НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы.
(Қазақтың өкпесі)
Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды.
(Қазақтың өкпесі)
Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара.
(Қазақтың өкпесі)
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
(Жазу тәртібі)
Сайлау деген – өзіңе берген ықтияр.
(Тағы да нородный сот хақында)
Қазақта білімді адам жоқ емес көп, бірақ солардың көбі, құты, бəрі білімін халалға емес, харамға жұмсап ғадеттенген.
(Тағы да нородный сот хақында)
Қазақтың білімді адамдары жамандық істесе де халық оған сүйінеді, келістіріп істеген себепті. Өзге жұрт білімді бұзықтыққа жұмсағанға күйінеді, біз оған сүйінеміз. Бұл адасқандық емес пе?
(Тағы да нородный сот хақында)
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
(Тағы да нородный сот хақында)
Жаман іс әркімнің қолынан келеді, жақсы істің қолдан келуі қиын.
(Тағы да нородный сот хақында)
Адасқанымызды байқағандарымыз, бетімізді түзу қойып, жөн мынау делік, ерген – ерер, ермеген – қалар. Адасқанменен бірге адаспай, тым болмаса өзіміз жөнімізбенен өлелік.
(Тағы да нородный сот хақында)
Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.
(Құрметті оқушылар!)
Жел кемесі болса да от кемені іздеген, атарбасы болса да отарбаны іздеген, енді көк кемесін іздеп жатыр. Осының бəрі де жақсыдан да жақсыны іздеу, тараққи жолы.
(Шаһзаман мырзаға)
Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның күйімен бірдей; мұнан бұлай хат білудің керектігі онан да аспақшы.
(Бастауыш мектеп)
Бастауыш мектептер жалғыз хүкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек.
(Бастауыш мектеп)
Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс.
(Бастауыш мектеп)
Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе жатқанда қазақ тілі жоғалмас.
(Бастауыш мектеп)
Қалық ықыласы түспеген газета һәм кітаптар қалыққа тарап, оқылмайды.
(Шекіспей, бекіспейді)
Бұл күнде айанбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан жұрттардың айағының астында қалмақ. Қазақ қалқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы.
(Шекіспей, бекіспейді)
Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады.
(Қазақша сөз жазушыларға)
Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ.
(Қазақша сөз жазушыларға)
Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кəсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ.
(Қазақша сөз жазушыларға)
Егерде Гаспиринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек. Сол екеуі де қазақтан табылады. Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді түзету керек.
(Қазақша сөз жазушыларға)
Түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта.
(Қазақша сөз жазушыларға)
20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |