Патентті қалай алуға болады?Патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.Есеп-қисапты қағаз түрінде немесеэлектрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
1) жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер –патент негізінде арнайы салық режимін қолдану айының 1 күніне дейін;
3) кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер –алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнайы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін есеп-қисап тапсырылған айдан кейінгі айдың бірінші күні патент негізінде арнайы салық режимін қолдану мерзімі басталатын күн және патенттің қолданылу мерзімінің басталатын күні болып табылады. Салық органы 1 жұмыс күні ішінде патентті беруге немесе патентті беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті. Шешім 2 данада ресімделеді, біреуі салық төлеушіге қол қойылып беріледі.Егер сіз патент негізінде қызмет атқаратын жеке кәсіпкер болсаңыз, бақылау-кассалық аппаратты қолданбай, қолма-қол ақша қабылдауға құқылысыз. Есеп-қисап патент құнын есептеуге арналған салық есептілігі болып табылады. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады. Патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп-қисап ұсынуға дейін жүргізеді. Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс етіледі. Жеке кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастырудыжүргізеді.
Патент негізіндегі арнайы салық режимін:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған жеке кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруы үшін салық ӛтінішін орналасқан жері бойынша салық органына тапсырады.Патенттің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе ӛзге де арнайы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, жеке кәсіпкерлер патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етедi. Бұл ретте:
1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi патент негізінде арнайы салық режимiн қолданудытоқтату күнi болып табылады;
2) патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күн салық тӛлеушi таңдаған жалпыға бірдей белгiленген тәртiпті немесе ӛзге де арнайы салық режимi қолданыла бастайтын күн болып табылады.
Бақылау сұрақтары: 1.Бизнестің нысаны.
2.Шағын бизнеске салық салудың ерекшеліктері қандай?
3.Арнайы салық режимі
4.Патенттің ерекшелігі.
5.Патентті қалай алуға болады?