрге шешейiк

Ðàõìåò, ñàμàí,

¦ ë i ï ï å

Òàμûëûìû ìîë

àïòàëû°

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы, --

деген Ғафу Кайырбековтің өлең

жолдарын оқығанда, мен өзімді ба-

қытты сезінемін. Ұстаз болғаныма

мақтанамын. Өйткені, ұстаз – мақтан

тұтар мамандық. Мұғалім болу менің

бала кезден арманым еді. Сол

арманыма қол жеткізіп, бұл күнде

мектеп қабырғасында еңбек етіп

жүргеніме 5 жылдай уақыт болды.

Бала жанын түсіну, өміріне қажетті

білім беру, саналы азамат етіп тəр-

биелеу əрбір ұстаздың қоғам алдын-

дағы жауапкершілігі деп білемін.

«Ел болашағы бүгіннен басталады»

деп, Елбасымыз Н.Ə Назарбаев айт-

қандай, мен өзімнің білімімді көтеру

мақсатында Кембридж универ-

ситетінің бағдарламасымен Алматы

қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ

филиалы ғылыми педагогикалық

қызметкерлерінің республикалық ин-

ститутында Екінші (негізгі) деңгейлік

курсына өз білімімді көтеру мақ-

сатында келіп, білім  алып жатырмын.

К. Ушинский «Мұғалім -- өзінің білімін

үздіксіз көтеріп отырғанда ғана

мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатса,

оның мұғалімділігі жойылады», --

деген өз даналығында. Сондықтан

əрбір ұстаз білім беру барысында

үздіксіз ізденуі шарт. Қазіргі заман

талабына сай мұғалім «білім бұлағы»

емес, «білім бұлағына» жеткізуші,

яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс.

Мен неліктен өзгеруім керек? Əлем

өзгергендіктен, мен өзгеріссіз қал-

мауым керек жəне қазіргі сəтте

өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Мен

күннен-күнге өзгердім, себебі мен

білім алғанды, білім бергенді, оқу-

шыға бақыт сыйлауды жəне мына

жылдам өзгеретін əлемде бағыт беріп

отыратын үшін маған ең алдымен өз

жолымды табу қажет. Сондықтан мен

өзгердім.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетіс-

тіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –

мұғалім. Жаңа қоғамда жаңашыл

ұстаз тəрбиелеу мақсатында жаңа

міндеттерді жүзеге асырып жатқан

бұл үш айлық курстан, тренер

Кенжегүл Зарлыханқызынан үйрен-

генім көп. АКТ пайдалануды, сабаққа

қызығушылығым артып, сергіту

сəттері, топқа бөлу, көшбасшылықты

анықтау, оқушылармен

топтық, жұптық жасауды

т.б. түрлі əдіс тəсілдерді

меңгеріп келемін. Əр күні

жаңа топтармен жұмыс

жасағанда əріптестерімді

жақыннан танып, күнде

жаңа идеяларға куə бол-

дым. Мұғалімге арналған

нұсқаулықты оқып, бе-

рілген 7 модульді мең-

геріп келемін. Бұрынғы

мектептегі өтіп жатқан

дəстүрлі сабақтарымнан

ерекшелігі үнемі топпен,

жұппен жұмыс істеуде

екенін байқадым. Топпен

жұмыс жасаған кезде бір-біріміздің

идеяларымызбен бөлісіп, əр мұғалім

өз ойын топқа жеткізе біледі. Мен неге

екенін білмеймін, осы курстың соңын-

да бір жаңалық, өте бір қолайлы,

жақсы іс-əрекеттер болатынына

сенемін. Бұл курстың мен үшін берері

көп. Алдағы тəжірибемде дұрыс

қолдана аламын деген сенімдемін.

Əрқашан мектепте көшбасшы болып,

оқушыларымды соған жетелеуге

тырысамын. Бұл курстың басы, əрі

қарай алдағы уақытта курсты аяқтап,

жемісін көріп, жақсы нəтижелерге қол

жеткіземін деген үміттемін.



Бауыржан БАХАШЕВ,

№6 орта мектептің 

биология пəні мұғалімі.

Íåëiêòåí ìåí ¼çãåðäiì?

А

л

г



е

б

р



а

м

а



т

е

м



а

т

и



к

а


№3 (136)

21-наурыз 2015 жыл

̽μàëiìäåð ìåí ìåêòåï î°óøûëàðûíà àðíàëμàí 

μûëûìè-´äiñòåìåëiê, òàíûìäû°-à°ïàðàòòû° ãàçåò

Біздің веб-сайт: http://bilim-alemi.idhost.kz/    Электронды почта: bilim.alemi@mail.ru 

Áiëiì ´ëåìi

Бірінші Мамыр ауылындағы

мəдениет үйінің   директоры

Кендірбаев Асылзат  аға

мен  Бірінші Мамыр

ауылдық округі əкім-

дігінің   ұйымдастыру-

мен  халықаралық əйел-

дер күніне орай үлкен

мерекелік  концерт  өтті.

Концертке   əжелерді,

аналарды,  əпке-қарын-

дастарды   шақырып,

оларға  құрмет білдіріп,

осынау  нəзік   жандар-

ды   айтулы  мерекесі-

мен  құттықтады.

Мерекелік  кештің

жақсы өтуіне  Бірінші

Мамыр  ауылдық округіне  қарасты

мектептер мен баплабақшалардан жас

əншілер, бишілер, ауыл өнерпаздары

шақырылып, олар əдемі  əн мен мың

бұралған  биімен,  əсерлі  тілекпен  сахна-

ның  сəнін  кіргізді.

Ауыл əкімі Қадырбеков Есімхан  аға

«Құрметті аналар, қадірменді əпке-

қарындастар  мемлекетіміздің  өркендеп

өсуіне, ұлғаюына  Сіздердің  қосқан үлес-

теріңіз  аз емес,  Тəуелсіздік алған  23 жыл

ішінде  еліміз  бірталай  жетістікке  жетті,

соған  қосқан үлестерінің зор. Дендеріңізге

саулық, шаңырақтарыңызға шаттық

тілеймін» деді.

Асылзат аға мен Есімхан  аға бастаған

əкімшіліктің   жігіттері «Анаға сəлем»   əнін

шырқады. Ардагерлер ұйымының  төра-

ғасы  Мырзақұлов Қапалбай   атамызға

сөз  кезегі  берілді. Қапалбай  атамыз

аналар мен  əпке-қарындастарға деген ақ

тілегін, олардың  сонау  соғыс  кезінде де

қаншама  тер төккенін  айтып, аналары-

мыздың   амандығын  тілеп, сөзін  өзі

шығарған «Менің  ауылым»  деген   өлең-

мен   аяқтады. Осылайша,  2 сағатқа

созылған  концерт  тартымды өтті. Кон-

цертке  келген  апаларымыз,  əпкелеріміз

əсерлі, керемет  сезіммен, көңілді  қайтты.



Зарина ОШАҚБАЙ,

Бірінші Мамыр орта 

мектебінің оқушысы.

Күнім төгіп нұрын,

Наурыз келді бүгін. 

Сайрап барлық құстар, 

Əн салуға құштар. 

Бата берді атамыз, 

Біз бақытты баламыз. 

Апам баптап пісірген, 

Наурыз дəмін татамыз. 

Бұлақ жатыр қайнап, 

Гүлдер шықты жайнап. 

Қозы-лақтар секіріп,

Балалар жүр ойнап.  

Көктем сұлу нұрымен, 

Наурыз қызық жырымен. 

Көңіл гүлдей жайнасын, 

Ұлыс күнін тойласын. 

Күн мен түн теңеледі, 

Жер шуаққа бөленеді. 

Наурыз тойы -- салтымыз, 

Тойлай берсін халқымыз.

Әсемай ТАСПУЛАТ,

Ш.Уəлиханов атындағы №2 орта 

мектептің 5-сынып оқушысы.

Біздің мектебімізде түрлі мерекелік күндерге орай

апталықтар ұйымдастырылып тұрады. Жуырда

«Махаббатпен əлемге» атты апталықта өзін-өзі тану

пəнінен Шакуова Гүлнар апай «Іңкəр көңіл, нəзік сезім»

тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың басты

мақсаты: шəкірттерге «махаббат» деген сөздің мағынасын

түсіндіру. Махаббат деген сөзді естігенде оқушының ойына

тек екі жастың арасындағы махаббат түседі. Алайда, біздің

оған деген көзқарасымыз осы сабақтан соң өзгерді. Біз

сабақты  «шаттық шеңбермен» бастадық. Шəмші Қал-

даяқовтың «Балалық шақ» əні орындалды. Пре-

зентациялық жұмыста екі топтың оқушылары белсенділік

танытты. Махаббат нəзіктікке, сезімге толы ұғым екенін

жəне махаббат сезімімен адам өмір сүретінін, еңбек

ететінін, отбасын құратынын, əлемге деген көзқарастың,

құштарлықтың болатынын түсіндік. Бізге берілген 5 минут

уақытты дұрыс пайдалана алдық. Қызығушылықпен жан-

жақты ізденіп, ұтымды пікірлермен постер жасап, оны

қорғадық. Тақырыпқа байланысты пікірталас өтті. Мектеп

психологы Сатылханова Нүрила апай екі топтың қатысу

белсенділігін басым деп бағалады. Бірінші топтағы

оқушылар арасында ауызбіршілік, көпшілдік қасиеттері

жоғары болса, екінші топтың арасында ол қасиеттер орта

деңгейде екенін атап өтті. Жалпы екі топ та жоғары

деңгейде дайындалған. Қорыта айта келе, бұл ашық

сабақты ұйымдастырып отырған ұстазымызға алғысымыз

шексіз. Ашық сабақ бізге өте қатты ұнады жəне ойымызды

толық жеткізе білдік. Гүлнар апайдың еңбегі зор. Сабаққа

қатысушылар іс-шараның өте тартымды, қызықты өткенін

айта келе, осындай танымдық сабақтардың жиі өтуіне тілек

білдірді.



Арайлым ОТАРБАЙ,

П.Тəжібаева атындағы 

№3 жалпы орта мектептің 

10-сынып оқушысы. 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына

арналған “70 жылдығына -- 70 игі іс”

аясында, Ауғанстаннан Кеңес

əскерінің шығарылғанына 26 жыл

толуына орай Сарқырама мəдениет

үйінде “Өшпес ерлік -- ел есінде”

атты іс-шара өтті.

Ауған соғысының ардагерлері,

сарқырамалықтар Нұрсейіт Жүзген-

баев, Қалмахан Рысдəулетов, сол

сұрапыл жылдары тəжік шекара-

сында əскери борышын атқарған

“Қызыл жұлдыз” орденінің иегері

Сəбит Пернебеков кеш қонақтары

болды. Сарқырама орта мектебінің

əскери жетекшісі Есімжан Елеуісов,

ауылдың төбе биі Бекмахан

Əбетаев ақсақал жауынгерлерді

мерекемен құттықтады. 11,10 сынып

оқушылары “Сұңқар”, “Жас қыран”

топтарын құрып түрлі сынға түсті.

Болашақ сарбаздар əскери киім

үлгілерін көрсетіп, оқжатардан оқты

шашу жəне жинақтау, пнев-

матикалық қа-

рудан нысана-

ны дəлдеу, 16

кг кір тасын

көтеру, серіппе

жаттығуын жасау, қол күрестен

жарысқа түсті. Жарысқа Мəдени

орта мектебінің əскери жетекшісі

Əбен Əбілқасымов төрелік жасады. 

Мəдениет үйінің өнерпаздары

патриоттық əндер орындап, жас

ақындар ардагерлерге арналған

өлеңдерін оқыды. Бейнетаспа

арқылы 26 жыл бұрын болған

тарихи оқиғалардан шолу жасалды.

Ауыл кітапханашысы Қыздығой

Тойшыбекова жауынгерлерге ар-

налған кітап көрмесін жасады.

Болашақ жауынгерлер Шəңкебаев

Саятқа, Əбіш Ержанға, Жұмабаев

Мағжанға, Ердалы Шерханға,

Тоқсейіт Аңсарға əскерге шақыру

куəлігі салтанатты түрде тап-

сырылды.

Сұлтан НҰРМАНОВ,

Сарқырама мəдениет 

үйінің əдіскері.

¯øïåñ åðëiê - åë åñiíäå

¥½òòû áîëñûí,

Íàóðûç!

¥ûçû°òû


àøû° ñàáà°

Сəрсенбінің сəтті күні аудандық мə-

дениет үйінде облыстық мəслихаттың

депутаты, Шымкент университеті эконо-

мика институтының директоры Саттар

Қуашбаевтың ұйымдастыруымен «Мейі-

рімді болсаң жаның кең, қоғамдағы

жанның бəрі тең» деген қайырымдылық

акциясы өтті. Аталмыш іс-шараға

С.Қуашбаевпен бірге республикалық «Ке-

зең -- 2050» жəне «Жабай

Тоқсаба» қоғамдық бірлес-

тіктерінің төрағалары Оралбай

Досымов пен Ердібай Сейіт-

беков те демеушілік танытты.

Аудан əкімінің орынбасары

Рабиға Бейсебаева аудандағы

жетім жəне жартылай жетім

балаларға, аз қамтамасыз

етілген отбасы балаларына

киім-кешек сыйлаған жаны

жомарт, қайырымды азамат-

тарға жылы лебізін білдіріп,

аудан əкімінің Алғыс хаттарын

табыс етті. Акцияда «Тоғыс»

шахтасы поселкесіндегі мек-

теп-интернаттан, тіл мүкісі бар

балалар мектеп-интернаты-

нан, құлағы нашар еститін балалар

мектеп-интернатынан, Бірінші Мамырдағы

№2 балалар үйінен жəне аудан

мектептерінен келген 250 бала киім-

кешекпен қамтамасыз етілді. Жоғарыда

аты аталған оқу орны өнерпаздары

концерттік бағдарламасын тарту етті.

«Білім əлемі-ақпарат».

Äåïóòàòòûº 

½éûìäàñòûðóûìåí

¥½ðìåò ê¼ðñåòòi




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет