Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет21/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
Дәрістер Бизнес 2021 жанасы (1)

Жеке мүмкіндіктер. Бизнес-идеяны қалыптастыра отырып, кәсіпкер өзінің мүмкіндіктерін, сонымен қатар, бұл идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс. Кәсіпкер бұл мүмкіндіктерді жақсылап елестетіп, өзге ресурстарды алу мүмкіндігін бағалауы керек.
Клиент.
Кәсіпкер клиенті кім болатынын жақсы білуі тиіс. Бұл үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:
1.Менің ықтимал клиенттерім кімдер?
2.Менің клиенттерім қайда орналасқан?
3.Менің клиенттерім нені бағалайды?Тауардың сатылымын қамтамасыз ету үшін олардың саны жеткілікті ме?
4.Менің бизнесімнің орналасқан жері?
5.Сатылым көлемінұлғайту үшін не істеуім керек?
Бизнесті ұйымдастыру. Бизнестің қалай ұйымдастырылатынын, қалай жүзеге асырылатынын түсіну үшін кәсіпкер төмендегілер туралы ойлануы тиіс: 1.Клиенттерге өнімді (тауарды немесе қызметті) сату қалай ұйымдастырылады? Қандай мерзімде, көлемде? 2.Өнімдішығару үдерісі қалай ұйымдастырылады? Мерзімі, көлемі? 3.Кәсіпкермен бірге кім және қалай жұмыс істейді? Олардың міндеттері қандай? 4.Бизнесті қамтамасыз ету үшін тауарды және жұмсалатын мүлікті сатып алу үдерісі қалай және қайда ұйымдастырылады? Мерзімі, көлемі?
Ақшаның қозғалысы. Енді бастап отырған кәсіпкерге пайданы және шығынды болжау, теңгерімді болжау сияқты қаржылыққұжаттарды жасау қиынға түседі. Бизнестің басында, оның қарапайым кезінде бұл құжаттарды жасауға қажеттілік жоқ. Бірақ ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет. Бизнеске қарай болжам күнделікті немесе апта сайынғы болуы мүмкін.
Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет. Кәсіпкер келесі тәуекелдерді ескеруі керек: 1.Қаржылық. Оларға байланыстылар: инфляция; несиелер; клиенттердің төлемеуі;валюта курсының өзгеруі;клиенттердің өнімге немесе қызметтерге ақы төлемеуі.
2.Операциялық–өндіріскезінде туындауымүмкін.
3.Экологиялық.
4.Әлеуметтік. Бизнестің маңында тұратын немесе жұмыс істейтіндердің оның жақындығына реніші тәуекелі.
5.Криминалдық. Кәсіпкердің заңды, мысалға салық кодексін бұзу тәуекелі; Кәсіпкерге қарсы криминалдық әрекеттер жүргізілу тәуекелі;
6.Абыройлық. Жеке абыройды жоғалту тәуекелі.
7.Маркетингтік. Клиенттер қалауының өзгеруіне немесе бәсекелестік күрестің күшеюіне байланысты тәуекелдер
Бақылау сұрақтары:
1.Бизнес-жоспар дегеніміз не?
2.Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар қалай құрылады?
3. Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?
4. Жеке мүмкіндіктер дегенді қалай түсінесіз?
5. Клиент – ол кім?
6. Бизнесті ұйымдастыру қалай жүзеге асады?
7. Ақшаның қозғалысы қалай жүреді.
9. Тәуекелдер не үшін қажеті?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет