Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы



бет7/9
Дата01.12.2022
өлшемі45,27 Kb.
#54149
1   2   3   4   5   6   7   8   9
(Әдебиеттанытқыш)

Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек қылады.


(Әдебиеттанытқыш)

Неғұрлым сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.


(Әдебиеттанытқыш)

Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.


(Әдебиеттанытқыш)

Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек.


(Әдебиеттанытқыш)

Халықты қаңсылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік.


(Әдебиеттанытқыш)

Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады.


(Әдебиеттанытқыш)

Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих. Тарихтың қызметі – бүтін адам баласының яки бүтін бір жұрттың, иә таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.


(Әдебиеттанытқыш)

Тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді.


(Әдебиеттанытқыш)

Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі, өмір мақсатының мәселесі яғни өмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемлекет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі. Мұндай ұлы, ұйысқан мәселелерді дұрыс шешу оңай нәрсе емес, ондай ірі іс ердің ерінің, дананың данасының ғана қолынан келмек.


(Әдебиеттанытқыш)
Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді. Сондай-ақ дарынды сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек көрмек, бірақ ұста істеген нәрсенің мінін ұстаның бәрі көре бермейді. Жақсы ұста ғана ұста істеген нәрсенің мінін көре алады.
(Әдебиеттанытқыш)

Ғылым дегеніміз – дүниені яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды.


(Әдебиеттанытқыш)

Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан, жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек.


(Әдебиеттанытқыш)

Толғау қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі.


(Әдебиеттанытқыш)

Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуда


(Әдебиеттанытқыш)

Ертегі – халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы.


(Әдебиеттанытқыш)

Батырлар турасындағы әңгіме: халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме: Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған.


(Әдебиеттанытқыш)

Бірақ елде жоқ рух ақын сөзінде де болмайды. Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, күшейтіп, көпіртіп, көркейтіп айтуы, бірақ жұртта жоқ рухты ақын өзінен шығарып айта алмайды. Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды.


(Әдебиеттанытқыш)

Асыл тас, асыл темір, асыл бұйым несімен асыл болатынын білмеген адам тастың, темірдің, бұйымның жақсысын тауып алуды білмейді.


(Әдебиеттанытқыш)

Асыл сөздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды, бірақ ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет