«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері


Адамгершілік жəне сыртқы клиент



бет30/40
Дата14.09.2023
өлшемі181,94 Kb.
#107693
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
be

Адамгершілік жəне сыртқы клиент
Ең алдымен, «клиент» деген сөзге анықтама беру қажет. Осы жағдайда іскерлік қарым-қатынасқа қатысы бар кез-келген адамды немесе мекемені айтқым келіп отыр. Бұл бізге қызмет көрсететін мекеме жəне тұтынушы мен біздің жабдықтаушыларымыз да болуы мүмкін. Біз олармен тауарлармен, ақпаратпен немесе ақшамен жəне табыстармен айырбас жасаймыз, өйткені олардың барлығы дерлік біздің клиенттеріміз.
Клиенттермен қатынастағы əдеп мəселесі жөнінде мен алғаш рет Қазақстанның Ұлттық Банкінің Зейнетақы қорында жұмыс істеп жүрген кезімде кезіктім. Бізге өзге қорлардың қызметкерлері жұмыс іздестіру мəселесімен жиі хабарласатын.
Бəсекелес қордың бір қызметкері оларда жұмыс жасау мүмкін еместігін айтып берді. Қор клиенттері өкілдіктерге бірден ұрысқа бейімделіп келетін көрінеді. Содан шу, ұрыс басталады, мұндай жағдайдың себебін түсіндіруді одан сұрағанымда, бəрі айдан айқын болды. Бұл қор салымшыларды тартудың орынсыз əдістерін пайдаланған. Кəсіпорындардың бірінші жетекшілері арқылы қызметкерлердің осы қорға өтуге, олардың құқықтарын бұзып мəжбүрлеген.
Салымшылар осындай сəйкес көңіл күйде өз мəселелерімен өкілдіктерге келетін болған. Қорытынды қарапайым, қазіргі уақытта бұл қор жоқ, ол басқа қормен қосылып кетті. Осылайша біріккен екі қордың қызметкерімен сөйлесе тілдесіп мен келесі жағдайды білдім, біріккеннен кейін де жаңа құрылымда сол баяғы қатынас басымдылыққа ие болған.
Бір немесе екі аптадан көп уақыт өтпей қызметкерлер сатып алушыларға компания өз қызметкерлеріне қандай қатынаста болса, сондай қатынас құрады. Сэм Уолтон, Wal-Mart негізін қалаушы.
Бұдан басқа екі мысал да өте ұқсас. Жоғары технологиялық жабдықтарды бөлшек жəне көтерме бағамен сатумен айналысатын бір фирмада сату бойынша тренинг өткіздім. Екі топты екі күннен оқыттым. Бірақ сату техникаларында қызық тақырыптардың көп болуына қарамастан, топтағылар үнемі мені клиенттермен дауларды шешу туралы тақырыптарға тартатын. Жағдайларды талдау жəне қатысушылардан сауалнама алу-сату бөлімінде кез-келген бағамен сату нормасы қалыптасқан деген ойға алып келді. Сонымен бірге сатуды мақсат еткен сатушылар өнім сапасына қатысты жоғары сенімді қалыптастырады. Өнім жоғары технологиялық болғандықтан, ретке келтіру жəне жұмыс жасау қабілетін талап етеді, арнайы дайындығы жоқ, қарапайым клиенттер пайдаланғанда оның жұмысында істен шығып тұрып қалулар əдеттегі іс. Бірақ өте үлкен сенімдер қалыптастырылғандықтан, клиент бірден дау шығаруға дайын тұрады. Кейін осы компанияның өнімі туралы оның ірі тапсырыс берушілерінің пікірін сұрастырғанмын. Олардың барлығы оның сапасының өте төмен екендігін айтты.
Алайда, ондағы сапа стандартты екеніне сенімдімін, тек клиенттердің оған деген үміті тым жоғары етіп қылаптастырылған. Сол жағдай туралы жетекшілерге ұсыныстар да жазғанмын.
Мен осы тренигтерді аяқтауды үлгермей жатқанда дəл осындай мəселемен Қарағанды қаласындағы бір мекеме иегері хабарласты. Айырмашылығы, бұл жағдайда қожайын мəселені түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет