Дәріс №10. Жаңа идеялармен сипатталатын бизнес пен кәсіпкерлік Мақсаты: Жаңа идеялармен сипатталатын бизнес пен кәсіпкерлік жайлы мәліметтерді меңгеру.
Жоспары: 1. Бизнес идеяны құрастыру тәсілдері.
2. Жеке бизнес. Оны неден бастау керек?
3. Барлығы идеядан басталады.
4. Шағын бизнесті бастамас бұрын – өзімізге талдау жасаймыз
5. Бәсекелестерді талдау
6. Бизнес –жоспар құрастырамыз
7. Кәсіпорынды тіркеу
8. Шағын бизнеске кредит беру
9. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру
10. Перспективті бизнес-идеялар көздері
11. Жемісті бизнестің бірнеше ережелері
12. Бизнес-идея мазмұны және оны түсіндіру тәсілдері
13. Бизнес идеяларды іздеу бойынша 10 кеңес
Дәрісті өткізу түрі:пікір талас Тірек ұғымдар: Пайдаланылған әдебиеттер 1.Мұқаев Д.Т. Бизнеске бағыт. – Нұр-Сұлтан, 2020 ж.-204 б
2.Жазықбаева, Г.К., Байзакова, Г.Г. Бизнесті бағалау : Оқу құралы.-Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2017. - 63 б.
Бизнес идеяны іздер алдында, өзіңізге қарап алаңыз. Әр адамның қабілеті әр түрлі болады. Мүмкін сізде бірнәрсені қолмен жасай алу немесе жақсылап әңгімелеу және басқа дадамдармен тіл табысу қабілеті бар шығар, мүмкін сіз сандар мен есепті жақсы көретін шығарсыз. Сіз кімсіз?
Осындай өзді-өзіңізді тексеруден кейін өзіңізге лайықты бизнес идеяны таңдауға кірісіңіз.
Идеяларды кез-келген ақпарат көзінен алуға болады (БАҚ, сайттар, мысалы,1000ideas.ru, журналдар және басқалар). Сонымен қатар, мына тәсілдерді қолдануға болады:
№1 тәсіл. Ой-талқы. Ақыл-ойыңызды ширатыңыз!
Ой-талқы тәсілі сіздің ойлау қабілетіңізді жандандырудың/ынталандырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Жалқаулығыңызға күрес жариялаңыз!
Бұл тиімді жұмысқа бет алу. Бұл тәсіл едәуір танымал. Бастысы, қандай да бір қажеттілікті немесе осы қажеттілікті қанағаттандыратын өнім нұсқасын қарастыру барысында Сіздің бар идеяларды, тіпті қияли ойларды да есепке алуыңыз. Идеяларды сынау орынсыз. Ой-талқыны топпен немесе жеке өткізуге болады. Жеке жұмыс істесеңіз, дайын сұрақтарға жауап беру арқылы, бір мақсатты қудалау. Мұндай сұрақтар дайын өнім бойынша да, әлі жоқ өнім бойынша да қойыладаы:
- Өнімнің түрі қандай болады және/немесе оны қалай өзгертуге болады – жай, модификацияланған, домалақ, төртбұрышты, түзу және т.б. Көлемді қалай анықтауға және/немесе өзгертуге, аударуға болады – үлкенірек, кішірек, қысқарақ, жіңішкерек?
- Уақытпен жұмыс. Өнім тәуліктің қай уақытында пайдаланылады және ол неше уақытты алады? Жасалып жатқан өнім үшін оның уақытша сипаттамалары (ол – ақырын, тез, ұзақ, мәңгілік...)?
- Сатып алушылар үшін өнімді немесе қызметті қалай пайдалырақ, сенімді, қолайлы етуге болады? Қай жолмен және дәл қай тауар анықталған қажетілікті қанағаттандыра алады?
- Түс. Жаңадан жасалып жатқан марканы визуализациялауға қандай түстерді пайдалану керек немесе бар марканының (брендтің) түс түрлерін қалай өзгерту керек?
- Қозғалыс. Өнім қалай қозғалады ( тездетеді, ақырындайды, бағытын өзгертеді, көтеріледі және т.б. ) және жалпы қозғала ма?
- Күй. Өнім қандай күйде болады – ыстық, суық, сұйық, қатты және т.б. ?
- Өнімге қандай өзіндік белгілер тән болады – күшті, әлсіз, өзгертілген, серпінді, жұмсақ және т.б.?
№2 тәсіл. Бизнес үшін әлеуетті нарықтық мүмкіндіктерді анықтаңыз.
Жаңа нарықтық мүмкіндіктерді табу өте қиын немесе тіпті мүмкін емес дегенді жиі естиміз. Ойдың бұл түрі адамдардың көбіне тән. Бірақ тек кәсіпкерлерге емес. Мүмкіндік әрқашан жеткілікті. Оны табу үшін тек аздаған уақыт пен күш жұмсау керек.
Ғаламтормен жұмыс істеу.
Пайдалы мүмкіндіктерді анықтаудың ең қолжетімді тәсілі «сіздің компьютеріңізде». Бұл ғаламтордың мүмкіндіктерінің көмегімен «идеялар табу тәсілі».
Идея іздеу алгоритмі мынадай – сіз тиімді идеяны таңдап алдыңыз (кез келген, кез келген ақпарат көзінен, таныстардан, достарығыздан), мысалы, «мобильдік контент». Ол туралы көп жазылып, айтылады. Көптеген бизнес басылымдарда осы тақырып талқыланады. Ғаламторда, әр түрлі ақпараттық материалдарда (мақалалар, сұхбаттар, зерттеулік есептер және т.б.) мобильдік контент және оның түрлері туралы, қазіргі дамуы туралы, қолданылуы, келешекте даму перспективалары туралы іздеу жасап көріңіз. Іздеудің және іріктеменің нәтижесі сізді таң қалдырады. Мобильдік контентті қолданудың ең қызықты идеяларын ойлап, шолып шығу сізге өз бизнесіңізді дамытуға болатын тауашаны табуға көмектеседі.
Іздеудің және іріктеменің нәтижесінде Сіз өз бизнесіңізді дамыту тауашасын таба аласыз:
Бизнес моделі : контент- провайдер.
Қолдану аясы : мобиль дік маркетинг, мобиль дік БАҚ-тар, мобиль дік казино, мобиль дік кітапханалар және т.б.
М-медиа. Мобильдік контент нарығы табысының 6-20% медиажобаларға келеді. Бұл SMS- дауыс беру және SMS- викторин алар. М -қаржы. Біздің нарықтағы перспективалы бағыт. М - маркетинг.
S M S -жарнама және промоушн. SMS акци ялар – тауарларды жылжытудың нақ сараланған тұтынушылар тобына арналған тамаша құралы болып табылады. Адамдар қуана-қуана бірлестіктер құрып, жарыстарға қатысып, нәтижесінде осы өнімнің немесе қызметтің адал қолданушылары болады. М - қызмет.
Ауа райы болжамынан бастап жүктілікті жоспарлауға дейін. Мобиль дік доктор – дәрігер кеңесін алуға арналған қызмет. М- бос уақыт.
Мобильдік контентті қолдана отырып тарайтын ақпарат пен ойын-сауықтар мобильдік контент нарығының __% табысын әкеледі. Әйгілі әдеби шығармаларды SMS -мазмұндаудың келешегі зор. Мобильдік казино, мобиль дік теле дидар, немесе сұраумен берілетін теле дидар сияқты.
Бұл ғаламторды сүзбелеп отыру тәсілімен табуға болатын ақпараттың бір бөлігі ғана.Іс жүзінде мүмкіндіктер шектеусіз деп айтсақ та болады. Возможности