АлматыМенеджмент Университеті тарихы 1988 жыл Қожахметов Асылбек Базарбайұлының және басқа тұлғалардың бастамасы бойынша басқарудың жоғары, орта тобы менеджерлері біліктілігін көтеру бағдарламалары бойынша жыл сайын оқу өткізетін экономиканың және басқарудың барлық салаларында жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында белсенді қызметті Қазақстанға өрістету үшін Алматы Менеджмент Мектебі (АММ) құрылды. Жыл сайын АММ 200-500 адамды оқытты.
1993 жыл Іскерлік әкімшілік ету магистрі бағдарламасының құрылуы идеясының тууы және басқару кадрларына арналған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бағдарламалар әзірлемесінің басталуы.
1995 жыл Алматы Менеджмент Мектебі біліктілігі мен сенімділігі, нақты жетістігі арқасында «People to People International - PTPI» америкалық халықаралық ұйымның Жаңа нарықтық қатынас жағдайында сәтті экономикалық өміршеңдігі үшін "Бирмингама факелі" құрмет грамотасына ие болып, жоғары баға алды.
1996 жыл Өндірістен қол үзбей, «Корпоративтік менеджмент» мамандығымен МВА (Іскерлік Әкімшілік ету магистрі) кешкі бағдарламасына алғашқы жиын жиналды.Осы жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1387 қаулысы бойынша Алматы Менеджмент Мектебі Халықаралық Бизнес Академиясы болып құрылды. Халықаралық Бизнес Академиясының бірінші президенті болып Қожахметов Асылбек Базарбайұлы сайланды.
1997 жыл Тыңдарманы Қоғамдық медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері болған «Маркетинг және PR» мамандығы бойынша алғашқы күндізгі бағдарлама және алғашқы МРА (Мемлекеттік Басқару Магистрі) модульдік бағдарлама ашылды.
1998 жыл Маастрихт Менеджмент Мектебімен (Нидерланды) қызметтестік туралы келісім-шартқа қол қойылып, «Жалпы және Стратегиялық Менеджмент» мамандығы бойынша алғашқы топ жиналды. Бизнестің Халықаралық Академиясы президенті «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» грамотасымен марапатталды
1999 жыл АММ қысқамерзімді бағдарламасы бөлімі базасында маркетинг, менеджмент және қаржы бойынша мамандардың дайындығын жалғастырған Бизнестің Халықаралық Академиясының Менеджерлер Институты құрылды. Осы жылы (Халықаралық Бизнес Академиясы) басқарудың үздік жүйесіне «Білім беру» номинациясында «ХХІ ғасыр –жалпы сапамен» конкурсының жеңімпазы болды. 1999 жыл ХБА -сы үшін Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен Менеджменттің Жоғары Мектебімен (Париж, Франция) келісім-шартқа қол қойғанымен ерекше мәні бар жыл болды, осы жылы «Кәсіби басқару шебері» бағдарламасына бірінші жиынтық топ жиналды.