Дәріс №9. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес көрсеткіштері Мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес көрсеткіштері жайлы мәліметтерді меңгеру.
Жоспары: 1.Бизнестің нысаны.
2.Шағын бизнеске салық салудың ерекшеліктері қандай?
3.Арнайы салық режимі
4.Патенттің ерекшелігі.
5.Патентті қалай алуға болады?
Дәрісті өткізу түрі:сұрақ-жауап Тірек ұғымдар: Пайдаланылған әдебиеттер Чеберко, Е.Ф. Основы предпринимательской деятельности. История предпринимательства: Учебник и практикум / Е.Ф. Чеберко. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 420 c
Сейдахметов А.С. Кәсіпкерлік: оқулық / А.С. Сейдахметов, Қ.Ж. Елшібекова, А.Қ, Ізмаханова. – Алматы: Экономика, 2011. – 344 б. – АВ ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы)
Бизнестің нысаны.Сізге болашақ кәсіпкер ретіндеөз бизнесіңізді қалай жүргізетініңізді анықтау қажет. Бұған көп нәрсе тәуелді: бизнесті тіркеу және жүргізу ерекшеліктері; бухгалтерлік есептілік; қаржылық тәуекелдер көлемі; салықтар; пайда; құқықтық жауапкершілік. Көптеген бизнесмендер өздерінің кәсіпкерлік жолдарын жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде бастаған, одан әрі бизнестің дамуына қарай компаниялар құрған, мысалы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС). Кәсіпорынның оңтайлы нысаны жоқ! Жекелеген аспектілерді дара бағалау түрлі шешімдер қабылдауғаалыпкеледі. Сонымен қатар, кәсіпорынның ұзақ мерзімге арналған құқықтық нысаны да жоқ, себебі басында нысан таңдау себептері алуан түрлі, ерте ме, кеш пе олар өзгеруі мүмкін. Қызметтің басында жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеуге болады, ал дамыған кезде басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға, мысалы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (ЖШС) көшуге болады.Патенттермен және соған ұқсас біріктірілген шешімдермен сақ болған дұрыс. Төмендегі материал алдын ала таңдауға негіз бола алады. Кәсіпорынның «дұрыс» нысанын таңдау кезінде құқық, экономика, салық салу саласындағы сарапшылар мен мамандармен бірге Сіз үшін маңызды аспектілерді қарастыруға, тек содан кейін іске кірісуге кеңес беріледі.Егер жоспарыңызды өзіңіз іске асырғыңыз келсе, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеуіңізге немесе дара құрылтайшы ретінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашуыңызға болады. Сіз кейін көретіндей, мұның бәрі мұқият тексерілуі тиіс.